Қайырымы мол кәсіпкер Cөздің қаймағын қалқып алған қазақта: ер дәулеті еңбекте деген сөз бар. Міне, осы бір тереңінде тағылым мен тәлім менмұндалап
![]()
жатқан сөз аңғартып өткендей, қай дәуірде де кәсіп еткеннің несібесі мол, шаңырағына береке орнаған. Кәсіп туралы айтсақ, көз алдымызға аттың жалында, түйенің құмында жүрген аталарымыздың көшпенді мал шаруашылығы елестесе, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, егеменді еліміздің кәсібінің түрлері көбейе түсті. Ер-тоқым жасап, арқан өрген қол, заман талабына сай келетін мамандықтарды да игеріп алып кететін, еліміздің түкпір-түкпіріндегі, азаматтық ары аласармайтын, сенім мен жауапкершілік жүгін көтере білетін тұлғалар нарық сахнасына шықты. Жаңа ғасырдың бізге берген сыйы да осы, тәуелсіздік пен қазақ елі ретінде өз экономикасын көтеріп, мәңгілік ел болуға ұмтылып, азаматтардың жүрегіне сенім ұялатуы еді.
Кәсіпкерлігі дамыған елдің экономикасы да ілгері жылжып, халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылай бермек. Міне, осындай, өзінің кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, «Қазақстан» деп аталатын алып ғимараттың берік қаланған бір кірпішіндей болып, салық төлеу, кәсіпкерлікті жүргізу арқылы экономиканың дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан азаматтарымыздың бірі – Чаймарданов Ғани Чаймарданұлы.
Адамның он екі мүшесінің өзіндік атқаратын қызметі бар секілді, кәсіпкерліктің де ел дамуындағы үлесі айтарлықтай. Осы кәсіпкерліктің қоғамдық тамақтану, мейрамхана кәсібін дөңгелетіп келе жатқан
![]()
табысты кәсіпкер Ғани Чаймарданұлы 1975 жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Аршаты ауылында дүниеге келді. Шыңдары көкке шаншыла түсіп, қысындағы қалың жауған қары көктемін түкті кілемдей түрлендіре түскен таулы өңір, табиғаттың ерекше болмыстарынан құрылған сұлу өлкеде балалығын өткізген ол ертеңгі күнге нұрлы жол болар білім ордасының табалдырығын Аршаты ауылында аттады.
Ауыл баласының алғыр да елгезек, еңбексүйгіш болатыны бар емес пе, талай тектілердің табаны тиген қасиетті топырақта аунап өскен Ғани жастайынан зерек, айтқан сөзді өз ойында зерделей білетін зейінді, ширақ қимылды болып өсіп, мектеп қабырғасында да өзінің тілалғыштығымен, тапсырылған істі соңына дейін жеткізе білетін тиянақтылығымен ұстаздарының көзіне түсіп, сыныптастары ортасында белсенді болды. Әрдайым жақсы істерді бастауға, қолдауға дайын тұратын, сыныпішілік, мектепішілік өткізілген білім сайыстары мен сынып намысы сынға түскен спорттық-мәдени шаралардың бел ортасында жүрді. Досқа адал, қолындағы барын жолдасымен бөлісетін, үлкенді құрметтей білетін оқушы Ғанидың алдына қойған мақсаттарының бірі медицина саласында қызмет ету болатын.
Медицина – үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты, мейірбандылық пен табандылықты талап ететін күрделі сала. Бірақ, таңдаған ісінің дұрыстығына көзі жетсе барын салып, соған жету жолында аянбай, өзін-өзі қамшылайтын жас түлек мектепті бітірген соң, 1992 жылы Семей медициналық университетіне оқуға түсті. Теңіз үстінде көтерілген дауылдай, өмірдің де дайын тұратын сынақтары бар емес пе, кейіпкеріміздің мектеп бітірген жылдары, Қазақ елінің Тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келді. Азаттықтың ақ таңы атты деп, егемендік алып, конституциямызды бекіту және өз теңгемізді шығару жолында жұмыстар жүргізіліп жатқанда, тұлпардан қалған тұяқтай болған экономиканың хәлі анау айтқандай мәз емес еді. Іргесі мызғымас деген алып зауыттар мен фабрикалардың станоктары қосусыз қалып, өнер мен мәдениеттің нұрлы шуағын тоқыраудың бұлты көлегейлеп, алты айлап жалақы алмаса да өзінің Отан алдындағы борышын өтеп келе жатқан дәрігерлер мен білім саласының да хәлі шықпа жаным шықпамен отыр еді.
Осы бір жалған мен ақиқат, кәсіпкерлік пен тоқырау итжығыс түсіп жатқан кезеңде, қалай да таңдалған мамандығын меңгеріп шығуды алдына мақсат етіп қойған Ғани Чаймарданұлы Семей Медициналық университетін «Стоматология», 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан университетін «Заңгер» мамандығы бойынша және 1996 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқып, білім алды. Қандай ортаға барса да еркін араласып кете
![]()
беретін ашық мінезді, қолы тиген істі жандандырып жіберетін іскер, істің бабын таба білетін ой ұшқырлығының арқасында тоқырау жылдары да, одан кейінгі кәсіпкерліктің көкдөнені жолға түскен екі мыңыншы жылдарда да еңбек ете білді. Білмеймін демеді, өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізу жолында тынымсыз еңбектеніп, әділдік пен адалдықты серік етіп, біраз тәжірибе жинады. Осылайша, өзінің іскерлігі және табандылығының арқасында 2008 жылы шырайлы Шымкент қаласынан «Мұзтау» деп аталатын мейрамханасын ашты.
Кәнігі тіс қаққан Шымкент шаһарының көргені мен жинаған тәжірибесі мол кәсіпкерлерімен иық тіресе жұмыс жасап, осындай ауқымды жобаны қолға алуы барысында айтарлықтай кедергілерге де тап болады. Жолында кездескен әрбір қиындықта бұл іске саналы түрде келгендіктен, оны жеңіл өткереді. Қасына мықты команда жинап, білген-түйгендерімен бөлісіп, заман талабына сай жан-жақты болуға үйретеді. Қалауын тапса қар да жанады, табандылық пен төзімділік танытып, көлденең түскен кедергілерді сабырлықпен жеңе отырып Ғани Чаймарданұлының ісі осылайша алға жүрді. Барлығын жан-жақты ойластыратын ол мейрамхананы жайдан-жай «Мұзтау» атауымен ашқан жоқ. Мұхит пен теңіздерде жүзіп жүретін, қайырлап шөккен аса ірі мұз кесегі «Мұзтау» деп аталады. Бірақ, бұл қойнауы аңыз бен тарихқа толы, тіпті жазушылар қаламына арқау еткен Алтайдағы Мұзтауға қатысты айтылған. Ұлылықты, биіктікті, даралық пен даналықты білдіретін атауы өзгеше бұл сөздің өзі де мейрамханаға келушілерді еріксіз шақырып, анадай жерден «Мұзтауға келіп, жаныңа жайлылық тап» деп менмұндалап тұрғандай әсер қалдырады. Бір белесті бағындырған адам «болдым,
![]()
толдым» демейді. Керісінше, өзін одан бір биік асуға шығуға итермелейді. Ғани Чаймарданұлы алғаш ашқан кәсібі «Мұзтау» мейрамханасы халық игілігіне жұмыс істеп, өз жемісін берген соң, келесі бір жаңа кәсіпті қолға алады.
Кәсіпкерлікте бір ізбен ғана жүру деген қатып қалған қағида жоқ, икеміне қарай қам жасап, қолынан келгендер қозғау салатын, еңбек ету арқылы, кәсіптің көзін табу жолымен барын еселеп, берекені молайтатын сала. Әр қадамын ойластырып «Құзғын жемін басып жейді, Қыран шашып жейді» дегендей, бастаған ісі өзіне ғана емес жанындағы қызметкерлерге, халыққа пайда әкелетіндей болғанда ғана алға жүреді. Міне, осындай қарадан туса да халықтың қамын ойлайтын Ғани Чаймарданұлы игі істердің бастамашысы болып, кәсіп арбасын өзі ғана емес жанындағы сенімді серіктері және адал еңбек ететін қызметкерлерімен бірге сүйреген. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Балапан» бағдарламасы аясында еліміздің үш өңірінен яғни, Алматы, Шымкент қалаларынан 500 балаға арналған «НұрАрай», «Сұңқар», «Алтын балапан» сынды заман талаптарына сай технологиялармен жабдықталып, білікті мамандармен қамтылған ең үздік бөбекжай балабақшаларын ашады. «Бала – елдің болашағы» деп ұрпақ тәрбиесіндегі балабақша рөлінің маңызын біліп, сапалы болу жолында еңбек етіп жүрген Ғани Чаймарданұлы 2021 жылы Өскемен қаласында 11-ші балабақшасын ашты. Қазіргі таңда ел игілігі үшін, бүлдіршіндер үшін қарқынды жұмыс жасауда. 2018 жылы Приморск ауылында жыл бойы үздіксіз жұмыс жасайтын облыстық демалыс тынығу лагерін ашты. «Туған жерге туың тік!» демекші Ғани Чаймарданұлының елі үшін атқарып жатқан ісі мұнымен бітпейді. Бір жыл бойы маңдай тер, табанды еңбектің арқасында жұмыс жасаған ауқымды жобасы өз нәтижесіне жетпек. Ол бұйыртса, мамыр айына қарсы бұғы сорпасына түсетін «Мұз тау» атты эко отелін Қатоңқарағай ауданы, Өрел ауылдық округі жанында ашуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның басты мақсаты – Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту, еміне шипа беру. Мұнда келушілер қатарында тек Отандастарымызды ғана емес, алыс-жақын шет елдерден де туристер қабылдайды. Бұл эко отельдің ашылуында ата-бабасынан бері панто маралмен (мараловоз), өзі 60 жыл бойы бұғының мүйіздерімен айналысқан Пантелеев Валентин Фёдорович ақсақалдың тәжірибесін пайдаланып отыр. Мен еліме не беремін деген сөзді өмірлік ұстанымы ретінде ұстанатын Ғани Чаймарданұлының тағы бір алдына қойған жоспары Шығыс Қазақстан облысынан бірнеше демалыс орындарын ашу.
Ел үшін еңбек еткен ердің, еңбегі де еселеніп қайтары анық. Азаматтық арына кір жұқтырмай, айбынында парасаттылық пен ағалы
![]()
қ болмыс тұнып жатқан, әрдайым мұқтаж жандарға көмегі дайын, қайырымдылық іс-шаралардан қалмайтын Ғани Чаймарданұлының мерейін өсіріп, меселін көтеріп марқайтқан марапаттары да аз емес. «Ер еңбегіне бір тойсын» деген марапат атақ үшін емес, риза болған елінің ұлына деген, сенім артар, арқа сүйер азаматына деген ыстық ықыласы, шексіз алғысы, риясыз пейілі. Сондықтан, кейіпкеріміздің марапаттарына көз жүгіртіп көрсек:
✦ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі;
✦ Қатонқарағай ауданының әкімі Қ.Байғонұсовтың «Құрмет Грамотасы»;
✦ Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбаевтың «Құрмет Грамотасы»;
✦ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекесіне орай медалі;
✦ Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рақымовтың ордені;
✦ Қоғамдық наградалар мен атақтар беру жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитеті атынан «Еуразиялық Мемлекеттер Одағының Құрметті Азаматы» Ордені және «Құрмет грамотасы (Мәскеу, 2020 ж.);
✦ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің «Алғыс хаты»;
✦ Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың атынан «Алғыс хаты»;
✦ Өскемен облысында балабақшаның ашылу салтанатымен Даниал Ахметовтың атынан Құттықтау қағазы;
✦ «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетовтың «Құрмет Грамотасы»;
✦ «Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы» сынды мәртебелі марапаттардың иесі. Күн болмаса жер бетінде қараңғылық басатын еді, жаңбыр болмаса жерді қуаңшылық жайлап, Жетіқарақшы болмаса жолаушы жолдан адасатын еді. Міне, жер өз білігінде Ғани Чаймарданұлындай халқына қайырымы мол, азаматтық тұлғасы мен ішкі парасаты қайырымдылық шапанымен көмкерілген ел ағалары барда Қазақ елінің аспаны ашық, экономикасы тек ілгерілей беретіні сөзсіз.
Елмен бірге таң атырып, таңғы асын бөліп ішкен, қызметте талапшылдығы қатаңдау болғанымен, жүрегінде қамқорлық пен мейірімділік уылжып жатқан, ешқашан азаматтық арына кір жұқтырмай, өмірден өз орнын табуға тырысқан Ғани Чаймарданұлының деніне саулық, отбасына амандық, кәсібіне береке тілейміз!