Тұрсыналиева Зинат

Рейтинг:

Ізгілікке бастаған...

      Қанатын кеңге сермеген қырандар, аламанда сауырына қамшы салдырмай, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтетін дарындар мен таланттылардың, өнерлілердің, даналардың мекені, ол – Атырау өңірі. Қиындығы қара нардың беліне де ауырлық ететін жауапкершілігі мол ұстаздық саласынан өз жолын бастап, сәбидің шат күлкісіне сеп болып, көзіне ұшқынды жалынға айналдыра білген Зинат Рзаевна 1969 жылдың 1 мамырында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Мұнайлы елді мекенінде дүниеге келді. Тасын түртсең тарихы сөйлеп, шөбін тартсаң түбінен қазба байлықтары атқылап шығатын кенді де берекелі өңірде бақытты балалығын өткізіп, тұмса табиғаты суретшінің картинасына, жүрек назын қағаз бетіне түсірген ақынның өлеңіне сұранып тұрған өлкеде бұрымын жетілдіріп, бой жетті.
      Бала кезден алғыр, айтқан сөзді тез қағып алатын зерек, үлкен кісілердің айтқан ақылын зердесіне тоқи білетін қабілетті қыз елді мекендегі орта мектепті өте жақсы деген бағамен оқыды. Білмеймін демеді, түсінбегенін ұстазынан қайталай сұрап, әр күні сабаққа үлкен дайындықпен келетін. Бәлкім, бүгінгі таңда облыс қана емес Қазақ еліне танымал маман болуға деген бала арманы осы кезден басталған шығар?!       Мектеп – білімге құлаш ұрған талаптының қадамына нұр себелеп, қияға қанат сермететін алғашқы білім ордасы. Осы мектеп қабырғасында жүріп, сыныпішілік, мектепішілік сайыстарға қатысып, өзін жақсы қырынан көрсете білген ол жыл соңын мақтау қағаздарымен бітіріп, ұстаздарын да, ата-анасын да Алғыс хатпен қуантып отырды.       Ғаламда ұлы болып қалу үшін адамға үлкен арман керек. Баламен жұмыс жасап, шәкірт тәрбиелеуді жүрегіне жақын тұтқан Зинат Рзаевна мектепті бітірген соң 1987 жылы Атырау педагогикалық институтының «Физика-Математика» факультетін бітіріп шықты. Тарихта өшпестей болып таңбасы қалған Әл-Фараби мен Пифагордың еңбектерінен нәр алып, көп адам жүрексініп бара бермейтін ғылымның табалдырығына аяқ салған кейіпкеріміздің педагогикалық саладағы алғашқы еңбек жолы 1992 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болумен басталды. Өз-өзіне деген сенімділігі басым, қызмет барысында, заң аясында іс-әрекет жасап, басшылықтың сенім үдесінен шыға білген Зинат Рзаевна қызметте одан әрі сатылай өсіп, 1993-1996 жылдары сол мектепте мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінде болып, 1996 жылдан бүгінгі таңға дейін Жылыой ауданы білім бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді. 
      ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стандартының орындалуын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен толықтыруда жасаған істерінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Осы жұмыстарды атқаруда басқа облыстармен тығыз қарым-қатынаста болды.       Білім беру ұйымдарының басшылары мен білім қызметкерлеріне құқықтық-нормативтік актілерге түсіндіру мақсатында құқықтық оқулар, семинарлар аудан, облыс көлемінде ұйымдастырып жүргізіп отырды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру және патронаттық тәрбиешілерге берілген баланы асырап-бағуға ақшалай-қаражат төлеуді тағайындау» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат жүргізді.       ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексін түсіндіру мақсатында облыстық, «Баланың жаңа жанұяға бейімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, жоғары бағаланды. Дөңгелдек үстелде Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 15 тарауы негізінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау шаралары туралы жұмыстар жүргізді.
      Қашан да ілгері ұмтылып, бойындағы кәсібилік қарым-қабілетін аша білген Зинат Рзаевна өзінің біліктілігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу және электронды құжат айналымын ұйымдастыру», «Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау», «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу және оның стандарттары», «Мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыға бағдарланған мінез-құлқын қалыптастыру», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің нормалары бойынша», «Аумақтық дамуды жоспарлау құрылымы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, арнайы Сертификатқа ие болды. Сондай-ақ, «Республикалық Референдум: Құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша тестілеу емтиханын жоғары деңгейде өтті. 
      Кейіпкеріміз сонымен қатар, адал еңбегінің арқасында бедел биігіне көтеріліп, басшылық, ұйымдары тарапынан мадақталды да. Атап айтар болсақ:
      2001-2002 жылдары Аудандық Білім бөлімінің, Облыстық білім Басқармасының Құрмет Грамоталары;
      2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы;      2008 жылы ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет Грамотасы;
      2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты;
      2020 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі;
      «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі;
      Кейіпкеріміз жары Бердіғалиев Руслан Бердіғалиұлы екеуі қарапайым еңбек адамдары бола жүріп, өнегелі, үлгілі отбасы ретінде өз орталарында сыйлы, беделді жандар болды. Русланова Набат, Русланова Альбина, Русланова Зарина, Русланова Жаңылай есімді ұл-қыз өсіріп тәрбиеледі. 
      «Жақсы туса − ел ырысы» деген, жанамалап айтсақ та жасап кеткен істерін бір мақалаға тізіп шыға алмайтын, жүрегінің дүрсілі халық деп соғып, тілегінде ауыл тұрғындарының аманшылығы мен бірлігі жатқан Зинат Рзаевнадай ел аналары ортамызда аман-есен жүре бергей!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

15 сентября 2025 19:43
Ардак
Абила бүгінде үлкен жанұяның акжаулықты анасы отау тіккеніне 40 толып ұрпақ рахатына бөленіп отырған бақытты жансың...
14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...