Станова Гүлжан

Рейтинг:

Ізгі жан

      Әділдік пен адалдықтың туын биік желбіретіп тұрған бүгінгі заманда қай мамандықты таңдап, қандай салада қызмет етсең де қатардағы жұмысшыдан бастап, қарамағыңда мыңдаған адамдары бар лауазымды қызметтерді атқарсаң да, адамгершілік қалпынан айнымау – әрбір адам үшін міндет. Қарапайым отбасынан шығып, халықтың, дүйім елдің қамын ойлап, ел қызметінде жүрген мемлекеттік қызметкерлер арамызда бар. Жаздың аптап ыстығында дала төсінде көтерілген сағымдай көзге көрінбегенімен, атқаратын қызметінің ауырлығы қара нардың да белін қайыстырар, елдің бірлігін, татулығын сақтап, ел басқарудағы жүйені біріздендіріп келе жатқан мамандарымыздың бірі – Станова Гүлжан Керейқызы. 
      Гүлжан Керейқызы 1960 жылдың 20 маусымында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келді. Тәңірдің жомарттығы түскен, төңірегіне көк шалғын жайлаған берекелі атырапта балалығын өткізіп, бүгінгі шыққан асқаралы биігінің алғашқы сатыларына аяқ салды. Жырларында жалын, тәрбие мен тағылым, өнегелілік пен өркениет, адамгершілік пен асыл қасиеттер жатқан құтты мекенде дүниеге келген балада арман бар ма, Сыр бойында ескен самалға бұрымын сүйдіріп өскен қыз Гүлжан Керейқызы бала кезінен-ақ бойындағы ереше қабілетін көрсете білді. «Талбесік қалай тербелсе, талшыбық солай қисаяды» деген, адалдық пен адамгершілікті ұстаным еткен отбасында тәрбиеленіп, анасынан қазақ қызына тән ибалылық пен инабаттылықты бойына сіңіріп өсті.
      Түгін тартсаң мұнайы көрінетін берекесі шалқыған өңірде дүниеге келген Гүлжан Керейқызы мектеп қабырғасында жүргенде де, қатарластарының алды болып, сыныпта озат оқушылардың көшін бастап тұрды. Өзіне берілген тапсырманы екі айтқызбай тиянақты орындауы, қоғамдық іс-шараларға белсене араласуы, зеректігі мен алғырлығы, бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын жауапкершілігі ұстаздарының көңілінен шығып, талай мақтау сөздерге шомылып өсті. 
      Макаренко атындағы мектепті тәмамдаған соң, еңбекке ерте араласып, алғашқы еңбек жолын 1977 жылы «Салтанат» балабақшасында бастады.
      Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі. Елдің ертеңін тәрбиелейтін жандардың қыры да, сыры да сол күн сайын көз алдында өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған-туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. 
      Міне, осындай міндеттемелерді, жауапкершілгі мол жұмыста атқару барысында, бүлдіршіндердің сүйікті шәкіртіне айнала білген Гүлжан Керейқызының одан арғы қызметі де бала өмірімен, бала тәрбиесімен байланысты болды. 1980 - 1985 жылдары «Буратино» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарып, тәжірибе жинақтап, тәрбие орталығының қыр-сырымен қанық болғанының арқасында 1985 жылы «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды. 
      Қандай жұмыстың, қай саланың да өзіне тән қиындығы, кедергілері мен құрмет төріне көтерер жетістіктері де болады. Қандай іске де белсене араласып кете беретін, қызметкерлерімен де жақсы-қарым қатынаста болып, қоғамдық іс-шараларға де белсене қатысқан, бала тәрбиесінде елеулі жұмыс атқара білген Гүлжан Керейқызы қызметте сатылай өсті. 
      1987–1991 жылдары Х.Досмухамедов университетінен «Мектепке дейінгі Педагогика и Психология» факултетінен «Педагогика, Педагогикалық Психология» мамандығын алып шыққансоң, 1988-1999 жылдары Аудандық білім бөлімінің инспекторы, 1999 - 2012 жылдары «Салтанат» балабақшасының меңгерушісі, 2012 - 2018 жылдары «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі, 2018 - 2019 жылдары «Еркемай» балабақшасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып, бала тәрбиесінде, ұлт болашағын тәрбиелеуде өзінің қолтаңбасын қалдырып, даму үрдісіне үлес қоса білген Гүлжан Керейқызы 2019 жылдан бастап Жылыой аудандық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарып келеді. 
      Ел басқару ісі оңай емес. Таң атқаннан кеш батқанға дейін жоспарлы жұмыспен жүріп, одан қалса елдің мәселесін тыңдап, түйіткілді мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, келесі күннің жоспарын жасай отырып, ұйқыға жатар алдында ғана үй бетін көретін кейіпкеріміз бұл қызметін де мінсіз атқарды. Ел-халықтың оң ықыласына бөленіп, беделі артты. 
      Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы да сыпайы болатыны ақиқат қой. Оның ерекшелігі сол - ол өзінің басқа адамды ұнатпайтынын немесе оны өте жақсы сыйлайтынын көпшіліктің алдында көрсетпейтіндігінде. Жұмыс бабында қандай келеңсіз жайлар болып қалса да соны елемегендей, өзгелерге сездіртпейтін қасиеті де оның даралығын көрсетеді. Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары болғандықтан, ол қайсыбір ұжымға да, ортасында да сыйлы. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез келген мәселені шешу барысында әділ, болаттай берік мінезі мен принципшілдігі әркез көпті алға жетелеп отырды.
      Адал еңбек өз нәтижесін де береді емес пе?! Әр жылдары жетістіктерге қол жеткізіп, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Мерейін үстем еткен марапаттарды бір тізгіндеп өтсек:
      1987 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасы;
      2010 жылы Жылыой аудандық білім бөлімінің Құрмет Грамотасы;
      Жылыой аудандық білім бөлімінен ІІ Дәрежелі Диплом;
      Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтынан Диплом;
      2011 жылы ҚР Президентінің Алғыс хаты;
      2012 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгісі;
      2012 жылы ҚР «Білім беру ісінің Құрметті кызметкері» медалі;
      2015 жылы Жылыой ауданы білім бөлімінің Алғыс хаты;
      Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағынан Атырау облыстық ұйымының Алғыс хаты;
      Халықаралық мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің IV слетінен «Мейірімді жүрек» төсбелгісі; 
      2016 жылы «Жүрек жылуын балаларға береміз» жоба жұмысының Лауреаты;
      Жылыой ауданының «Құрметті азаматы»
      Балабақша жетістіктері үшін балабақша меңгерушісі ретінде «Білікті маман» медалі;
      «Экономика мақтанышы» ордені;
      «Өз саласының көшбасшысы» Сертификаты;
      2018 жылы Жылыой ауданы білім бөлімінің Алғыс хаты;
      2019 жылы Жылыой ауданы білім бөлімінің Құрмет Грамотасы;
      2021 жылы Жылыой ауданы әкімінің Алғыс хаты;
      2021 жылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хаты;
      Гүлжан Керейқызының табиғи болмыс-бітімі, мінез-құлқы адамдармен ара қатынасы көпке ерекше үлгі боларлық. Қашанда елмен, жұртпен бірге жүріп үйренген жан кез-келген ортаны баурап алады. Соның өзінде сөзге келсеңіз килікпей, ерекше сырбаздығымен, мәдениеттілігімен, орынды әңгімесімен, айтар ойының нақтылығымен жан-жағына сәуле шаша да біледі.
      Гүлжан Керейқызының деніне саулық, кәсібіне толағай табыс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
15 августа 2023 16:42
Ғабиден

:Керемет!Құтты болсын.Мереиің өсе берсін.Жоғарғы белестерлен көріне беруіңе тілектеспіз.
14 августа 2023 12:27
Сара

Вполне заслуженно! Очень рады за Гульжан Кереевну, действительно Человек труда! Она является по району Мамой всех детей, учителем не только для молодых воспитателей, но и для заведующих детских садов! Очень понимающий, творческий, креативный, образцовый руководитель! Ее детский сад "Кызгалдак" был одним из лучших садов в районе: по качеству знаний детей, по результатам всех проводимых мероприятий! Дай бог ей здоровья, счастья семье!!Долгих лет жизни!!

Последние комментарии

15 сентября 2025 19:43
Ардак
Абила бүгінде үлкен жанұяның акжаулықты анасы отау тіккеніне 40 толып ұрпақ рахатына бөленіп отырған бақытты жансың...
14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...