Мамытбекұлы Сәрсебек

Рейтинг:

Ағарту ісінің үздігі

      Ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып, бүгінде талай шыңдарды бағындырған ұл-қыздардың тұсауын кесіп, үлкен өмірдің табалдырығын аттаған, білімімен ғана емес, өнегелі өмірімен, күннен де жылы мейірімімен, ұлғатты ісімен шәкірттердің жүрегінде есімі мен бейнесі сақталып қалған ардагер ұстаздарымыздың бірі – Сәрсебек Мамытбекұлы. 
      Алыстаған сайын шоқтығы биіктей түсетін Алатаудай, уақыт өткен сайын беделі артып, тұғыры жоғарылап келе жатқан салада қызмет етіп, еңбек жолын тәлімгерліктен бастап, жауапкершілігі мол қызметтерге дейін көтерілген Сәрсебек Мамытбекұлы 1950 жылдың 14 наурызында Қытай Халық Республикасы, Ұйғыр автономиясы, Іле Қазақ автономиялық облысы, Нылқы ауданы, Жағаластай ауылының Көкебай қыстағында дүниеге келді. 
      Қазақтың әр өңірінің өзіне тән, еш жерге ұқсамайтын бір ерекшелігі болатыны секілді, көгінен әрдайым нұр жауып, шуағынан мейірім төгіліп тұратын көкорай шалғынды ортада дүниеге келген жас тектілердің табаны тиген топырақтың желімен жарысып өсті. Жаратқанның әрбір пендені ешкімге ұқсамай, өзгеше етіп жаратқаны секілді, бақытты балалақтың бесігінде тербеліп өскен өрелі бала кезінен-ақ алғыр болып, үлкендердің «Әп, Бәрекелді!» деген ыстық ықыласқа толы сөзін тыңдап өсті Аязы ұзақтау болғанымен, жазы сұлулыққа тұнып тұрған, табиғаты әсем өлкеде дүниеге келген Сәрсебек Мамытбекұлы осы ауыл іргесіндегі «Көкебай» бастауыш мектебінің табалдырығын 1958 жылы аттап, білім нәрімен сусындады. 1962 жылы Бастауыш мектебін тәмамдап, 1963-1966 жылдары аудандық орталау мектебінде оқыған, кішкентайынан зейіндігімен көзге түскен оқушы, армандардың тұтанатын, алау болып жанатын мектеп қабырғасында жүргенде де таланттылық қалпынан айнымады. Сабақты қызықты етіп жүргізу мақсатында жүргізілетін сынып ішіндегі сайыстар мен іс-шараларға белсене қатысып, мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, сыныбының көшін алға сүйреген белсенді жастардың бірі болды.      1966 жылдан 1969 жылға дейін Нылқы аудандық орта мектебін тәмамдаған жас, өзінің ой өрісінің, ұйымдастырушылық қабілетінің, ісінің тиянақтылығын, зеректігінің арқасында өзінің туған ауылына «Зиялы жас» болып бекітілді. Одан зейіні мол оқушыларды ауыл зиялыларының бірі болып 1969 жылы Бейжің мемлекетінің төрағасы Мау Зы Доңның (Қытай президенті Мао Цзэ Дун) қабылдауында болады. 
      1970 жылы «Көкебай» бастауыш мектебінде халық оқытушы болған Сәрсебек Мамытбекұлы ұстаздық етумен қатар, ауыл тұрғындарының мәдениет есігін ашуға, жастардың білімге ұмтылуына бағыт беріп, «Жастар және Халық» жасағы отряд қызметтерін де қоса атқарады. 
      Сол бір жылдардағы елдегі сауатсыздықты жою жолында тынымсыз қызмет атқарған кейіпкеріміз жас демей, үлкен демей, мал соңында жүрген ауыл тұрғындарының сауатын ашуда үлкен істерді атқарды.       Өзінің көкірек көзінің ояулығының арқасында, ауылға өркениетті әкеліп, ауыл тұрғындарын хат тануға, жазуға машықтандырды. Оқытушылық қызметін жасап жүріп, өзі де білімін көтерген Сәрсебай Мамытбекұлы 1973 жылы Іле педагогикалық мектебінде 1 жыл білім алып, колледж дипломын алып шығады. 
      Бір жерде тамыр жайған алып бәйтеректей болған Сәрсебай Мамытбекұлы мол тәжірибе жинақтап, білім саласының бояуы оңған сонау қиын кезеңдерде табанды еңбек етіп, білім саласының өркендеуіне өзіндік үлесін қоса білді. Сабақ барысында көлденең кездескен қиындықтарды табандылық таныта отырып жеңіп шығып, әр оқушымен, ауыл тұрғындарымен жеке жұмыс жасап, олардың сабақты меңгеруін қадағалап, ертеңгі күні олардың бір-бір саланың білікті мамандары болуы үшін аянбай еңбек етті. 
      1974 жылы Жағаластай ауылындағы «Көкебай», «Құжыртай» мектептерінде оқытушылық қызмет атқарып, оқыту топтарының жауаптысы болып еңбек етті. Жыл сайын ұстаздық ету қызметінде түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып отырған Сәрсебек Мамытбекұлы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты 1981-1982 жылдары Жағаластай ауылдық оқу-ағарту кеңесінде қызметкер болып, ауылдық оқу-ағарту бөлімінің бухгалтерлік, есептік жұмыстарын да қоса атқарды. 
      1982-1984 жылдары Көкебай мал фермасының оқу-ағарту қызмет кеңесі меңгерушісі, оқу-ағарту бухгалтері, 1984-1988 жылдары Көкебай мал фермасының өкімет хатшысы, кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарады.       1986-1989 жылдары Шыңжан университетінің «Саяси назария» кәсібінің арнаулы курсынан өткен Сәрсебек Мамытбекұлы 1988-1994 жылдары Көкебай мал фермасының 9 жылдық мектебінің меңгерушісі, қосымша ересектер ағарту ісінің жауапты хатшысы, 1995 жылы Жағаластай ауылында «Көкебай» бастауыш мектебінде оқытушы болып, 2002 жылы құрметті зейнет демалысына шығады. 
      Саналы ғұмырын білім саласына, бала тәрбиесіне арнаған Сәрсебек Мамытбекұлы да еңбек еткен жылдары түрлі жетістіктерге қол жетікізіп, адал еңбегінің өтеуі ретінде білім ұйымдары тарапынан түрлі марапапаттардың иесі атанды.
      Атап айтар болсақ:
      2023 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы» атты 
      Республикалық байқауынан І Дәрежелі Диплом;
      Еліміздің рухани және әлеуметтік дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Ардагері» төсбелгісі;      «Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы» төсбелігісі;
      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «ҚР Еңбек Ардагері» атты Республикалық байқауынан Құрмет Грамотасы.
      Өзге елде жүрсе де, Қытай елінің бір бөлігі болған қазақ ауылы тұрғындарының сауатын ашып, білімін көтеріп, мәдениет пен өркениет әлеміне енгізген Сәрсебек Мамытбекұлы 2006 жылы әулетімен атажұртқа оралып, Алматы облысы, Текелі қаласына қоныстанады. 
      Бұл жаққа келген соң да қарап отырмай, оқу жасындағы балалар мен немерелерін оқытып, түрлі өнер мектептеріне беру арқылы білімді азаматтар болып шығуына тәрбиелеп отыр.       Қай жерде болса да қоғамдық қызметтен бір сәт қол үзбеген Сәрсебай Мамытбекұлы 2022 жылдан бастап Халықаралық «Таңжарық» зерттеу қоғамы қорының мүшесі болып, түрлі іс-шараларға қатысып келеді. 
      Он сегіз мың ғаламда атқаратын қызметіне байланысты түрлі мамандықтар бар, бірақ, соның ішінде ең ұлысы ол – ұстаздық. Ұстазға ақын да, ғалым да, малшы да, хан да бас иген. Ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету - үлкен шеберлік. 
      К.Д.Ушинский өзінің бір сөзінде: «Мұғалім кісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп үлкен баға берген болатын. Қажет кезінде актер де, әнші де, басқа да болады. Ұйымдастырушы, режиссер, биші, бағдарламашы, суретші... Бұл қасиеттердің барлығы бір ғана ұстаздың бойынан табылатыны таң қалдырады. Бір емес, бірнеше асыл қасиеттерді өз бойына арқалап жүрген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – баға жетпес асыл еңбек. Міне, осындай асыл еңбекті өзінің өнегелі өмірімен қоса өріп жүрген жан – Сәрсебай Мамытбекұлы қандай да болса құрметке лайықты жан.       Қалай десек те, Сәрсебай Мамытбекұлын ұстаз деген әдемі атағынан бөліп-жарып қарай алмаймыз. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, өзгенің болашағы үшін қамығып жүретін мұғалім еңбегі расында ұлы емес пе?! Тарыдай болып кірген күнінен бастап әрбір оқушысының қателіктерін кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаз. Таудай болып шыққан күнде де талабына тілекші болып отыратын тағы да сол ұстазы. Иә, олардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаз Сәрсебай Мамытбекұлының білім алған шәкірттері күні бүгінге дейін хабарласып, қуаныш тойларының төріне отырғызып, ақ тілек батасын алып отырады. 
      Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», деген өлең жолдары осындайда еріксіз ойға оралады екен. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірті озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны ғой. Ол өзінің шәкірттерімен мақтанады.
      Парасат-пайымы келіскен, жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын ұстаз бүгінде бақытты отбасының ақылшысы. Жан-жағына жылу беріп отыратын жанашыр жан.      Ағарту ісінің үздігі Сәрсебай Мамытбекұлына жүзіңізден әдемі күлкі кетпей, жүз жасаңыз деп тілек білдіреміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...