Ұлболсын Арысбекқызы

Рейтинг:

Таланттылардың талабын ұштаған «Томирис»

      Мектеп тaбaлдырығын aттaғaн cәтте aлдымыздaн жaдырaғaн жaздaй жылы жүзiмен қaрcы aлып, пaртaғa отырғызып, қолымызғa қaлaм берiп, әрiп үйретiп, кiтaптың aлғaшқы бетiн aшқaн cәттен -aқ өмiрдiң aқ пен қaрacын, жaқcы мен жaмaнын, оңы мен cолын, әрқaшaн жaқcы өмiр cүрiп, жaқcы aдaм болып қaлу жолын үйретуге бiлек-жеңiн түрiп кiрiciп кететін де оcы ұcтaз.
      Саналы ғұмырын білім саласына арнап, елдің өркендеуі үшін еңбек етіп келе жатқан Ақжігітова Ұлболсын Арысбекқызы 1965 жылдың 28 шілдесінде Шымкент облысы, Бөген ауданы, Қажымұхан ауылында дүниеге келген. Аласармас асқар тау әкесі Ақжігітұлы Арысбектен әділдік пен адалдықты, адами асыл қасиеттерден айнымай елге қызмет етуді тәлім етіп алса, «Айналайыны» оттан да ыстық аяулы анасы Сүлейменқызы Ибакүлден имандылықты, жомарттықты үйреніп, адам болып қалыптасу үшін ағалар ақылына құлақ түріп өсті. Ұлболсын бойындағы әділдік, ізеттілік пен әдептілік, имандылық ел құрметіне бөленді. Тұнық судың өзін жүзіп жүріп тұнығынан ішкен тұқымы асыл тұлпардың тектілігіндей кейіпкеріміздің бойындағы кемелдік, азаматтылық, парасаттылық, пайымдылық әке бойындағы тектіліктің жалғасы болатын.       Бала кезінен-ақ елгезек, жоқ демей қолда барын базарлы ететін еті тірі, бір істі бастауға дайын тұратын бекемшіл, қолына алған ісін аяғына дейін жеткізбей тынбайтын жауапкершлігі мол бала болып өскен Ұлболсын ауыл арасында бірге ойнап өскен қатарластарының алды бола білді. Әрдайым әділеттілікті жақтап, түйіні мол мәселелерде даналық танытып, әділ бағасын бере отырып шешімін тапқан қабілетті жас 1972 жылы Амангелді Иманов атындағы мектептің табалдырығын аттады. Мұғалім сөзін екі айтқызбай қағып алатын алғыр, нақыл сөздің мәнісін түсінетін зерек, ойжұмбақтар мен теңеулерді зерделеп шеше алатын зейінді болып өскен жас сабақтарды да жақсы оқып, озат оқушылардың көшін бастады. 
      Ауылдағы іргелі білім ордасынан қанаттанып 1983 жылы түлеп ұшқан Ұлболсын Ақжігітқызы ауыл өмірінің, тіршілік қазанында бірге қайнаса кетіп, алғашқы еңбек жолын 1984 жылы Бөген ауданына қарасты «Светлячок» балабақшасында тәрбиеші болумен бастады. Одан әрі 1989 жылы Амангелді атындағы мектебіне мұғалім болып орналасқан соң, 1989-1994 жылдары М.Әуезов атындағы жоғарғы оқу орнынан «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын алып шықты. Одан арғы қызметін 1989 жылы Темірлан елді мекені Пионерлер үйінде әдіскер, 1990 жылы Сайрам ауданы В.Терешкова атындағы №86 мектепке қазақ тілі пән мұғалім қызметтерін абыроймен атқарды. 
      Қолымнан келмейді деп қорықпады, жетпей қалады деп тартынбады, атақ үшін емес, білім саласының хал-жағдайын көтеру үшін жұмыс жасады. Өз арбасын өзі сүйреп жүрген, өзге пәндердің алдында назардан тыс қалған дене шынықтыру пәнінің, ауыл спортының бойына жан бітіріп, ауыл жастарын спортқа бейімдеу, шақыру мақсатында бірнеше ауылдың мектептері арасында алғаш болып спорттық спартакиада өткізді. Міне, бұл ұстаздың өз ісіне деген махаббатпен қараудың, көп еңбек пен қажыр-қайратты талап етсе де, бала тәрбиелеуге деген махаббат пен ұмтылыс, ұстаз ретіндегі мойнына алған жауапкершілік болатын.      Қызмет ету барысында, өзін-өзі үнемі дамытып, толықтырып, білімін арттырып тұруының арқасында қызметте де сатылай өсіп, басшылық қызметте, ұйымдастырушылық қызметте мол тәжірибе жинақтап, 2003-2005 жылдары Көкшетау университетінің «педагогика және психология» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қолына тиген қай істің де шырайын шығарып жіберетін Ұлболсын Ақжігітқызы нарықтың талабын түсініп, білім беруде сапасы күннен-күнге артып келе жатқан жеке «Томирис» бастауыш мектебінің директоры лауазымдық қызметін абыроймен атқарып келеді.      Атадан тәлім алса да адамзаттың қамын ойлайтын өнеге алып, өз жайын емес жалпының жағдайын ойлаған Ұлболсын Ақжігітқызы еңбек еткен жылдары жергілікті әкімшілік, білім бөлімдері мен білім ұйымдары атынан марапаттарға ие болды. Еңбек жолында «Білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен қатар, «Педагог-сарапшы» санатындағы маман. ҚР Білім және ғылым министрінің, Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен қоса, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.      Өзімдікі демеді, білімі мен қабілетін жас ұрпақтың санасына сіңіре біліп, ұстаздықтың қадірін өз тұғырынан түсірмей, қажыр-қайратын бала оқытуға салды. Жанары талса да жасымай, аяғы талса да оқушылар алдында тік тұрып сабақ түсіндіріп, үйінде шаруасы қалса да, бала сұрағына жауап беріп, кеш батқанша мектепте жүрді. Міне, осындай маңдай термен еңбек етіп, сауатсыздықтың қоюланған аспанынан күн болып нұр шашып, ағартушылық салада ізін қалдырған ұстаздар қауымы қандай құрметке де лайық!
      Міне, осындай заманның тілін түсініп, оқығаны мен тоқығанын, көргені мен түйгенін, өмірлік тәжірибесімен өрілген тәжірибесін білім беру саласына, ұлт болашағын тәрбиелеуге жұмсап келе жатқан Ұлболсын Ақжігітқызының деніне саулық, отбасына амандық тілейміз! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...