Ештаева Нұргүл

Рейтинг:

Алғыс арқалаған абзал жан

      Дәрігерлер – бұлар ерекше адамдар, адам жанының бағбандары! Дәрігерлер өте құнды қасиетке ие, қай мезетте болмасын кез келген уақытта науқастарға көмектесуге дайын. Қоғамда педиатр дәрігерлердің рөлі тіптен бөлек. Педиатрлар балаларды емдеп қана қоймай, оларды тыныштандырып, балаға қандай жағдай да болмасын қорқынышты, әрі ауыр болмауы үшін қолдарынан келгендердің бәрін жасайды. Бүгінгі біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз әке жолын қуып, аталмыш мамандықтың тізгінін ұстаған өз ісінің маманы Ештаева Нұргүл Құрбанқызы. Еліміздің қазақи салт-дәстүрі өзінше қайнаған, шырайлы Шымкент қаласының атап айтсақ, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында 1975 жылғы 2 қазанда Нұргүл Құрбанқызы дүниеге келген. Өмірде кез келген нәрсе қанмен беріледі. Тіпті еңбекке деген құштарлық та. Әрі бұл маманның жиған-терген білімі мен тәжірибелік білігіне де байланысты. Ал, дәрігерлік еңбекте өзінен кейінгі ұрпақты емдеу жолында ерекше күш пен қайрат, жігер керек. Дәлірек жазсақ, ішкі рухы әлсіз адам науқастың көңілін тауып, қас-қабағына әрдайым қарап отыруға оңайлықпен шыдай алмайтыны сөзсіз. Қоғамда бір салада отбасымен жұмыла еңбек етіп жүргендер қаншама. Әсіресе, бұл үрдіс білім, ғылым, медицина саласында жиі байқалады. Атадан балаға жалғасып келетін бұл еңбекті қоғам да жақсы бағалайды десек артық айтпаған болар едік. Міне, осы ретте, Нұргүл ханымның отбасы да осындай тізбекті жалғастырушылардың бірегейі деп айта аламыз. Кейіпкеріміздің әкесі Ештаев Құрбан Абылұлы 1949 жылы дүниеге келген өңірдегі білікті дәрігер, өз мамандығының шебері, кейіпкеріміздің өмірдегі әрі еңбек жолындағы нағыз кумирі. Анасы Бердиева Тұрлан Әліқұлқызы 1954 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша лаборант қызметін атқарған, нағыз «Анаға» тән мінезі алтын, Нұргүл ханымның барлық бастамаларын әрқашан қолдап, шыдамдылыққа, сабырлы болуға көп ықпалын тигізген өте сабырлы кісі. Кейіпкеріміздің ақ халатты абзал жан болуына үлкен септігін тигізген де негізгі тірекшілері мен тілекшілері осы кісілер.
       Нұргүл ханымның бала күнгі естеліктеріне сүйенсек 1-ші сыныпта оқып жүріп, өзін дәрігер ретінде елестетіп, тазалық секторы болып, қызыл крест тігілген аппақ қалташаға шприц салып алып, тырнағын алмаған оқушыларды қорқытушы едім, - деп еске алады. Әкесі Құрбан мырза институтты бітіре сала еліне елеулі еңбек етіп, бас дәрігер қызметінен зейнетке шыққанынша өз еңбегін адал атқарады. Өз бойындағы еңбекке деген адал ниет пен науқастарға деген шынайы ынта-жігерді балаларынан көргісі келген Құрбан мырза балаларын шыншылдыққа, уақытты қадірлеуге, кітапты сүйіп, жан-жақты білімдерін дамытуға көп күшін салады. Кейіпкеріміз жетінші сынып оқып жүргенінде әкесінің жұмыс бабының ауысуына байланысты Мақтарал ауданынан Шардара ауданы, Қазақстан совхозына ауысып, көшіп барады. Сол жақта Қазақстан орта мектебін «Алтын» белгімен бітіріп шығады. Көпбалалы 2 ұл, 3 қыз тәрбиеленген отбасында кейіпкеріміз үйінің тұңғышы. Халқымыздың: «Әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайды»,- деген қанатты сөзі дүп айтылғандай, Нұргүл ханымның жанұясында кейіпкеріміз ғана әке-шеше жолын қуып, медицина саласының саңлағы болып отырған жайы бар. Отбасындағы інілері: Әлімжан, Ерлан; сіңілдері: Жазира, Дана әрқашан жанынан табыла білетін, мейірімді, жан-жақты жандар. Кейіпкеріміздің ата-анасы бар ынтажігерлерімен балаларын жан-жақты етіп, қолдарынан келгенше тәрбиелей білді. Нұргүл ханымның әкесі шахматтан Шардара ауданы бойынша қазір де чемпион. Балаларын да өзі сияқты шахматқа баулып, каллиграфияға үйретіп, икебана, тоқу, тігу, теннис сынды үйірмелерге қатыс-тырып, сөрелерге түскен жаңа кітаптарды балаларының сауатын ашу үшін бірінші әкеп беруге тырысатындығы да ешнәрсеге бейжай қарамайтындығының белгісі деп білеміз. Отбасын әке ретінде әрдайым бірінші орынға қоятын Құрбан мырза әр жексенбі балаларын балық аулауға немесе Сырдарияға шомылуға, табиғатқа серуендеуге осы күнге дейін апаратындығы бізді де бейжай қалдырмады. Білім саласына деген құрметі мен талабы бөлек Құрбан мырза балаларының сабақтарына өте қатал болып, есесіне балалары оқуда озат болып, өмір жолында өз қалауларындағы оқу орнына түсіп, тиесілі мамандық иесі атанып үлгерді.       Нұргүл ханымның бір естелігінде, осыдан 22 жыл бұрын әкесі Құрбан мырзаның айтқан сөзі осы күнге дейін маған үлкен тәрбие, қиналған шағымда үлкен жігер беріп отырады деседі. Үйіме қыдырып келгенде бір кірбің тіршілікке шағымданғанымда әкем: «әр нәрсеге ойыңды бөле бермей, педиатрияңды оқы!»,- деген болатын. Міне, осы бір әке сөзінің құдіреті сол, енді Нұргүл ханымда өз балаларына осылай тәрбие беруге тырысып келеді.
       Кейіпкеріміз мектеп қабырғасын тәмамдағаннан кейін, 1992 жылы Алматы шаһарында орналасқан Алматы мемлекеттік медицина институтының «педиатрия» бөліміне оқуға түседі. 1998 жылы (аты өзгеріп) Қазақ мемлекеттік медицина университетінің «балалар дәрігері» мамандығын алып шығады. Теория жүзінде алынған білімді практика жүзінде жүзеге асыру мақсатында алғашқы еңбек жолын 1998-2000 жылға дейін ОҚО, Қазығұрт ауданының орталық емханасында учаскелік дәрігер педиатр қызметін атқарып, жүзеге асырады. Білім мен білікті жетілдіріп, тәжірибе жинақтау мақсатында кейіпкеріміз 2000-2007 жыл аралығында ОҚО, Шымкент қаласы, Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне педиатр ретінде ауысып, ең үлкен тәжірибе жинаған жылдар осы кезең болғандығын мақтанышпен еске алады. Бүкіл ОҚО бойынша әртүрлі диагнозбен келген кішкентай ауырған балаларға шұғыл көмек беруді әрі қарай емдеуді осы кездері шыңдап, жиі кезекшілікке түсіп, ел алғысына бөленіп үлгереді. Қай салада болмасын әрбір қызметкер өз өміріне, өз жұмысына жауап беруі тиіс. Нұргүл ханымда өз жұмысына аса сақтықпен қарауға тырысады. 2004-2013 жылдар аралығында Облыстық балалар ауруханасы бойынша «Салауатты өмір сүру салтын насихаттау» бойынша жауапты маман болып, нәтижелі жұмыстың арқасында 2009 жылы бірінші санатты педиатр категориясына ие болады.       Адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңыз-ды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс табыс биігіне жеткізетін қанат. Кейіпкеріміз 2007-2018 жылға дейін «Аллерголог-иммунолог» мамандығы бойынша дайындықтан өтіп, консультативті емханада қызмет атқарады, облыс бойынша санавиация бойынша көмекке жиі шығады. 2014 жылы «бірінші санатты аллерголог дәрігер» квалификациясына ие болады. Қай салада болмасын тұлға бір орында тұрып қалмай, әрдайым өз деңгейін жетілдіріп отыруы тиіс. Нұргүл ханымда әр 5 жыл сайын мамандығы бойынша біліктілікті арттырып отыруды міндеті санайды. Сүбелі еңбектің арқасында кейіпкеріміз аурухананың бас дәрігерінің атынан «Құрмет Грамотасына» ие болып, еңбегі еленді. Жоғарыда аталған біраз жұмыстың нәтижесінде кейіпкеріміз 2018 жылы өзі қызмет ететін аурухананың облыстық бас аллерголог қызметіне тағайындалады. Нұргүл ханым еңбек жолының 2015-2020 жылдары аралығында қосымша ЖШС Ассистанс компания «Меди-Сервис» компаниясында Шымкент қаласы регионалды сервис көрсету бойынша медициналық программаның координаторы қызметін атқарып, бір істі екінші іспен байланыстыруға мүмкін екендігін дәлелдей түскендей. 2018 жылдың қыркүйек айында жеке клиникаға аллерголог (ересектер/балалар) болып түбегейлі ауысады. Жеке шығуы басқа да жаңаша мүмкіндіктер сыйлап, медицина саласын одан әрі меңгеруіне жол ашқандай. Сөйтіп, 2019 жылы қоғамда экологиялық жағдайдың әсерінен туындап жатқан өзекті саланың бірі, дерматовенерология, дерматокосметология (ересектер/балалар) мамандығын меңгеріп шығады.
       Заман көші ілгерілеген сайын, қоғамдағы қай сала болмасын жаңашылдық пен жаңа білімдерді игеруге итермелейтіндігі ақиқат. Қазіргі қоғамда оқимын, үйренемін деген тұлға үшін еш кедергі қарастырылмаған. Бастысы тұлғаның сол салаға деген ынта-жігері мен алға қойылған мақсаты айқын болса болғаны. Міне, кейіпкерімізде қаншама жылдық білім мен тәжірибеге, жас ерекшелігіне қарамастан 2019 жылы аллергология-иммунология (ересектер/балалар) мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие болады. 2019-2021 жылдар аралығында үздіксіз косметология бойынша білімін арттырды. Бұл мамандық шетелде өте жақсы дамығандығы баршамызға мәлім. Ел арасында Нұргүл ханым сияқты білікті мамандар қызмет ететін болса, алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайтын емделушілердің де саны көп болатындығы ақиқат. Нағыз маман ретінде ел арасында өршіп отырған аурулардың бірі әрі бірегейі артық салмақпен күрес, әрі экология салдарынан туындайтын маусымдық аллергия ауруларынан құтылу үшін Нұргүл ханым барынша білімін жинақтап, жан-жақты зерттеулерді қарастырып келеді. Соның бірі 2020 жылы «Персонифицированная диетология» тақырыбына Россиялық онлайн курсын оқып шығып, қазіргі таңда 21 ғасырдың медицинадағы ең жиі кездесетін аутоиммундық проблемалары бар науқастарды дәрісіз, диетамен емдеуді қолға алғандығы көңіл қуантады. Нәтижесі де көңіл қуантарлық. Превентивті медицинаны қазақ халқына насихаттап, аурудың алдын алуды жеткізу мақсатым деп шешіп, қазіргі таңда сол мақсатты жүзеге асыру ниетінде біршама жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде, емделушілердің көбі ауру астан деген қағида және «мы невсеядные» екенін аллергологияда да, аутоиммундық проблемаларда да басты мәселе екенін науқастары көз жеткізгендей. «Аурудың алдын алу құрсақта жатқанда басталу қажет екенін айтып жеткізгім келеді» - дейді кейіпкеріміз. Шетелдің тамағы мен барлық қант қосылған тағамдары көбейгелі соңғы 30 жылда аллергия мен аутоиммундық аурулар жиілегенін әр науқасқа тәптіштеп жеткізуді әдетке айналдырғандығын да жасырмайды.
       2021 жылдың наурыз айында «Эндокриндік органдардың функционалдық жағдайын бағалау» бойынша Ресей мемлекетінің арнайы курсын өтеді. Қазіргі таңда, «Иммунология для клинициста» тақырыбына курс тыңдап, өз білімін жетілдіруде. Сонымен қатар, жоғары санатты аллерголог-иммунолог, дерматокосметолог, иммунодиетолог маманы ретінде қабылдау жүргізіп, келушілердің қарасы күннен күнге көбеймесе азайған емес-ті. Заман көшіне сай, Нұргүл ханым алыс шаһарлардағы науқастарға әлеуметтік желі инстаграмм желісі бойынша осы мәселелерге қатысты қарапайым халық арасында түсінікті тілде ақпарат беріп отырады. Әр науқасқа кішкене болса да көмегі тисе, нұр үстіне нұр деп білетін кейіпкеріміздің бұл қасиетінен әкесінің тәлім тәрбиесін көріп отырғандаймыз. Әрине, әйел адамына жұмыспен қатар үй шаруашылығы, бала-шаға тәрбиесі-
мен қатар инстаграмм желісінде жүргізу үлкен еңбек. Еңбектің ақталғандығы желі барысында оқырмандарының толтыра жарыса жазған лебіздері кімнің болсын зейінін ашып, ары қарай бағындырар белестің көп екендігіне шабыт беретіндей.
       Сапалы білім алудан жалықпаған дәрігер бұл күндері асыл ана, аяулы жар. 
       1998 жылдың тамыз айында Еркибаев Нұрлан Жарылқасынұлына тұрмысқа шығады. 
Берекелі отбасында 23 жылдан бері жолдасымен тату-тәтті өмір сүріп, екеуі бір ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр. Балалары: Дархан, Азиза, Іңкәр, Балым.Тұңғышы Азиза М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің аграрлық факультетін қызыл дипломмен бітіріп шықты. Биыл, 2021 құтты орнына қондырды. Ұлы Дархан Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі «Архитектура және дизайн» факультетінде ақысыз білім алуда, 3-курс 
студенті. Іңкәр және Балым қыздары әлі мектеп оқушылары. Мектепте оқу озаттары. Оқуда жақсы көрсеткішкерге жетіп, мақтау қағаздарын алып, ата-аналарын қуантуда.
       Қорыта келгенде, еңбек жолын адал атқарып, науқастарының жағдайына жай-күйіне жаны ауыра білген нағыз маман Нұргүл Құрбанқызының ғибратты өмірі өскелең ұрпаққа өнеге 
болары сөзсіз. Кейіпкеріміз Нұргүл ханымға мамандығының майталманы болып, медицина 
саласының іргетасын қалыптастырар тірегі боларына сенім артып, отбасыңызға шынайы бақыт, басыңызға амандық тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...