Исаева Мейрамкул

Рейтинг:

ӨМІРІ ӨНЕГЕМЕН ӨРІЛГЕН

Бойыңызға болашақтың арман-мұраттарын дарытыңыз, 
оның өзі шын мәніндегі күн шұғыласы тәрізді.
Михаил Салтыков-Щедрин

       Балаларды жас кезінен бастап көтеріңкі ойлардың мәнін түсіне білуге үйрету керек. Олардың сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, жандарын нұрландыру, көңілдерін қуанышқа бөлеу, ізгілікке тәрбиелеу – міне, осы биік мақсат үшін де атқарып жүрген ісін жақсы көретін жандардың бірі – Исаева Мейрамкүл Сламбекқызы. Мейрамкүл Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ақжол ауылында 1979 жылы 1 мамырда дүниеге келеді. Жасынан алғыр, білімқұмар жас Жамбыл орта мектебіне 1986 жылы шәкірт болып қабылданып, 1996 жылы мектепті ойдағыдай тәмамдайды.
     «Білімсіздер тіліне берік болсын, Білімдінің тіліне ерік болсын» дегендей, мақсатшыл жас 2011-2015 жылдар аралығында Халықаралық Достық университетін «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білімді маман атанады. Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие ісі – баланың қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын саналады. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады. Міне, осы бағдарлама аясында Исаева Мейрамкүл балабақша ісіне өз үлесін қосуды мақсат етті.
       Егеменді еліміздің жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуға ниетті Мейрамкүл Сламбекқызы 2013 жылы 3 шілдеде 50 орындық «Бекзада» мектепке дейінгі шағын орталығын ашып, ата-аналардың алғысына бөленеді. Бизнесіне шығармашылық жұмыс ретінде қарайтын тынымсыз, еңбекқор жан алдағы жылдарға жоспар құрып, қай деңгейден көріне алатынын, қанша адаммен қалай жұмыс істейтінін, бәрін-бәрін бағамдауға тырысады. Көштен қалмау керек қой, сондықтан жылдан-жылға өсіп, өркендеу үшін талпынып келеді. Үздіксіз ізденіс пен ерен еңбектің, жүйелі, жоспарлы әрекет етудің арқасында кәсіпкер әйел Исаева Мейрамкүл 2017 жылдың 29 қазан күні 125 орындық «Оразалы ата» балабақшасын ашып, 2018 жылы 1 тамызда «Оразалы ата» балабақшасына екі топ қосылып, бүгінде ыстық ұя, жылы мекен балдырғандардың күміс күлкісіне бөленуде.
      Қазіргі таңда «Бекзада» балабақшасының филиалын ашып, жаңа топтар қосып, мектепке дейінгі мекеме ісін жандандырып жүрген меңгеруші Мейрамкүл Сламбекқызы 2013 жылы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты байқауында ІІ орын алса, 2013 жылы қазан айында «Болашақтың негізі – тәрбиенің бастауы» байқауына қатысып, жүлделі І орынды иемденеді. 2015 жылы «Педагогикалық шеберлік» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына мақаласын жариялайды. 2014 жылы В.Мельниктің курсына қатысып, курс барысында шығармашылық белсенділік танытқаны үшін Л.Т. Искакованың қолынан Мадақтама алған.
       Шығармашыл, ізденімпаз жанға 2016 жылы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Шалқар Құрмет грамотасын тапсырады. Сондай-ақ 2017 жылы бала тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін Ә.Мұсаевтың Алғыс хатымен марапатталады. 2017 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» республикалық конкурсына қатысып, 2017 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында балаларға арнап бөбекжай-балабақша салдырып, ел дамуының бастауы өскелең ұрпақты тәрбие мен білімге баулып, демеушілік жасаған меңгеруші «Жыл меценаты» атағымен марапатталады. 2018 жылы облыстық ғылыми-практикалық конференциясының сертификатын иеленген М.Исаева 2019 жылы Арыс қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және ерекше қызметі үшін Грамотамен марапатталып, мәртебесі артты.
      Нәзік жандылар отбасының ырыс-берекесін сақтап отыруға міндетті. Мейрамкүл Сламбекқызы бір отбасының ынтымағы мен берекесін сақтап келеді. Өмірлік серігі, отағасы 1968 жылы туылған Исаев Жүсіпбек Сайлауұлы екеуі – жарасымды жұптар қатарында. Ерлі-зайыптылар «Балалы үй – базар» дегендей, шаңырақ астын думанға толтырып жүрген атұстар 2 ұл мен 5 қыздың жақсы азамат болып қалыптасуы үшін дұрыс бағыт-бағдар беріп, ізгілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде.
     «Баланы өмір сүруге үйрету керек» деген Жан-Жак Руссоның сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған Исаева Мейрамкүл Сламбекқызы қолы қалт еткенде кітап оқығанды ұнатады және уақытының көп бөлігін отбасына арнайды. «Бүгінгідей жетістігімнің бәрі – Жаратқанның сыйы мен жан жолдасымның қолдауының арқасында деп білемін», – дейді кейіпкеріміз.
      Адам баласы соңына із қалдыру үшін даңғылға шығып, сол жолдың туралығынан тайқымай, биікке қанат қағуы керек. Өз кәсібін дөңгелетіп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген Исаева Мейрамкүл – өз сүрлеуін тауып, өз шыңына өрлеп келе жатқандардың бірі. Бұл жолда оны, Абайша айтсақ, «ақылы мен білімі» екі жақтап алып шығатыны сөзсіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...