Момбеков Базаралы

Рейтинг:

Білім биігіндегі тұлға

      «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» дегендей ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салары сөзсіз. Білім кілті ұлағат иелерінің жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасында қалары баршаға аян. Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі - ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. Ой еңбегінің мамандарына білім ошақтарында қажетті деңгейде жас ұрпаққа білім беруіне жағдай жасап, ізгі істерге бастама болатын - білім ордасының басшысы. 
      120 жылдық тарихы бар Айтжан Түркебаев атындағы мектеп-лицейіне 2014 жылдан бастап Момбеков Базаралы Мысабекұлы басшылық етіп келеді. Базаралы Мысабекұлы 1963 жылы қаңтар айының 9-жұлдызында Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келді. 1970 жылы Жалаңаш ауылындағы малшы балаларына арналып салынған мектеп интернатында бастауыш сыныпқа қабылданып, 1978 жылдың 24 наурыз айында Саты ауылындағы Күрметі орта мектебінде білімін жалғастырған ол 1980 жылы осы мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтының физика факультетіне оқуға түседі. 1984 жылы осы аталған институтты жақсы аяқтады. Кейіпкеріміз алғашқы еңбек жолын Алматы облысы, Күрті ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Айдарлы селосындағы орта мектепке физика пәнінің мұғалімі болып жұмысын бастады. 1985 жылы қаңтар айында сол мектепте тәрбие ісінің орынбасары болып тағайындалып, абыройлы еңбек етті.      1985 жылы шілде айынан -1986 қараша айына дейін Кеңес Әскері сапында азаматтық борышын өтеп келген соң 1986 - 1987 жылдары Алматы облысы білім бөлімінің бұйрығымен орта мектепте тәрбие жұмысы қалай жүргізілуі туралы, оның әдіс тәсілдері, ата-ана және оқушымен қалай байланыс құру керектігі туралы 1 жыл 5 айлық курсын толық аяқтаған. Алматы облысы, Күрті ауданы, Сарытауқұм орта мектебіне 1987 жылдың қаңтар айынан бастап оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1992 жылдың қаңтар айында өзінің сырттай оқыған екінші мамандығын алған соң УМС-3 Талғар ауданының Талғар қаласандағы жол басқаруға бас инженері, сонымен қатар осы жылдары Қызыл-Қайрат мектебінде физика пәнінің мұғалімін қоса алып, өз мамандығын жалғастырды. Одан кейінгі басшылық қызметін 1995 жылы Ақтөбе облысындағы «Афдан» жол басқармасының бөлімше директоры болып жалғастырған Базаралы Мысабекұлы 2000-2005 жылдары Атырау-Ақтау жол басқармасының басшысы, 2005-2007 жылдары Алматы қаласы, Думан ықшам ауданындағы орта мектепте ұстаз, 2007 жылы Республика бойынша физиктер конкурсынан кейін РФМШ-ға физика пәнінің мұғалімі, 2009 жылы Алматы облыстық физика-математика мектебінде ұстаздық етіп, 2014 жылы қазан айының 15-жұлдызынан бастап облыстық білім басқармасының бұйрығымен өткізілген конкурс бойынша Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылындағы Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалды. Қазіргі таңда өзі оқыған мектептің оқушыларымен, ата-аналарымен, ұстаздарымен қызметін жалғастыруда.      Білікті басшының қызмет еткен жылдары еңбектері де елеусіз қалған жоқ, 2020-2021 оқу жылында мектеп-лицей статусын алу үшін барлық күшін сарқа жұмсаған Базаралы Мысабекұлы 2019-2020 оқу жылында оқу-тәрбие саласы және педагогтардың шығармашылық жұмыстарының қорытындысы бойынша ынталандырумен білім бөлімінің басшысы Р.Ә.Таударбекованың Мадақтама Грамотасымен, 2021 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс хатымен және Білім беру саласын дамыту жолындағы адал қызмет, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім, отансүйгіштік қасиет қалыптастырып, рухани биік тұлға тәрбиелеудегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызының Алғыс хатымен марапатталды.      А.Түркебаев атындағы мектеп-лицейінде қазіргі уақытта 189 оқушыны 40 мұғалім білім нәрімен сусындатып отыр. Мектеп-лицей директоры – Момбеков Базар Мысабекұлы. Оқу ісінің орынбасары – Мамырова Сайра Қожанқызы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаужүрек Мәдина Саметқызы. Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары – Мамыров Ерғали Білдебайұлы. Осы мектеп-лицей ұжымында 5 бірлестік бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық жарыстар мен аудандық бәйгелерге, ғылыми жұмыстарға әр пәндер бойынша оқушылар қатысып, жоғарғы белестерді бағындырып жүр. 
      Самұрықтың суылына ілеспес жылдамдықтай зырғыған уақыт өз дегенін жасайды. Бүгінгі болған іс-әрекеттер мен жасалған еңбектер, ертеңгі күні тарихтың парақтарында қатталып, игі істер мен оларды жүзеге асырған ұстаздар мен тұлғалардың есімі перзент есінде сақталып жатталып қалады. Саналы ғұмырын ұстаздық саласына арнап, басшылық қызметте парасаттылық таныта білумен қатар ақыл пен сабырлылықты айнымас серігі етіп, тәлімнің үздік үлгісін көрсетіп, білім саласында даңғыл жол салып келе жатқан Базаралы Мысабекұлы басшылық ететін іргелі білім ордасындағы ұлы ұстаздардың істері мен еңбектері және есімі білім ордасының тарих тасында таңбаланып қалары хақ.      Білім басшысы түзу болса, болашақ ұрпақтың бойына сіңдірер білімі де, тәрбиесі де түзу болмақ. Базаралы Мысабекұлы сынды білікті басшыларымыз аман тұрғанда білім ордасынан шыққан түлектердің биік шыңдарды бағындырып, еліміздің атын әлемге әйгілі ететініне көзіміз анық жетіп тұр.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...