Шугаев Жарқын

Рейтинг:
«Өтейбойдақ» ізбасары лауреат 
номинациясының иегері



Медицина саласының майталманы

      Гиппократ антына адалдық – дәрігер атаулыға артылар асыл аманат. Десек те, оны сөз қылып ұрандап, шартты түрде міндетке алу бір басқа да, жүректен өткізіп, сүйекке жеткізіп, өмірлік мұратының сертіне айналдыру бір басқа. Бүгінде қазақ медицина ғылымында ғаламат қолтаңбасы бар ақ халатты абзал жан –Жарқын Шугаевты нақ осындай жандардың қатарына қосуға болады. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», - деген нақыл сөзді бойтұмар еткен Жарқын Шугаев аспан асты елінде өссе де, туған жер топырағын аңсап Сыр еліне қызмет етуге келген. Бүгінде жүрегі алтын, қолы шипалы дәрігер Қазақ медицинасын дамытуда сүбелі үлес қосып отыр. 
      Жарқын Шугаев – 1966 жылы 5 наурызда Қытай Респубикасы Шыңжаң ұйғыр автономия районы, Үрімші ауданында дүниеге келген. Қытай мемлекетінде толық ортаны қытай тілінде тәмамдаған. 1984 жылы Шыңжаң медицина институтына оқуға түсіп, дәрігер мамандығын меңгерді. Осы жылдары Жарқын Шугаев ізденімпаздылық пен табандылықты қатар ала жүріп, бес жыл өзінің мығым мақсатының арқасында оқуын үздік аяқтады. Еңбек жолын 1989 жылы №1 Үрімші қалалық ауруханасында бастайды. Студенттік шағынан медицина саласына деген құштарлығы мен адалдығын көрсеткен ол – іс-тәжірибе алмасу кезінен-ақ көзге түскен. Айта кетерлігі, Жарқын Шугаев - бір әкеден алты ағайынды азамат. Өзі тұңғышы болғандықтан, кішкентай кезінен атасы мен апасының қолында тәрбиеленеді. Жарқын Шугаевтың бойындағы емшілік қасиет апасынан дарыса керек-ті. Өйткені, апасы да өз заманында емшілік қылған, қазақтың сонау көне емдерін қолданатын дәрігер болған екен.
      Адам саулығында әрбір ағза маңызды. Науқастардың сырқат сипатын байқау, тексеру, оларға тиісті кеңес беру, белгіленген кесте бойынша ем тағайындау – бәрі де дәрігердің білімі мен тәжірибесінің тұтасуынан туындайды. Сырқаты асқына келе әр алуан қауіпті-қатерлі сатысына жетіп, жаны қысылған талайды ауруынан құлан-таза айықтырып, жарық ғұмырдың сәулесін сыйлаған «қолы алтын» дәрігер Жарқын Шугаевты шынайы құрметтейтіндердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Қайсар жанның осындай жетістіктерінің жолында қаншама ұйқысыз күндер мен түндер, кәсібінің қыр-сырын игеруге бағытталған түпсіз терең ғылыми-зерттеу, ізденісті еңбекке толы маңдай тері жатыр десеңізші.Осыншама адал еңбектің иесі – Жарқын Шугаев 17 жыл ішкі бөлім дәрігері болып, абыройлы қызметін тәмамдап, 2009 жылы №1 Үрімші қалалық ауруханасынан зейнетке шығады. 
      Игіліктің ерте кеші жоқ дегендей, Жарқын Шугаев зейнетке шыққан соң, атамекенін аңсап, елге оралады. Өз елінің азаматтығын алып, Қызылорда облысында тұрақтанады. Жеке клиника ашып, бүгінде халық игілігі үшін қызмет етуде.
      Қазіргі медицина - қазақтың халық медицинасынан жаралған. Себебі, кешегісіз бүгін жоқ. Сынықшыдан - травматология, шөппен емдеуден - фармокология, үзуден - мануальды терапия пайда болған. Біздің ата-бабаларымыз үзудің 18 түрін білген. Бүгінде қытай халқы халықтық медицинаның қыр-сырын сол жақтағы қандастарымыздан үйренген. Себебі,Үрімшіде қазақтарға бар жағдай жасалып, жеке орталық ашылған. Оны үкімет тікелей қаржыландырады.Өзге, яғни, тибет, қытай, ұйғыр, моңғол медицинасымен салыстырғанда, қазақ медицинасында қамтылмай қалғаны жоқ. Мұны кейіпкеріміз Жарқын Шугаев зор мақтанышпен әрі асқан сенімділікпен айтады. Ж.Шугаевтың айтуынша, қазақ халық медицинасы- мəдени мұрамыздың құнды бір саласы. Сол себепті бұл құнды мұрамызды да өркениетті елдер сияқты тереңірек талдап-зерттеп, атеистік пиғылдан арылып, байыппен саралап, Қытай жəне Тибет медицинасы сияқты құнды жерлерін ғылыми медицинамен ұштастырып, халқымыздың денсаулығын жақсартуға пайдаланғанымыз жөн.
      Жарқын Шугаевтың сөзінше, бүгінде елімізде қазақ медицинасын дамытқанды қойып, әлі күнге ондай түсінік қалыптастырмағандардың қатары қалың. Оны қолданып жатқан адамдардың аз болу себебінен халық арасында бұл – айтулы мәселеге айналған. Осының салдарынан қазақ медицинасындағы аталымдардың бәрі ұмыт бола бастаған. Бұл ретте Жарқын Шугаев қазақ медицинасының бар екенін, оның ғылыми медициналық тілінің болғандығын дәлелдеп, дәріптеу мақсатында еңбек етіп жүр. Оның айтуынша, ғалам - өзара қарама-қарсы алты негіз: кеңістік тұғыр - тұрақ тұғыр, жарықтаулық тұғыр – қарықтаулық тұғыр, ыстық тұғыр –суық тұғырдан тұрады. Қарықтаулық, жарықтаулық дегеніміз - түсінікті тілмен айтқанда, аспан, жер, ыстық, суық, қараңғы, күндіз және түн деп негіз етіп барып кезек деген болады. Мұны райлық себеп деп атайды. Осылардан қазақ медицинасы туындайды. Қазақ медицинасы өзек-кезек деген сегіз негізгі мәселеден тұрады. Қазақ медицинасында ауру он төрт түрлі себептен болады. Біздегі Орта ғасырлар дәуіріндегі (VII-XV ғ.ғ) осындай медицина ғылымының негізі болған қазақтың ұлттық медицинасын жоққа шығару мүмкін емес. Біз осы еңбектерді түбегейлі зерттеп, жинақтап, бүгінгі медицина ғылымына қосуға талпыну қажет. Егер оның бәрін жүйелесек, қазақтың ұлттық медицина ғылымына деген сұраныс артқан сайын, медицина туризмі қалыптасар еді. Бірақ, біз өзіміз де бар ғылымның қасиетіне үңілуден гөрі, өзгенің қаңсығын таңсық етуден аса алмай отырғанымыз анық. Міне, Жарқын Шугаев - осылайша қазақ медицинасының ғылыми тұрғыда дамуына, ал, арасында дәріптелуіне атсалысып, осы жолда аянбай тер төгіп жүрген азамат. Ол сан ғасырлардан бері ата - бабамыздан айқындалып, анықталып келе жатқан емдеу түрлерінің ұмыт болмай, ел арасында жандана түсуін қалайды.
      Бар қажыр-қайратын, білімін, адал еңбегін, ақ пейілін ауыр дертті адамдардың айығуына арнаған абзал азаматтың еңбегі атаусыз қалмады. Жарқын Шугаев Қызылорда қаласына табан тіреген бойда «Өтейбойдақ» ізбасары лауреат номинациясының иегері атанды. Бұл атақтың оңай келмегені белгілі. Қанша жылдық тәжірибе мен еңбектің нәтижесінде жеткен жетістік. 
      Жан алқымға келгенде Жаратқанға жалбарынамыз. Алладан кейін қу жанымызды ақ халатты абзал жандарға аманаттаймыз. Адам тағдыры қолдарына табысталғанын асқан төзімділікпен қабылдап, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын дәрігерлер қашан да елдің құрметіне бөленеді. Міне, бала күнінен армандаған мақсатына жүрек қалауымен жеткен жан Жарқын Шугаев еселі еңбегімен, қажырлы қайратымен, мейірімді жүрегімен жұрттың ілтипатына бөленіп жүр.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

19 июня 2022 17:36
Тапалова Фереде

Саламатсызба.  Жарқын ағайдың көмегі керек еді.
Телефон номері немесе Қызылорда қаласындағы мекен жайы болса.

16 января 2022 09:42
Гульнара

Кайырлы кун Жаркын.
Маган сиздин комедии кажет.
87475646175

Последние комментарии

10 августа 2022 21:30
Диляра
Өте мағыналы мақала. Сіздей азаматшалар көбейе берсін біздің елде. Алла жар болсын сізге! Бақытты ғұмырлы болыңыз. 🥰...
29 июля 2022 18:12
ЛЮДМИЛА
Счастья, успехов и процветания Вам! Вы лучшая!!!...
26 июля 2022 23:34
Пазилбек
Ассалаумағалейкум мекен жайларыңыз жайлы ақпарат бересіз бе? Немесе телефон номеріңіз?...