Суесинова Нагима

Рейтинг:

Жүректерге жылу сыйлаған жан

      Ұлттық мемлекет құру жолында ұлт мүддесіне қызмет жасайтын, тек дені сау, әрі мықты, терең білімді игерген сапалы жас ұрпақты тәрбиелеп, осы міндетті мойнына өз еркімен алған аяулы отандасымыз педагог-психолог, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ісінің үздік маманы «Береке» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Суесинова Нагима Жайдаковна. Жаны жаздай шұғылалы жанның бізге мәлім өмір жолы негізінде бір осындай азамат мінезді, жаны жайсаң, өте іскер басшы сынды бірнеше міндетті бірге алып келе жатқан жанның өмірбаянына ой көзімен үңіліп, апайымыздың туып өскен жері, ата-анасы, білім алу жолы, отбасы мен қызметі турасында аз-кем ой-пікірімізді қалдырсақ деген ниеттеміз.
      Суесинова Нагима Жайдаковна Түркістан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылындағы құт дарыған қазақ отбасында дүние есігін ашып, еңбекқор әке-шешенің шаңырағында туып өседі. Өздерінің өн бойындағы барлық күш-қайраты мен саналы ғұмырларын балаларын адал, әрі жоғары білімді азамат етіп шығару жолына жұмсаған еңбекқор, нәсібесі мен нанын тек адалынан тауып жеуге дағдыланған, жан адамға зиянын тигізбейтін, ала жіптен аттамайтын әке мен шешенің ыстық алақаны мен жылы жүрегін сезініп өседі. Өзінің кіндік қаны тамған Игілік ауылындағы Буденный атындағы сегіз жылдық білім ошағына оқушы болып қабылданады. 1982 жылы Амангелді атындағы орта мектепті ойдағыдай тәмамдағаннан кейін бір жыл уақыт көлемінде Чапаев совхозында жұмысшы болады. 
      Алтын ұясындай болған аяулы мектебінің жоғары сыныптарын үлкен жетістіктермен, абыроймен үздік бағамен аяқтаған арманшыл қыз, жоғары оқу орнына түсіп, студенттік өмірдің қызықты шақтарын, алып қаланың өмірін көруге асыққан қызШымқалаға жол тартады. 1983 жылы Алматы медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалында дайындық курсына түсіп, 1984 жылы студент болып қабылданды. 1989 жылы институтты аяқтап, Қарағанды облысының Теміртау қаласында қызметке қабылданды. 1990 жылы арқасүйер азаматы Суесинов Қожабаймен отау құрып, Абай, Арайлым, Аяулым, Иманғали атты балалары дүниеге келеді. 2003 2006 жылдары Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің педагог-психолг мамандығы бойынша екінші жоғарғы оқуын бітірді.
      2005 жылы «Жадыра» балабақшасына жұмысқа орналасады. 2008 жылы педагог-психолог қызметіне тағайындалады. 2010 жылы № 19 «Қызғалдақ» балабақшасына педагог-психолог қызметіне ауысады. Осы қызметіне дейінгі көп уақыттар аралығында терең білім мен тәжірибе жинап, қай қызметтегі жұмыс болмасын дөңгелетіп ала жөнелетін қабілет барын дәлелдеп үлгереді. 2014 жылдың қаңтар айында «Береке» бөбекжай бақшасына меңгеруші болып тағайындалды. Мұндай жауапты қызметтің ауыр жүгі мен жауапкершілігін нәзік жанды әйел заты болып жаратылғандығына қарамастан атқарылуы тиіс міндеттер мен тапсырмаларды уақытында дәл, әрі нақты орындау арқылы, жоғары басшылық өкілдеріне өзінің мамандығын жоғары деңгейде меңгерген нағыз кәсіби маман екендігін қиын, әрі қолайсыз ситуацияларға жолыққан кезінде еркін дәлелдеп беріп отырды. Осындай көп жылғы еңбектің ащы терімен бірге келген терең білімі мен мол тәжірибесін өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз және тияқты қалыпта орындау үшін еш аянып қалмай жұмыс жасаған болатын. Осындай жылдам әрі тиімді жолмен жасаған қызметі мен еткен еңбегін басшылықпен ұжымдағы әріптестері жақсы бағалап, үлкен сыйластықпен, ілтипатпен қарап, әрдайым құрметтеп жүреді.
      Қандай лауазымды биік қызметке орналасса да, атаның қанымен, шешенің сүтімен өне бойына өткен, сүйегіне сіңген асыл қасиеттерінен, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп иіліп тұратын кішіпейілділігінен ешқашан айнып көрген емес. Бала кездегі берілетін тәлім-тәрбие адамның іргетасы болып қаланып, адамның саналы ғұмырына әсер етіп тұрушы ең негізгі фактор рөлін ойнап тұрады. Нагима апайымыз қандай жоғары қызмет пен нендей үлкен марапатқа қол жеткізуіне бала күнінде алған керемет тәрбиесі оның кейінгі өмірінде тек қана адал еңбекпен нан тауып жеп, тек қана адалдық пен шындықтың, тазалық пен әділдіктің жағында болуына көп септігін тигізді. Осындай тәрбиенің арқасында қандай үлкен лауазымды қызметтерде басшылық етсе де, өзінің ең әуелгі ата-анадан алған тәрбиесінен, адами принциптерінен, өмірлік ұстанымдарынан ешқашан, ешқандай ситуацияда айнып кетпей, барынша әділ әрі уәдесіне берік адал адам, кәсіби маман болып қалуға барын салды десек қателеспейтініз анық.
      Кәсіби маман ретінде толысып, шыңдалғаннан кейін аталмыш балабақшаға меңгеруші болып сайлануы Нагима апайымыздың өз ісіне жан-тәнімен берілген жан екендігінің айқын дәлелі десек, қателеспесіміз анық. Мұндай жауапкершілігі өте ауыр қызметті арқалап алып жүру кім-кімге оңайға соқпасы анық жайт. Бойындағы жылдап жинаған білімі мен тәжірибесін сала отырып, орталық жұмысының тоқтап қалмауын мықтап қадағалап, жаңа әрі жылдам қарқынмен дамуын бір жолға салуға тырысты. Саналы ғұмырында атқарған кіші және үлкен қызметтері ол үшін жұмыс қана емес, өмірлік позиция мен мақсат-мұратын анықтап беруші маңызы зор табиғи қажетілік есебінде болды десек те болады. Олай ойлауымыздың басты себебі, бір ғана ұлт пен мемлекеттің ең басты әрі ең маңызды баға жетпес құндылығы болып есептелетін артымыздан еріп келе жатқан жас жауқазын буын, өскелең ұрпақтың денінің саулығы мен жоғары білім алуына жағдай жасауға міндетті болған құрылымдық салаға бар саналы өмірін арнады.
      Нагима Жайдаковна әр жылдары бала тәрбиесінде көп жылдар бойы еткен еңбегі үшін «Сертификаттар» мен «Құрмет Грамоталарымен» марапатталды. Мұнан басқада түрлі марапаттарға лайық деп танылып, басшылық пен ұжымдағы әріптестерінің алдында үлкен беделге ие болып жатса да бұрынғы көркем әрі кішіпейіл мінезінен ешқашан айнып көрген жоқ. Қандай жағдай болмасын жұмысына деген махаббаты мен жауапкершілігін сол күйінде сақтап қалуға бар күш-жігерін салды.
      Қазіргі таңда біздің бүгінгі кейіпкеріміз береке мен құт дарыған үлкен әулеттің алақанына салып, мәпелеп отырған келіні, үлкен әулеттің бала, ана,келіні болып, дана келініне айналып жастарға үлгі болып отыр. Бір-бірін сүйіп қосылған арқасүйер азаматы екеуі алтын асықтай екі ұл, екі қызын тәрбиелеп, қыздардан Камария, Бекданыш, Айсана атты немерелер тәрбиелеп отыр. Сол балаларының күндіз-түні, жатса-тұрса амандығы мен тілеуін тілеп, өздерінің киелі қарашаңырағында аман-есен тіршілік кешіп жатқан жайы бар.
       Өміріндегі осындай керемет нығметтерді нәсіп қылғаны үшін Жаратқанға іштей тәубә етіп, шүкірін айтады. Жаны жайсаң жанның ісіне табыс, деніне саулық, жанұясына береке мен молшылық тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 июля 2026 13:54
Кульжами Есимхановна
Прочитала с большим уважением к человеку чье имя внесено в летопись золотой книги Казахстана, своему шефу, Кенжекыз...
12 июня 2026 14:28
Жаркын
Какая молодец, девушка из казахских степей Галина! Ее яркий творческий и целеустремленный, в то же время позитивный...
19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...