Жауапты қызметтегі нәзік жан
Адамның биік дәрежеге жетуі үшін екі-ақ нәрсе керек екен. Ол дегеніміз – мықты мақсат пен адал еңбек! Адамның өз алдына мақсат
![]()
қоя білуі өте маңызды. Себебі, адам мақсатты қалай қойса, ол соған қарай ұмтыла түсері сөзсіз. Мақсат дегенді биік тауға балау керек. Сол таудың шыңына жеткенше қанша рет жығылып, сүрінсе де, қайта аяққа тұруға сан мәрте талпынуы керек. Сол себепті әрбір адам мақсат қоярда биіктердің биігіне ұмтылуы керек. Әрбір саналы адамзат баласы өзіне биік мақсат қоя білуі және оған сай еңбектене білуі қажет. Мақсат қою оңай болғанымен, оған ұмтылу, жету қиын. Дұрыс мақсаты бар адамның барлық арман-тілегі орындалады. Бастысы адамда адал ниеттің болуында.
Жалпы адамның алдында өзіндік өмірлік ұстанымы болуы керек. Абай атамыз айтпақшы, «Күніне бір рет, жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен-өзің есеп ал». Сонда ғана адам өз-өзін дұрыс бағалай біледі. Адам баласы қанша көп еңбектенсе, мақсатқа сонша тез жетеді. Яғни, «Іздеген адам қашанда табады, еңбектенген адамның маңдай тері бір күні болмаса бір күні әйтеуір ақталады». Кейіпкеріміз Мөлдір Әшімханқызы міне, осындай жан. Ол әрдайым алдына түзу мақсаттар қойып, сол мақсаттарына жету жолында шаршап-шалдығуды білмейтін нағыз еңбекқор жан.
Ақылбекова Мөлдір Әшімханқызы 1988 жылы 22 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ата-анасының мақтанышы Мөлдір бала кезінен талапты, жан-жақты, жаңалыққа елеңдеп тұратын, ақылды да зерек болды. Мектепте белсенді оқушы болған ол, ұйымдастырушылық қабілетімен қатарластары арасында көшбастап жүретін. Білім ордасының қайсыбір қоғамдық іс-шарасынан да қалмайтын. Мектепті ойдағыдай жақсыға аяқтаған Мөлдір Әшімханқызы өзінің алдына биік мақсаттар қоя білді. Өзі қалаған оқу орнына түсіп, жақсы маман атануға ұмтылысы зор болды.
Мөлдір 1995 жылдан бастап Астана қаласының тұрғыны болды. Әсем қалаға келіп, өзінің алдына қойған мақсаттарына қалайда қол жеткізетініне сенімді болды. Сәт сайын жаңарып, өркен жайып келе жатқан Елордамен бірге өзінің де арман-мақсаттары өсе берді.
- «Әлемдік деңгейдегі экономикалық, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен саяси орталық болып табылатын Астана әлем мойындаған қала ғой. Тарихи тұрғыдан қарағанда Вашингтон, Париж, Лондон, Рим сияқты әлемдік астаналармен қатар әлемдік мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қазір ол Орталық Азия мен Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен татулықты шендестірген ғаламдық мәні зор шаһарға айналды. Орталық Азияда саяси-экономикалық тұрақтылықтың сақталуына Қазақстанның бас қаласы айтарлықтай үлес қосып келеді. «Барлық жол Мәскеуге апарады» деуші еді бұрынғылар. Қазір бізде барлық жол астанаға апарады, Нұр-Сұлтаннан тарайды. Дүниежүзілік мәні зор жиындардың көбі осында өтетін болды. Дін өкілдерінің өзі Нұр-Сұлтанға жиналып, Бейбітшілік және келісім сарайынан тіл табысып тарқайды. Еліміздің білімі мен ғылымының дамуына да ұйытқы болып, көш бастауда. Экономиканың барлық салаларына қажетті жоғары білікті мамандар даярлауда «Назарбаев Университетінің» орны бөлек. Батыр бабаларымыз бізге тұлпары шапса
![]()
тұяғы, қыраны ұшса қанаты талатын кең-байтақ даланы мирас етті. Сол қайсар, рухты батырларымыздан мұра болып қалған киелі жердің шынайы егемендігіне, нағыз дербестігіне ХХ ғасырдың аяғында қол жеткізіп, әлем назарында жаңа мемлекет пайда болды. Заманауи дамыған елдердің ірі мегаполистерінің үлгісінде әрі ұлттық, қазақы нақыштар тоғыстырылып салынған ғимараттардың, архитектуралық, дизайндық озық құрылыстардың арқасында Астана көз тоймас көрікке ие болды. Нұр-Сұлтанға аяқ басқан адам бұл қалаға қызықпауы, оны жақсы көрмеуі мүмкін емес. Күн көзінде сан құбылып жарқыраған сәулетті ғимараттар, тынысыңды ашқан кең даңғылдар өзіне еріксіз баурап алады. Айнадай таза көшелер, жасыл желек бульварлар. Ерке Есілдің жағасында, Сарыарқаның кең төсінде қоныс тепкен астанамыз сәулетімен де, келбетімен де төрткүл дүниені мойындатып келеді. Нұр-Сұлтанның тұрғыны болып, өзіңнің арман-мақсатыңа қол жеткізбеу әсте мүмкін емес. Себебі мен осында оқыдым, осында еңбек етіп, осы жердің нанын жедім», - дейді кейіпкеріміз. Мөлдір Әшімханқызы 2004 жылы «Тұран» колледжіне оқуға түсіп, 2007 жылы «Дарын» колледжінің соңғы курсын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Оқу-білімге құштар жас орта кәсіптік білім туралы үздік бітіргеннен кейін, халықаралық гуманитарлық техникалық университетке оқуға түсті. Оны 2010 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2007 жылдан 2013 жылға дейін практик заңгер болып сегіз жыл осы саланың қыры мен сырын ұғынып, мол тәжірибе жинақтады. Аға мамандардың ақыл-кеңестеріне құлақ қойып, саласы бойынша мақтаулы мамандардың бірінен саналды. Қазақы қарапайымдылығынан танбайтын, ашық, жарқын жүзді жас маманды әріптестері де бағалай, сыйлай білді. Ешуақытта «мен жасай білмеймін» деп айтпайтын, жұмысын барынша сүйетін, үнемі саласы жайлы ізденіп, оқып, білімін жетілдіріп жүретін маман, көп ізденіп, көп оқуының арқасында жаңашылдықтарды, жаңалықтарды да назарынан тыс қалдырмайтын. Шыншыл, уәдесіне берік, бірсөзді, шаруасына тиянақты Мөлдір Әшімханқызы білімі мен біліктілігін шыңдап, еңбек майданында ысылды.
Бүгінде білікті де білімді маман Мөлдір Әшімханқызы «AidynNury» қайырымдылық қорының президенті және құр
![]()
ылтайшысы. Аты айтып тұрғандай қордың жұмысы да ауқымды әрі өзекті. Қоғамдағы, күнделікті тіршіліктегі мәселелерді сараптап, қамқорлықты қажет ететін осал топтарды қамқорлығына алып, қолынан келген тиісті көмектерді жалғастырып, ел алғысына бөленіп, қызмет етіп келеді.
Мөлдір Әшімханқызының және ол басқарып әрі құрылтайшысы болып отырған «AidynNury» қайырымдылық қорының халықтың игілігі үшін атқарып отырған істері өте көп. Бірнеше мұқтаж жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен мүгедек жарымжан отбасыларына баспана сыйлап, материалдық көмек көрсетіп жатқаны мемлекет тарапынан әлбетте, ескерусіз қалып жатқан жоқ. Соның дәлелі ретінде, алған бірнеше марапаттары мен алғыс хаттарына көз жүгіртсек:
✦ 2020 жылы Жайылма ауылдық округі әкімінен «Алғыс хат»;
✦ Райымбек ауданының әкімінен «Алғыс хат»;
✦ Шалқар қаласының әкімінен «Алғыс хат»;
✦ 2021 жылы Шымкент каласында «Grean.kz» Заң консультанттар палатасының куәлігі;
✦ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінен «Алғыс хат»;
✦ Бұқар Жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы КМК атынан «Алғыс хат»;
✦ Павлодар облысы ауруханасының ШЖҚ КМК «Алғыс хат»;
✦ ОАА КМК Қарағанды ауданының ауруханасы атынан «Алғыс хат»;
✦ Бірінші Май ауылдық округі әкімінен «Алғыс хат»;
✦ Жаңароған ауданының әкімінен «Алғыс хат»;
✦ Жаңарық ауылдық округі әкімінен «Алғыс хат»;
✦ Сунақата ауылдық округі әкімінен «Алғыс хат»;
✦ 2021 жылы «Рахмет саған, Анашым!» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Б.Кенжетаеваның атынан «Алғыс хат»;
✦ Түркістан қалас әкімі Н.Тұрашбеков атынан «Алғыс хат»;
✦ Жуалы ауданының әкімі О.Қаржауовтың атынан Жуалы ауданының тұрғыны Асан Жұпарұлының баспаналы болуына көрсеткен қолдауы үшін «Алғыс хат»;
✦ 2021 жылы Жаңақорған ауданының әкімі Р.Рүстемов атынан «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы;
✦ Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Н.Нұрсағатов атынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Алғыс хат»;
✦ Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті мүшесі болып сайланғаны жөнінде «Қазақстан психологтар одағы» төрағасы Г.Е.Асанованың атынан Сертификат;
✦ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кульгинов атынан «Алғыс хат» және ҚО Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша Мөлдір Әшімханқызы марапатталды.
Міне, осындай өнімді еңбегінің нәтижесін көріп, түрлі марапаттарды да иеленіп келе жатқан Мөлдір Әшімханқызының бағындырар белестері әлі де көп. Алдына үлкен мақсат қойып, оны жүзеге асыру жолында қажымай, талмай еңбектеніп келе жатқан жанға тек ғана сәттілік серік болсын дейміз!