Байқұлов Сейдахмет Байқұлұлы

Рейтинг:

«Сая» шипажайының бас дәрігері, Денсаулық сақтау саласының ардагері, «Алтын дәрігер» төсбелгісі және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Елеулі еңбегі үшін», «Медицина саласының үздігі», «Еселі еңбегі үшін» «Қазақстан 30 жыл», «Еселі еңбегі үшін» «Ардақты ардагер» медальдарының иегері

Медицина майталманы

      Атақты дәрігерлердің ерекшелігі – олардың кәсіби беделі, келешек ұрпақтарға үлгі болып табылады. Олар – өздерінің мансап жолында көп еңбек етіп, зор жетістіктерге жеткен, сондай-ақ әрқашан адамгершілік және кәсіби тұрғыда жоғары деңгейде қалыптасқан тұлғалар. Өздерінің еңбегімен, шеберлігімен және қайырымдылығымен халықтың ықыласына бөленіп, жүректен жүрекке сенімділік пен құрмет ұялатады. Өз еңбегімен көтеріліп, ел сенімін ақтаған ақ халатты абзал жанның бірі, бүгінгі кейіпкеріміз – Байқұлұлы Сейдахмет. Ардақты азамат 1954 жылдың 8 сәуірінде Өзбекстан елінде дүниеге келген. Ата-анасының оң шешімімен 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Жамбыл кентіне көшіп келеді.
      Елі үшін жаралған дәрігер 1961 жылы Жәскешу білім ұясының табалдырығын аттап, төртінші сыныпқа дейін осында білім алған. Бесінші сыныптан бастап Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепке ауысып келіп, озық оқушылардың қатарында болған. 
      Ержеткен Сейдахмет Байқұлұлы 1971 жылы орта мектепті үздік көрсеткішпен аяқтап шығады. Еңбекке ерте жастан кірісіп, ауданаралық құрылыс мекемесінде жұмыс атқарады. Еңбекте жүріп, әскерге бару – ер азаматтың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі екенін түсініп, 1973-1975 Кеңестік әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтейді.
      Әскерден келген бойдан 1981 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетінде білім алады. Білімге құштар болашақ дәрігер үнемі ізденіс үстінде жүріп, ұстаздардың айтқан әрбір дәрісі мен ақыл-кеңестерін бойына жинап жүретін алғыр студент болған. 
      Шәкіртінің ертеңіне сенген ұстаздардың үміті ақталды. Біліктілігі мен мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында ол, 1982 жылы аудандық аурухананың бас дәрігерінің бұйрығымен Сарыағаш ауданына қарасты Ленин совхозы ауылына емхана меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Кейіпкеріміз – қажырлы еңбек еткен ақ халатты абзал жан, іскер азамат ретінде көзге көрініп, еңбегі бағаланған дәрігер. Уақытпен санаспай қызмет жасап, абыройы артқан ағамыздың мансап жолы өрге домалайды.
      1992 жылы емхана атауы аурухана болып өзгертіліп, аталмыш мекемеге бас дәрігер болып бекітіледі. Байқұлұлы Сейдахмет басшылық еткен уақытта аурухана жұмысында жүйелілік пайда болып, тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен бірге барлық ішкі процестердің дұрыс ұйымдастырылуы да жоғарғы деңгейде болды. 
      Кейіпкеріміз жұмыс процесін оңтайлы қалыптастырып, нәтижесінде әрбір бөлімшелердің өзара тиімді байланысы, жұмыс кестелерінің нақты және уақытында орындалуы, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтардың уақытында жеткізілуін қадағалап отырды. 
      Әрбір дәрігердің өмірі мен мансабы өзінің шеберлігін, біліктілігін, адамгершілік қасиеттерін көрсету арқылы қалыптасады. 25 жыл бойы бір жерде бас дәрігер болып жұмыс жасау – бұл үлкен еңбек, тәжірибе жинақтау және азаматтық борышты адал орындау. Мұндай ұзақ уақыт бойы бір ұжымда жұмыс істеген дәрігердің өмірінде ерекше тәжірибе мен жетістіктер жинақталады.
      Еленген марапаттарына кезек берсек:
  •       2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай адал еңбегі үшін Алғыс хат;
  •       2002 жылы Сарыағаш ауданы денсаулық сақтау саласында тиянақты, адал еңбегі үшін Құрмет Грамотасы;
  •       2003 жылы Ауыл көлемінде өткізілген іс-шараға белсене қатысқаны үшін Диплом;
  •       2004 жылы Медицина қызметкерлері күніне орай Алғыс хат;
  •       2005 жылы «Ауданның ең үздің дәрігері» номинациясы және Дипломы;
  •       2005 жылы Медицина қызметкерлері күніне орай адал қызметі, аумақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат;
  •       2011 жылы халықтың денсаулығын қорғаудағы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Грамота;
  •       2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Мақтау Грамотасы;
  •       2012 жылы халық денсаулығын жақсарту жолында кәсіби деңгейдегі іскерлігі үшін Алғыс хат;
  •       2013 жылы ауданның қоғамдық саяси жұмыстарына белсене араласқаны үшін Алғыс хат;
  •       2013 жылы Кәсіподақтар мерекесіне орай Мадақтама;
  •       2014 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  •       2014 жылы Медицина саласындағы адал еңбегі үшін Алғыс хат;
  •       2016 жылы «Елеулі еңбегі үшін» медалі;
  •       2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алғыс хат;
  •       2016 жылы Денсаулық сақтау саласының жүйесін жетілдіру, сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат;
  •       2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алғыс хат;
  •       2017 жылы «Алтын дәрігер» төсбелгісі;
  •       2017 жылы «Медицина саласының үздігі» медалі;
  •       2021 жылы «Еселі еңбегі үшін» «Қазақстан 30 жыл» медалі;
  •       2021 жылы «Еселі еңбегі үшін» «Ардақты ардагер» медалімен марапатталды. Сондай-ақ әр жылдары түрлі Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, Мақтау-мадақтау қағаздарымен марапатталып, марапат биігінен көріне білді.
      Әділ басшы ұжымда сыйлы болған ағамыз 2017 жылы құрметті зейнеткерлік демалысқа шығады. Зейнет жасында болса да басшы құрамның өтінішімен 2018-2022 жылдар аралығында лауазымынан алыстамаған.
      Сейдахмет Байқұлұлы – отбасында арқа сүйер азамат, асқар тау әке. Шаңырағының әрін кіргізіп, түтінін түзу ұшырып отырған жан жары Сапарова Гульзира екеуі 2 ұл мен 2 қызды тәрбиелеп өсіріп, олардан тараған 10 немере көріп отырған ардақты әке-ана, асыл ата-әже. Жары да денсаулық сақтау саласында медбике болып еңбек етіп, саналы ғұмырын осы салаға арнап, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан. Балалары әртүрлі салада еселі еңбек етіп келеді. Бедел биігінен көрініп келе жатқан перзенттеріне де ата-анасы дән-риза.
      Бүгінгі күнде ағамыз «Сарыағаш» шипажайына қарасты «Сая» шипажайында бас дәрігер қызметін атқаруда. Байқұлұлы Сейдахмет ағамыздың әрбір науқасқа көрсеткен мейірімі мен қамқорлығы, оларды емдеу жолындағы қажырлы еңбегі ешқашан ұмытылмайды!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...
4 октября 2025 01:26
Жанар
Махаббат не только мастер своего дела-лучший скульптор лица, но и чуткий и внимательный Человек с большой буквой! Любви...