Ғибратты ғұмыр иесі
![]()
Қырық жыл үздіксіз білім саласында қызмет ету көптің қолынан келе бермейтін бақыт. Ұлағат иесі атану үшін талай жолдан сүрінбей өту керек. Күш-жігері, ақыл-парасаты келіскен, еліне еткен ілкімді ісімен қоғамда өзіндік орны бар, шығармашылыққа жақын, қарапайым адамгершілік асыл қасиетімен көптің мақтауына ие болып, өз саласында талай биікке жетіп жүрген психология ғылымдарының кандидаты, профессор Орманова Зауре Құрбанбайқызы жайлы қалам тербеудің өзі бір ғанибет.
Зауре Құрбанбайқызы 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Руы - Қоңырат, Алғи.
Отбасындағы асқар тау әкесі Орманов Құрбанбай Орманұлы және мейірімі күн нұрынан да жылы анасы Орманова Әсия Бимырзақызы 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген ардақты жандар.
![]()
Орта мектепті үздікке бітірген жас арман жетегімен 1980-1984 жылдары «Психология-педагогика» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын ойдағыдай бітіріп шықты. Білімді жас 1984-1989 жылдары Қаскелен педагогикалық колледжінде психолог қызметін атқарды. 1989 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ психологияның барлық салаларында абыройлы қызмет атқарды. Тәжірибелі маман тынымсыз еңбегінің арқасында 2001 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің психология кафедрасында кандидаттық диссертациясын қорғады. Білімді де білікті жан 2004 жылы доценттік лауазымға ие болды.
Орманова Зауре Құрбанбайқызы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты. Жалпы жоғарғы оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 40 жылды құрайды. Оның ішінде «Психологиялық диагностика», «Психология практикумы» мамандықтары бойынша магистратура және докторантура үшін мемлекеттік білім беру стандарттары, типтік оқу бағдарламалар, 1-монография, 7-оқулық, 10-оқу құралы, 15 ғылыми-әдістемелік және ғылыми - практикалық құралы жарық көрген. Ғылыми мақалалары алыс-жақын шет елдердегі басылымдарда, оның ішінде 5 мақаласы рейтингі жоғары «Импакт» факторлы басылымдарда жарияланған. Барлығы – 170-ті құрайды. Соңғы бес жылда 50-ге жуық еңбектері жарыққа шықты. 2013 жылы Қытай Халық Республикасы Бейжің қалаларындағы ғылыми ақпарат орталықтарында біліктілік арттыру курстарынан өтті. Зауре Құрбанбайқызы кафедра доценті ретінде әріптестері мен университет,
![]()
институт оқытушылары үшін тұрақты ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, коуч-семинарлар өткізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп отыруды парызы санайды. Сабақтарында білім алушылардың субъектілігін, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін оқытудың жаңа технологиялары мен интербелсенді әдістерін шебер қолдана біледі.
Ұлағат иесі оқытушылық және ғылыми жұмыстан басқа әр салалы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Кейіпкеріміз 2018 жылдан бастап құрметті зейнет демалысына шықты. Психология ғылымдарының кандидаты, Зауре Орманова қазіргі уақытта Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің педагогика, психология және ӘГП кафедрасында қауымдастырылған профессоры қызметін атқаруда.
Сонымен қатар кейіпкеріміз 2016 жылы білім саласындағы осы уақытқа дейінгі жиған білім-білігі мен тәжірибесі негізінде жеке балабақша ашып, балақайлардың жүзіне күлкі үйіре білді. 2018 жылы жекеменшік білім беру орталығын ашқан кейіпкеріміз бүгінде осы мекемелердің директоры қызметін де бірге атқарып отыр. Адал еңбегінің арқасында көптеген жетістікке қол жеткізіп, өзіне де өзгеге де пайдасын тигізіп келе жатқан азаматша өзгелер қызыға қарайтындай, қолынан келетін істі дөңгелентіп, берекесі мен мерекесін келтіріп отыр. «Еңбек түбі береке» екенін жанындағылардың жадына сіңіре де біледі. Байсалды да байыпты қалпымен үлгілі болып, кейінгілерге жол көрсетіп, іс тәжірибесімен әріптестері арасында да беделі биік жан.
Ұлағат иесінің 2018-2023 жылдары көптеген мақалалары жарыққа шықты. Атап айтқанда «Инновационные формы психоло-педагогической коррекции девиантного поведения» Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» атты мұғалімдер мен ғалымдардың 2-ші Республикалық жыл сайынғы конференциясының матералдары. «Психология практикумы» Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
![]()
университетінің «Ұлағат» баспасы, «Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық мәселелер» Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы вестник «Психология» сериясы, «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын сипаттаудың мәні Хабаршы Вестник Психология сериясы, «Жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін қиындықтар» «Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым, «Қазіргі мектеп мұғалімінің өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері», «Оқыту мен тәрбиелеудегі қиыншылықтарды психологиялық түзету жұмыстары», «Девиантты балалармен психотүзету жұмыстарын жүргізу» Таугуль-Принт баспасынан жарық көрді. «Инновационные формы психоло- педагогической коррекции девиантного поведения» Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» атты мұғалімдер мен ғалымдардың 2-ші Республикалық жыл сайынғы конференциясының матералдары, «Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық мәселелер» Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы вестник «Психология» сериясы, «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын сипаттаудың мәні» Хабаршы Вестник Психология сериясы, «Жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін қиындықтар» «Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым, «Қазіргі мектеп мұғалімінің өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері», «Оқыту мен тәрбиелеудегі қиыншылықтарды психологиялық түзету жұмыстары», «Девиантты балалармен психотүзету жұмыстарын жүргізу» Таугуль-Принт баспасынан шықты. «Сапалы білім берудегі кедергілер» Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» атты конференция материалдары, «Қазақ мектептеріндегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері» Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, «Жасөспірімдердің мамандықты таңдаудағы өзін-өзі тануы» Сырдария университетінің халықаралық ғылыми басылымы, «Қазіргі кездегі
![]()
орта кәсіби оқу орындарын тиімді басқарудың педагогикалық-психологиялық негізі» Сырдария университеті. Әл-Фараби тағылымдары атты халықаралық ғылыми конференция басылымы, «Мектеп бітіруші оқушылардың темпераменттік қасиеттерін анықтау» Сырдария университеті. Әл-Фараби тағылымдары атты халықаралық ғылыми конференция басылымы, «Мектепке даярлық тобындағы балалардың интеллект дамуының психологиялық ерекшеліктері» Сырдария университеті. Әл-Фараби тағылымдары атты халықаралық ғылыми конференция басылымы, «Жасөспірімдердің этникалық өзіндік сана сезімнің қалыптасуындағы этнопсихологиялық мәселелер» Сырдария университеті. Әл-Фараби тағылымдары атты халықаралық ғылыми конференция басылымы, "Болашақ мұғалімдердің тәрбие жұмысын жүргізуге даярлығын қалыптастыру" Сырдария университеті. Әл-Фараби тағылымдары атты халықаралық ғылыми конференция басылымы, «Мотивацияның студенттердің мінез-құлқына және оқу процесіне әсері» Хабаршы «Психология» сериясы Серия «Психология» Series «Psychology», «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының превенциясы» С.Ж.Асфендияров атындағы КазҰМУ 90 жылдығына арналған «Медицинадағы коммуникативтік дағдылар, психология мен әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері: теориядан практикаға дейін» атты VII халықаралық конференция материалдары, «ЖОО студенттерінің кәсіби мотивация ерекшеліктерін зерттеу» Хабаршы «Психология» сериясы Серия «Психология» Series «Psychology», «Psychological and pedagogical conditions for professional motivation of pedagogical specialties students», «Психологиялық диагностика», «Практикалық психология», «Дифференциалды психология», «Этнопсихология» оқулықтары шықты. «Суицидтік мінез-құлықтың себептері мен факторлары» С.Ж. Асфендияров атындағы КазҰМУ КЕАК «Медицинадағы коммуникативтік дағдылар, психология мен әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары басылып шықты. Соңғы жылдары кейіпкеріміздің "Дифференциалды Психология", "Этнопсихология", Практикалық Психология", "Психологиялық Лиагностикалық негіздері", "Психология Практикумы" оқулықтары жарыққа шықты. Қызмет жолынан бөлек кейіпкеріміз отбасында да аяулы жар, асыл ана. Ұлы Самат 1986 жылы мамыр айының 30-жұлдызында дүниеге келген. Қазірде ол бір отбасының тірегі болып отыр. Жеке кәсіппен айналысады. Орманова Зауре ханымның сүйікті немересі Азгар Саматұлы бүгінде бастауыш сыныптың озат оқушысы.
Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» деген екен. Расында, мұғалім білім нәрін себуші. Ал мұғалім білімді болса, білген білімін алдында отырған студенттеріне үйрете білсе, ол білім ордасынан міндетті түрде білімді студенттертер түлеп ұшады. Білім күші құдіретті емес пе?! Әрбір шәкірттің жан-дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу де шеберлік қой.
Адамзаттың қашаннан бергі арманы бақытты өмір сүру ғой. Мұның мағынасы кең де терең екені белгілі. Бақыт дегеніміз тамақтың тоқтығымен, көйлектің көктігімен әспеттелмейді. Бақыт ол әр адамға әрқалай келеді. Оны сол адам жан дүниесімен сезіне білуі керек. Бақыт – кіршіксіз тазалықты, мінсіз әдемілікті сүйеді. Ал оған қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ. Бірақ осы қызығу мен сүйсінудің мөлшері бірдей емес. Әдемілікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі әртүрлі. Мұның себебі әрине, тәрбиеде жатады. Әдемілікті ұнататын табиғи сезім туа пайда болғанмен, жүре дамитыны тағы бар. Оның дамуы, бірде жоғары, бірде төмен болуы адамның көркемдік мәдениетіне, көркем өнер туындыларын біліп, ұғынып, ләззат алып дағдылану тәжірибесіне байланысты. Ал сол әдемілікке үйрететін жеке тұлғаның еңбегі зор. Бүгінгі кейіпкеріміз Орманова Зауре өмірі мәнді де сәнді, бақыты баянды, өмір жолы әдемі өрілген жан.
Елінің мақтаны атанған Орманова Зауре ханымға мықты денсаулық, отбасына аманшылық тілеп, бақыттың базарында, Алланың назарында болып, 100 жасап, өнегелі өмірі көпке үлгі болсын дейміз!