Рахимов Сағынжан

Рейтинг:

Ел мүддесін ойлаған еңселі ер

      Тағдыры тағылымға толы тұлғалардың қай кезде де қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Саналы ғұмыры адал еңбекпен өріліп, маңдай тердің, үздіксіз ізденіс пен қажырлы қайратының арқасында абырой тұғырына көтерілген ардақты азаматтарды қай қырынан болса да үлгі тұтуға болады. Міне, сондай тұлғалардың бірі де бірегейі Рахимов Сағынжанның ғибратты ғұмыр иесі десек, әсте қателеспейміз. 
      Кейіпкеріміз Рахимов Сағынжан 1949 жылдың наурыз айының 1-жұлдызында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, бұрынғы Ботақан селолық кеңесінде дүниеге келді. Әкесі Бисенғалиев Рақым көп жылдары колхозда төраға, селолық кеңестің төрағасы болып жұмыс жасаса, анасы Қажыбаева Бағдаш колхозда, селолық кеңесте, кеңшарда, мектепте әртүрлі қызметтер атқарған. Тарих тасында тарландардың таңбасы қалған, қасиетті топырақта балалығын өткізіп, байдың ерке қызының бұрымындай бұрала тербелген Ақжайықтан соққан самал желге балалық кекілін сүйдіріп өсті. Ауыл іргесіндегі мектепті үздіктер сапында бітірген жас Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, институтты бітіргеннен кейін 1971 жылы алғашқы еңбек жолы Атырау облысындағы Құрманғазы кеңшарында есепші болумен басталады.
      Бастаған ісін аяқсыз қалдырғанды ұнатпайтын, жаңашылдықты жақсы көретін, қандай іс болса да жүрексінбей, білек сыбана кірісіп кететін жалынды жас одан әрі қызметте сатылай өсе берді. 1971 – 1972 жылдары Құрманғазы кеңшарында есепші, 1972 – 1978 жылдары Теңіз кеңшарында бас бухгалтер, 1978 – 1986 жылдары Теңіз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бас бухгалтер, 1986 – 1989 жылдары Теңіз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Теңіз аудандық агроөнеркәсіптік комитетінің бірінші орынбасары, 1989 – 1993 жылдары Теңіз кеңшарының директоры, 1993 – 1995 жылдары Теңіз аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1995 – 2000 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры, 2000 – 2011 жылдары Құрманғазы ауданының әкімінің орынбасары, 2011 – 2012 жылдары Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және бюджеттік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шығады. Бүгінгі Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қоғамдық қызметін атқарып келеді.      Еңбексүйгіш, сауатты басшы өзінің жүрген ортасында үлкен құрметке ие. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді түрде ат салысады. Спортқа деген ынтасы зор. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа қолдау көрсетіп жүреді. Отансүйгіш. Қызмет саласын жетілдіру мен дамытуға қызметкерлерді үнемі бағыттап отырды. Оның өзіндік ерекшелігі іскерлігі, ұстамдылығы, өзіне де өзгелерге де талап қоя алатындығы және ісіне мұқияттылығы деуге болады. Еліміздің өркендеу жолында қаншама жастардың білім алуына зор үлесін қосып келеді. Сонымен қатар студенттердің білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында түрлі шараларға демеушілік көрсетіп, қоғамдық қорларға қайырымдылық ретінде қаржылай көмек беріп отырады.
      Көш бастай жүріп, талай түйінді мәселелердің шешілуіне мұрындық болып, күні бүгінге дейін аймақтың оның ішінде ауыл шаруашылығының өсіп-өркендеуіне түбегейлі үлесін қосып келеді. Оның мол жылдық тәжірибесі лайықты марапатталды.
Атап айтар болсақ:      «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;
      «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
      «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
      2014 жылы «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағы;
      «Қазақстанның Құрметті азаматы» қоғамдық мойындау ордені;
      3 мәрте Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты;
      Облыс, аудан әкімдерінің көптеген Алғыс хаты, Грамоталары;
      Ортаймас сый-құрметке бөленіп отырған Сағынжан Рахимов білікті басшы ғана емес, отбасында арқа сүйер азамат, асқар тау әке. Жары Шаяхметова Бақыт екеуі перзент өсіріп, олардан тараған немеренің қызығына тоймай отырған бақытты ата-әже. Ұлдары Рахимов Эдуарт, Рахимов Жігер, Рахимов Мақсот, Рахимов Роман, келіндері Самал, Толқын, Гүлжан, Нұргүл, немерелері Аягөз, Аяжан, Айзада, Елназ, Ерген, Нұрайна, Бейбарыс, Нұрлы, Бекарыс, Жанерке, Еркеназ, Бекхан, Жантөремен бірге тамырын тереңге жайған әулеттің ішін берекеге, шаттыққа, бақыт нұрына бөлеп келеді. 
      Толқын ұрған сайын аударыла түсіп жарқыраған теңіз түбіндегі маржандай, ерлік иесінің уақыт өткен сайын болмысы мен тұлғасын өрістете түсетін «Ер есімі ел есінде» деген аталы сөз бар қазақта. Ел үшін қолына қару алып, жау қалқаны қақырата сөксе де, қабырғасымен жерін қорғап қалған батырларға кейінгі ұрпақ тағзым етеді. Өзінің жайы үшін ғана емес, баршаның игілігі үшін, елдің бейбітшілігі, ұрпағының тыныштығы үшін қиян-кескі майданға түскен батыр ұлдардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Еділ-Жайықтан бастап, Алтайға дейінгі созылып жатқан аймақты мұра етіп қалдырып кеткен, ұшса қыранның қанаты талатын атырап қазақ елінің жоғалмайтын мәңгілік мекені. Ұлан-ғайыр атырапты бізге аманаттап кеткен аталарымыздың, батыр ұлдарымыздың ерен ерлігі мен атқарып кеткен игі істері халық есінде, мәңгі ұрпақ жадында.      Бүгінгі кейіпкеріміз Сағынжан Рахимовтың жасап кеткен істері мен есіл еңбегі, ғазиз есімі көзін көрген орта мен жақсылығын сезінген ұл-қыздарының жүрегінде сақталып қалмақ!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 января 2025 19:21
Баян
Роза - удивительная, позитивная, обоятельная женщина! По жизни ставит цель и смело идет к ней! Очень много мечтала...
18 января 2025 18:19
Жанболат
Анам туралы жазбаларыңа көп рахмет!!!...
16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...