Қаржы саласының ардагері, «Сырдария ауданына 90 жыл» мерекелік медалінің иегері
Сыйлы азамат
Азаматтың игі ісін дәріптеу, оны көпке үлгі-өнеге ретінде көрсету парыз болып саналады. Жаратылысынан еңбекқорлықты серік еткен Төлеш Муталұлының іскерлігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне шек келтіретін жан жоқ. Өзінің өмір жолын есеп-қисапқа арнаған азамат тек адалдықты ту етіп, ала жіптен аттамай, арды жоғары қойып, маңдай термен сан сатыдан өткен өз ісіне жауапкершілікпен берілген адам. Өзінің білімі мен біліктілігін мойындата білген ол ел үшін жан-тәнін аямайтын, іс барысында айбарлы, жайшылықта өте жайдарлы, ұйымдастырушылық ұтқырлығы, қайраткерлік қарекеті орасан зор адам екенін мақтанышпен айтуға болады.
![]()
Муталов Төлеш 1947 жылы 13 маусым күні Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келді. Төлеш атасы Рахманбай мен әжесі Несіпгүлдің бауырында өсіп, ағасы Сәметтің жеңгесі Дүрияның тәрбиесінде болды. Мектеп, жоғары оқу орнын оқытуда ағасының толық қамқорлығын көрді. Ағасы Ұлы Отан соғысына 1943 жылы барып, соғыстан кейін қираған қалаларды қалпына келтіру науқанына қатысып, елге 1950 жылы 8 жыл жүріп бір-ақ келді. Мамандығы байланысшы (связист) болған. Келген соң Тартоғай совхозында радист, комсомол хатшысы, ферма меңгерушісі, агроном, жұмысшылар комитетінің председателі (рабочком) болып қызмет етті. Жоғары партия мектебін бітірген. Сауатты, іскер, ұйымдастырғыш, сыйлы, беделді кісі болды. Қиын шаруада, дауларды шешуде ағасының араласқанына талай куәсі болды. Ағасының берген тәрбиесін, айтқан ақылдарын сіңіріп өсті. Өмірде пайдасын да көрді. Ағасынан өрбіген іні-қарындастары әр салада қызмет істеп, ата-әже болып отыр.
Төлеш Муталов Тартоғайда 8 жылдық мектепті 1962 жылы бітіріп, аудан
![]()
орталығы Шиеліде №45 қазақ орта мектебінен 11 класты 1965 жылы интернатта жатып оқып бітірді. Сол жылы жоғары оқу орнына түсу үшін 2 жылдық стажбен бару керек деген заң шығып, ол үшін екі жыл шаруашылықта жұмыс істеу керек болды. Осылайша ол ауылда клубтағы киномеханиктен кино қоюды үйреніп алды. Совхозда малшыларға аралап жүріп, кино көрсететін автоклубта киномеханик болды. Жұмысшылар комитетінің төрағасы Рахманбаев Сәмет ағайының қарамағында еңбек етті.
1966 жылғы наурыздан шілдеге дейін гараж бухгалтері болып жұмыс істеді. 1966 жылдың қыркүйегінен 1967 жылдың тамызына дейін Қызылорда қаласында жаңадан ашылған ТУ-8 училищесінің бухгалтер группасында оқып мамандық алды.
1967 жылдың тамызында ауылға келіп МТМ бухгалтері болып тағайындалды. 1969 жылдың қантар айында расчетный бухгалтеріне ауыстырды. Осы жылы үкімет ауыл жастарына арнап, дайындық (подкурс) курсын Алматы ауыл шаруашылығы институтының жанынан арнайы факультет
![]()
ашып, соған әр облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының жолдамасымен тыңдаушылар қабылдады. Төлеш Муталовқа да сол жолдаманың біреуі бұйырып 1969 жылдың желтоқсан айында оқуға түсті. Сол подкурстан 1970 жылы сельхоз институттың экономика факультетіне оқуға түсті. Сөйтіп арманы орындалды.
1975 жылдың қантар айында институтты бітіріп, диплом алды. Мамандық бухгалтер-экономист. Сол уақыттағы үкіметтің қамқорлығы керемет еді.
Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен Тартоғай совхозына еңбекақы жөніндегі экономист болып тағайындалды.
1975 жылы маусымда КСРО-ның 50 жылдығы атындағы совхозға бас бухгалтердің орынбасары етіп, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен ауыстырды. 1977 жылдың қазан айында осы совхоздың бас экономисі етіп, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының
![]()
бұйрығымен тағайындады. 1987 жылдың қазан айында осы совхоздың бас бухгалтері қызметіне ауыстырды. 1998 жылдың сәуір айында «Бесарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұрынғы КСРО-ның 50 жылдығы совхозы) бас экономисі қызметіне тағайындады. 2013 жылдың маусым айында құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты. 1989-1994 жылдары Сырдария ауданы Жамбыл ауылдық кеңесінің депутаты қызметін атқарды.
Осы еңбек еткен жылдардың 50 жылы Бесарық ауылында өтті, оның 38 жылы шаруашылықта есеп саласында қызмет етті. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы совхоз қаракөл қойы бағытында болды. Әр жылда 45-50 мың бас қой, 2000 мың бас жылқы, түйе болды. Негізгі өндіретін өнімі – ет, қаракөл, жүн. Ет 460-500 тонна, қаракөл 19000-20000 дана, жүн 140-150 тоннадан мемлекетке өткізеді. Төл алуда әр жүз аналықтан 107-110 қозы, 75-80 құлын, 45-50 бота алады. Жекелеген алдыңғы қатарлы шопандар 140-160 қозыдан алады. «Ленин» орденді Мінайдаров Сейтбек 201-ден қозы алып,
![]()
мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Іздіқұлова Рабиға 200-ден, Әбенов Жұмабек әр 100 аналық қойдан 196 қозыдан алды. Екеуі де Ленин орденімен марапатталды.
Совхоз республиканың ауыспалы қызыл туын бірнеше рет жеңіп алды. ВДНХ (Выставка достижений народного хозяйства) жүлдесі жеңіл автомобиль Москвич және ақшалай сыйлықтар алды. Облыстағы ең іргелі алдыңғы қатарлы шаруашылық болды. Орталықтан Алматыдан келген басшыларды, шетелден келген қонақтарға көрсететін шаруашылық болды. Совхоздың негізгі көрсеткіші пайдамен жылды қорытындылау болса, жылма жыл сол деңгейден көрініп отырды. Осындай жетістікке жету үшін шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру, жолға қою. Совхоз Жамбыл атындағы колхоздан 1972 жылы үкімет қаулысымен КСРО-ның 50 жылдығы атындағы совхозға айналдырылды. Алғашқы директор болып Қадырқұлов Айдарбек тағайындалды.
33 жастағы мамандығы зоотехник директорға шаруашылықты ұйымдастыру жұмысын жолға қою, мамандармен қамтамасыз ету міндеттері тұрды. Ауыл шаруашылығы мамандары қажет. Ауылда
![]()
жоғары білімді мамандар жоқ еді. Елдегі тәжірибелі жігіттерден бас мамандарды жасақтап, жұмысты бастап кетті. Кейіннен жоғары білімді бас мамандарды аудан көлемінен тарта бастады. Төлеш Муталовтың келуі осы кезге тура келді.
Совхоздың жоғары жетістікке жетуіне Төлеш Муталовтың қосқан үлесі зор. Совхоздың есеп-қисап жұмыстары колхоз кезінде артта қалған-ды. Жұмысшыларға еңбекақы төлеу әдістері, нормативтері бекітілмеген, тіпті жоқ десе де болады. Әсіресе механизаторлар жұмыстарын есептеу жоқ. Сол үшін облыстық нормативтік станциямен байланысты. Сөйтіп әрбір жұмыс түріне жекелей хронометраж жасады. Шопырлар үшін әрбір объектіге, учаскеге, бөлімшеге, тіпті әрбір қыстау аралықтарына километраж жасап қойды. Ол үшін шаруашылық аумағын жақсы білетін, машинасы жаңа спидометрі жақсы істейтін шопырды сұрап алды. Содан кейін тракторшыларға, бульдозеристерге, жүк тасымалға орташа есеп шығарды. Бір тонна километрге, бульдозерге кубометрге орташа есептеді.
Қол жұмысын істейтін жұмысшыларға арнап хронометражды жұмыстың барлық түріне арнайы есептеп шығарды. Осы жұмыстарды сапалы, сенімді атқару үшін бригадир, жұмысшылар, механизаторларды және өз саласы бойынша маман, бас мамандарды қатыстырды. Осы жасалған орташа есептеулерді облыстық нормативтік станцияға көрсетіп, тексертіп бекіттірді. Бірнеше дана
![]()
етіп, әр бөлімшеге таратып берді. Сөйтіп «Единый норма и расценка» жасалып, енбек ақы төлеу жолға қойылды.
Экономист, бухгалтер мамандарын дайындауда біраз жұмыс істелді. Техникум бітіріп келген жас есепшілерді тәрбиелеп, үйретіп, аудан көлемінде бас маман болуына да көмегін тигізді. Өзінің тәрбиелеген шәкірттерінің бірі Жоламанов Қайырбек қарамағында экономист болып жұмыс істеді. Оған жоғарғы оқуға сырттай оқуға түсуге ұсыныс берді. Жағдайын жасады.
Алматы ауыл шаруашылық институтының экономика факультетіне оқуға түсіп, жақсыға бітірді. Диплом алып, тәжірибе жинақтады. Іскер маман 1995-2015 жылдары облыстық қаржылық бақылау басқармасына ауысып, бас бақылаушы тексеруші, ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерін жемісті атқарды. Бүгінде құрметті зейнеткерлік демалысында.
![]()
Жұбайы Қамалова Роза совхозда бөлімше бухгалтері болып жұмыс істеді. Кейін Қызылорда қалалық №5 емхананың бас бухгалтері болып қызмет істеп, құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты. Ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп отырған ата-әжелер. Екінші шәкірті Жәрекеев Сәбитті бас бухгалтердің орынбасары қызметіне алды. Тәрбиеледі. Өте ынталы, қабілетті болды. Жақсы бухгалтер болып шықты. Ол да облыс орталығы Қызылордаға қызметін ауыстырды. Қаржы бақылау басқармасында (КРУ) аға ревизор, салық инспекциясында бас салық инспекторы болды. Қаржы полициясында істеді. 2000-2014 жылдары прокуратура саласында қызмет етті. Қалалық, облыстық прокуратурада прокурор көмекшісі, аға көмекшісі, басқарма прокуроры, аға прокуроры болып еңбек етті. Қазір прокуратура органдарының ардагері. Осы кезде Алматы қаласы заң консультанттары палатасының заңгері. Отбасылы, ұл-қыз, немере тәрбиелеп отыр.
![]()
Шаруашылықтың айнасы бухгалтерлік есептің сауатты жасалуында. Әсіресе тоқсандық есеп балансты дұрыс жасау банкімен есептесуде өте қажет. Дұрыс болмаса ақша қаражатпен қамтамасыз ету қиын. Айлық алу, жанар жағармай, қосалқы бөлшек, материалдар алу, мекемелермен есептесу мүмкін болмайды.
Сондықтан тоқсандық, жылдық есептің балансын сауатты жасаудың маңызы зор. Төлеш Муталов бас бухгалтер болған кезде банкімен есептесу, шаруашылықты қаражатпен қамтамасыз етуде еш қиыншылық болған жоқ.
Өзі зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін қарап отырмады. Бау-бақша өсіруге құмарлығы бар еді. Есік алдындағы 15 сотық жерге жеміс ағаштарын өсіріп жүрген еді. Ауыл іргесінен 2015 жылы 45 сотық жер алып, бау-бақша екті. Жаңа суғару технологиясы – тамшылатып суғаруды пайдаланды. Барлығы 40 түп карлик шиесі, 22 түп алма, алмұрт, шабдалы, абрикос, қара өрік, одан басқа 5 түп қызыл жиде отырғызды. Артылған жерге көкөніс бақша, жоңышқа егіп, өзіне, балаларына, немерелеріне жақсы саяжай жасады.
![]()
«Туған күнім – 13 маусым. Сол кезде шие толық піседі. Туған күнімді немерелерім саяжайда шие теріп, дастарқан жасап тойлайды. Келіндерім қысқа қажетті шиелерін жинап алады. Шие теру күні деп аталып, жыл сайын атап өтіледі. Сонымен қатар саяжайда бал арасын өсіруді кәсіп қылдым. Жылына үш рет бал тартып, үйге қажеттісін алып, артығын келіндер өткізеді. Бал арасын өсіріп баптау, бал тарту жұмыстарын немелерім атқарады. Өте қызықты әрі ермек. Көп ізденуді қажет етеді екен. Балаларды үйретіп жатырмын. Өзім Рабиға екеуміз көктемнен күзге дейін саяжайда таза ауада уақыт өткіземіз. Күтіп баптау жұмыстарын балаларым, немерелерім атқарады», – дейді кейіпкеріміз.
Қызмет еткен жылдарында елге абыройлы, сыйлы болды, ауылдың өркендеуіне еңбек сіңірді. Құрметтеп, сый-сыяпатымен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Қазір елдің ауызбіршілігіне, көркеюіне, дамуына тілектес ақсақал болып отырған жайы бар. Бесарық ауылын «Бесарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізінен күріш егумен айналысады. Жылма-жыл әр гектарына 60-70 центнерден өнім алады. Бұл жоғары көрсеткіш. Серіктестің инвесторы «Абай Дәулет» компаниясы төрағасы Сәрсенбаев Мурат, ауылдың барлық экономикалық, әлеуметтік саласына толық демеушілік жасап отыр. Ауылдың бет-бейнесі соңғы 6-7 жылда түбегейлі өзгеріп кетті. Өткен 2024 жылы көшелер толық асфальтталды, жаңадан шағын өндірістік орталық супермаркет ашылды. Онда халық тұтынатын 13 түрлі өнім шығарып жатыр.
![]()
Мәдениет үйі, демалыс алаңы фонтанымен, 120 орындық балабақша, №147 орта мектеп, шаруашылық офисі, медициналық емхана күрделі жөндеуден өтіп жаңарды. 2025 жылы ақпан айында спорттық сауықтыру кешенін ашып, лентасын қиды. Оған облыс әкімі Н.Нәлібаев қатысты. Ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Көгілдір газ да келетін күн алыс емес. Бесарық ауылы «үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпазы. Облыстағы экономикасы дамыған, көрікті елді мекені бар санаулы ауылдың бірі. Ауылдың «Берекелі Бесарық» деген атағы бар ауыл.
Туған елге, жерге оның топырағына деген сүйіспеншілік әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Туған ел кіндік қаны тамған туып-өскен жері, отбасы, ата-анасы, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекенін ардақтап, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу – әрбір жанның азаматтық борышы. Әркімнің өсіп-өнетін жері оның туған елі. Адам туған жерін қастерлеп, қадіріне жете білуі тиіс. «Туған елінің қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» деген халық нақылын еске түсірер болсақ, Төлеш Муталұлы қай кезде де туған
![]()
жерінің қамын ойлаған азамат екенін айтуға болады. Ауылының көркейіп, гүлденуіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан пейілі дарқан азаматтың тағы бір қыры мұқтаж жандар үшін алақаны қашанда ашық. Ол қолдау көрсетіп, демеу жасауды азаматтық парыз деп біледі.
Төлеш Муталов жұбайы Рабиға Саулебаева екеуі бес ұл тәрбиелеп, он жеті немере сүйіп отыр. Рабиға да совхозда қонақ үй меңгерушісі қызметін атқарды. Ұлдары, келіндері бәрі – қызметте ұстаздық, аға медбике жұмысында. Ұлы Муталов Ғалым ауылдағы №147 мектепте он жыл директор болды. Ротацияға байланысты қызметін ауыстырды. Айдарлы, Жетікөлге директорлыққа ұсынған, алайда ұсынысты қабыл алмай, ауылдағы мектепте директордың орынбасары болып қалды. Бұл ұсыныстар – адал еңбектің бағалануының көрінісі. Әшім – компанияда техник. Әлім – Айдан Мұнай компаниясында замначалник ЦППН (централный пункт падготовка нефти). Мұратбек – «Галаз и К» компаниясында оператор. Бейбіт –«СИБУ» компаниясында аға бұрғылаушы (стар.бурилщик) болып жұмыс істейді. Ұлдарының барлығы жұмыстарында абыройлы, жылда мерекелерде, жыл қорытындысында Мақтау грамотасы, Алғыс хат, төсбелгілермен марапатталып жүр. Келіндері Салтанат – облыстық ауруханада аға медбике, Нұргүл – қаладағы мектепте ұстаз.
![]()
Аида – ауылдағы балабақшада әдіскер, Жанерке – қаладағы балабақшада тәрбиеші, Айгүл ауылдағы балабақшада психолог болып қызмет етеді. Ұлдары мен келіндері бәрі жоғары білімді дипломды мамандар. Ұлдары бәрі өз үй-жайы бар, тұрмыстары жақсы. Немересінің үлкені – Шұғыла Әлімқызы үниверситет бітіргеніне 3 жыл болды, қызметте. Екінші немересі – Әлиасқар Әшімұлы биыл колледж бітіреді, спортшы. Үшінші немересі – Әділғазы Ғалымұлы Нархозда АИТИ мамандығына грантта Алматыда оқып жатыр. Әшім, Әлім, Мұрат – қалада, Ғалым, Бейбіт Бесарықта тұрады.
Еткен еңбектері еленіп, ардақты азамат түрлі марапаттар биігінен көрінді. Атап айтсақ:
- 1978 жылы Қызылорда обком профсоюз призидиумының «Облыстың үздік экономисі» атағы;
- 1984 жылы 29 қыркүйекте Сырдария аудандық комитеті ауыл шаруашылығы қызметкерлер кәсіподағы төрағасының Құрмет Грамотасы;
- Ауыл шаруашылығы институтының Кәсіподақ председателінің Құрмет Грамотасы;
- 2010 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққаны үшін Бесарық ЖШС ұжымының Құттықтауы;
- 2011-2012 оқу жылы Тәуелсіздік күніне орай мектеп директорының Алғыс хаты;
- 2015 жылы «Мерейлі отбасы – 2015» байқауының Алғыс хаты;
- 2022 жылы шахматтан жақсы ойын көрсеткені үшін Бесарық ауылдық округінің Алғыс хаты;
- «Сырдария ауданына 90 жыл» мерекелік медаліне иеленді.
Іргесі ырысқа, шаңырағы шаттыққа толып, босағасына бірлігі бекіген отбасы көпке үлгі болып отыр. Елдің алғысын арқалап, қоғамның құрметіне бөленген азаматтың алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()