Еңбек ер атандырады
«Әлемнің әміршісі - еңбек»,- дейді дана халқымыз. «Терлеп еңбек етпегеннің тілегеніне жеткенін көргенім жоқ», - деген екен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Асылында, ер – егіз, ал еңбексіз – жалғыз. Шын мәнінде, адал еңбекке бет бұрып, соны қазіргі нарықтық заманға сай кәсіпкерлікпен ұштастырып отырған азаматтар арамызда аз емес. Жалпы кәсіпкерлік саласы – өмірдің өзегі, тәуелсіз еліміздің дамуына, халық тұрмысының да жақсаруына елеулі әсер етеді. Еңбектің көзін тапқан адам байлықтың көзін табатыны сөзсіз. Қазақта: «Ерден ердің несі артық, еңбегі мен ісі артық», - дейді. Осындай адал еңбегімен құрметке бөленіп жүрген Жұмаділов Бекмұрат қазақ елінің өркендеуіне үлес қосып, әр салада басшылық қызмет атқарып, іскерлігімен танылған, елге танымал сыйлы ағаның өмір жолы үлгі, ісінің артықтығы да анық. Бекмұрат Смағұлұлы 1967 жылы Алматы облысы, Iле ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген.
![]()
Отбасында әкесі Смағұл мен анасы Құрманхан төрт перзент тәрбиелеп өсірген. Кішкентайынан бала Бекмұрат ата-анасынан еңбекқорлықты, өмірде табысты болуға қажетті қасиеттерді санасына сіңіре білді. Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар демекші, Бекмұрат әскери борышын өтеп, әскер қатарынан келген соң Алматы құрылыс техникумында «газ инженері» және Алматы технологиялық университетінде «қоғамдық тамақтану технологы» дипломдарын алып шығады. Қандай мамандық маңдайға жазылса да, соның ырыздығы мен қызығын көру – үлкен бақыт. Осылайша еңбек жолын алдымен 1989 жылы тамақ өнеркәсібінің байырғы кәсіпорны ет комбинатында қарапайым жұмысшыдан бастап әрі комбинаттың жергілікті одақ ұйымын басқарып, өзінің талапты жас екенін көрсетеді. Сөйтіп екі жыл арасында мол тәжірибе жинақтаған білікті азамат бизнес саласына бет бұрып, 1991 жылы алғашқы бизнесі ЧП «Насып» шұжық шығаратын цех ашады. Бизнесті бастау оңай, бизнесмен болу қиын. Алайда алға қойған мақсатына қол жеткізу үшін қажырлы еңбек, төзімділік керек екенін түсінген Бекмұрат ең бастысы өзіне сенімді болды. Сенімділік күшті болса адам кез келген істің үдесінен шыға біледі деп ойлаймын. Осы орайда кәсібін кеңейту мақсатында 1997 жылы «Iле» совхозы директорының коммерция жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып, ары қарай 1998 жылы Алматы Стандартизация және Метрология орталығында мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарады. Сөйтіп, 2000 жылы «Қазына» ЖШС-де атқарушы директор болып, 2002 жылы «Tiens Казахстан» корпорациясымен жеке кәсіпкер Жұмаділов Б.С. арасында әріптестік келісім шарт негізінде бизнес ашады.
![]()
Қолға алған ісін алға қарай дамытып, кәсібін нәсіп етіп отырған азаматтың негізгі ұстанымы «Адамзатқа денсаулық сыйлап, қоғамға қызмет жасау». Жүрегі жомарт жан көмекке зәру жандарға қолынан келген көмегін аямай жыл сайын көпбалалы отбасыларға азық-түлік беріп, қайырымдылық жасап, қамқорлық танытып жүргенін біреу білсе біреулер біле бермейді. «Жамандар жақсымын деп айқайлайды, жақсылар жақсымын деп айта алмайды» дегендей, қайырымдылықты барша жұртқа жария етпей, ақ көңіл, адал ниетпен ұсынғанның өзі жүрекке жылу сыйлайды емес пе? Сонымен бірге «Аспан Арыстаны» қайырымдылық қорының құрылтайшысы болып, Өскемен, Нұр-Сұлтан қалаларында балаларға арналған реабилитациялык орталық салуға қатысқан. 19 жыл ішінде 21000-нан астам тұрақты тұтынушы, клиенттік базасы Қазақ жұртына денсаулыққа арналған сапалы өнім ұсынуда. «Еңбек адамы қашан да бақытқа бөлейді», - деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Күш-жігерін, тәжірибесін қай салада да аямаған Бекмұрат Смағұлұлы 2010-2016 аралықтағы жылдары «ТОО Tiens Казахстан» тарабынан «үздік әріптестік үшін» құнды автокөлік сыйлығын жеңіп алады.
2020 жылы Нью-Йорктың Тайм Сквер алаңындағы әлемге әйгiлi «NASDAG» экранында тәулік бойы Бекмұрат ағамыздың тегі есімімен бірге фотосуреті «Халықаралық лектор» ретінде жарнамаланған. Бекмұрат ағамыз даналықтың, даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, өзі мұрат еткен ісін абыроймен атқара білді. Әлбетте, адамның еңбек жолында жетістікке жетуі бар да, сонымен қатар отбасылық өмірі бар. Отбасы да басқаларға үлгі, өнеге тұтарлық. Жетпістен асқан анасы бар. Құдай қосқан қосағы Джахина Жанна
стомотолог-дәрігер. Қазірде Бекмұрат Камила, Омар, Кенже есімді тәрбиелі ұл-қыз өсіріп отырған өнегелі әке. Жалпы, бизнес, қаржы кез келген адамға қажет. Іскерлік әлемге бойлай білу өміріңізді, ұстанымыңыз бен бағытыңызды, тіпті мансабыңызды да өзгертуі мүмкін. Бекмұрат ағамызда бизнес саласына бет бұрып, біраз жетістіктерге жетті.
![]()
Талмай ізденген, білімін шыңдаған азамат бизнесті табысты жүргізуде бірнеше қарапайым құпияларын бизнесмен боламын деген жастарға тізбектеп берді:
1. Үнемі ізденіп, өз шеберлігінді арттыру керек. Сол мақсатта, көптеген атақты бизнес тренерлерден дәріс алып тұрамын. Атап айтсақ: Энтони Роббинс ( Лондон, Сингапур қалаларында), Лиса Крео (Анталья қаласында), Джон Кехо (Алматы қаласында).
2. Көп кітап оқу. Омар Хаям, Нитше, Абай, Брайан Трейси, Роберт Киосаки және тағы басқалардың кітаптары арқылы олармен кеңесіп отырамын. Ол даналар үнемі менің қасымда, менің үйімде.
3. Денсаулықты күту. Дені саудың - жаны сау. Тренажер залына барып, спортпен шұғылдану. Салауатты өмір сүру.
4. Өз өмірінді өз қолына алу. Ешкімге (мемлекетке, әкімге, ата-анаңа) жауапкершілікті аударма. Бәрі өзіне байланысты.
5. Бизнесте табысты болу тек қана еңбектен тұрмайды. Байлық деген Алланың беретін несібесі. Ал ол үшін адамдарға мейлінше көмектесу. Қол ұшын созу. Адал болу. Қандай қиындық болмасын, мойымай, позитивті көңіл күйді ұстану.
Осы жоғарыдағы айтқан қарапайым құпияларды ұстанғанның арқасында, білікті азамат табысты кәсіпкер атанып, еліміздің әлеуметтік өміріне ат салысып, тұрақты түрде мемлекет бюджетіне салық төлеп келеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кәсіптің ең жақсысы не?» деген сұраққа: Ол кісінің өз қолымен еңбек етуі және барлық ізгі сауда»,- деп жауап берген екен. Демек, ақша табу оңай емес. «Өзіңе сен, өз күшің алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап», - деп Абай атамыз айтқандай, ізденбей, әрекет етпей, білім алмай ауыздың аққа жари қоюы екіталай. Әрекет болмай, берекет жоқ. Тірлігін жасап, адал еңбек етіп отырған қарапайым ағамыздың кәсібі – маңдай тер мен адал еңбектің үлгісі деп білеміз.