«РУХАНИ ҚОҒАМ ӘЛЕМІ» ҚҚ ПРЕЗИДЕНТІ
«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ИЕГЕРІ
Игі істердің жаршысы
«Араларыңдағы ең жақсыларың — ең көркем мінезді болғандарың».
Хадис шариф
Ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердиев: «Психология - терең ойдың білімі, оны құрғақ пәлсафа бос сөз екен деп ойламаңыздар», - дейді. Шын мәнінде адам жанын түсінуге бағытталған бұл мамандықтың мәні мен маңызы айырықша.
Хакім Абай бір өлеңінде «Харекет қыл пайдасы көпке тисін» деп осы өмірлік миссияны адал атқаруға шақырады. Адам жанын ұғынып, оған рухани жәрдем бере алатын жандарды «пайдасы көпке тиген» мамандар қатарына жатқызуға болады.
Талай қаракөздеріміздің жан жарасын емдеп, тығырыққа тірелген азаматтарға қол ұшын бе
![]()
ріп, талай жанның өмірдегі орнын табуға дұрыс бағыт-бағдар беріп көптің алғысын алған психолог – Қойшиева Лимана Құттыбекқызы.
Ол – 1969 жылғы 29 тамызда қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зертас ауылында дүниеге келген. Отбасында төрт ұлдың ішіндегі бір қыз болғандықтан да, ата-анасының махаббатына бөленіп, еркелеп өсті. Бұл мейір-махаббат пен еркін ойлау мүмкіндігі біздің кейіпкеріміздің сана-сезімінің дамуы мен, түйсігінің жетілуіне өзіндік әсер бергенге ұқсайды.
«Кісі болар баланың кісесінен белгілі» дегендей Қосан Мамытов атындағы орта мектепте оқып жүргеннен бастап мектептен басқа әлемді ұмыт қалдырмапты. Алғыр да, зерек оқушы кітапханада әдеби кітап алып оқып, өз жан дүниесін байытса, жастайынан адам жанының нәзік қатпарларын, ішкі әлемнің тылсым да, күрделі сырларын білуді қалайтын ол жантану ғылымын меңгеруді өзін танудан бастайды. Осылайша, әр кездегі көңіл-күйінің әсерін қағаз бетіне қаттап, адам жанының құпиясын білуге бала күнінен талпыныс жасайды.
Одан кейін кейіпкеріміздің ғылыми ізденіс жолы басталды. Шымкент Педагогикалық мәдениет институтының Методист ұйымдастырушысы факультетін (1986-1990 ж.ж.), кейін Халықаралық қазақ-түрік университетінде «философия тарихы» пәні бойынша аспирантураны (1994–1996 ж.ж.) тамамдады. Тараз мемлекеттік педагогикалық инситутының педагогика - психология факультетін бітірді (2004-2006 ж.ж.). Осылайша, ғылым жолындағы тынымсыз ізденіс Лимана Құттыбекқызын бала күннен жанына жақын психология саласына алып келді.
Біраз жылдық жеке психолог қызметін атқарып, аталмыш салада тереңдей ізденуге, тәжірибе топтауға, ең бастысы жаны жаралы азаматтардың өмірін өзгертуге пайдасын тигізді. Әр саладан, әрқилы азаматтардың қоғамдық-әлеуметтік, отбасылық және жеке тұрмыстық жағдайына байланысты кездескен түрлі жағдайлар оны шыңдап адам жанын ұға білетін білікті маманға айналдырды.
Өз ісінің маманына айналған Л. Қойшиева бірқатар жауапты қызметтер атқарды. Айталық, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында жетекші ғылыми қызметкер (2009-2011 ж.ж.), Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек беру қауымдастығының психологы (2011-2012 ж.ж.), ЖШС «УЗОР» оқу орталығының басшысы(2011-2012 ж.ж.), Астана қаласы әкімдігінің КММ «Дін проблемаларын зерттеу орталығының, діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету» бөлімінің басшысы (2013 - 2019 ж.ж.) сынды маңызды міндеттерді абыроймен атқарды.
![]()
Кәсіби біліктілігімен қай жерде қызмет етпесін, ең басты құндылық саналатын адамның ішкі жан дүниесіндегі дерттерін емдеп, Мәңгілік Елдің жаны сау, руханияты жаңғырған, елге пайда келтіретін тұлғаларға айналдыру сынды дегдар мақсаттың соңында болды.
Сондықтан да, маман ретінде Лимана Құттыбекқызының кеңесіне жүгінетіндер саны аз болған жоқ. Тіпті, ірі мінберлер мен алқалаған әлеуметтің көз айымы болған ақпараттық алаңдар уәж айтқызып, мәселенің түйінін шешуге шақырды. «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынан берілген «Әйел бақыты» бағдарламасының тұрақты сарапшы психологы (2013 -2017 ж.ж.), «QAZAQ» радиосында «Хат жазып тұр» бағдарламасының тұрақты сарапшы психологы, Қазақ радиосы «Сырласу» бағдарламасының тұрақты сарапшы психологы (2017 ж.) болып қызмет етті. Кеңесіне жүгінген, мәселесінің шешімін тауып, жай тапқан миллиондаған жүректің алғысына бөленді.
2015 жылы Лимана Құттыбекқызы «ҚР Президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынып, «лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындымен», - сынақтан өтті. Бұл шешім Қазақстан Республикасындағы өз кандидаттығын ұсынған алғашқы әйел болып тіркелді.
Қоғамдық жұмыстарды атқара жүріп, «Психология күн сайын» журналын ашып, бас редакторы (2016 – 2017 ж.ж.) жұмысын атқарып, кәсіби басылымның биік деңгейге көрінуіне атсалысты. Республикалық және жергілікті басылымдарда дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеті, психология тақырыбын қамтыған 100 - ге жуық мақала, сұхбаттары жарияланды. 2011 жылы «Қазақстандағы жаңа діни бірлестіктер: қоғам және тұлға» тақырыбындағы монография жарық көрді.
2012 және 2020 жылдар аралығында «РУХАНИ ҚОҒАМ ӘЛЕМІ»
![]()
ҚҚ Президенті, психологиялық көмек беру дағдарыс орталығының басшысы қызметін атқарды. Қоғамдық қоры арқылы отбасылар мен қазақ әйелдеріне, жастар мен жасөспірімдерге психологиялық түрлі көмек көрсетіп келеді. Бір ғана Елорда тұрғындарының арасында жылына 200 -ден астам жеке тұлғаға қордың атынан тегін психологиялық кеңес жүргізеді. Сондай-ақ, отбасы институтын нығайту, ондағы үйлесім, тәрбие, ер мен әйел қарым-қатынасы, ата-ана мен бала байланысы тақырыбында әр түрлі мекемелерге сұраныс бойынша топтық семинар-тренингтерді де жүргізеді.
Әлеуметтік желі мен инновациялық технологиялардың көмегі арқылы республиканың түкпір-түкпіріндегі көмек сұраушыларға да онлайн кеңес берумен қатар, кері байланыс үшін топтық жұмыстар жүргізіп, түрлі тақырыптағы жобаларды да өткізуді қолға алған. Бір ғана мысал ретінде, 2018 жылы соңында бастау алған Арт терапия курсына күні бүгінге дейін 5000-дай адам қатысқан. Бұл курс қатысушыларға өзін тануға, өзін табуға, ішкі қысым, ескі психологиялық жарақаттардан тіпті ойынқұмарлық тәуелділігі, дене тән жаралары секілді физиологиялық аурулардан да айығуға мүмкіндік берді.
Қазақстан кәсіби психологтар лигасының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі.
Осынау еңбектің жетістігі мен жемісі болды. Ол көптеген марапаттың иесі. Айта кететін болсақ, 2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне - 25 жыл» медалімен марапатталды.
![]()
2017 жылы Астана қаласы әкімі А. Есекешовтің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
2018 жылы Астана қаласы әкімі Б.Сұлтановтың «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А. Көлгіновтің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Лимана Құттыбекқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жыл 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы пандемиямен күресуде белсенділік көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласының меценаттары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалімен наградталды.
Оның психолог күнделігінен: «Соңғы 20 жылда мыңдаған адаммен кездесіп, психологиялық көмек көрсеттім. Сол кездің бәрінде адамның сезімі, ойы, іс-әрекеті мен өмірінде болып жатқан оқиғалардың арасындағы өзара байланысты зерттеуге тырыстым.
Зерттей келе, бүгінде кітап жазуды бастадым, қазір басымыздан өткен жайттардың барлығы дерлік өзімізге байланысты екеніне анық көзім жетті. Яғни, өз жолымызды дұрыс таңдадық па, жоқ па?
Бұл кітап - менің көп жылғы тәжірибемнің, зерттеулерімнің нәтижесінде жазылып жатыр. Оған өмірімнің жартысын арнадым десем де болады» - дейді психолог ханым Лимана.
Әлі талай адамның жан дертін жазатын игі істердің жаршысы болуына тілектеспіз!.