Орынбекова Лазат Кәрімқызы

Рейтинг:

Ұлы мамандықтың иесі

      Сәби санасына сәуле түсіріп, сәби қараңғылығын жарық етіп, талай тұлпардың тұсауын кескен ұстаздар жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Ұлағатты есім өзінің қадір-қасиеті мен өміршеңдігін сан мәрте мойындатты да. Ол туралы ақындар өлең шумақтарында, жауһар жырларын төгіп, қуатты қалам иелері, маржан сөздерін тізбектеп, ұлы суретшілер ең кермет картиналарын салып, сахна төрінде ән болып шырқалды да. Ұстаз - биікті тек қырандар ғана қалықтап шыға алатын, ұлар мекендейтін ғана мәртебелі шыңмен бірдей. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де осындай, ұстаз дейтін ұлағатты есімді еншілегнн, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне, білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз – Орынбекова Лазат Кәрімқызы. 
      Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылында орналасқан мектебінде биология және география пәні мұғалімі Лазат Кәрімқызы 1979 жылдың маусым айының 10 жұлдызында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай елді мекенінде дүниеге келді. Асқар тау әкесі Құлмұханбетов Кәрім Жәрекеұлы - Қостанай облысы, қазіргі Б.Майлин ауданының тумасы. Ауыл шаруашылығында 30 жылдан астам қызмет жасап, Торғай өлкесінің өсіп-дамуына өз үлесін қосқан азаматтардың бірі болса, анасы Құлмұханбетова Камежан есепші, кадр бөлімдерінде қызмет жасап, сонымен қатар 9 баланы бағып-қағып өсіріп, барлығын да құтты орындарына қондырған ардақты жан. Қазіргі таңда анасы 85 жастағы әзиз Ана, кейіпкеріміз Лазат Кәрімқызының қолында тұрады.      Тарих бетінде есімдері тасқа қашалып жазылып қалған мәдениет қайраткерлері кіндігі кесілген құтты мекенінде балалығыны өткізген жас үлкен өмірге бастайтын білім ордасының табалдырығын 1985 жылы Торғай елді мекенін аттайды. Лазат Кәрімқызы өте зерек оқушы болды. Әрбір сабағына көңіл қойып, бар ынтасымен оқитын ол мектебінің мақтанышы болды. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын беделі артып, озат, тәртібі үлгілі оқушылар қатарынан көрінді. Ата-әжесі мұғалім болғандықтан болар оның ішкі арманы мұғалім болуды қалайтын.
      Оған себеп ұстаздық оның қанында айналып жатқандығында. Атасы Досмұханбетов Жәреке Құлмұханбетұлы 1937 жылдарға дейін бұрынғы Семиозер ауданында орыс тілі және әдебиетінен сабақ беріп, білім бөлімін басқарған азаматтардың бірі болды. Сол бір сүреңсіз жылдарда 1937 жылы жазықсыз «халық жауы» деген атқа ие болып, ату жазасына кесілген екен. Ал әпкесі де Құлмұханбетова
Жаухар Кәрімқызы бастауыш сынып мұғалімі, Қажымұқан ауылында ұстаздық етіп жатыр.
      Лазат Кәрімқызының мұғалім болып қалыптасып, ұстаздық деңгейге жетелеген осы екі кісі болатын. Сонымен қатар білімді, зерделі қыз болып өсуіне әкесі Кәрім Жәрекеұлының ықпалы зор болды. Бала кезінен кітапқа, түрлі шығармаларға қызығушылығын оятып, 4-5 жасынан әріп танып, газет-журналдар оқығанын кейіпкеріміз мақтанышпен айтады. Әкесі тағдырдың жазуымен 10 жасында өмірден өтті.
      1985-1993 жылдары Торғай ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы мектепте білім алған Лазат Кәрімқызы Ы.Алтынсарин атындағы білім ордасында жалғастырып, осы жерден бітіріп шығады. Ұстаздық мамандықты ту етіп ұстанған жас 1995 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институттың биология-химия факультетінің биология – география бөліміне оқуға түсіп, 1999 жылы бітіріп шығады. 
      Таңғы шығына мөлдірлік тұнған ауылдың саф ауасын кеуде кенеген Лазат Кәрімқызы осылайша өзінің алғашқы еңбек жолын Қостанай облысы, Б.Майлин ауданы, Павловка кеңшарындағы жалпы орта мектебінде бастайды.       Өзінің туып өскен жерінде ұстаздық ету жас маманға қиын бола қоймады. Оның үстіне жанындағыларды бір іске жұмылдырып алып кететін ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әрдайым білім ордасында қай іске де бастамашы болып жүретін жас маман аз ғана уақыттың ішінде білім ордасындағы білімді де білікті, ұжым алдындағы абыройлы ұстаздардың біріне айналды. Ауыл тұрмысын қыстан көтерем шыққан сиырдың тірсегіндей қалтыратып тастаған тоқырау жылдары, өзінің кәсібін өте құлшыныспен атқарған ол биология мен география сабағының маңыздылығын арттырып, соңғы орындарға ысырылған саланы сабақ ретінде қайта өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.
      2000 жылдары ауылдан қалаға жастар үдере көшіп жатырғанда, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласқан Лазат Кәрімқызы жабыққан көңілді жадыратып, еңсесі түскен ауыл тіршілігінің еңесесін тіктеп, ауыл өміріне де, білім саласына де береке кіргізді. Білім саласын жақсарту мақсатында да түрлі жұмыстар жүргізіп, бойында қабілеті бар жастарды аудындық, облыстық сайыстарға қатыстырып, дарынды жастарды ғылымға бағыттады. Еңбегі еш кеткен жоқ, бақ салып барған шәкірттерінің қоржыны бос қайтып көрген емес.      Одан кейінгі жылдары яғни, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылында орналасқан мектебінде биология және география пәні мұғалімі болып ауысқан Лазат Кәрімқызы қазіргі таңда да осы білім ордасында биология мен география пәнінен ұстаздық етіп, ұлт болашағын тәрбиелеуде, білімге, ілімге, ғылымға ғашық өрендердің бойындағы қабілеті мен талантын ашуда аянбай еңбек етіп келеді. 
      Лазат Кәрімқызы ұстаздық еткен жылдары, өзінің де білімін жоғарылатып, біліктілігін арттырып отырды. Облыстық және аудандық география пәні мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі ретінде «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» атты республикалық география пәні мұғалімдерінің съезіне қатысып, Ақмола облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «7-9 сыныптарда география мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» курсында, Ақмола облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «7-9 сыныптарда биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» курсында және Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығында ұйымдастырылған «Өлкетану және виртуалды экскурсиялар: дәстүрліден инновацияға» республикалық біліктілікті арттыру курсында дәріс оқытушысы. Қазірде Лазат ханым "Science on Stage Kazakstan 2023" жобасына қатысуда. Егер бұл жобадан өтсе Финляндаға жолдама табысталады. Кейіпкеріміз Лазат Кәрімқызының қол жеткізген жетістіктері мен адал еңбегі үшін алған марапаттары қуана айтарлықтай.      Атап айтар болсақ:
      2021 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» Құрмет Грамотасы;
      «Екі ғылымның қиылысында» тақырыбындағы биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық олимпиадасынан «Биология» пәні бойынша II дәрежелі Диплом;
      «Теория. Практика. Производство» атты мектептердегі картамен қамтамасыз ету мәселесін талқылауға арналған облыстық семинарынан Сертификат;
      «Функционалдық олимпті бағындыру» атты онкүндік аясында облыс мұғалімдеріне вебинар өткізгені үшін Ақмола облысының білім басқармасынан Сертификат;
      2022 жылы ITeacher academy ұйымдастыруымен өткізілген пәнаралық жобалар байқауынан I орын және Сертификат;
      «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының ұйымдастырылуымен өткізілген «Мұғалім жұмысындағы цифрлық білім беру технологиялары» атты байқауынан I дәрежелі Диплом;
      Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық байқауының облыстық кезеңінен Сертификат;      ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығы ұйымдастырған «Әл-Фараби - әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан Алғыс хат;
      «Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері: тәжірибе, бастамалар, қолдау» халықаралық тамыз педагогикалық конференциясынан МАНИЭП қоғамдық қорының Сертификаты;
      «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстан: білім беру саласының үздігі» байқауынан I дәрежелі Диплом;
      2023 жылы «Использование STEAM и STEM на уроках» Халықаралық байқауынан Сертификат;
      Certificate, is awarded to for winning in Regional Science on Stage Kazakhstan 2023 in guiding theme STEAM kypak gypay (patchwork) and qualifying to National Festival that will take place in Astana, Kazakhstan as part of selection process for European Science on Stage Festival that will take placein Turku, Finland on 12-15 August 2024 м «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» депті В.Сухомлинский. Расында, мұғалім болу - жүректің батырлығы. Осындай қызметтің тізгінін ұстап отырған Лазат Кәрімқызының деніне саулық, қызметіне табыс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...