Сарбаева Алма Тегісбайқызы

Рейтинг:


Ақ халатты абзал жан

      Адам жанының арашасына айналған дәрігерлер қауымының қазіргі таңда алар орны мен рөлі ерекші. Олардың міндеті тек ақ халатты киіп алып жүру ғана емес,  адам өмірінің арашасы екендігін білуі.
      Адамның жаны қашанда өзі үшін ең аяулысы. Сондықтан, қай жерің ауырса, жаның сол жерде дейтініміз сондықтан. Қашанда ауру жаныңа батып тұрғанда ең жақын адамға емес, ақ халатты жандардың көмегіне жүгінетініміз рас. Дәрімен де, жанымен де адам ауруына шипасын беріп, көңілдерге сәулесін сеуіп жүрген жандардың жақсы істерін қағаз бетіне түсіру – міндет. Адамның өміріне қатысы бар дәрігер қауымдарына барлығы қамқорлықты сезгісі келіп, сеніммен барады. Осындай сенімді үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан, адамдардың жанына жәрдемші болған Сарбаева Алма Тегісбайқызы жайында айтқымыз келеді. 1956 жылы Гурьев облысы, Мақат поселкесінде дүниеге келген Алма ханым 1963-1973 жылдары Гурьев облысы, Кызылқоға ауданындағы 10 жылдық мектепте білім алған. Өз жұмысына берік, жақсы көретінін айтады. Әрқашан ынтасы мен талантын жұмысқа салып, қызмет жолында адал істеуге тырысады. Әрине, еңбек жолындағы қиындықтарды оңай жеңіп, мамандыққа берілгеннің арқасында жақсы жетістіктерге ұмтылады. Дәрігердің айтуынша, ең бастысы мамандықты сүю керек. Сондықтан, тәжірибені іс жүзінде шыңдаудан жалықпаған дұрыс. Әрдайым ізденісте болғанды құп көреді. Дәрігер мамандардың кішіпейіл болуы басты қағида болуы керек. Әрқашан сырқат жандардың айтқанына құлақ түріп, олармен тілегің бірге екенін көрсете білу – маңызды. Сондай-ақ, мамандығыңа жүрегіңді де жұмсай білу керексің. Осындай дәрігерлер жайлы тебіреніп толғаған Мұқағали Мақатаевтың жыр жолдары еске түседі.
      «Тоқта-тоқта, ей, жігіт, аялдағын. 
      Қане, қалай жағдайың, баяндағын....
      Тәжірибе мектебін өтіп жүрсең,
      Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.
      Таянғаның, қарағым, таянғаның,
      Адам үшін барыңды аянбағын.
      Адам тұрар алдыңда, ұмыт болар,
      Өліктер мен сойылған қояндарың.
      Енді алдыңда тұрады тірі жандар,
      Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар...
      Қимылдамай кірпігі жатса-дағы,
      Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар!
      Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,(Ақыл айтып кеттім-ау желіктім бе?)
      Өлгендерді тірілтем деп ойлаған, 
      Денесінен жан ізде өліктің де. 
      Жолың болсын, бара ғой, айналайын,
      Айналайын, қорғаушым, қарғадайым!
      Кәсібіңе мен сенің басымды ием, 
      Басымды ием, несіне арланайын…» -деп жырлайды.
      Өмір жолында мамандығын мақтанышы ретінде қабылдайтын кездер аз емес екенін айтады біздің кейіпкер. 1973-1978 жылдары Алматы мемлекеттік медициналық институтында, «фармацевтика» факультетінде оқып, жоғары білімді медицина маманы-провизор квалификациясын алды. Сол уақытта өз-өзіне көңілі толып, қуанғаны бар. Қызмет уақытында шет елдерге табаны тиіп, мол тәжірибе жинауға мүмкіндік туды. Қызмет атқарған жылдары үнемі білімін жетілдіріп отырды. Үнемі ҚР ДСМ «Дәрігерлер мен провизорлардың білімін жетілдіру институтында» оқыған.  ҚР ДСМ ұйымдастыруымен 2005 жылы Дания мемлекетінде «Фармакон» колледжінде білімін жетілдірді. Сондай-ақ, 2006-2007 жылдары Америка құрама штаттарында Балтимор, Лафаэт, Ветезда қалаларындағы «Пердью» университетінде өткен тиісті фармацевтикалық стандарттарды енгізу, инспекциалау тренингтеріне қатынасып оқып кайтқан. ДСМ шақырумен Украина мемлекетінен келген фарминспекция мамандарының оқу-тренингтерінде болып, білім жетілдірген.
      Кейін өзінің медицина саласындағы еңбек жолын Гурьев облыстык дәріханалар басқармасының №26 дәріханасында «химик-аналитик» маманы болып бастады. 1980-1982 жылдары аналитикалық тексеру лабораториясының басшысы болды. Қызмет жолы көптеген жауапкершілікті талап етті. Ізденгіштік пен жауапкершілікті қатар алып жүру де білікті маман үшін оңайға түскен жоқ. Өйткені, әр жұмыстың өз қиындығы да бар. Қызмет жолында 1982-1997 жылдары «Фармация» Акционерлік қоғамының №14 дәріханасында дәріхана меңгерушісінің орынбасары, кейін басшысы болып тағайындалды. 1997-1999 жылдары Атырау облысындағы ГНПЦС «Медстандарт» мекемесінде эксперт, 1999-2002 жылдары РГКП «Центр экспертизы лекарственных средств» «Дәрі-Дәрмек» Атырау облысы филиалында фарминспектор болып қызмет атқарды.
      Арманы жүзеге асқан маманның біліктілік дәржесімен қатар лауазымы да биіктеп отырды. 2002-2009 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Атырау облыстық департамент басшысы, 2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің» Атырау облыстық департамент басшысының орынбасары болды
      2014-2016 жылдары ҚР ДСМ «денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының» Атырау облысындағы «дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
      2016 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып, дәріхана ашып, фармация саласындағы бөлшек сауда қызметі  халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен қызмет атқарып келеді.
      Еңбек жолында білім мен тәрбиені ұштастырады. Әрдайым өзінің еңбек еткен ұжымдарында беделді, адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Мінезі ашық, ибалы, кішіпейіл, жас мамандарға көмектесіп, өз ісін жалғастырар шәкірт де тәрбиелеген. Еңбектері бағаланып, көптеген марапаттарға ие болған. Оның ішінде ауыз толтырып айтарлық ҚР ДСМ «Құрмет грамотасы», Атырау облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР Дәрігерлер мен провизорлардың Ұлттық ассоциациясының «Алтын дәрігер» төсбелгілерімен марапатталған.
      2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестерінің қалауымен Атырау облысындағы фармацевтика саласында еңбек етіп жатқан жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ерікті қоғамы «ФармҚоғамдастық» бірлестігінің төрайымы болып қызмет атқарады. Өзінің өмірлік мақсаты – ассоциация өкілдерінің құқығын қорғау, кәсіби дамуының барлық бағыттары бойынша методикалық және консультативтік көмек көрсетумен байланысты. Сондай-ақ, ассоциация мүшелерінің мүддесін мемлекеттік басқару және билік органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, құқық қорғау ұйымдарда қорғау да басты міндетінің қатарында. Кәсіптік жарамдылығы бойынша фармацевтикалық қызметкерлер жұмысын аккредитациялау, лицензиялау өткізетін мемлекеттік басқару органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету де дәрігер ханымның назарында.
      Алма Сарбаеваның негізгі еңбек жолындағы ұстанымы қалаған мамандығының қыр-сырын меңгеріп, Атырау облысы фармацевтика саласында еңбек етіп, дамып, оның өркендеуіне өз үлесін қосу болатын. Әрине, еңбек жолындағы алдыңғы буын қызметтес ұстаз аға-апаларының, еңбек еткен ұжымдастарының ықпалымен көптеген жетістіктерге жетті, өзін білімді маман ретінде көрсете білді. 
      Отбасында жолдасы Құрманғалиев Хайрулла екеуі 1984 жылы бас қосып, отау құрады. екі перзент өсірді. Бүгінде ерлі-зайыпты екеуі де тәлімді ұл мен қыз тәрбиелеп отырған парасатты ата-ана. Немерелері өсіп келеді. Ардақты әкеге мен аяулы анаға қарап бой түзеп, өз мақсаттарына қадам басты. Қазіргі таңда, балалары өз отбасын құрып, әр сала бойынша қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Ұлы –Көбенов Жасұлан «Қожан» акционерлік қоғамында «Еңбек қауіпсіздігі бойынша инженері» болып жұмыс жасайды,  ал, қызы - Көбенова Марта Х.Досмұхамедов атындағы университеттің бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітіріп, қазір кезде қайта біліктілігін арттырып, Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындығы ҚазҰМУ студенті, мамандығы фармацевт.   Ата-ананың басты парызы, балаларының жоғары білім алып, ер жеткендерін көруі. 
      2014 жылдан құрметті демалысқа шыққан Алма Сарбаева қызмет жолындағы жоспарларының әлі де көп екенін айтады.  Бүгінгі таңға қойған жоспарлары да жетерілк. Облыстағы фармацевтика саласында қызмет көрсетіп отырған дәріханалардың халықаралық стандарттарды енгізу күн тәртібінде тұрған аса маңызды жұмыс. Заман талабына сай еңбек етулеріне өз үлесін қосу, әліде кейінгі буын жастарға білгенін үйретіп, жол сілтеу де өзінің өмірлік ұстанымдарының бірі.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...