Парманов Халтурсын

Рейтинг:

Шипагер

      "Басты байлық – денсаулық" дейтін халқымыз он екі мүшесінің қадір-қасиетін жақсы түсінген. Дертке дауа, көңілге дем берген шипагер жандарды халық әу бастан ерекше қадірлеген. Қай кезеңде де көнермейтін, қайта күн өткен сайын құны арта түсетін бір мамандық болса, ол әрине – дәрігерлік. Адамзат баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, өмір бойы ақ халаттылардың қамқорлығында болады. Рас, басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан әсте болмайды. Науқас жанның алдымен іздейтіні – дертке дәру, жүрекке жылу сыйлар дәрігері. Сондықтан да, дана халқымыз «Әуелгі байлық – денсаулық» деп тұжырымдап, қашанда дертке дауа, көңіліне дем беретін шипагер жандарды ерекше қадірлеген. Бүгінде дүниені дүрбелеңге салған қатерлі індет өршіп тұрған кезеңде мылтықсыз майданның алдыңғы шептегі жауынгерлеріне айналған ақ халаттылардың үй бетін көрмей, өз өмірлерін қатерге тіге отырып, күні-түні індетпен күресіп жүргенін нағыз ерлікке теңеп, әрбір науқастың өмірі мен саулығы үшін жан аямай арпалысқан абзал жандарға деген елдің алғысының алғаусыз екенін айта кету де керек.
      Өз ісінің шебері, майталман маман атанған, ақ халатты абзал жандардың арасында есімі әрқашан құрметпен аталатын Парманов Халтурсын Сатыбалдыұлы өзіне артылған сенім жүгін абыроймен арқалап келеді. Оның Гиппократ антына адал екендігін, әр жылдарда алған түрлі марапаттарынан байқауға болады.
      Әрдайым қарапайым мінезінен танбаған Халтурсын Сатыбалдыұлы біреуге жекіп, дауыс көтеріп сөйлеген жан емес. Керісінше, еңбектеген кішкентай баладан бастап, үлкен қарияларға дейін ілтипатпен қарайтын оның үлкен жүректі дәрігер екендігі, оған жан-жақтан келуші науқастардың аузындағы аңызға айналған сөз деуге болады. Жүзінен мейірім, жүрегінен жылу төгілген кейіпкеріміз білікті маман болуымен қатар, сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Өзінің жасаған жақсылығын жарияға жар қылып мақтанбайтын, өте қарапайымдылығымен, парасаттылығымен, салмақты қалпымен, сабырлылығымен әріптестері арасында да беделі биік, еңсесі тік азамат.  
      Дәрігер болғаның – өміріңді халқыңа арнағаның. Дәрігерлік анттың сыртында, «дәрігер» деген сөзді «адам жанының арашасы» деп түсінеді халық. Яғни, дәрігер болу ақ халатты киіп алып жүру ғана емес, ол үлкен жауапкершілікті жүктейді деген сөз. Адамның тағдыры тұрған жерде қателесуге жол жоқ. Бүгінде жан-жақты терең білімді, жағдайыңды жанымен түсініп, жүрегімен сезіп тұратын, ақ халатына аппақ көңілі жарасқан Халтурсын Сатыбалдыұлы секілді дәрігерлер сирек деуге болады. Дәрігердің амандығын, тілеуін тілеген халықтың саны өте көп. 
      Парманов Халтурсын Сатыбалдыұлы 14 қаңтар 1959 жылы Ташкент облысы, Жоғары-Шыршық ауданы «Ленинский путь» колхозы Йік-ата ауылында колхозшы отбасында дүниеге келген. Тұңғыш немере болған соң атасы – Парман, әжесі – Хасиет, әкесінің інісі Рысқыбай ағасының қолында  тәрбиеленіп, ер жетті. Әжесі Хасиет өте жақсы емші болатын. Әжесінің ертегі-аңыздарын тыңдап, оның шипагерлігін, емшілік қасиетін көріп, бойына сіңіріп есейген Халтурсынның адам жанының арашашысы болуына жол ашқан еді. Жалпы емшілік ерекше қасиет қой. Ол қай кезеңде, қай дәуірде болмасын адам жанын емдеу арқылы халқына қызмет етеді. Қатпары терең, тарихы ұзақ қазақ емі атадан балаға жалғасып, бүгінгі күнге дейін тамырын тереңге жайып келеді. Кең байтақ даламызда дәрілік шөптер мен өсімдіктерден кенде болмаған. Ілгеріде өткен ата-бабаларымыз сол өсімдіктерді жинап, елдің игілігіне жарата білген. Себебі, қазақ даласында дәрілік шөптердің өте кең таралғаны белгілі. Жазылмайтын ауру жоқ. Барлық аурудың емі бар. Иә, әжесінің істеген емдерін көріп өскен Халтурсын мектеп кезінен бастап, Абу ибн Сина кітаптарын оқып бастады. Дәлірек айтқанда, сонан бастап оның дәрігер болуға деген ынта-ықыласы оянды. Көп оқыды. Қанығып, түсініп, түйсігіне тоқып оқыды. Жан-жақты көп ізденетін. Тіпті теледидардан ақ халаттылар жайлы фильмдер берілсе, тапжылмай отырып көруге бар-тын. Ол болашақта қалайда ақ халатты дәрігер боламын деп алдына мақсат қойды. Жатпай-тұрмай сабағына көңіл бөлді. Ұстаздарының мақтанышы болған ол 1976 жылы К.Д.Ушинский атындағы №23 мектепті үздікке оқып бітірді.
     Халтурсын Сатыбалдыұлы әке-шешесінің қолына тек 16 жасында барды. Атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған бозбала үлкенді сыйлауды, құрметтеуді жақсы білетін. Ол ата-анасына нағыз қамқор перзент бола алды. Мектеп бітіргеннен кейін, отбасына аз да болса көмегім тисін деген ниетпен 1976-1978 жылдары қарапайым жұмысшы болып жұмыс істеді. Ал 1978-80 жылдары Отан алдындағы парызын өтеу мақсатында Совет Армиясы қатарында болып, ракеталық бөлімінде Оддеса облысында қызмет етті. 1980-1986 жылдары Ташкенттегі Орта Азия Медицина Педиатрия иститутын (САМПИ) жұбайы Баданова Ажар Едігеқызымен бірге бітірді. 
      - Балалық шақтан көріп өскенім шипагерлік. Әжем болмағанда мен бәлкім бұл жолға келмес пе едім?! Бірақ, мен анамнан туылғанда жаратушым тағдырыма дәрігер болуды жазған секілді. Себебі, дәрігерлікті жан-жүрегіммен қалағаным соншалық, осы ісіммен таңымның атқанын, күнімнің батқанын, тіпті шаршағанымды да сезбеймін. Уақыт деген сырғыған сынаптай ғой. Күні кеше әжемнің ертегісін тыңдап, емшілік шипагерлігін көріп отырып, дәрігер болсам ғой деп арман еттім. Міне, бүгінде көзді ашып жұмғанымша болған жоқ, арманыма қол жеткізіп, соның жемісін жеп отырмын. Шүкір, деймін Алла қосқан қосағым мен балаларым да жанымда бірге еңбек етіп, елдің ыстық ықыласына бөленіп, алғысын арқалап жүр. Алда жоспар өте көп. Әлемдегі болып жатқан індеттің беті қайтып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін. Бүгінгі арман-тілегім осы. Ал жоспарлар орындала береді, - дейді кейіпкеріміз.
      Ол медициналық еңбек жолын институтта оқып жүріп, 1983 жылы жұбайымен бірге Ташкент қалалық 14-бабалар ауруханасында бастады. Медициналық институтын бітірген соң 1986-90 жылдары Жоғары-Шыршық ауруханаларында балалар невропотологы, инфекционист, психиатр жұмыстарын абыроймен атқарды. 1990-91 жылдары Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласындағы №8 емханасында балалар невропотологы, республикалық дәрігер-физикалық диспансерінде невропотолог болып жұмыс істеді. 1992-93 жылдары Москва қаласында профессор Нгуен Виет Тхай қолында «Иглотерапия және пульстық диагностика» бойынша курстық оқудан соң, Нөкістегі Совет Вьетнам бірлескен мекемесі «Медикор»-да иглотерапевт, әрі ағылшын тілінен аудармашы болып жұмыс істеді. 1994-2006 жылдары Қарақалпақстанда терапевт, невропотолог болып жұмыс істеді. 2006 жылы ата-жұрты Қазақстанға қоныс аударып келген соң, АНЦК-ҚХЕҚ Қазақстан Халық Емшілері Қауымдастығында дәрігерлікпен, яғни Шығыс медицинасын қатар қолдана отырып, гинекологиялық, инфекционистік, терапевтік, психиатриялық, иглорефлексотерапиялық және неврологиялық кеңестермен, емдік жұмыстарын атқарып келеді. Жұмыстан қол үзбей артериалық қан басым үстінде, оннан аса ғылыми жұмыс істеді. 2012 жылдың маусым айында ғылым Академиясының Академигі атағына ие болды. 2020 жылдың қараша айында «Қазақстанның еңбек сіңірген шипагері» медалін омырауына тақты. Медициналық әрі Шығыс медициналық жұмыстарында жеткен еңбектері үшін Қазақстан және СНГ медалдарымен марапатталған. Қазіргі таңда өзінің күндізгі клиникасында жұбайы Ажар дәрігер, қызы Гульчехра, келіні Әсемгүл мейірбике болып қызмет етеді. Ұлы Хасан мұнайгаз саласын оқыған. Өз саласының мықты маманы. Клиникаға Орта Азия және Қазақстан азаматтарынан басқа, Қытай, Ресей, Грузия, Иран, Түркия, Ливан, Араб Әмірлігі, Египеттен емделушілер ағылып келеді. 
      Бақытты шаңырақтарында Мөлдір, Диана, Сәкен есімді немерелері өсіп келеді. Уақытпен санаспай, бар білім-білігін сырқат адамды аяғына тұрғызуға арнайтын, айтып келмейтін ажалдан да арашалап қаламын деп маңдай терін төгетін дәрігердің еңбегі расымен де орасан. Оны жоғары бағалайтындар көп. 
      Иә, дәрігер болуға кез-келген адам тәуекел ете алмайды. Ол үшін үлкен жүректі, мейірім мен батылдықты, тәжірибе мен тапқырлықты қатар алып жүре алатын мықты рух та қажет. Әр науқаспен бірге қиналып, адам өмірден өткен әр сәт сайын жаны жабырқайтын олардың әр күні адам тағдыры үшін таласпен өтеді. Сондықтан, антына адал дәрігерлерге деген қоғамның құрметі аса жоғары. Себебі, олар – дертке дәру, жүрекке жылу сыйлатын жандар. 

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
21 сентября 2021 01:27
Кания

Нағыз шиппгер.өте құрметті де білімді дәрігер
21 сентября 2021 01:25
Кания

Нағыз өз ісінің хас шебері ,адал шипагер
21 сентября 2021 01:25
Кания

Нағыз адал шипагер
21 сентября 2021 01:24
Кания

Нағыз шипагер
20 сентября 2021 23:54
Жибек

Керемет маман! Әрқашан ла көмек көрсетіп елдің ықыласына бөленген жан. Көптеген адамдарға денсаулығын жақсартуға себін тигізіп елдің ықыласына бөленген дәрігер!

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...