Қарымсақов Тлетай, Қабдырахова Зәуре

Рейтинг:

Баланың тірегі бола білген ұлағатты ұстаздар

      Ұстаз білмегеніңді үйрететін, қатеңді түзейтін, бойындағы бар білімін шәкірт санасына құятын адам. Ол оқушыға тек қана білімді үйретпейді, сонымен қатар, тәрбиені де бойына сіңіре біледі. Сондықтан, саналы азамат болып өскен әрбір жан ата-анасына ғана емес, белгілі бір мөлшерде ұстаздарына да қарыздар. Себебі, мектептегі әрбір оқушының бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерін екшеп, нашар мінездерін түзетіп, оларға ақылын айтып, түзу жолға бағыттап отыру да ұстаздың ерен еңбегінің көрінісі деуге болады. 
      Бүгінгі мақаламыздың қос кейіпкері де, ұлағатты мамандықты меңгерген, мектептің ғана емес, әулеттің де ішін білім нұрымен нұрландырған Қарымсақов Тлетай Омарғалыұлы 1955 жылдың, қазан айының, 26 жұлдызында бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келді. Ата-анасының тапсырмасын тез арада, аяғына дейін тиянақты орындамайынша тыным таппайтын бала Тлетай 1974 жылы Баршатас ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті бітіріп шықты. Бала болса да қай істі көз жеткізіп барып бастайтын, өзге ортаға түскенде еркін араласып кете беретін ашық мінезді Тлетай мектеп қабырғасында жүріп, түрлі спорттық іс-шараларға қатысып, сыныптың ғана емес мектебінің мақтанышына айналды. Тек алға ұмтылуды алдына мақсат етіп қойған Тлетай оқу орнына иек артқанымен, кейінгіге ысырылмайтын ер азаматтың парызы отан алдындағы борышын 1974-1976 жылдары Кеңес әскері сапында өтеп келеді. Әкенің адалдығы мен адами қасиеттерін бойына сіңіріп, имандылықты, тәртіптілікті ананың «Айналайынымен» бойына сіңірген Тлетай Омарғалыұлы жүзі бөлек болғанымен, жүрегі бірге соққан қаруластарының арасында достық сертіне адал болып, бір үйдің балаларындай бірге жүрді.      Әскерден келген соң, білікті жас ауылдың тіршілігіне белсене араласып, 1981 жылы Семей педагогикалық институтының даярлық бөліміне оқуға түседі.
      Шығамын деген алпинистке шың аласармас асу, шабамын деген тұлпарға бел асу қиын болып па, өзі таңдаған мамандығын меңгеріп шыққан соң Тлетай Омарғалыұлы өзінің алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылында, Еркеғали Рахмадиев атындағы мектепте «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» болуымен бастады. 1986-1995 жылдары «Дене тәрбиесі мұғалімі», 1995-2018 жылдары бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шықты. Тлетай Омарғалыұлы - тәжірибелі, жауапкершілікті сезінетін, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, әдістемелік және педагогикалық міндеттерді сапалы және жоғары кәсіби деңгейде орындайтын ұстаз.       Бір мектепте, тамыр таратып, өркен жайған Тлетай Омарғалыұлы адами асыл қасиеттері, жүрегінің тазалығы, ақ пейілімен, еңбекқорлығымен ұжымдастары, шәкірттері арасында құрметке ие болды. 
      Тлетай Омарғалыұлы өзінің еңбекқорлығының арқасында көптеген Алғыс хаттар мен Дипломдарға ие болды. Аудандық, Облыстық, білім басқармаларының Алғыс хаттары мен Құрмет Грамоталарымен марапатталды. 
      2003-2004 Оқу жылында алғаш рет аудан көлемінде семинар өткізіп, бұл іс-шарасы аудан басшысы мен аудандық, облыстық білім басшыларының жоғарғы бағасына ие болып, іс-тәжірибесі таратылды. Одан әрі де облыстық семинар өткізіп, осындай, өзіндік ерекшеліктері басым, заманауи әдістемеліктерге негізделген семинарларының арқасында бірнеше мәрте медальдармен марапатталды. Білім саласының дамуына, салауатты өмір салтын жақсартуға өзіндік үлесін қосқан Тлетай Омарғалыұлының жары Қабдырахова Зәуре Мадрахымқызы да, ұлағатты ұстаз, білікті маман, бүгінгі таңда құрметті зейнеткер. Ол туралы да, кеңінен құлаш сермегенді жөн көрдік. 
      Зәуре Мадрахымқызы 1958 жылдың 8 желтоқсанында Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Зәуре бала күнінен оқу-білімге құштар, жан-жақты ізденімпаз, жаңалықтарға жаны құмар, жаңашыл заманауи болды. Әрдайым жаңаны білгісі келіп тұратын талпынысының арқасында мектеп қабырғасында жүргенде өзінің көптеген жетістіктерімен ұстаздарын қуантып, тәнті ете білді. Қатарластары арасында ұйымдастырушылық қабілетімен көш бастап, әрбір іс- шараның жақсы өтуіне жауапты болды. 
      Осылай таусылмас білім әлемін шарлай жүріп, мектептегі қоғамдық іс-шаралардан да қалыспай, белсенділігін көрсетіп жүретін Зәуреге ұстаздары мен жақындары үнемі риза болып отыратын. Орта мектепті үздік аяқтап, үлкен өмірге қадам басар тұста қандай мамандыққа барамын деп ойланбастан, ұстаздықты әлдеқашан таңдап қойған бойжеткен С.М.Киров атындағы орта мектепті 1976 жылы бітірген соң 1978 жылы Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетінің «математика» пәнін дайындайтын даярлық курсынан өтіп, 1979 жылы аталған оқу орнының 1 курсына қабылданады. Туған топырақтағы тума таланттардың дарыны жұға ма, әлде өз қалауының табиғи дарынымен үйлескендігінен бе, жан-дүниесі осы салаға тартты да тұрды. Қазіргі күнгі жетістігі - мамандық таңдаудан қателеспегендігінің жарқын дәлелі.        Аталмыш білім ордасын бітірген соң 1984 жылы Семей қаласындағы № 1 мектеп интернатында алғашқы еңбек жолын бастайды.
      1986 – 2017 жыл аралығында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болды. Бүгінгі таңда құрметті зейнеткер.
      Заман талабына сай сабақта жаңаланған, түрленген әдістерді қолданып шәкіртке сабақ берген, ақпараттық технологияны жетік меңгерген педагог ұстаздырдың қатырына Зәуре Мадрахымқызында жатқызамыз. 
      Адалдықты ту етіп, ардың жүгін арқалаған қарпайым отбасында дүниеге келіп, өзінің бойындағы қарым-қабілеті мен мамандыққа деген сүйіспеншілігінің еңбекқорлығының арқасында шәкіртттері құрмет тұтар, ұжымдастары үлгі етер ардақты ұстаз Зәуре Мадрахымқызы әулетте ибалы келін, аяулы ана, ардақты әже. «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз маман ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. 
      Қарымсақов Тлетай мен Зәуре Мадрахымқызы алты қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі жанұя. 
      Зәуре Мадрахымқызы ардақты ана, «күміс алқа» иегері, зейнеткер ұстаз. Ата-ана тәрбиесінің арқасында алты қызыда жоғарғы оқу орынын және магистратура бітіріп, қазіргі таңда мамандықтары бойынша қызмет жасауда. Төртеуі ата-ана жолын қуып жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарып жүр.       «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз баласына талмас қайрат сыйлайды» демекші, әр кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі бола білетін ұстазға кім кімнің болмасын алғысы шексіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

15 сентября 2025 19:43
Ардак
Абила бүгінде үлкен жанұяның акжаулықты анасы отау тіккеніне 40 толып ұрпақ рахатына бөленіп отырған бақытты жансың...
14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...