Шакиров Әнуарбек

Рейтинг:

Сегіз қырлы бір сырлы жан

      Қазақта: «Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді», - деп сөзі мен ісі сəйкес келетін өз намысынан ел намысын жоғары қоятын, адамгершілігі мол, халқына қамқорлық таныта білген адамдарды айтады. Өмір дерегіне көз жүгірте отырсаңыз Әнуарбек Рахымбекұлын сондай жан екеніне риясыз сенесіз. Әнуарбек Рахымбекұлы 1958 жылғы 2 маусымда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында өмірге келген.
      Сол кездегі заман талабына сай өмір жолын, еңбек жолын барлық Кеңес Одағындағы жастардай бастады. Атап айтар болсақ, орта кəсіптік, техник-кенші, марксизм-ленинизм университеті, үгіт насихаттаушы, Жезқазған университеті, тау-кен инженері, Н.Назарбаев пен ДЮК атындағы университетте (АҚШ, Солтүстік Королина штаты) 6 айлық курста оқып, білімін жетілдірген. Қарағанды облысы бүкіл əлемге «Қара алтын» деп аталатын көмір өндірумен аты шыққандығы баршамызға мәлім. Сол тұста мектеп бітірген əрбір жас көмір кенішінде еңбек жолын бастаса, енді бірі мал шаруашылығымен айналысқанды жөн көретін. Қазірде төрт түлігін түлетіп, одан алынатын өнімдерін пайдаланып еңбек етіп жүрген жандар қаншама. Қысы қытымыр, қарлы бораны дүлей, жазы қысқа бұл өңірде төрт түлік өсірудің өз ерекшелігі, өз қиыншылығы да жетерлік. Бірақ, соған қарамастан бұл өңір сапырған сары қымызымен, құрт майымен өз республикамызға келген қонақтардың есінде жақсы сақталған.
      Əр салада еңбек етіп, өзін жақсы жақтарынан көрсете білген Əнуарбек Рахымбекұлы 1991 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында қой шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығын құрды. Қазақ халқы қашанда қой малына ерекше көңіл бөлген. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір»,- деген мақал тегін айтылмаған. Жүні, еті, сүті, терісі, тіпті мүйізі мен тұяқтарына дейін ата - бабамыз дұрыс өңдеп, пайдалана білген. Бұл қой шаруашылығы табиғи ерекшелігіне байланысты биязы жүнді, етті, тұқымды қойларды өсіріп баптаумен айналысады. Әнуарбек Рахымбекұлы 20 адамға жұмыс тауып беріп, кәсібін дөңгелентіп отырған кәсіпкер. Өйткені, ол еңбек жолы, адал еңбек ету дегенді өз басынан өткерген. Орта мектепті тəмамдаған соң əскер қатарында болып азаматтық борышын атқарып келеді. 1975 жылы əскерден оралысымен «Прибалхашстрой» тресінде ағаш ұстасы, станокшы болып еңбек жолын бастады. 1981-1992 жылдарда БГМК-да жер асты үңгушісі, жарғыш, бұрғылау-жару тобының жетекшісі болып еңбек етті. Осы жылдардың арасында 1988 жылы облыстық «Қазақ тілі» конференциясына делегат болып қатысты. 1994 жылы Балқаш қаласының мəслихатына аға кеңесші болып тағайындалды. 2000-2010 жылдары Қазақстандық «Үркер косметик» сауда компаниясында сауда өкілі болып еңбек етті. 2010 жылдан бастап халықаралық «Ақ-асар» қайырымдылық қорының директоры, Меценат, «Арай» балалар мен жасөспірімдер үйіне көмек көрсетіп, Санкт-Петербургте мүгедек балаларды емдеуге қаржылай көмек көрсетуді қолға алды.
      «Жігітке жеті өнерде аз»,- демекші Әнуарбек ағамыз екі сериялы «Арқа жері» фильмі мен «Жидебай батыр» кітабын жарыққа шығарды. Кейіпкеріміз халықаралық кəсіпкерлер одағының мүшесі, Қарағанды облысы өлкетану одағының мүшесі, халықаралық құқық қорғаушылар одағының мүшесі, «Жидебай батыр» қоғамдық қорының президенті, 2012-2016 жылдары арасында «Балқаш» Білім тарату орталығында ауыл шаруашылығы қызметкерлерін инновациялық тəлімгерлікке үйретуге атсалысып, ел ықыласына бөленіп жүрген апталдай азаматымыздың әлі де алар асуы алда деп білеміз. Одан арғы еңбек жолында Әнуарбек ағамыз 2012-2014 жылдары «Қазақстан Аграрлары» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық басқармасының орынбасары болып еңбек етіп, 2017 жылы Қарағанды облысы бойынша кəсіпкер медиаторлар арасында «қылмыстық құқықтық» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Бұнымен қатар ҚР АӨК-нің региондық менеджері, Торанғы АӨК басқарма төрағасы, ҚБ «Қамқор» басқарма төрағасы, мүгедектер мен фермерлердің құқықтарын қорғауды шешуде: 500-ге тарта даулы мәселелер бітімгершілікпен (медиация), 43 қылмыстық іс оң шешімін тапты. 300-ден аса әр түрлі дау-дамайға мүгедектер мен ауыл шаруашылығы саласындағы, әлеуметтік аз қорғалған жандарға тегін құқықтық кеңес берген.
      Кейіпкеріміз 2019 жылы ҚР Президенттік сайлауында президенттікке үміткер Т.Рахимбековтың Балқаш және Приозерск қалаларында сенімді өкілі болып та танылды.
      Қарағанды облыстық «Ауыл» партиясы конференциясының делегаты атанып, «Ауыл» партиясының 16-съезінде Қарағанды облысының атынан делегат бола білді.
      Білім мен білікті қатар ұстанатын ел ағасы өз кезегінде Алматы қаласында өткен «Инвестиции на международных финансовых рынках» атты 10 күндік курстан білімін шыңдап, филиалдың директоры Бидамбекова Меруерттен арнайы «Сертификатты» өз қолынан алды. Атқарған әрбір ісі үшін «Арай» жасөспірімдер үйінің директоры П.Қожамбаеваның арнайы «Алғыс Хатымен», «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігі халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, еліміздің өркендеу жолында ерен еңбек еткені үшін Ануарбек мырза «Бейбітшілік әлемі» алтын медалімен марапатталды. Ерен еңбектері мен атқарған қоғамдық жұмыстары еленіп «Ұлт мақтанышы», «Абылай ханға 300 жыл», Ел ардақтысы «Алтын медальдарымен» марапатталды.
      «Теңіз тамшыдан құралады», - дегендей еліміздің əрбір азаматының осындай істері бүкіл елімізге пайдасын тигізері анық. Қазіргі таңда өз ісінің маманы, тіптен майталманы ел азаматы Әнуарбек мырза мемлекеттік қызметтерінен бөлек ұйыған бір отбасының отағасы. Жұбайы Серікқызы Рысжан екеуі үш бала тәрбиелеп, олардан он немере бағып отырған ардақты ата-әже. Адам жан-жақты болғанда ғана өмірге деген көзқарасы, таным-тағылымы өзгеше болмақ. Бүгінгі Әнуарбек ағамызда қанша істің арасында жүрсе де, өзі ұнатқан әуес істерімен де шұғылданғанды жөн көреді. Айта өтсек, ер азаматқа тән аңшылық, қазақтың қара сөзі проза, поэзия, қыл қалам шебері болмаса да жақсы фотограф, тіптен меломан. Бір бойында 60-қа тарта (құжат бойынша) мамандық иесі. Міне, қазіргі «уақытым жоқ» деген жастарға нағыз үлгі боларлық азаматтымыздың жарқын бейнесі осы демекпіз.
      Әнуарбек мырзаға алдағы уақытта шығармашылық табыс, еңбек жолында талмас қанат, отбасына береке-бірлік тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 января 2025 19:21
Баян
Роза - удивительная, позитивная, обоятельная женщина! По жизни ставит цель и смело идет к ней! Очень много мечтала...
18 января 2025 18:19
Жанболат
Анам туралы жазбаларыңа көп рахмет!!!...
16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...