Айтбайұлы Бәтеш

Рейтинг:

Антына адал дәрігер

      Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем шығар, сірә да?! Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Жалпы медицина саласы жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың бірі. Сондықтан, кез кел­ген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екенін мойындайды. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті, дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Бүкіл саналы ғұмырын жүрегі қалаған мамандыққа арнап, бойындағы жігері мен қайратын, білімі мен біліктілігін бір салаға жұмсайтын адамдар болады. Мұндай адамдарға халықтың да құрметі ерекше. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында бәсекелестік көп. Мемлекеттік емханалар, ауруханалармен бірге мемлекеттік емес медициналық орталықтар да медицина саласына айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді. Сапа жағына келгенде де, науқастарды емдеуде де аталмыш орталықтардың көш бастап келе жатқаны жасырын емес. Ақылы негізде қызмет жасағанымен халық көңілінен шығып жүрген орталықтар да жетерлік. Науқастың дертін дәл анықтап, шипа табуына үлкен ықпал жасап жүрген, заманауи медициналық орталықтарында ем алушылар өз уақыттарын тиімді пайдаланып жүр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы сондай медициналық орталықтардың бірі «Нұр-Сымбатта» өз қызметімен көптің көңілінен шығып жүрген бірден - бір орталық. Бұл орталықтың бас дәрігері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» медалімен, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен «Қайырымдылығы үшін «Сауап» медалімен, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Ауғанстан ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің шешімімен Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы ерекше еңбгі үшін «Кеңес Одағының Батыры», генерал «Сабыр Рақымов» медалімен, Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталған жоғары санатты дәрігер-уролог Бәтеш Айтбайұлы. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға ем-шаралар көрсетуден бөлек,  орталықтың өзге де күйкі тірлігіне қарамастан кейіпкеріміз әрқашан жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. «Гиппократ» антын қабылдап, сабырлылық пен салмақтылықты серік еткен азамат, бүгінде көптің сұранысына ие дәрігер.
      Бәтеш Айтбайұлы 1961 жылы 03 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 1978-1980 жылдары «Шымкент асбестцемент құрылыс» зауытында жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 1980 -1982 жылдары Ульянск қаласындағы Кеңес әскері қатарында қызмет етті. 1983 -1994 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1994-1995 жылдары облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер, 1995 -1997 жылдары №5 Шымкент қалалық емханасында дәрігер -хирург, 1997-2001 жылдары №5 Шымкент қалалық емханасында өзін-өзі басқару бөлімінің бастығы қызметін абыроймен атқарды. 2001-2008 жылдары жеке медициналық орталықтың бас дәрігері болса, 2008 жылдан 2013 жылға дейін №1 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері қызметінде болды. 2013-2014 жылы Шымкент қаласының жедел жәрдем бас дәрігері, 2014 жылдан осы уақытқа дейін «Сымбат-Нұр» медициналық орталығының бас дәрігері қызметін атқарып келеді.
      Адам тағдыры тапсырылған аса жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін дәрігер қызметі жеңіл еместігін біреу білсе, біреу білмейді. Кез келген науқастың көңіл күйіне, ем алуына аса ұқыптылықпен қарау да ақ халатты абзал жандарға тән қасиет. Мыңдаған науқастарды кеселінен айықтыруға өзіндік үлес қосып келе жатқан алтын жүректі дәрігер алдына көмек сұрап барғандардың бетін қайтарып көрген емес. Өзінің қоғамға қызмет етуде ең әуелі қарапайым адамгершілік ұстанымдарын жоғары қоятындығынан ақ халатты дәрігердің  қандай қызметкер екенін байқауға болады.
      Өзінің көп жылғы еңбегінің нәтижесінде де жемісін беріп келеді. Білімді дәрігер әр кездері өзінің біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. 2008 жылы «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Денсаулық сақтауды басқару мен экономиканың таңдалған мәселелері», 2010 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансері «Туберкулезге қарсы бағдарламаны бақылау және бағалау курсын аяқтау туралы», 2011 жылы «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды басқарудың заманауи тәсілдері» қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Ана мен баланың өмірін сақтайтын қолдар. Емдеудің тиімді әдістері және көрсетілген көмектің жүйелі көрінісі», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, «Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару» кафедрасының қоғамдық денсаулық сақтау орны, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» аясында білімін жетілдірген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығы «Әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік тексерулердің тиімділігін арттыру», республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы «Медициналық тәжірибеде клиникалық нұсқаулықтарды енгізу және бақылау», 2013 жылы «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи тәсілдері, денсаулық сақтауды басқару» бойынша біліктілігін арттырды. Дәрігерге 2014 жылы «Медицина ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді. 2015 жылы Урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялық технологиялары, 2018 жылы «Жоғары санат» өңірлік біліктілікті арттыру орталығында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» циклі бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.
      Аталмыш медициналық орталық өз жұмысын 2012 жылы бастады. Қазіргі уақытта орталық мыңдаған халықты тіркеп, емдеу жұмыстарымен айналысуда. Онда тіркелгендер барлық қызметті тегін алады. Бәтеш Айтбайұлы мемлекеттік №1 қалалық емханасында 5 жыл бас дәрігер болып қызмет еткен. Сол уақыттарда ондағы қызметтердің, мәселен, УЗИ-ге түсу үшін 1 ай кезекте тұратын болса, тіпті кейде 2-3 ай сарыла күтіп қалатын болса, бүгінгі заманауи медицина орталығындағы қызмет барынша жылдам әрі сапалы екенін қуана айтады. Орталықтың күндізгі стационарында науқастар өте сапалы дәрі-дәрмекпен ем қабылдайды. Жақсы қызмет көрсетілгендіктен бұл орталыққа келушілер саны да жылдан жылға көбеюде. Мұндағы дәрігерлердің барлығы жоғары санатты, еңбек өтілі 20-30 жылдан жоғары аса тәжірибелі мамандар. Сондықтан да бұл орталыққа халық өз қалауларымен келіп тіркеледі. Мұндағы құрылғылар, зертханалар қымбат тұрады. Арнайы көлік те қарастырылған. Сол арқылы үйге барып ем жасауға да жағдай жасалған.      - «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,- дегендей білікті дәрігерге уақытында қаралып, емделу керек. Уақытында скринингтен өту керек. Денсаулығына бей-жай қарамайтын адам ұзақ өмір сүреді. Дәрігер ең бірінші кезекте алдына келген науқастың көңілін таба білуі керек. Дертіне шипа іздеп келген адам көңілшек болады. «Жақсы сөз жарым ырыс»,- деген емес пе дана халқымыз. Сөздің құдіреті күшті. Кей уақыттарда жанын шүберекке түйіп келген науқастарды жылы сөзбен емдеп, көңілдерін жайлаймыз. Сондықтан да қайсыбір дәрігердің психолог болуы да заңдылық. Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек», - деген ұлы дәрігер Гиппократ. Адам тәнінің сұлулығы саулығында емес пе?! Дәрігердің жұмысы науқастың жанын қинаған азапты жеңуден тұрады. Яғни, алдында қандай қиын іс күтіп тұрса да, бәріне бірдей төтеп беруге дайын болуы дәрігердің қайсарлылығы мен күрескерлігінің айнасы. Жақсы дәрігердің қандай науқаспен болмасын ортақ тіл табысып, оның сеніміне кіріп, дертінен қысқа мерзімде сауығып кетуіне жәрдемдескені құп­тарлық іс. Науқаспен жылы сөйлесу белгіленген емнің шипалы болуына көмегі зор. Қандай дәрігер болмасын осыны естен шығармауы керек, - дейді Бәтеш Айтбайұлы.
      Әлбетте, қаншама адамның жанын сақтап қалған мейірімді жан барлық құрметке ие. Бас ауырып, балтыр сыздап келген мыңдаған адамдардың көңіліне демеу, жанына сүйеніш бола білген дәрігердің бір ауыз жылы сөзі ауырып жатқан адамға дәріден де артық әсер ететіні сөзсіз. Бар қажыр-қайратын, білімін, адал еңбегін, ақ пейілін халық денсаулығын сақтау ісіне арнаған жоғары санатты дәрігер-уролог, адам денсаулығының сақшысы өзінің ақ адал еңбегімен көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүр. Қаншама жанның өміріне арашашы, дертіне дауа табушы маман иесі қандай мақтауға да лайықты-ақ.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние комментарии

27 июня 2022 15:12
Nataly
Хаирова Гульнара Абзаловна стала моим проводником в новую и счастливую жизнь. Это один из тех людей, за которым хочется...
20 июня 2022 16:34
Роза Ерәлі
Кітап өте жақсы шыққан екен, рахмет Сіздерге!...
19 июня 2022 17:36
Тапалова Фереде
Саламатсызба.  Жарқын ағайдың көмегі керек еді. Телефон номері немесе Қызылорда қаласындағы мекен жайы болса....