![]()
Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға жанқиярлық көмек көрсету. Жыл сайын елімізде қайырымдылық шараларына қатысатын азаматтар мен азаматшалардың саны артып келеді.
Қазіргі әлемде тағдыр басқа салып, өмірлік қиын жағдайға тап болған көптеген адамдар қайырымды адамдардың көмегіне мұқтаж. Апатты әркім өз бетінше жеңе алмайды, кейде адамдар біреудің көмегіне мұқтаж болады. Мұқтаж жандарға көмек бергісі келетін адамдар, материалдық игіліктерді «қорларға» аударса, енді бірі өздері қол ұшын созып көмек көрсеткенді жөн санайды. Міне, қоғамда бір істі жария қылып, кейде жасырын түрде көмек қолын созып ер азаматқа сай мәрттік жасап жүрген ел азаматының бірі, есімі көпшілік мұқтаж жандарға тегін үй салып беретін қайырымды азамат ретінде танылған Көңілбай Шүкенов мырза. Кейіпкеріміз 1982 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданында қарапайым отбасында дүниеге келеді. Сүбелі істердің басы-қасында жүрген ел азаматының әкесі Қалдыбек мырза дәнекерлеуші болып адал еңбек етсе, анасы Ғайша ханым жедел жәрдем саласында аурухана санитары болып жұмыс істейді. Көңілбай мырза отбасындағы балалардың үлкені осыдан болар өзінен кейінгілерге қашанда мейірімі мен қамқорлығын танытып жүреді. Отбасында өзінен кейін екі інісі,бір қарындасы бар.
![]()
Көңілбай мырза қазіргі таңда қоғам дертіне айналып отырған екі өзекті мәселенің бірі – баспана, екіншісі – жұмыспен қамту жайын қолға алып харекет етуде. Қазіргі таңда кейіпкеріміз еңбек етіп, өз басшылығымен харекет етіп жүрген «ASYL ADAM» қайырымдылық қорының негізгі іргетасы 2014 жылы қаланған болатын. Содан бастап, осы күнге дейін қайырымдылық қоры пилоттық режимде жұмыс жасап келеді. «ASYL ADAM» қайырымдылық қоры баспана және жұмыспен қамту қоры ретінде заңды түрде мемлекеттік тіркеуден өткен.
Бұл қайырымдылық қоры – мұқтаж отбасыларды жұмыс жəне баспанамен қамту үшін барлық жомарт, мейірбан азаматтардың басын бірлестіретін ұйым болып құрылып, қазіргі таңда осы ұстанған бағыт бойынша нәтижелі жұмыстар атқаруда.
«Асыл адам» қорының барлық жобалары – халықтың көмегімен халық үшін қызмет ететін жоба болып танылады. Атап өтсек, қарапайым халықтың баспаналы, темір тұлпарлы болуын, ішетін асының адал, арзан болуы, салатын үйлері сапалы болуын қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылығын дамытып өзіндік көмек қолын созып қаржыландыратын, инвестиция жасауға арналған ел арасындағы ауқымды жоба болып есептеледі. Бүгінде Көңілбай Қалдыбекұлының бұл жобасы арқылы бірнеше істер оң нәтижелі болып, жүзеге асып, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысындағы 40 шақты көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, осы ретте, Көңілбай мырза қаншама жанның қуаныш көз жасының куәгері болып үлгергендігі барша азамат үшін үлгі-өнеге, кейбіріне қазақ азаматының осындай істің басы-қасында жүргендігі үлкен мақтаныш.
Бүгінде қайырымдылық қоры жыл сайын көмек қолын созып, игілікті істің басы - қасында жүрген жандар үшін «Өзгелерге көмектесу арқылы өзіңе көмектес» ұранымен акция өткізіп, акцияға қатысушыларға арнайы сертификат табыстайтын мүмкіндікке ие. Шарт бойынша қатысушылар «ASYL ADAM» қайырымдылық қорына садақа ретінде көмектесу арқылы бір отбасының баспаналы болуына, бірнеше отбасының жүлделі сыйлықтар алуына өз үлесін қосады. Бұл акция арқылы қазақ еліндегі баспанаға мұқтаж бір отбасының тұрғындары, өткен жылы Марина және Болат есімді азамат, азаматшалар баспаналы болды.
![]()
Қоғамда өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда. Қазақстанда соңғы жылдары еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті. 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өткендігі баршамызға белгілі. Осыған орай, мемлекет тарапынан бекітілген жобалар аясын көңілінен тыс қалдырмайтын кейіпкеріміз Көңілбай Қалдыбекұлы «Тегін баспана» челленджін қолға алған болатын. Басты мақсат – еліміздің бизнесмен, меценат және ел ағаларына жолдап, мұқтаж отбасылардың баспаналы болуына қол ұшын беру. Бұл бастама бір жағынан адам бойындағы ынта-жігерін арттырып, көптеген адамдардың қызығушылығын арттыратын дүние болса, екінші жағынан баспанасыз жандардың арман-мақсаттарын жүзеге асыратын қолдан келерлік үлкен ерлік демекпіз. Осы челлендж өз кезегінде аяқсыз қалмай, алғашқы тегін баспананың кілтін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны – төрт балалы, жалғыз басты әке Нұрлан мырзаға табысталды.
Еліміздің бірнеше аймағында жүзеге асып жүрген «Бақытты отбасы» бағдарламасы Қазақстанның аз қамтылған отбасыларының тұрғын үй алуға өз мүмкіндіктерін білдіретін жоба аясында Көңілбай Қалдыбекұлының да өз үлесі бар. Кейіпкеріміз қолға алған жоба барысындағы басты мақсат өмірдің сан түрлі сынағына сүрінбей, отбасы берекесін сақтап отырған, үлгілі жандарды баспанамен қамтамасыз ету. Жоба қорытындысы әр жыл сайын 1 наурыз – Алғыс айту күнінде белгілі болады. Баршамызға белгілі бұл күні елімізде үрдіске айналып келе жатқан игі істердің біршамасы орын алады. Бірі баспанаға қол жеткізсе, енді бірі қатерлі ауруға шалдыққан жандарға көмек қол ұштарын созып көмектеседі. Қазіргі әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, биылғы аталмыш жоба қорытындысы 1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде болады деп жоспарланып отыр.
2020 жылдың «Бақытты отбасы» жобасының жылдық қорытындысы қарағандылық Жасұлан мырза мен Риза ханымның отбасына көмек қолын созып көмектесумен тәмамдалды. Нәтижесінде, Жасұлан мырза мен Риза ханымға «Аршалы» ауданынан баспана табысталды. Бұл кісілер бүгінде сегіз баланың ата-анасы, нағыз бақытты отбасы деп айтуға тұрарлық жандар. Қазіргі таңда табысталған қара шаңырақта тұрып жатқан жайлары бар.
![]()
Сүбелі істердің көзін тапқан ер азамат үшін бір орында бір жұмыспен тоқтап қалу жат қылық. Қазіргі дамыған заманда «онлайн» сөзі кең белең алуда. Міне, кейіпкерімізде осы сөздердің төркінін түсініп, бір істі соңына жеткізу мақсатында онлайн сауда-саттықпен шұғылданып, өз бағын сынап көруде десек те болады. Есімі ерек, «ALLO, NE KEREK?» интернет дүкені. Дүкен арқылы әлемдік дамудың ең үлкен көрсеткіші интернетті пайдаланып, «ALI BABA», «ALI EXPRESS», «AMAZON.COM» интернет дүкендері жақсы дамығандығына көзіміз жетуде. Осы бір шетелдік бастаманың жалғасы ретінде «Алло, не керек?» интернет дүкенінің жұмысы өз жұмысын жалғастыруда.
Интернет дүкен, 2016 жылдан бастап құрастырылып, пилоттық режимде жұмыс істеп келеді. Жобаның негізгі мақсаты: елдегі экономикалық жағдай, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде 100-ден астам мұқтаж отбасыларына «Алло, не керек?» интернет-дүкенінен азық-түліктер мен медициналық маскалар, антисептикалық құралдар таратылған. Әр жұма сайын дүкенде тегін нан таратылады. Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, «Біз, Біргеміз!» акциясы жарияланған.
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі барысында да кейіпкеріміз өз үлесін қосуда. Жоспар бойынша 1000 адам ғана инвестор ретінде қабылданады. Ал дәл қазіргі таңда 170-тей ғана шектеулі орын саны қалды. Бұл жерде тек қана ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы ғана емес жұмыс атқарып отырған үлкен бір кәсіпкерлер орталығы деп айта аламыз. Мақсаты қарапайым қара халықты қолдау, бай-қуатты қылу. Бай жеріміздің пайдасын көріп, болашақ ұрпаққа «Аманат» қылып тапсыру. Демек, бұл дегеніміз жердің де, елдің де иесі өзіміз екендігімізді сезіну.
Кейіпкеріміздің келесі қолға алған бағдарламасы «AMANAT DRIVE». Бағдарлама негізі 2020 жылы қаланған. Бағдарлама барысында аз уақыт ішінде, ауқымды жұмыстар жоспарланып, ол жоспарлар өз кезегінде нәтижесін көрсетуде. Бұл бағдарлама арқылы қазіргі таңда мыңдаған адам пайызсыз автокөлікпен қоса, пайызсыз баспана да алып жатыр. Яғни, басты ерекшелік – халықтың жағдайына байланысты қалаған темір тұлпары, баспанасын пайызсыз бөліп төлеуге негізделген. Бүгінде, халықтың ыңғайы үшін біршама акциялар мен марафондар ұйымдастырылып жатыр. Қарапайым халық үшін жасалып жатқан жұмыс та, мүмкіншілікті де ауыз толтырып айтуға болады. Аты айтып тұрғандай, тұтынушылар табысталған ба
![]()
спана мен темір тұлпарларға «Аманатқа қиянат жасамай» берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, қаражатты үстем ақысыз қайтаруында.
«Жас келсе–іске»,- деген халық мақалы біздің бүгінгі кейіпкерімізге сай келетіндей.
Көңілбай мырзаның ел ішінде, халық арасында атқарып жүрген әрбір ісіне сүйсіне қарап, отбасында қандай екен? - деген сауалдың кімді болсын мазалайтыны белгілі. Көңілбай мырза білім мен білікті, ата мен ана көрсете білген тәлім мен тәрбиені бойына жинақтаған, бүгінде өзі де бес баланың әкесі.
Қорыта келе, «қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», - деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, ел ішінде тағдырдың талқысына түсіп, өмір иірімдеріне көндігіп жоқтан бар жасап отырған көмекке зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске ат салысып, әрбір адамның азаматтық парызын жіті түсініп отырған Көңілбай
Шүкенов мырзаға айтар алғысымыз жетерлік. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екендігін түрлі бағдарламалар мен жобалар арқылы жіті түсіндіріп, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басатындығын мойындауымыз керек.
Сөз соңында, Көңілбай Қалдыбекұлының «Қазағым, тентіретпеймін сені! Арманым саған үй салу», «Әр қазақ үйлі-күйлі болуға лайықты», деген сөзімен тәмамдап, Сіз алар асулар мен бел-белестер әлі алда демекпіз! Бастаған әрбір ісініңізге табыс, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз!