Ғылымға еңбегі сіңген Академик!
Ғылымы дамыған елдің – экономикасы да мықты болып, әлеуметтік хал-ахуалы жоғары болмақ. Әлемді айбарымен сескендіріп,
![]()
шаруашылығы жолға қойылып, мықты деген елдермен иық теңестірген қай елді алып қарасаңыз да, әлемді жаулаған өз өнімдерімен қатар, ел экономикасын, шаруашылығын алға сүйреген, тыңнан сүре жол салып, ғылыми жетістіктерді қолданысқа енгізген ғалымдары мен дарынды адамдар болған.
Ғылым – ел еңсесін көтеріп қана қоймай, қуатты елге айналдыратын үлкен күш. Мұны, жыл санап емес, күн санап жанданып, жаңалықтарға толып келе жатқан технология өндірістерінен көруге болады. Осы мақсатта, жас болса да дамыған елдердің қатарында сап түзеп, иық теңестіре, керегесі кең, терезесі тең дәрежеде сауда-саттық және экономикалық байланыс жасауды алдына стратегия етіп қойған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауымен «Төртінші толқын немесе ғылыми революцияның төңкеріс ғасыры» бағдарламасын жүзеге асырып, таланты мен қабілеті ерекше жандардың қолтығына су бүркіп, ғылымның жаңа белестеріне көтере білді.
Міне, осындай ғылым саласында өзінің соны әдіс-тәсілдері мен ғылыми жаңалықтарын ел мүддесіне жұмсау жолында еңбек етіп келе жатқан биолог, профессор, Ресей экология және табиғатты пайдалану Академиясының Академигі Мұхитдинов Асан Сражадинұлы қазақ ғылымында өшпес із қалдырған тұлға. Қарадан шығып, халықтың ұлы бола білген ол 1960 жылдың 16 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Мақташы елді мекенінде дүниеге келді. Мәдениет пен өнердің ордасына айналған, көгінде руханияттың қыраны қалықтаған сұлу өлкеде балалығ
![]()
ын өткізген Асан Сраждинұлы Жамбыл атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, аталған білім ордасын 1977 жылы бітіріп шығады. Аламанда топ жарар тайбурылдың құлын күнінде аяқ алысы бөлек болатыны секілді, кішкентай кезінен зерек, алғыр, білімге деген ерекше құштарлығы мектеп қабырғасында жүріп сезілген оқушы Асан сыныптағы алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі бола білді. Сыныпішілік, мектепішілік өткізілген сайыстарда белсенділік танытып, болашағынан үлкен үміт күттіре білген дарынды жас, мектепті бітірген соң арман арқалап асқаралы Алатаудың етегіндегі Алматы қаласына аттанды.
Талапты жанға тау да аласа емес, өзінің білімі-біліктілігімен емтихан тапсырып, 1977 жылы Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің «Биология факультетінің» студенті атанған Асан Сраждинұлы жоғарғы оқу орнында да өзін жақсы жақтарынан көрсете білді. Ғылым, тереңіне бойлай білсең тартып алып кететін тұңғиық болатыны секілді, білімге ден қойған жас биология саласындағы ғылым жолына түсті. Әрдайым ізденіс үстінде болып, соны үдерістерді бойына сіңіре білген, еңбекқор, таным көкжиегін кеңейту үшін тыным таппай оқи білген студент білікті де білімді маман болып шығу жолында өзін жиі қамшылай білді. Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық, болашақ білікті маман болып қалыптасуы үшін көп оқып, іздену керектігін таным-түйсігімен түсінген студент, жоғарғы оқу орнының қоғамдық өміріне ғана белсене араласып қоймай, кітапханада көп уақытын өткізумен қатар, ғылым әлеміне қол созды. Өзіне деген сенімділігі басым студенттің ұстанған бағыты өзгелерден ерек, өзі таңдаған саланың білікті де білімді маманы болып шығумен қатар, кез келгеннің икеміне көне бермейтін асау айғырдай болған ғылымының мойнына бұғалық салып, ғылымда зерттелмей жатқан қазақ елінің табиғаты үшін қызмет етуге әкелу еді. Алдына мақсат қойып, сол мақсатына жету жолында аянбай еңбектенетін табанды жас Асан бұл діттегеніне қол жеткізіп, ғылым атты алаудың, шағын шырағын ұстады.
Осылайша аталған жоғарғы оқу орнын үздіктер қатарында бітірген Асан Сраждинұлының алғашқы еңбек жолы 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, М.Әуезов атындағы педагогикалық институтында аға оқытушы болудан басталды. Ұста
![]()
здық ету үшін де көп оқып, көп білу керек. Ұстаздық – алға қойған мақсаттарының алғашқы баспалдағы болған Асан шәкірт тәрбиелеумен қатар, өзі де талмай ізденіп, көп кітаптар мен тарих туралы ғұламалардың еңбектерін оқып, өзінің білімділігін көтеріп, жан-жақтылығын дамытып отырды. Бала кезінде бойында бүр жарған үміт талының жапырағын жайдырып, өзі де уақытпен таласа еңбектеніп, сахар шөлінде ескен самалдың бұлдырындай, әлі де беймәлім жатқан тарихтың түбіне үңіліп, зерттеулер жүргізді. Ғылым жолына түскен студент – алдын ашсаң арқырай жөнелетін, тау мен тасты бұзып-жарып өтетін тау өзеніндей күшке ие. Тәлім алған шәкірттерінің ғылымға деген қызығушылығын одан әрі арттырып, еңбектерінің жемісті болуы үшін қолынан келгенін аянбады. Бұрыс жерін жөндеп, білмегенін түсіндірді. Тау мүсін болып өткені мен сырын ішіне бүгіп жатқан тарихтың дүдәмал тұстарын айқындап, кейінгі ұрпақ білуі тиіс құндылықтары мен жазбаларын ашуда студенттерімен бірігіп көптеген жұмыстар жүргізді. Ғылым жолына түскен шәкірттері арасында жанамын деген жүрекке от, шабамын деген жүрекке ат беріп білікті де білімді, көкірегі ояу, сауатты, қазақ ғылымында өз таңбасын қалдыратын шәкірттерді тәрбиелей білді.
Білмеймін демеді, білуге ұмтылды, қолымнан келмейді демеді, білім мен қабілетіне арқа сүйеп, түйіні мол шешімнің түйінін тарқата білді. Енжар басқан, ұйқыдағы шәкірт жүрегін селт еткізіп, түн қараңғылығын сейілтіп іліммен жарық шашумен қатар, ғылым жолына шырақ алып түскен әр баланы ғылымның ашылмай жатқан тылсымдарын зерттеуге, ашуға бағыттады. Ғылым жолындағы атқарған еңбектері мен оқу саласындағы қолданған тиімді әдістерін саусақпен санамалап жеткізу мүмкін емес профессор, академик Асан Сраждинұлы шәкірттердің талантын ашып, таным-білімін арттыратын,
![]()
өзгелерге ұқсамайтын өзгеше бір ерекше қабілеті бар ұстаз болашақ ғылым жолына нұр шашатын жас ғалымдарды даярлауда шаршаған емес. Қайта шәкірттерінің жеткен жетістіктері қуат беріп, ғылым саласында ойлау мен санаға қиын соғатын тарих саласында соны істер жүргізіп, көп еңбектер жазды.
1988-1991 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспиранты болған Асан Сраждинұлы одан арғы қызметінде, яғни, 1991-1993 жылдары ОҚО М.Әуезов атындағы педагогикалық институтында аға оқытушы, 1993-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанты, 1996-2005 жылдары «Дәулет» гуманитарлық – қайырымдылық қорында вице-президент, 2005-2012 жылдары «Ботаника және фитоинтродукция» РМК институтында «Патент және маркетинг» бөлімінің менгерушісі, 2012-2014 жылдары «Қазақстан инженерлік технология Университетінің» оқу ісі жөніндегі проректоры, ал 2014 жылдан бері жеке кәсіпкер болып, ғылыми зерттеулермен айналысып келеді.
Үлкен спортқа келген әр спортшының бағындырар өз биігі, әр ақынның өзіне тән бір шығармашылығы, әр суретшінің таланты мен қабілетінің айғағы болып жұртшылықты тамсандыратын бір картинасы болатыны секілді, әр ғалымның да өзіндік қолтаңбасы бар, ел тарихына қызмет ететін, ізденген шәкіртке бағыт-бағдар беріп тұратын еңбектері болады. Ғалым осындай еңбектерімен ұлы, тұғыры биік, тарих беттерінде есімдері жазылып қалады. Ғалым үшін ең басты жетістік – ғылыми ізденістер жүргізіп, қоғам игілігіне пайдалануға беру. Ғылымда өзінің қолтаңбасын қалдыра білген Асан Сраждинұлы зерттеу жұмыстарымен айналысқалы бүгінгі таңда 25 түрлі биологиялық өнімдер шығарып, оны халыққа сапалы түрде ұсынып келеді.
Ғылымда енгізген жаңалықтары мен адамзат денсаулығына пайдалы өнімдері бағаланған, 2017 жылы ел экономикасының дамуы жолында қызмет етіп келе жатқан ардақты тұлғаларды топтастырған,
![]()
республикалық деңгейдегі жоғары кітап «Алтын ұя» беттерінде орын алды. Асан Сраждинұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы» атты байқауынан I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, «Евразиялық ассоциация 4LIFE-Салауатты ұрпақтың» бес жылдық Юбилей медалімен, 2021 жылы қыркүйек айында Республикалық «Ел Құрметі» қоғамдық қоры «Алтын дәрігер» медалімен және Мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Ай мен Күннің өлгені – еңкейіп барып батқаны, Ағын судың өлгені – Алты ай қыста қатқаны, Қара жердің өлгені – қар астында жатқаны. Дүниеде не өлмейді – Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деп өнегелі сөз аталарымыз қалдырып кеткен сөз әлі күнге дейін өз өміршеңдігін жойған жоқ. Отбасы жүгімен қатар ұстаздықты, ғылым жолын алып жүріп, көлдей қазақ ғылымының дамуына тамшыдай болса да үлес қосуды алдына мақсат етіп қойып, арманынан жете білген ғалым, академик, профессор Асан Сраждинұлының еңбектері мен ғылыми жұмыстары қоғам мен ғылымға қызмет етіп, есімі ел есінде алтын қыранды қанаттай мәңгі қалықтай бермек.