Зейнуллина Жанар

Рейтинг:

Адам жанының бағбаны

      Қазіргі кезде психология саласына деген қызығушылық ерекше, бірақ ол қызығушылық пен қажеттілік психолог маманның өз қызметін тиімді және нәтижелі атқаруында деп білеміз. Сол себепті психологтың өзіне эмоционалды ұстамдылық, ішкі тұрақтылық қасиеттері ерекше қажет. Сол арқылы ол адамдарға көмек көрсетуде өзін-өзі басқара білу қабілетін арттырады, түрлі жағдайларда шешім таба білуге икемді болады. Бүгінгі сөз кезегі келешектің тұтқасы саналатын мамандықтың тізгінін ұстап, кәсіби маман атанып отырған жан – Зейнуллина Жанар Маратқызы.
      Жанар Маратқызы 1972 жылы қазан айының 12-жұлдызында еліміздің орталық өңіріне қарасты Қарқаралы ауданы, Қ.Аманжолов селосында дүниеге келген. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Жанар Маратқызы да кәсіби маман бола тұра, отбасында өзінің тұлға болып қалыптасу жолында ата-анасының рөлі ерекше болғандығын сөз етеді. Ата-анасы да өз тағдырларында қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін кезеңдерде мойымай, табандылық танытып, перзенттерінің адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасу жолында аянбай еңбек еткен жандар. Отбасындағы асқар тау әкесі Зейнуллин Марат 1940 жылы дүниеге келген. Отбасында жалғыз бала болып, әкесі соғыстан қайтып оралмағандықтан, өзінің Зейнолла деген тегі атасының атынан жазылған екен. Марат ақсақал өмір бойы халыққа адал қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан. Отбасында 8 бала тәрбиелеп, оқытып, аяққа тұрғызған жан. 81 жасына жеткенше көліктің тізгінін емін-еркін басқарып отырған ел азаматы өз айналасына да, көпшілікке де үлгі бола білді. Марат ақсақалдың бойына біткен қарапайымдылық атты арда қасиетке көптің тәнті болатындығы да жасырын емес. Өмір жолында қария еңбекқор, өзіне жүктелген іске аса тиянақтылық пен жауапкершілік танытып, алдына келген әрбір жанмен етене тіл табысып кететіндігінің нәтижесі болар, бүгінгі таңға дейін ақсақалдың босағасынан келіп кететін ағайын-туыс, таныстың қарасы азайған емес-ті.
      Жанар ханымды дүниеге әкелген алтын құрсақты аяулы анасы Абдрахманова Мәулім 1942 жылы сәуір айынын 14-күні Абдархмен қажы атамыздың әулетінде дүниеге келеді. Жанардың естеліктерінде, нағашы атасы сыйлы, жасына сай құрметті адам болғандығымен танылған. Қажылық сапарға 3 жыл жаяу барып-қайтып, Абдрахман Қажы атанған екен. Абдрахман қажының жалғыз ұлы Қажыбай 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, ұрыс даласында хабарсыз кетеді. Мәулім анамыз отбасын құрған уақыттан зейнеттік демалысқа шыққанша халыққа қызмет жасап, отбасында 8 перзенттің анасы атанып, тәлімді тәрбие беріп, еңбекке баулып, балалары үшін қолдан келген дүниенің бәрін жасай білген жан. Әрбір ата-ана балалары үшін еңбегі өлшеусіз дүниелерді жасауға талпынатындығы – өмір заңдылығы. Марат ақсақал мен Мәулім анамыз ешкімге қол созбай балаларын тек білім алуға оқуға жіберіп, қолға түскен еңбек ақыларын сыртта жүрген студент балаларына беріп жүрген кездері көп болды. Ғұмырдерегінде Мәулім анамыз қажының ұрпағы болған соң атына сай болуды місе тұтып, өзі дұрыс жолда балаларына жақсы тәрбие беріп, жанынан бес уақыт намазын тастамауға тырысады. Балаларының жоғары оқу орнына оқытқанының арқасында қазір перзенттерінің әрбірі отбасында табысты кәсіпкер болып, мемлекеттік жұмыстарда қызмет атқарып жүр деп мақтанышпен сөз ете аламыз. Жанар ханымның өзі анасы жөнінде: Анам үнемі айналасына көмек қолын созып, туған-туыстарынан ақыл-кеңесін аямай, қайғысы мен қуанышына ортақтасып, өзінен өзгелерді жоғары қойып, бәрі «Құдайдан қайтады» деген бір ауыз сөзді тіліне тиек етіп отыратын мейірімді жан болды. Тіршілігінде өте еңбекқор, көпшіл, туысқаншыл болып, балаларына өнеге бола білді. Қазірде анамның осы қасиеттерін, берген тәрбиесін келіндері үлгі тұтып отыр,-дейді кейіпкеріміз. Мәулім анамыз 2020 жылы 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтеді. Ғұмыржолында Марат ақсақал селода көлік жүргізушісі болып жұмыс жасап зейнетке шықса, Мәулім анасы сатушы қызметін атқарып, сол селодан зейнеткерлік демалысқа шыққан болатын. Отбасындағы тұңғыш перзенттері Зейнулла Перизат 1960 жылы дүниеге келген. Бүгінде отбасылы, төрт баланың анасы. Жолдасымен Қарағанды қаласында тұрады. Перизат ханым қазіргі уақытта құрметті зейнет демалысында.
      Отбасының екінші перзенті Зейнуллин Талғат 1962 жылы дүниеге келген. Бүгінде жеке кәсіптің тізгінін ұстаған жан жары және екі баласымен Астана қаласында тұрады.
      Отбасының үшінші перзенті Зейнуллина Альмира 1966 жылы туған. Альмира ханым отбасымен Қарағанды қаласында тұрады. Үш баланың анасы. Қазірде тәрбиеші болып жұмыс жасайды. 
      Отбасындағы төртінші перзенті Зейнуллина Бағдат 1976 жылы дүниеге келген. Бағдат мырза бүгінде отбасымен Қарағанды қаласында тұрады. Мемлекеттік қызметкер.
      Отбасындағы бесінші перзенті Зейнуллин Бекзат 1982 жылы дүниеге келген. Бекзат отбасымен Қарағанды қаласында тұрады. Жеке кәсіптің тізгінін ұстаған жан екі баланың әкесі.
      Кейіпкеріміз Жанар Маратқызы бүгінгі таңда отыз үш жылын педагогика-психология саласына арнаған білікті маман. Мектеп қабырғасын тәмамдаған жас талапкер болашақ мамандығына бағам жасап, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Педагог-психолог» мамандығы бойынша білім алған. Содан кейін кейіпкеріміз алғашқы еңбек жолына қадам басып, 1994-2013 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Педагог-психолог маманы болып жұмыс атқарады.
      Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім – барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін адам жанының бағбаны. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ іспеттес. Өз кәсібін жетік меңгерген Жанар Маратқызы өз кезегінде ұстаздық жолға қадам басып, Қарағанды университетінде оқытушы жұмысын атқарады. Кейіпкеріміз 2013-2016 жылдары аралығында Абакус-Азия интелектуалды дамыту орталықтарын ашып, басқарып отырған жайы бар. Жанар Маратқызы 2016 жылдан бастап осы күнге дейін «Педагогтар мен психологтар Академиясы» ЖШС біліктілікті арттыру және қайта даярлау аккредитациясынан өтіп, осы мекеменің негізін калаушысы атанды. Сонымен қатар халықаралық академия ерте жастан дамыту, оқыту мәселелері бойынша Мәскеу қаласымен тығыз байланыстағы өкілі ретінде қызмет жасауда деп мақтанышпен сөз ете аламыз.
      Өз білімімен, біліктілігімен әріптестеріне бөлісу ниетінде, өзгелерге білім жолында көмек көрсетуде. Кейіпкеріміз Қазақстандағы жыл сайынғы халықаралық ерте даму фестивалінің ұйымдастырушысы; 
      -5-12 жас аралығындағы балаларға арналған «Абакус-Азия» ментальды арифметика әдістемесінің авторы;
      -1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған әдістемені әзірлеуші;
      -ТМД және Мәскеу қалаларындағы халықаралық деңгейдегі спикері;
      -2016 жылдан бастап Мәскеу қаласы және ҚР ерте даму педагогтары мен психологтары достастығының өкілі;
      -мектепке дейінгі оқыту бойынша лекторы атанып отыр.
      Қазіргі таңда аталмыш оқыту орталығы тек педагогтарға арналған біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау аясында қызмет етіп келеді. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне халықаралық деңгейдегі семинар, курстарын жүргізеді. Оқу орталығы шет елдік әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды пайдалана отырып педагогтарға заманауи білім беруде.
      Ел игілігі үшін еңбек етіп, көптің көңілінен шығып жүрген кәсіби маман «отбасында қандай жан екен?» деген сұрақ кімді болмасын қызықтырары анық. Бірізділік пен білімділік, мейірім мен шарапат, ізгілік пен ілтипат бұның бәрі дерлік Жанар ханымның бойынан табылатын алтын қасиеттер. Бүгінде Жанар Маратқызы үш баланың Анасы. Жанар ханымның өмірлік жолдасы Аубакиров Аманғали 1970 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Астана қаласында жеке қызмет атқарады.
      Кейіпкерлеріміздің тұңғыш қыздары Айгерім Аманғалиқызы 1993 жылы туған. Ол қазірде Қарағанды қаласының тұрғыны, жолдасы Бойтхин Талғат әкімшелікте жұмыс атқарады. Олар 2-баланың ата-анасы.
      Ұлдары Алишер Аманғалиұлы 2002 жылы дүниеге келген. Ол Астана қаласында медицина колледжін тәмамдап, Түркия елінің Анталия қаласында оқуын жалғастырып жатыр.
      Отбасының кенжесі Алибек Аманғалиұлы 2005 жыл дүниеге келген. Ол Астана қаласында №81 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы.
      Қорыта келе, еңбегі мен адамгершілік асыл қасиеттерінің арқасында ұжым арасында сыйлы, білімді маман, сенімді әріптес, ашық жүректі, әрқашанда үлкенге құрметі бөлек, кішіге ізет білдіретін, айналасына қамқорлық шуағын шашып жүретін жаны жайсаң адамның ұлағатқа толы еңбек жолы кейінгі жастарға қашанда үлгі бола бермек.
      Өз ісіне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратып жүрген елімізге еңбегі сіңген маманның отбасына амандық, деніне саулық, қызмет барысында өрлеу тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

1 ноября 2025 08:58
Назым
Гульбану Жоламановна творит чудеса.  Она знает ключ к счастливой жизни — и щедро делится им с другими. Классная женщина...
16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...