![]()
Медицина кәсібі – мамандықтың асылы Медицина… Бұл адамзат құрылысындағы ең салмақты әрі жауапты мамандықтардың көш басында тұр. Ал бұл саланы жетілдіру
![]()
тәуелсіз Қазақстанның дамуы даңғылындағы басты бағыттарының бірі саналады. Өйткені, үздік денсаулық сақтау ісі мен дені сау ұлт – мемлекеттің тірегі. Дәрігердің арқалар жүгі көп, мол жауапкершілікті талап ететін мамандықтың бірі. Шипа іздеп келген науқасқа еммен қатар, жылы қабақ танытып, дәру болар сөзді айта білу де ақ халаттылар үшін маңызды. Бүгінде мемлекет медицина саласына айқын басымдық беріп, дәрігерлердің өлшеусіз еңбегі еленуде. Ақ халатты абзал жанның қай-қайсысы да құрметке лайық. Десе де, өмірге ұрпағының аман-сау келуіне үлес қосатын акушер-гинекологтің қызметін әрбір ана ұмытпаса керек. Өмірге перзенттің келуі – жауапты әрі таңғажайып құбылыс. Осы сәтте анаға дем беріп, дені сау ұрпағын бауырына басуға себепкер болатын да осы сала мамандары. Адамзат өмірі үшін жауапкершілік арқалайтын маман иесі – дәрігер. ТОО Фирма «Экомед» мекемесінде дәрігер, акушер-гинеколог, репродуктолог, медицина сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Ахметова Айгерім Қайратқызы жөнінде тоқталмақпыз.
Кейіпкеріміз 1989 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996 жылы осындағы №57 шығыстану мектеп лицейінде 9 сыныпқа дейін оқып, кейін 2005-2009 жылдар аралығында Қарағанды медициналық колледжінде білім алады. Осылайша, 2009-2014 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Жалпы медицина» бакалаврын бітіріп, 2014-2016 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Акушерия және гинекология», оның ішінде «Балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша интернатура факультетін тәмамдап шығады. Сонымен қатар, 2016-2019 жылдары Астана медициналық университетінің «Акушерия және гинекология», оның ішінде «Балалар гинекологиясы» мамандығының резидентура факультетін бітіреді. Айгерім Қайратқызы уақытпен санаспай еңбек етеді. Жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, әрқашан кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруды ұмытпайды. Ол еңбек биігін бағындыру жолында өзінің біліктілігін арттыру
![]()
мақсатында «Адам ұрпағын өрбіту институтында» 2019 жылы гинекологиядағы инновациялық технологиялар, репродуктивті медицина және бедеулік, ВРТ әдістерін қолдану, гинекологиялық эндокринология жөнінде білімін жетілдірген. Оған қоса, 2020 жылы репродуктивті медицина, қосымша репродуктивті технология әдістерін қолдану жолдарын меңгереді. Өзін білікті әрі ізденімпаз маман ретінде көрсетіп келген жас тағы да қосымша 1997-2005 жылдары Қ.Аманжолов атындағы музыкалық мектепті фортепиано және вокал сыныбы бойынша диплом алып, музыка мұғалімі мамандығын бітіріп, 2009 жылы массажист мамандығын, ал 2011-2014 жылдары ағылшын тілдерін меңгеріп шығады. Аталған оқу-білімдерді бойыңа сіңірген маман алғашқы еңбек жолын 2016-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында №1 Перинатальдық орталықта дәрігер, акушер-гинеколог болып бастайды. Сонымен бірге, 2019-2020 жылдары №2 Облыстық көпсалалы ауруханада дәрігер, акушер -гинеколог қызметін, ТОО «Экомед плюс» мекемесінде дәрігер, акушер-гинеколог, репродуктолог қызметтерін атқарды. Еңбексүйгіштігімен, табандылығымен, біліктілігімен көзге түсіп, бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін көтеріліп, бүгінде ТОО «Фирма Экомед» мекемесінде – дәрігер, акушер -гинеколог, репродуктолог, медицина сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары.
Айгерім Қайратқызы бүгінде адам жанының арашашысы болып, қаншама ана мен сәбидің аман-есен өмірге келуіне ықпал етіп келе жатқан ақ халатты абзал жан. Өзінің еңбек жолында жеткен жеке бас жетістіктері де жетерлік. Атап айтсақ, 2009 жылы «Аманат» медицина ардагері О.М.Мадыкеновтың ұрпақ аманаты дипломы, 2008 жылы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында Грамота және І орын, 2009 жылы ҚММУ 60
![]()
жылдығына орай Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда І орын, 2009 жылы Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда ІІІ орын, 2009 жылы Қарағанды облысы «Үздік фельдшер» дипломымен марапатталса, 2010 жылы «Современные проблемы подготовки специалистов для системы образования» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін «Алғыс хат», 2013 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Р.С.Досмагамбетованың қолынан «Алғыс хат», 2014 жылы жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы Қ.Қ.Толеубеков атынан ҚММУ-дің өміріне белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат», 2014 жылы Астана Медициналық университетінің студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін ректор атынан Грамота, сонымен бірге, 2013-2014 жылдары Қазақстан жастарының медициналық ассоциациясының Қарағанды өңірінің локальді президенті, 2013-2016 жылдары университеттің әдістемелік кеңесінің мүшесі, 2014-2016 жылдары факультеттің ғылыми кеңесінің мүшесі, 2012-2014 жылдары «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің өзін-өзі басқару комитетінің төрайымы, 2011-2016 жылдары курс көшбасшысы, 2015-2016 жылдары КММУ интернатура факультетінің өзін-өзі басқару комитетінің төрайымы, 2015-2016 жылдары Интерн акушер-гинекологтардың кураторлық сағатының
![]()
хатшысы, 2012, 2013, 2014 жылдары «Ең үздік жыл старостасы» номинациясы, 2013-2014 жылдары «Үздік студент», 2015-2016 жылдары «Үздік интерн интернатура» факультеті, 2015-2016 жылдары акушер-гинеколог мамандығы бойынша «Үздік акушер-гинеколог» Құрмет дипломы, 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы медициналық жоғары оқу орындар арасында өткен Акушер гинекология мамандығы бойынша үздік акушер-гинеколог сайысына қатысушы, 2016 жылдары диплом ІІ-орын «ҚР тәуелсіздігінің 24 жылдығы» және «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерей тойына арналған «KSMU.CAP-І» зияткерлік пікірсайыс турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін марапатталса, 2015 жылы 14 семестр емтихан қорытындысы бойынша үздік топ аталып КГМУ сайтына және «Медик» журналының басылымына шыққан. 2015-2016 жылдары КГУ «Ботагөз» балалар үйі директоры М.М.Кенжебаева атынан «Алғыс хатпен», 2018-2019 жылдары «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы - занды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикамыздың барлық аймағын қамтыған «ҮЗДІК СТУДЕНТ 2018» жобасының «Жас қыран» Республикалық талантты жастарының 2 кітап жинағына енгені үшін, 2018-2019 жылдары «Үздік студент 2018» – Тоқтар Әубәкіров тұңғыш ғарышкер қолынан медальмен марапатталып, еңбегі бағаланады. Сондай-ақ, білімін кеңейту және жаңа білім алу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылыми жұмыстарына тоқталсақ: 2009-2010 жылы Иондық сәулелердің хромосомалық абберацияға әсерлері, кафедра меңгерушісі, доцент МБиГ КГМУ Б.Т.Есілбаева, 2010-2011 жылы Дәрігердің коммуникативтік компетенттілігі, 2010-2011 жылы Аллергия - ХХI ғасырдың дерті, 2011-2012 жылы Адамдар дәлелдіден, өз талғамдарына көбірек сенеді, 2012-2013 жылы
![]()
Рациональная тактика при жилудочно-кишечных кровотечениях язвенной этиологии руководитель д.м.н., доцент кафедры Хирургические болезни №1 Шакеев К.Т; к.м.н. доцент кафедры Хирургические болезни №1 Тастанова Г.М, 2014 жылы Ойық жара этиологиясымен шақырылған асқазан-ішек қан кетудегі тактика, 2015 жылы Сингапурде: «Микроэлементный обмен при физической нагрузке и его алиментарная коррекция», 2015 жылы Рязаньда: «Актуальность проблемы гестационнного сахарного диабета во время беременности», «Сочетанные факторы в генезе привычного невынашивания беременности», Гестоциондық қант диабетімен асқынған жүктіліктің өсу тенденциясының актуальділігі, 2016 жылы Мәскеу қаласында: «Гиперпластические процессы эндометрия» VІІІ международная научно-практическая конференция «Актуальные проблемы науки ХХІ века» Калжанова А.И., Копабаева И.Л. атты ғылыми жобаларын қорғаған. Білімін әрдайым жетілдіріп отыратын ізденімпаз маман иесі ипподромда атпен шауып, поэзия оқып, фортепианода ойнағанды, кітап оқып, классикалық музыка тындағанды жаны сүйеді екен. Болашаққа деген арман-үміті, жоспары мол акушер-гинекологтың елге сіңірген, жалпы адамзат үшін жасаған қызметі орасан. Үзілгелі тұрған үмітті қайта жалғайтын, тіпті кейде ажалдан арашалап, екінші өмір сыйлайтын ақ халаттылар қандай құрметке де лайық. Уақытпен санаспай қызметін асқан жауапкершілікпен атқарып жүрген мұндай дәрігерлер жас мамандарға үлгі.