Измайлова Самал Амантаевна

Рейтинг:
 

Абырой биігінде

     Әлдебір жақсы жан жайлы қалам тербеуде әуелі оның саналы ғұмырындағы қызығы мен шыжығы мол өмір кітабын бір емес, бірнеше қайыра парақтап шығуың керек болады. Онымен әңгімелесе қалған болсаңыз шоқтығы биік ойлары және өмір жолындағы басты ұстанымы адамгершілік деген ұғым айналасында ұйысқанын байқайсың. Сондықтан да болар ол қызметтің қай сатысында жүрмесін жанашыр әріптес, аяулы жар, сыралғы дос, мықты көшбасшы. Өзінің біліктілігімен, білімімен мыңдаған жанның рахметін естіп, алғысын алған Самал Амантаевнаның ұжымын ем алушылары «алтын қолдылар», «алтын жүректілер» деп дәріптеп, құрмет-қошеметке бөлеп, ілтипаттарын білдіріп жатады.
     Кез-келген елдің ең басты байлығы халықтың денсаулығы екені рас. Халқымыз алғашқы байлық – денсаулық деген ғой. Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондайда алдымен Алладан, онан кейін ақ халаттылардан дертімізге дауа сұрайтынымыз рас. Талай жанды сырқатынан сауықтырып, ауруына ем дарытып, елдің алғысына бөленіп жүрген абзал жандар қашан да елдің абыройы. Ал адам жанының арашашысы ақ халаттыларға жүктелер міндет те салмақты. Себебі, олар адам өміріне тікелей жауап береді. Жауапкершілігі зілдей жұмысты абыроймен атқарып жүрген жандар арамызда жетерлік. Олар күн мен түнді елемейтін, уақытпен санаспайтын, науқастарына жылы шыраймен қарайтын адал әрі көптің алғысын арқалаған жандар деуге болады. Ақ халаттылар үшін ең үлкен бақыт науқастың жағдайының жақсарып, аяғынан тік тұрып кетуі. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жан Самал Амантаевнаның өз өмірін маңызды және пайдалы іске жұмсауда. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру барлық ақ халаттыларға тән қасиет. 
     Измайлова Самал Амантаевна Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Самал Амантаевнаның адамгершілік қасиеттері, өз жұмысына деген жауапкершілігі әрине, әкесінің қанымен, анасының сүтімен дарыған. Әкесі Болатов Амантай ұзақ жылдар бойы Күршім ауданының совхоздарында бас экономист болып қызмет атқарған. Анасы Болатова Ғайни өмір бойы ұстаздық еткен жан. Математика пәнінің маманы. Ата-анасы өз ортасында елге сыйлы, абыройлы жандар.     Самал Амантаевна Маралиха орта мектебін 1987 жылы бітіріп шыққаннан кейін арман жетегімен Өскемен медициналық училищесіне оқуға түсті. Аталмыш оқу орнын мейірбике мамандығы бойынша 1990 жылы бітіріп шықты. Білімге құштар жан Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «медико-биологиялық ісі саласындағы маман» болып, 2007 жылы ойдағыдай аяқтап шықты. Жоғарғы білімді маман Алматы экономика және статистика академиясы, экономика және бизнес бакалавры. Иә, өмір адамға баға жетпес сый-күш, жігерге толы жастықты, арман мен үмітке, тілек пен білімге, күреске, ұмтылыс пен сенімге толы жастық дәуренді береді. Ол алғашқы еңбек жолын 1990-2007 жылдары «Левобережная» клиникасында жоғарғы санаттағы медициналық статистик болып бастады. 2007-2016 жылдары «Левобережная клиникасын» мекемесінде дәрігер-статистик болса, 2015-2016 жылдары «ЕМ АЛУ плюс» ЖШС-де бас дәрігердің экономика және менеджмент бойынша орынбасары қызметін атқарды. «Левобережная клиникасы» мекемесінде дәрігер-статистик мамандығын бірге абыроймен атқарды. 2016 жылдан бері «Левобережная» клиникасының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. 
     Самал Амантаевнаның кемеңгер, сауатты басшы болуына «Левобережная клиникасы» мекемесінің негіздеуші, ұзақ жылдар бойы директоры болған Хамит Әбдікеұлының қол астында жинаған мол тәжірибесі ықпал етті. Бір мекемеде орта буындағы медицина қызметкерінен бастап басшы қызметіне дейін өтті. Отыз жылдан аса еңбек тәжірибесі бар ол жас мамандарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Рас, мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. адам еңбегінен қуаныш таба білсе, бойына күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Қазақы қасиеттерді қадірлейтін, рухани байлықты ардақ тұтатын отбасында өнегелі тәрбие алған 
     Самал Амантаеваның қоғамда жүріп жатқан үрдіс істерді де назарынан тыс қалдырмайтын жан. Тынымсыз еңбегімен қоғамдық қатынастардың даму үрдісіне белсенді араласады.
     «Медицина дамыған сайын аты белгісіз болып келген аурулардың саны көбеюде. Осы құрметті мамандық иесі болу бақыты тағдырыма бұйырғанына разымын. Мамандығына адал, ибалы болып, ұятты сақтауы керек. Бұл әр ақ халатты жанның міндеті. Көркем мінез-құлық кез-келген адамның көркі, ал бұл дәрігерге керек қасиет. Науқасқа мейіріммен қарау, жұмсақтық таныту, жылы сөздермен жұбату, жағдайын сұрап тұру ләзім. Дәрігердің жұмысы ғибадат болғандықтан, шын жүректен жасалған ниет те керек. Білім, біліктілік, мейірім, еңбек, адалдық. Бұл дәрігер бойында болатын қасиеттер. Сонымен қатар, негізгі қасиет шыдамдылық. Әсіресе, жас мамандарға шыдам мен сабыр бастапқы уақытта қажет-ақ. Ақ халаттылар үшін науқастың бәрі бірдей. Студенттік кезде бәрі сияқты қызыға оқыдым. Озат болдым. Теорияны терең меңгеріп, тәжірибеге көшкенде алған білімімнің қызықты әрі нақ жүрек қалауым екенін түсіндім. Алғашқы еңбек жолы қиындықсыз болмайды ғой. Жұмысқа келгенде барлық ұжым қол ұшын беріп көмектесті. Әр мамандықтың өзіндік жауапкершілігі бар, бастысы өз ісіңе адал болсаң абыройлысың, - дейді Самал Амантаевнаның.     Үнемі білімін жетілдіріп, ізденісте жүретін жан өз ортасына сыйлы, достыққа адал. Ұжымында беделді. Өз ісінің шебері, мінезі қандай жұмсақ болса, қолы да сондай жайлы. Бойындағы ерекше қасиеті – ізденімпаздығы. 2020 жылы Өскемен қаласы әкімі Ж.М.Омардың коронавирус індетіне қарсы күреске қосқан қомақты үлесі үшін «Алғыс Хатын» алды. 
     Өмірде қарапайымдылық мақсат тұтқан жан өнегелі отбасының отанасы. Жұбайы Измайлов Талғат Өскемендегі ірі түсті металлургия кәсіпорны «Өскемен титан-магний комбинатында» еңбек етуде. 1993 жылы туған тұңғыш ұлдары Мақсат пен келіні Айгүл аналарының жолын басып, медицина саласында қызмет атқарады. Мақсат–тіс дәрігері болса, Айгүл – медбике. 
Немересі Рамина алдағы күзде бірінші сыныпқа барады. 1995 жылы туылған ұлдары Ринат– Швейцариялық «Mabetex Group» атты құрылыс және жобалау компаниясында инженер болып жұмыс істейді. Екі үлкен ұлы мен келіні өз жұмыстарының білікті мамандары. 2004 жылы туылған Абдукәрім атты ұлдары математика, физика және информатика пәндері бойынша мамандандырылған облыстық лицейдің 10 сынып оқушысы. Ең кіші жалғыз қыздары Амина өнерге жақын бала. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясының 5-ші сыныбын тәмамдауда. 
     Адами қасиеттер қазақтың өмірінде, әдет-ғұрпында, дүниетанымында ерекше орын алатын қасиеттер ғой. Ал олар сан ғасырлар бойы сақталып бүгінгі күнге дейін жетті. Ата-дәстүр ұрпаққа аманат дейтін болсақ, өзінің ата-анасынан, яғни, отбасынан көріп өскен өнегесін бүгінде өз ұясында қалыптастырып келеді. Ұл-қыздарын бауырмалдыққа, жанашырлыққа, азаматтыққа, қарапайымдылыққа бастысы адамгершілікке тәрбиелеп отыр. Рас-ау, кісілік деген адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы емес пе?! Ол адамгершіліктің қалыптасқан міндетті түрі. Адам болудың, кісі болудың алғы шарты кішіпейілділікпен, парасаттылықпен, салиқалылықпен, саналылықпен баянды болуы қажет. Нағыз кісі болу үшін үлкен адамның өнегелік қасиеттері болуы керек. Сол өнеге кейін келе болашақ ұрпағына қызмет етері де сөзсіз.
     Ұлы Абай «Алдау қоспай адал еңбегін сатқан, қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол», - дейді. Өз ортасында бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге үйренген Самал Амантаевнаның Гиппократ антына адал болып, ақ халатына дақ түсірмеген абзал жанның ең үлкен қуанышы да сол отбасы. Асыл жар, аяулы ана, бақытты жан. Адам үшін қымбаты – отбасы, өмір сүруі үшін ететін еңбегі. Қай жағынан алып қарасаң да құбыласы тең. Сәттілік, шыдамдылық, сабыр осыларды бойына сіңіре білген абзал жанның қажырлы еңбегі, іске деген адалдығын байқайсың.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...