Бесембаев Құмарбек

Рейтинг:

Ел мүддесін ойлаған азамат

      Тұма бұлақтар мен тау мұздықтарынан бастау алып, бірнеше тармаққа бөлініп кететін тау өзеніндей, Құқық қорғау саласы деп аталатын үлкен саланың ішінде елге қызмет етіп, көптің алғысына бөлене білген, кең пейілді, әділдікті ту етіп ұстанған азаматтарымыздың бірі – Бесембаев Құмарбек Нұртазаұлы. Дамыған елдермен тереземіз тең, керегеміз кең болып отырған бүгінге шақта да ат жалын тартып мінген сәттен қолынан найзасын білегінен қалқаны түспеген сонау сары парақтарды жасырынып қалған жылдарда да елді қорғау, жерді қорғау - басты міндеттердің бірі болған. 
      Кісілігі мен кішілігі, пайымы мен парасатының арқасында қандай ортаға барса да төрден орын алатын, айбыны мол азамат Құмарбек Нұртазаұлы 1954 жылдың 29 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы, Совет (Аққайың) ауданы, Өрнекті ауылында дүниеге келді. Ұлылардың есті сөзін құлағына құйып, ойлы болып өскен ол мектеп қабырғасында жүріп те алғырлығы, жауапкершілігі, тапсырманы орындау барысындағы шапшаңдығының арқасында ұстаздарының да мақтауына ие бола біліп, өткізілген іс-шараларды өзін жақсы қырларынан таныта біліп, болашағынан үлкен үміт күтетін оқушылардың алдыңғы сапында болды.       1972 жылы Ивановка ауылындағы орта мектепті бітірген соң, сол жылдың күзінде Кеңес Әскері сапында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, әскерден келген соң Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданында, Ішкі істер Министрлігінің құрамына кіріп, милиционер болып жұмысқа орналасады. 
      Қияға бет алу қырандарға, ал өрге қарай жүру тек арқарларға тән қасиет секілді, милиционер қызметте жүріп тәжірибе жинақтай білген Құмарбек Нұртазаұлы білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Қостанай қаласындағы КССМ оқу орнын «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 
      Шығамын деген талаптыға тау биік болып па, жұмыс барысында бойындағы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білген жас маман уақыт өте келе басшылықтың да көңілінен шығып қызметінде өсу пайда болды. Еңбектің адал наны қашанда берекелі болатыны бар емес пе, өзіне берілген тапсырманы уақытылы, тиянақты әрі асқан жауапкершілікпен орындаған Құмарбек Нұртазаұлы осы жерде мол тәжірибе жинаған соң 1989 жылы ІІМ бұйрығымен Атырау облысы Ембі аудандық Ішкі істер бөліміне ауысады. Одан кейінгі жылдары Жылыой аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметтерін абыроймен атқарып, 1997 жылы құрметті зейнет демалысына шығады. 
      Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды.       Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. "Қазақ даласында түрме болмаған" дейді, алайда бұл заң болмаған дегенді білдірмесе керек. Десек те өткеннің заңы бүгінге жүрмейтіні де аян. Әр заман өзіне сай заңдылық нормаларды, құқықтық ережелерді тудырады. Басты құндылық – адам. Ендеше, бұл ұстаным өмір тұрғанша күшін жоймайды. Ата заң солай дейді. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтарының сақталуы.       Осы жолды аянбай еңбек еткен Құмарбек Нұртазаұлы зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырмады. Оның үстіне, құқық қорғау органдарының саласы қызметкерінің орта жасқа жетпей-ақ, зейнет демалысына жіберілетіні тағы бар. Ақыл тоқтатып, адами асыл құндылықтарды толық түсінетін жасындағы Құмарбек Нұртазаұлы одан кейінгі жылдары да руханият, қазақы, дәстүрлі емдеу ісі бағытында да келелі істер атқарып, түрлі марапаттарға ие болып келеді. 
      Атап айтар болсақ:      «Халық медицинасының үздігі» атақтары;
      «Қауымдастық құрылғанына 25 жыл» Алтын медалі;
      ҚР Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Кеңестің шешімімен «Еңбек үздігі» медалі;
      Халықаралық рейтинг одағының «Экономика мақтанышы» ордені;
      Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін «Алтын дала» медалі;
      «Жыл маманы - 2013, 2015» ұлттық Сертификаттары;
      Қауымдастық ұйымдастырған Конгрестер, Конференциялар мен Форумдарға үнемі қатысып, Қауымдастықтың медальдарымен, Мақтау қағаздарымен және Сертификаттарымен марапатталды;
      Қауымдастықтың вице-президенті және Атырау облыстық филиалының директоры;
      Қара сөздің қадірін түсінген қазақта «Ат аунаған жерде түк қалар» деген әдемі сөз тіркесі бар. Әлем – жүрегінде имандылық нұры ұялаған, мейірімі мол, абырой мен намысты өлімнен биік қоятын, арда азаматтар мен жақсы жандармен бейбітшілікте өмір сүріп келеді.       Өзгелерге үлгі боларлық өмір сүріп келе жатқан, қызметте әділдік пен адамдықты ту етіп ұстанған ел ағалары барында қазақ елінің болашағы жарқын, келешегі кемел бола бермек. Атқарған игі істерін қағаз бетіне жазып тауыса алмайтын Құмарбек Нұртазаұлы секілді ардақты азаматтар аман болғай!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...