Абырой биігіндегі ару
Мамандық таңдау – әрбір адам үшін ең маңызды кезеңдердің бірі. Себебі, кез-келгеніміздің өмір жолымыз таңдаған мамандығымызға тікелей байланысты. Шын жүрегіңмен қалаған мамандығың бойынша оқып, сол салада еңбек ету, жаныңның рахаты. Биік белестерді
![]()
бағындыру оңайлықпен келмесі анық. Кезінде ақындар «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп әнге қосқаны баршаға белгілі. Бұдан бөлек қазақ қыздарына қайсарлық, өжеттілік қасиеттері тән екені даусыз. Олар қашанда ақылдылығы, даналығымен өзгелерден дара болған. Осылай қолға алған ісін жүйелі жүргізіп, абыройлы қызмет етіп жүрген қазақ қыздарын көргенде бір марқайып қаласың. Қазақ қызы қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Қазір де еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар баршылық. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі. Біздің кейіпкеріміз Мөлдір Әшімханқызы да өз ісінің нағыз маманы, бойындағы табандылықпен қызмет етіп жүрген ару.
Ақылбекова Мөлдір 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімге жаны құштар жан 2004 жылы «Тұран» колледжіне оқуға түсіп, 2007 жылы «Дарын» колледжінің соңғы курсын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіреді. Орта кәсіптік білім туралы үздік бітіргеннен кейін жүрек қалауымен Халықаралық гуманитарлық техникалық университетіне түседі. Сөйтіп, 2010 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 2007 жылдан 2013 жылға дейін практик заңгер өтілі бар Мөлдір, осы салада 8 жыл қызмет ете жүріп көп тәжірибе жинақтайды. «Адамзат – қанша биік болғанымен заң астында, Алатау – қанша биік болғанымен ай астында», – деп халық даналығында айтылғандай, заң барлық адамдарға ортақ қасиетті ар таразысы екенін түсініп, азаматтардың шынайы теңдігі тек осы жерде ғана анық көрініс табатынын ұғынады. Қазіргі таңда, Мөлдір Әшімханқызы Жұмысқа деген адалдық, тынымсыз еңбек пен тыңғылықты қасиеті арқасында бүгінде «Aidyn Nury» Қайырымдылық қорының президенті және учередителі болып қызмет етуде. Елімізде қазір қайырымдылық қорлары көп. Көп болғаны жақсы. Балаларға, қарттарға, үйсіз-күйсіздерге қаражат жинап, жанын салып жүретіндер бар. Сондай қайырымдылық қорларының бірі «AidynNury».
![]()
Жалпы, Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдіретін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Жүрегі мейірімге толы Мөлдір қашанда жақсылық жасаудан еш аянбай келеді. Сонымен бірге, Мөлдір Әшімханқызының еңбек жолында жеткен жетістіктері де аз емес. Тынымсыз еңбек қашанда өз бағасын алатыны осы болар. Мөлдір Жайылма ауылдық округ әкімінің «Алғыс хатымен», Райымбек ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», «Aidyn Nury» қайырымдылық қоры Төрайымының «Алғыс хатымен», Шалқар қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», Куәлік Grean.kz заң консультанттар палатасының «Алғыс хатымен», Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», «Бұқар Жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК «Алғыс хатымен», Павлодар облысы ауруханасының ШЖҚ КМК «Алғыс хатымен», ОАА КМК Қарағанды ауданының ауруханасының «Алғыс хатымен», Бірінші Май ауылдық округі әкімінің «Алғыс хатымен», Жаңароған ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», Жаңарық ауылдық округі әкімінің «Алғыс хатымен», Шалқар қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», Сунақ ауылдық округі әкімінің сертификатымен марапатталса, «Союз психологов Казахстана» ОИПиЮЛ Одағының мүшесі болғандығы жөнінде Сертификат алса, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып тағындалды.
Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік және таза
![]()
ой. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды Мөлдір Әшімханқызы өз жүрегінде қалыптастыра білді. Адам баласының бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рақымдылық, адалдық, жомарттық, қонақжайлылық, бауырмалдық, намысқойлық тәрізді ізгі қасиеттерді жүрек ісі деп түйген Абай, жүректі негізгі орынға қою арқылы жүректен шыққан осындай адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя білді. Абайдың он төртінші қара сөзінде: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі» деген күрделі философиялық ұғымы бар. Яғни, мейірбандылық, тілдің жүрекке көнуі, жаманшылыққа ермеуі – жүректің ісі. Қандай жағдай болмасын жүрегі мен ақылын қоса тыңдай алған адамның іс-әрекеті, сөзі мен ойы сүйіспеншілікке толы болады. Абай атамыз айтқандай, жүректі кісі болуға, мейірімді болуға асығайық! Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек мейірімді жүрек иесінің ғана қолынан келеді. Мөлдір Әшімханқызы да сондай абырой биігіндегі жандардың бірі. Қайырымдылық бағытта қарымды жұмыстар атқарып жүрген ақ жүректі Мөлдір ханымға алдағы уақытта көпке үлгі ісіне сәттілік тілей отыра, жасаған қайырымды істеріне алғыс білдіреміз.