Сексембаева Жұлдыз

Рейтинг:

Бала бағбаны

      Халқымыз қай уақытта, қай заманда болмасын бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Өйткені, ұрпақтың тәрбиесі ұлттың тағдыры мен болашағы деп түсінген. Ұлы Абай: «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулу керек» деген екен. Бүгінгі күннің талабына және жасы мен даму ерекшеліктеріне сай білім алу кезек күттірмейді. Ал, баланы мектепке дейін даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Әңгімемізге арқау болып отырған кейіпкеріміз білімді де білікті, өз саласын жетік меңгерген нағыз маман Жұлдыз Болысбекқызы бүгінде 75 орындық «Көгершін» балабақшасының құрылтайшысы әрі меңгерушісі болып қызмет атқарып отыр.
      Сексембаева Жұлдыз Болысбекқызы 1986 жылы 30 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. Бала кезінен өнер-білімге құштар болған Жұлдызды ата-анасы өнерге баулыды. Мектепте үздіктер қатарында болып, сыныбында көшбасшы бола білген ол, ұстазының оң қолы болып, түрлі шараларды ұйымдастыруда жанынан табыла білді. 6 жасынан бастап Қ.Жандарбеков атындағы саз мектебіне барып, 7 жыл фортепиано класында оқыды. Кішкентай күнінен әсем әуенге елітіп, өнерге барынша қызығушылықпен қадам басты. Оқу-білімге ынталы Жұлдыз 1993 жылы №18 Ақкөз Қосанов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Ол үлгілі білімімен қатар, сыныптастары арасында белсенділік танытып, мұғалімінің ғана емес мектеп ұжымының назарына түсті. Көптеген «Балдаурен», «Жас қанат», «Абай, Шәкәрім оқулары» атты аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, «Тараз – жұлдыздары» облыстық байқауының дипломанты атанды. Балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайында 4 жылдық вокал курсында тәлім алды. Оқудан, ізденуден, жан-жақты болудан шаршамайтын Жұлдыз расымен де көпті тәнті қылатын. Сыныптас достарымен де уақыт өткізуге тырысатын. Қосымша сабақтар, үйірмелер, үй тапсырмасы, ата-анасына қолғабыс беру оның күнделікті әдепкі тіршілігі-тін. Бала күнінен ширақтық пен жылдамдықты жанына серік еткен бойжеткен Жұлдыз өмірдің үлкен көшіне де ілесіп келеді. Мектепті ойдағыдай үздікке 2004 жылы аяқтады. Арман жетегімен өзге қатарластары секілді жоғары оқу орнына түсуді мақсат етіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не құжат тапсырды. Білімді қыздың таудай талабы орындалып, «Филология» факультетіне оқуға түсті. 2004 жылы факультет атынан «Күзгі балға» қатысып, бас жүлде (гран-при) иегері атанған. Талпынысы мықты жас ізденіп оқуының арқасында 2008 жылы аталмыш оқу орнын үздікке бітіріп шықты. Еңбек жолына үңілетін болсақ, балабақшада саз жетекшісі болып қызмет атқарды. Облыстық «Үздік саз жетекшісі - 2019» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал 2011 жылы №5 орта мектепте қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2017 жылдан бастап ата-анасының және Меркі ауданының белсенді азаматы Тұрсынбаев Қалдығұлдың арқасында жекеменшік балабақша ашып, меңгерушісі әрі құрылтайшысы болып қызмет атқарып отыр. 
      - «Мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарды болашақ ұрпақ бойына сіңіретін киелі мамандық иесі екенімді мақтан етемін. Өмірдегі бақытымның бірі мейірімді Ана атанып, дүниеге ұрпақ әкелу болса, екіншісі жүрек қалауымен өз саламды табуым. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ салып тыңдау бәрі-бәрі мұғалімнің мәртебесін көтереді. Бұл екі қасиеттердің бойымнан табылатынына мен қуаныштымын. Қазіргі заман талабына сай болу үшін, жан-жақты тұлға болу керек. Мен осы айтылған талап деңгейінен табылып отыруға бар күш-жігерімді, білімім мен білігімді жылдар бойғы тәжірибемді жұмсап келемін. Өзгеге тәлім-тәрбие дәнін егетін адам, көптің алдында өзінің жүріс-тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен, берген білімімен, еткен еңбегімен, яғни, барлық жағынан үлгі болуы қажет. Мен бұл жолда күрескермін. Әрдайым жеңіп шығу үшін түрлі мықты тактикаларды қолданамын. Осы жолда жас ұрпақтың рухани сәулеткерімін. Иә, қалайша дерсіз? Біріншіден, сұлу сөзді сүюші филологпын. Математиктер есептеуді, географтар жер бедерін, биологтар тірі ағзаны зерттеуді үйретсе, филологтар ақындардың жырымен, прозасымен өмір сүруді, сөз маржандарын, тіл байлығын бала бойына дарытады. Бұл – біздің еншімізде. «Дәуір даналығын ілестіреді, ұстаз білім нәрін үлестіреді» демекші, білім алаңында мен де үлестіруші, үйлестіруші педагог болып еңбек сіңіріп жүрмін. Ұстаз қараңғылықтан оянбаған санамызға білім мен тәрбиенің жарық сәулесін шашыратқан шамшырақ тәрізді. Ағаш бір орында тұрып, күннің нұрын жұтып көгерді, ал ғылым иесі ғалым, ел қорғаған батыр, тілінен бал тамған ақын, халық қамқоршысы әкім, темір балқытқан ұста, егін салған диқан, мал бағып терін төккен шопан, аспан әлемін бағындырған ғарышкер – бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәлім алып көгерді, өсіп-өнеді. Мен де сондай әр баланың жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға ретінде орын алсам деймін. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойың тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін. Бүлдіршініңді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала – көз қуаныш, ел байлығы, қоғам бақыты. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұнықтығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін. Себебі, жетер жетістігім де баланың арқасы. Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы – тәрбиеші болғаныма мақтанамын», - дейді Жұлдыз Болысбекқызы.      Білікті маман 2006 жылы ата-анасының қалауымен ұзатылып, тұрмысқа шықты. Бүгінгі күні бақытты шаңырақта ұл мен қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр. 
      Ақын М.Жұмабаев айтқандай: «Тәрбие – адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» деген екен. Баланың жанына терең үңілген жан ғана оның жүрегіне жол табады. Бала жанының бағбаны қандай болса, өскелең ұрпақ солай өнеге алып өседі. Тәжірибелі маман Жұлдыз Болысбекқызы ұжымның мақтанышы, балалардың қамқоршысы ғана емес, өз ісін жан-тәнімен сүйе білетін нағыз маман. Игілікті істің басшысына толағай табыстар тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
27 декабря 2021 16:29
Эльвира

Жарайсың еңбегіңнің жемісін көрің!
23 декабря 2021 13:47
Айгерим

В своем дело молодец. Отзывчивая. Успешная. Умная. Красивая. 

23 декабря 2021 13:45
Макпал

Жұлдыз!!! Өміріңе сәттілік!!! Өз мамандығыңыздың нағыз иегерісіз!!!
23 декабря 2021 13:42
Маржан

Сәттілік! Жарайсың! 
23 декабря 2021 12:33
Нургайша

Өте керемет. Жұлдыз десе Жұлдыздың 😘😘😘

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...