Айдарова Фариза

Рейтинг:

Жас болса да, бас бола білген Фариза

      Шәкіртке деген шексіз мейірімі мен оларға деген аналық махаббаты бір көргеннен сезіліп тұратын, алыстаған сайын биіктей түсетін асқаралы Алатаудай, өміршеңдігін жоймайтын ұлы мамандықты меңгерген ұстаз, білім саласына соңғы үдеріс пен тың жаңалықтар, заманауи оқу-әдістемелік оқулықтар, құралдар енгізген сауатты жан Айдарова Фариза Қалдарбекқызы 1992 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінде дүниеге келді. 
      Тағдыр желі соқса қалқан бола білген мызғымас алып бәйтерегі әкесі Тұрабаев Қалдарбек Айдарұлы өрт қауіпсіздігі саласында еңбек еткен, зейнеткер. Ал жүрегіндегі мейірімі жүзінен нұр болып төгіліп, «айналайыны» көңілдегі мұзды ерітіп жіберетін анасы Молдашева
Айымкүл Рахматуллақызы әулеттің ұйытқысы болып отырар ме еді, әттең, 2015 жылы о дүниелік болып кете барды. Ата-анасынан қазақы тәрбие алып өскен Фариза Қалдарбекқызы бауырмал, кішіпейіл, мейірімді, әрдайым күлімдеп жүретін жүзі жарқын, парасат-пайымы келіскен, әділ, шыншыл жан.      Фариза Қалдарбекқызы 1999 жылы Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектеп табалдырығын аттап, 2010 жылы тәмамдап шыққан соң, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетіне оқуға түседі. Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық мінезді, тек алға ұмтылып тұратын өмірге деген құштарлығы басым, үш тілді жетік меңгерген жас жоғарғы оқу орнын «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша 2014 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады. 
      Қандай іске де қиындығы мен күрделілігіне қарамай білек сыбана кірісіп кететін, бала тәрбиесіне бір табан жақын Фариза Қалдарбекқызы білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 2019 жылы осы мамандық бойынша магистратураға түсіп, үздік бітіріп шығады. Білім мен ғылымның тұма бұлағынан нәр татқан жас маманның алғашқы еңбек жолы балабақшадан бастап, кейіннен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетіне ауысады.       Фариза Қалдарбекқызы сабақ берумен қатар мектептің қоғамдық өміріне де белсене араласып, мерекелік іс-шараларда белсенділік танытумен қатар, өзінің де білім-біліктілігі көтеріліп, тәжірибесі молайып келе жатты. Жүктелген мінддетті кейінге қалдырмай өз уақытында ұқыптылықпен орындай білетін, қандай істі де жауапкершілікпен атқаратын, ұстаздықта емес, қоғаммен тығыз байланыс орнатып өзінің біліктілігін көтеріп, жан-жақтылығын дамытып отыратын маман қай салада да, қай өңірде де таптырмасы анық.       Келелі істің басы қасында жүріп, бойындағы ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеп, өзін жақсы жақтарынан көрсете білген Фариза Қалдарбекқызы одан кейінгі қызметінде Түркістан облысы,Түркістан қаласындағы «Turkistan бастауыш мектебінде кадр маманы қызметін атқарып, 2022 жылы осы мекеменің директоры қызметіне тағайындалды. 
      Қызмет жолын табысты жүргізіп отырған кәсіби шебер, теориялық білімі терең, күш-жігері мен ізденісі мол, мақсатына жететін, құзыретті, көшбасшы, білікті маман күнделікті өмірде қарапайым әйел міндетін де мүлтіксіз атқарып жүр. Асыл жар, аяулы ана Фариза Қалдарбекқызы жәке кәсіпкерлікпен айналысатын жары Божбанбаев Дүйсенбек Еркінбекұлы бүгінде бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 
      Еңбегі мен адамгершілік асыл қасиеттерінің арқасында ұжым арасында сыйлы, білімді маман, инабатты да сенімді әріптес, жібек мінезді, ашық жүректі, әрқашанда үлкенге құрметі бөлек, кішіге ізет білдіретін жүрегі кең, пейілі ақ, айналасына қамқорлық шуағын шашып жүретін жаны жайсаң Фариза Қалдарбекқызының қызметіне табыс, деніне саулық тілейміз! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...