Имандосов Бисенқұл

Рейтинг:

Еңбекпен жеткен абырой

      Уақытында бел жазбай жұмыс істеп, маңдай тер, адал еңбектің арқасында өз кәсібінің шебері атанған Бисенқұл Имандосовтың токарь қызметі бойынша, яғни, өте жауапты салаға қосқан ұшан-теңіз еңбегін елдің бірі білсе, бірі білмес. Әр адамның өмірде өз жолы бар. Соған қарай тұлғасы қалыптасып, бейнесі бекемделе түседі. Адамды өсіретін де, өшіретін де оның істеген ісі. Адал еңбекпен табысқа жеткен жанның әркез мерейі үстем, еңсесі биік болмақ. Рас, ол ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттаған емес. Ұрпағына да сондай қасиетті сіңірді. Талай белестен өтті. Өмірдің тәттісін де, кермегін де татты. Жоққа болысты. Сүрінгенді сүйеді. Бүгін ел танитын, құрмет тұтатын азаматқа айналды. Біз білікті маман Имандосов Бисенқұл Тілегенұлы туралы айтып отырмыз. Бүгінгі мақаламыз да осы азаматтың өмір жолына бағытталмақ.
      Қай кезде де өзінің қарапайымдылығымен, ашықтығымен, жаныңды жадыратар мінезімен көпшіліктің құрметіне бөленіп жүрген Бисенқұл ағамыз 1969 жылы Қарақалпақстанның 
      Хожелі ауданы, Найман ауылы, Тахиаташ қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Тахиаташ қаласында А.И.Герцен атындағы мектепке барған ол 1984 жылы сегізінші сыныпты бітіріп, СПТУ-3 оқу орнына түсіп, «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» мамандығына түсіп, 1987 жылы машинист-экскаваторшы біліктілігін алып шығады. Сонымен бірге, қосымша «Оқыту комбинатында» «Дәнекерлеу» мамандығының алты айлық курсын оқып бітіреді. Бисенқұл оқуын бітірген соң, Отан алдындағы борышын өтеуді бірінші кезекке қойды. 1987 жылы 23-қараша күні әскерге аттанып, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын меңгереді. 1989 жылы әскерлік борышын аман-есен өтеп келіп, елге оралғаннан кейін, қоғам жұмысына қызу араласты. Еңбек жолын 1990 жылы, Тахиаташ қаласында, «Аралводстрой» Автобаза № 6 мекемесіне екінші разрядь слесарь болып жұмысқа орналасып, екінші, үшінші, төртінші разрядты токарь болып бастайды. Ары қарай, 1997 жылы Мостоотряд-14 мекемесіне ауысады. Алайда, 2003 жылы өз еркімен жұмыстан шығып, отбасымен бірге Қапшағай қаласына көшіп келген тәжірибелі маман, 2004 жылы Қапшағайда РЭЧ әскери бөлімге токарь болып жұмысқа орналасады. Қапшағай фарфор заводында, мостоотрядта жоғары санатты токарь болып еңбек етеді. Сонымен бірге, Бисенқұл бір мамандықпен ғана шектеліп қалмай, 2007 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында Қаратау технология, білім және бизнес колледжіне оқуға түсіп, 2010 жылы, «Көлік және тасымалдау қозғалысын ұйымдастыру» мамандығын, 2016 жылы Шымкент «Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетіне» түсіп, 2019 жылы «Кәсіптік оқыту» біліктілігін алды. Алдымен заводта шеберлігімен көзге түсіп, кейін түрлі мекемелерде жұмысшылықты абыроймен атқарған еңбекқор жігіттің еңбегі бағаланып, 2010 жылы Құрылысшылар күніне және 70 жыл толуына байланысты «Марапаттау хатының» иегері атанады.
      Жалпы, токарь мамандығына тоқталсақ, нақтылай түсіндіріп өтсек, бұл арнайы техникада ‒ машинада жұмыс жасайтын адам. Машинаның көмегімен ол ағаштан, металдан немесе кез келген басқа материалдан әр түрлі қажет және маңызды бөлшектерді жасау үшін барлық дайындамаларды механикалық өңдеуден өткізеді: кеседі, түрлі кескіштермен жонады, бұранда шығарады, ажарлайды, қайрайды ‒ сондықтан мамандық осылай аталады. Токарь ‒ бұл өте жауапты мамандық, ол токардың еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығында талап етілгендей, жоғары жауапкершілікті және өзінің барлық міндеттерін мүлтіксіз орындауды талап етеді. 
      Әйтпесе, адам өзінің денсаулығы мен өміріне ғана емес, әріптестеріне де қауіп төндіреді. Жақсы токарь болу үшін жақсы көру қабілетіне ие болуы керек. Сонымен қатар, адам жылдам әрекет ете білуі, физикалық тұрғыдан мықты және төзімді болуы керек, өйткені, токарь тәулігіне сегіз сағатты машинада өткізеді. Техникалық ойлау, ең болмағанда өлшеу құралдарымен үстірт танысу, кез келген токарға қажет болады. Токарь күнделікті ағаштан бастап шайырға дейін әр түрлі материалдарды өңдеуге жауап береді. Токарлардың бірнеше топтары мен санаттары бар, соған байланысты адам белгілі бір жұмыс көлемін орындайды. Маман неғұрлым білікті болса, оған соғұрлым күрделі жұмыс сеніп тапсырылады. Қызметкердің қанша жалақы алатыны да сол біліктілігіне байланысты жоғарылайды. Бисенқұл ағамыз еңбегін жақсы жалғастырып, қызметін адал атқарады, жай атқармайды, елді де, басшыларды да риза ететін дәрежеде атқарады. Мұндай жұмысқа мығым, іскер, талапшыл батыл маманның көзге тез ілінетіні де рас қой. Сөйтіп, көп ұзамай токарь қыз-метінің білікті маман иесі атанған Бисенқұл ағамызға 2015 жылы «Қапшағай көпсалалық колледжі» директоры токарь мамандығын ашуына ұсыныс айтып, 3 айлық сынақ мерзімімен «Қойма» меңгерушісі қызметіне жұмысқа қабылдайды. Ары қарайда осы жерде өзіне ұсынылған сан алуан жауапты қызметтерді асқан шеберлікпен атқарып, мол тәжірибе жинақтаған ол «Токарь» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері қызметіне ауысып, бүгінде Қазақстанда қазақ тілінде «Токарь» мамандығы бойынша түлектерді білім нәрімен шыңдауда. Осылайша, өз қызметінен көп тәжірибе жинақтаған Бисенқұл ағамыз 2015 жылдан бастап Қапшағай көпсалалы колледжінде ұстаздық жолын бастап, қазақ тілінде тұңғыш рет токарь мамандығын ашып, оған шәкірттер қабылдап, оларға осы мамандық бойынша өмірге жолдама береді. Еңбектен қол үзбей білім алуын жалғастырып, 2019 жылы жоғары оқу орнын жемісті бітіріп, өзі жүрген ортада қадірлі, абыройы жоғары еңбек етеді. Бисенқұл Тілегенұлы ата-бабамыздың салт-дәстүрін қастерлеп сақтай жүріп, оны қатар жүрген замандастарына үгіттеп, санасына сіңдіруден де ешқашан шаршаған емес. Азаматтарды имандылық жолына бастаушы белсенді үгітші. Сондай-ақ, көпшіліктің мереке, той-садақаларын ұйымдастырып, оны өткізуде өз қызметін аямаған ел жанашыры. Өзінің бес ағасы мен бір апасының сүйкімді де сүйікті кенжетайы, қара шаңырақтың иесі. Бисенқұл қызметтегі түрлі сынақтардың барлығын бастан өткерген тәжірибелі маман. Қызмет бабында жүктелетін міндеттерді ешқашан мынау ауыр немесе жеңіл деп бөлген емес. Бисенқұл Имандосовтың бүгінгі жеткен жетістіктерінің бәрінің басында әркез қолдау көрсетіп отырған өмірлік жолдасы Күләш болды. Отбасының асқар таудай тірегі тағдыр қосқан қосағы Адурахманова Күләшпен бірге ұл-қыз өсіріп, олардан немере сүйіп, шаттыққа кенеліп отыр. «Адамды адам еткен – еңбек» дегендей, адамдықтың бір анықтамасы – еңбек. Ендеше, қоғамның да қоғам болуы еңбекпен тікелей байланысты. Бисенқұл ағамыз адал еңбекпен абыройға бөленген азамат. Адал еңбек абыройды арттырып, құрметке бөлейді. Бұны Бисенқұл Тілегенұлының өмір жолына зер сала отырып аңғаруға болады. Мақтаныш үшін емес, мақтаулы маман болайын деп бар күш-жігерін сарп еткен жанның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
29 марта 2023 13:20
Жанибек

Ассалаумағалейкум аға, оңынан болсын.
2 ноября 2022 21:31
Nurlan

Ма Ша Аллаh! Керемет!
1 октября 2021 19:54
КҮЗЕМБАЙЕВ БЕЙСЕХАН ИМАШЕВИЧ

БЕЙСЕНҚҰЛ ТІЛЕГЕНҰЛЫ МАҒАН ДА
ҮИРЕНУГЕ БОЛАМА ЖАСЫМ 55 ТЕ
ЖАУАП КҮНІМЕН 
ТЕЛ 8771-913-74-07 ҚАБАРЛАСШЫ 
1 октября 2021 19:44
Жазира Курманбаева

Өте мағналы жазылған. Әрдайым биіктерден көрініп, тәрибелі ұрпақ тәрбиелеуге нәсіп етсін.
1 октября 2021 17:56
Асет Мархабатович

Өте жақсы азамат! 
1 октября 2021 17:49
Нуржамал

Енбегіңіздің жемісін көріңіз! 
1 октября 2021 15:42
Нуржамал

Енбегіңіздің жемісін көріңіз! Ұстаздар күні қутты болсын! 

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...