Тәжікова Дүйсенкүл

Рейтинг:

Білікті дәрігер

      Сонау ықылым заманнан бері қасиетті, киелі саналатын екі кәсіп бар болса, соның бірі – адам тәрбиелейтін мұғалім, ал екіншісі – адам жанына араша түсетін дәрігер мамандығы. Алдыңғысы – адам баласының жан саулығының, кейінгісі – тән саулығының сақшысы деуге болады. Сондықтан да болар, жер бетінде дәрігерлік мамандықтан абыройлы, құрметті мамандық жоқ-ау, сірә! Дәрігер болу үшін адамға ем дарытып қана қоймай, оның жанын түсінетін, жылы сөзіңмен дем беретін маман иесі де болуың керек. Сол салаға күллі ғұмырыңды арнап, адал жүрекпен, шын көңілмен еңбек жасауың қажет. Сонда ғана халықтың сыйлысы, құрметтісі боласың. Иә, дәрігер – жауапты мамандықтың бірі. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан, еш қателесуге болмайды. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. «Ерінбеген еңбекке, дәулет дайын»,- деп айтқан екен ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы. Еңбектің қадірін білген адам өмірден нәсібін тапқан десек, әлбетте, қателігі жоқ. Адам баласы үшін қажымас қайратпен адал еңбек ету - үлкен абырой. Адал еңбек жолы – өмірдің байлығы. Бұл жалғанда жеңіл жолды таңдаған адам баласы бейнеттен қашамын деп беделін кетіреді. Ал, адал еңбек етіп, бар жігер-күшін ерінбей еңбекке арнаса, зейнетін көреді. Өмір жолында еңбек етіп, қиындықпен күресе білетін абзал жандар өзінің өмірлік жолын адаспай табатыны ақиқат. «Басы ауырып, балтыры сыздаған жанның бәрі дәрігерге барары хақ. Шықпас жанға себепкер болатын да дәрігер. Адам жанының арашашысы аталған мамандардың қай-қайсысын да ардақтауға тұрарлық. Білімі мен білігін ұштастыра білген бес аспап маман да осылардың арасынан табылады. «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде тұрады»,- демекші ауыздағы отыз екі тістің қадірін қақсағанда білеміз. Ол – рас. Тіс деген – адам ағзасынының маңызды бөлігі. Осындай еңбектен бақытын тапқан жандардың бірі – Тәжікова Дүйсенкүл Еркімбайқызы.
      Дүйсенкүл Еркімбайқызы 1960 жылы 17 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келді. 1967-1977 жылдары туған ауылындағы орта мектепті бітірген. 1981 -1986 жыл- дар аралығында Алматы мемлекеттік медициналық институтының «Стоматолог» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1986-2006 жылдар аралығында Шиелі аудандық емханасында дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша қызмет атқарды. 36 жылдық еңбек өтілі бар Дүйсенкүлді өз ісінің шебері деуге лайықты. Дәрігер болу үшін адамға ем дарытып қана қоймай, оның жанын түсінетін, жылы сөзіңмен дем беретін маман иесі де болуың керек. Сол салаға күллі ғұмырыңды арнап, адал жүрекпен, шын көңілмен еңбек жасауың қажет. Сонда ғана халықтың сыйлысы, құрметтісі боласың. Қаншама жылдық тәжірибесінің арқасында 2004 жылы «Алма Дент Сервис плюс» жеке меншік стоматология кабинетін ашты. Қазіргі уақытта бірнеше маманы бар басшы. 
      - Дәрігер болсам деп армандайтындар өте көп қой. Алайда, армандағандардың барлығы дәрігер бола бермесі анық. Ол үшін қызметке қызығушылықпен мамандық алу жеткіліксіз. Оған қоса адам өмірі алдындағы жауапкершілікті сезіне білу, құлшыныс пен адалдық болуы қажет,- дейді Дүйсенкүл.
      Талабы күшті, қай кезде болмасын сергектікті, жауапкершілікті талап ететін дәрігер мамандығы темірдей төзім мен салқын сабырлықты талап етеді. Осы қасиеттерді өн бойына ұштастыра білген адам ғана нағыз маман, қызметіне адал дәрігер бола алады. Ал адал маманның бойы қашан да ізгілікке толы болады деп ойлаймын. Жаны ізгілікке толы адам науқастарға оң қабақпен жылы сөйлесіп, олардың жан дүниесін түсініп, ауруын жеңілдетуге тырысады. Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пайдасын тигізген ақ халатты абзал жан жастарға үлгі етуге әбден лайықты еңбек адамы. Мамандығына жан дүниесімен берілген білікті дәрігер үшін «Ақ халатты абзал жан»,- деген елдің құрметті атағы қасиетті ұғым болып саналады. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген жан бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған. «Денсаулық - басты байлық» ұстанымын жүрегіне бекітіп, емдеу саласында жемісті еңбек еткен Дүйсенкүл Еркімбайқызы жаңа заманға лайықты материалдармен тіс жегін пломбалау, балаларға тегін медициналық көмек көрсету, тіс жегінің алдын алу, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге көп үлес қосып келеді. Жемісті еңбегі бағаланып, 1997 жылы ҚР халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. 2009 жылы облыс әкімінің «Үздік кәсіпкер әйел» номинациясының лауреаты Дипломымен, 2015 жылы медицина қызметкерлері күні қарсаңында денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылдар бойы адал да қажырлы еңбегі үшін Қазақстан стоматологтарының бірыңғай ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2020 жылы республикалық ұстаз жолы қоғамдық қорының шешімімен денсаулық сақтау саласында елеулі еңбегі үшін «Алтын дәрігер» орденімен марапатталды.
      2008 жылы 22-23 мамыр аралығында Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұсынуымен Алматы қаласында өткен дәрігер-стоматологтардың IV съезіне делегат болып қатысты. 2013 жылы Германияның Ульм қаласынан келген Брунс мырзамен «Алма Дент стоматологиялық» кабинетінде облыс көлемінде іскерлік сағаттарын өткізді. 2017 жылы 01-25 наурыз аралығында өткен ҚР ҰҚП «АТАМЕКЕН» іскер әйелдер кеңесінің «Бизнес по-женский» білім жобасына қатысып, «Алғыс Хат» алды. 
      2018 жылдың 30 маусымында республикалық кәсіпкер әйелдер конкурсына қатысып, «Бизнес леди» номинациясын иемденді. 2018 жылдың 22-23 тамыз күндері Алматы қаласының білікті дәрігер, профессорлары Волобуева Елена Владимировна мен Матагуллина Светлананы өз қаражатымен шақырып, алғаш рет облыс көлемінде аудан стоматологтарын қатыстырып, екі күн бойы ауыз қуысында тіс жегісін болдырмау және алдын алу мақсатында іс-шаралар және мастер кластар өткізді.
      Кез - келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. «Ауырмай тұрып денсаулығынды бағала»,- дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру – баршаның борышы екендігін өз жұмысының басты қағидатына айналдырған. 
      «Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы небір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Біз осы мақсатта ерінбей еңбек етіп, талмай жұмыс істеп келеміз. Ең бастысы, халықтың алғысына ие болсақ, соның өзі мен үшін үлкен марапат»,- дейді өзін үнемі еңбек етумен жетілдіріп келе жатқан білікті дәрігер.       Иә, қандай атаққа ие болса да, ең бастысы – халықтың берген батасы мен алғысына жетпейтіні рас. Ол кісі халық разылығын алып отыр. Халық алғысына бөленген жан – бақытты болатыны сөзсіз. Еңбекқор әрі ізденгіш, абырой-беделі үлкен дәрігердің бақыты да, мұраты да осы болса керек. Дүйсенкүл Еркімбайқызын өмірде кездестірген кез - келген адам оның жай ғана дәрігер емес екенін түсінеді. Өйткені, барлық күш-жігерін адамдарға жұмсады. Халықтың құрметіне бөлену – елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе. Бұл жерде, ең алдымен, айналаға адамгершілік қасиет әсер ететіні ақиқат. Себебі, адал еңбек ету – қажеттіліктен тумайды, ол үлкен жауапкершіліктен туындайды. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін жанның мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болатындай.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости