![]()
Алғыс арқалаған абзал азамат
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады», - деген екен ұлы Абай. Расында, адамгершілік бұл рухани тәрбие. Адамның адамгершілігі оның жоғары қасиеті, былайша айтқанда к
![]()
ісілігі. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершілігі мол адам басқаларға қашанда үлгі-өнеге. Адамға қойылатын басты талап та осы, асыл да ізгі адамшылық қасиеттерді бойына сіңіре білуінде. Себебі, адам өзінің қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақты. Сондай азаматтың бірегейі –Ештаев Құрбан Абылұлы. Өзінің саналы ғұмырында еңбегімен еленіп, биіктерді бағындырып, көптің алғысын арқалап келе жатқан абзал азаматты қалай дәріптесек те жарасатындай.
Ештаев Құрбан Абылұлы 1949 жылы 12 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Шымкент облысы), Мақтарал ауданы, Еркіншілік колхозында дүниеге келген. Әкесі – Абыл Сырдария өңірінде дүниеге келген жаны жайсаң, адамгершілігі мол, кісіге өте қайырымды, бауырмал, еліне ерекше ықыласы мен құрметін аямаған азамат болған. Абыл 30 жасында, інісі Пернебай 19 жасында 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанар алдында сол әулеттің ишаны «Екеуі де елге аман-сау оралады, бірақ Пернебай ауыр жарақат алады» деп жорыған екен. Абыл 1945 жылы соғыстан аман қалып, эшалонмен тікелей Жапон соғысына аттанады. Сөйтіп, еліне 1947 жылы оралады. Ал Пернебай 9 рет ауыр жарақат алып, Сталинград шайқасына қатысып, Берлинге дейін барып, еліне аман оралады. Соғыстан кейінгі жылдары екеуі де колхоздануға белсенді қатысқан азаматтар. Абыл бастапқыда партия ұйымының хатшысы болып, кейін темір жол салу бригадирі, одан колхоз председателі болып қызмет етеді. Ағайындылар шыншыл, адал болмыстарының арқасында абыройлы болып, ұрпақтарына үлгілі мұра қалдырды. 13 қызметкердің арасынан екеуі ғана жемқорлыққа қарсы соттан аман қалуы олардың қаншалықты ардың адамы екенін дәлелдеп тұрғандай еді. Болашақ ұрпақтары үшін үлгі-өнеге аларлық, кейінгіге ғибрат боларлық үлкен тұлғалар болды. Анасы Бибара сол өңірден Меккеге алғашқылардың бірі болып барған Смаил қажының қызы болатын. Смаил қажы шығыс медицинасын меңгерген, көкірек көзі ояу кісі еді. Бибара апаның бойында әкесінің қанымен берілген емшілік қасиеті болған екен. Абыл ата мен Бибара апа екеуі Мақтарал ауданында жемісті еңбек ете жүріп, бес ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың бәрін жоғары оқу орындарында оқытып, білікті маман болуларына көп еңбектенді. Үш ұлы оқуды алтын медалмен тәмамдап, одан жоғары оқу орындарын «Қызыл дипломмен» бітірген. Бүгінде ұл-қыздары еліміздің сан алуан салаларында қызмет атқарып, тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып, қажырлы еңбек етуде. Құрбанның дәрігер мамандығын таңдауына анасы Бибараның «Нағашы ата-бабаларың атақты емші, қажы болған. Сен дәрігер болсаң. Елге оралып, халыққа
![]()
қызмет етесің», - деген сөзі себеп болған екен. Бибара апа адам нүктелерін дәл тауып, басып отырып, науқастарды емдеген деседі. Құрбан Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында 1966 жылы орта мектепті алтын медальмен үздікке бітірген. Мектеп табалдырығын тәмамдағаннан кейін жас түлек арман жетегімен 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Ойдағыдай емдеу факультетін үздікке бітіріп, «терапевт» мамандығын алып шығады. Дипломын қолына алып шыққаннан кейін жас маман 1973 жылы Жетісай аудандық ауруханасында дәрігер болып еңбек жолын бастайды. Онан кейін, 1974-1986 жылдары аралығында Мақтарал ауданы, «Заря коммунизма» ауылдық учаскелік ауруханасында Бас дәрігер қызметін атқарады. 1986 -2001 жылдары аралығында Шардара ауданы, Қазақстан ауылдық учаскелік ауруханасында бас дәрігер болып адал қызмет атқарды. Денсаулық сақтау саласының 1 дәрежелі ұйымдастырушысы, 1991-2000 жылдары «Акупунктура және традициондық медицина ассоциацияның» мүшесі болды. 2001 жылдан аталмыш ауруханада жоғары дәрежелі терапевт, рефлексотерапевт қызметін абыроймен атқарды.
Ештаев Құрбан Абылұлы «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1999-2003 жылдары аралығында Шардара аудандық мәслихаттың депутаты ретінде белсенді жұмыс атқарды. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан үлесін қоса білді.
Саналы ғұмырының негізгі бөлігін медицинаға арнап, үздіксіз біліктілігін арттырып, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент, Алматы, Павлодар, Ақтөбе қалаларында біліктілігін арттырып отыр-
ды. 1974 жылы Бердиева Тұрлан Әліқұлқызымен отбасын құрады. Ол да дәрігер лаборант, еңбектегі де, тұрмыстағы да, өмірдегі де мақсаттары бір жандар бір-біріне қамқор болды.
Тұрлан Әліқұлқызы өте мейірімді, еңбекқор, сабырлы да сұлу кісі. Ол өзінің отбасын сабырлыққа, сезімталдыққа, мейірімділікке үйреткен керемет жан. Құрбан Абылұлы бас дәрігер болса да, тәкаппарлық танытпай, күн демей, түн демей үйден науқасты көруге де баратын, тіпті аса қажет болған жағдайда көрші ауылдарға дейін баратын. Терапевт болса да, көпсалалы маман баланы да, үлкенді де емдеп, қолынан келген көмегін аямайтын. Қазірде 72 жасқа келсе де, шақыртуда көп жүреді. Біліктілігін осы күнге дейін арттырып отырады. Үнемі үзбей
![]()
шет елдің кітап-журналдарына тапсырыс беріп, жаздырып алып оқиды. Заманауи ем қолданып, науқастарды емдеп, алғысын арқалап жүрген абзал азамат өте білікті болғандықтан, УЗИ, КТ, МРТ-сыз-ақ диагноз қойып, жүйелі әрі сапалы ем жүргізеді. Оның білімділігі мен біліктілігі үлкен сұранысқа ие азамат. Тіпті еш жерде ем қонбаған науқастардың өзі келіп, сапалы ем алып, алғыстарын жаудырып жататындары бар.
Талай жыл ақ халатына дақ түсірмей, антына адал болып келе жатқан абзал азаматтың көптеген алғыс хаттары бар. Оның атына жазылған көптеген өлең шумақтары газет-журналдарға шыққан. Атап айта кететін болсақ, «Ел сенімін арқалаған Ештаев», «Ештаевтың емінен соң құлан таза айықтым!», «Ақ халатты абзал жан!», «Құрметке бөленген Ештаев», «Дәрігерге ақ тілек», «Өмір жолы көп дастан» атты оның атына жазылған мақалалар, өлеңдер жетерлік.
Құрбан Абылұлы мектептен бастап, студенттік кезінде, тіпті қазір де зейнетке шықса да Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ардагерлер арасында шахматтан чемпион атанған. Шахмат ойыны жайында көптеген кітаптар оқыған. Ой ұшқырлығын дамытатын осы бір ойында жастайынан жақсы көрген ол ойынды тиімді ойнау жолдарын үйрететін кітаптарды оқығанды ұнатады. Сонымен қатар, жақындарына сыйлық беретін болса, оларға домбыра мен теннис үстелі сияқты өнерге, еңбекке, спортқа баулитын заттар сыйлағанды дұрыс көреді. Салауатты өмір салтын қолдайтын азамат өзінің отбасын да соған тәрбиелеп отырған азамат. Ұл-қыздарының бәрін жоғарғы оқу орындарында оқытып, қосымша шахмат, теннис, домбыра үйірмелеріне қатысып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етті. Балалары қалада жүрсе олардың театр, музейге жиі баруларын насихаттап отырады. Сонымен бірге ұрпақтарына табиғатты сүюді үйретті. Уақытты тиімді пайдалануға баулыды. Әр жексенбі сайын дария бойына шығатын отбасы, балық аулап, шомылып мәре-сәре болып, көпке үлгі-өнеге болды. Ұл-қыздары бірнеше рет шахмат пен теннистен 1-ші орын алып, «Мақтау Қағаздарымен» марапатталды. Бүгінде немерелерін де чемпион болуға баулып келеді. Егер жақындарына сыйлық беретін болса, оларға тек домбыра, гитара, глобус, тир, кітап, теннис үстелін беріп келеді. Бұл өзінің ұрпақтарына нағыз өнеге дерлік мұра деуге болады. Қазіргі уақытта ауылға әулет болып жинала қалса, міндетті түрде бала-шаға, немере, күйеу бала-келін, құдалар болып турнир ұйымдастырып, теннистен,
![]()
ұзындыққа секіруден, скакалка ойнаудан, турникке тартылудан, шахмат ойнаудан, дротик атудан керемет сайыс болады. Бұл талайдан келе жатқан отбасылық дәстүр деуге болады.
Құрбан Абылұлының тұңғышы Нұргүл әке ізін жалғап АГМИ-де білім алып, педиатрия бөлімін үздікке бітіріп, бүгінде жоғары санатты аллерголог-иммунолог, иммунодиетолог, дерматокосметолог маманы болып абыройлы қызмет етіп жүр. Ол Шымкент қаласында қабылдау жүргізеді. Отбасында 3 қыз,1 ұл тәрбиелеп отыр. Ұлы Әлімжан – экономист, Алматы қаласында тұрады, 2 ұл, 1 қыз өсіріп отыр. Жазира – ағылшын тілі мұғалімі, «Шипа» қоғамдық бірлестігінің жетекші маманы, осы салада орасан күш-жігерін жұмсап жүрген беделді жан. Түркістан қаласында тұрады, отбасында 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде. Дана – инженер-сарапшы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишимск елді мекенінде тұрады, отбасында 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде. Кенжесі Ерлан – программист, фармацевт. Балаларының үлгілі тәрбиесі мен ізденімпаздығы, білімділігі үшін үнемі мектеп әкімшілігінен «Алғыс Хат» алған Құрбан Абылұлы өзінің балаларын парасатты, мәдениетті, жан-жақты, ізденімпаз, қамқор әрі адал етіп тәрбиелей білді.
2007 жылы 2 жыл аралығында «Шипа» дәрігерлік қауымдастығы қоғамдық бірлестігін
ұйымдастырып, директор қызметін атқара отырып, ауқымды шаралар жүргізді. Ол қауымдас-
тықтың мақсаты халық арасында медициналық көмектің қолжетімді түрлерімен тұрақты және тегін қамтамасыз ету болатын. Сонымен қатар, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық және жас мамандарды қолдап, көмек көрсету, сауықтыру орталығын ұйымдастыру болатын. Жоба серіктестіктері «Береке» қоғамдық бірлестігі, Оңтүстік Қазақстан облысы «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар ассоциясымен бірігіп, Европалық одағының қаржыландыруымен бірнеше жобаны жүзеге асырды. Өзекті тақырыптарға кең ауқымды іс-шаралар жүргізді. «Қауымдастықты мобилизациялау арқылы әлеуметтік жобаларды дайындау және басқару қағидалары» және «Гендерлік теңдік және адам құқығы» атты тренингтер аясында түрлі жобалар жүргізілді. Атап айтқанда, «Жастар, жасөспірімдер және бүлдіршіндерді кеңінен ақпараттандыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» жобасы аясында «Күйзелістің алдын алу», «Насыбай – қауіпті ермек», «Көгілдір экран зияны», «Темекі тарту зардабы», «Суық су – саулығың», «Маскүнемдіктің алдын-алу» тақырыптары қамтылды.
Сонымен қатар ауданнан шыққан дзюдо, қол күрес әлем чемпиондарымен жасөспірімдердің кездесуін өткізіп, жас ұрпақтың спортқа деген құлшынысын арттырды. Ер намысын қолдан бермей, ел мерейін үстем еткен жеңімпаз спортшылармен, жасөспірімдердің арасында алтын көпір болды. Ерекшелеп айтып өтер нәрсе, қол күресінен әлем чемпионы, аудандық спорт бөлімінің бастығы Қарсыбаев Арманның кейіпкерімізбен бірлесе жұмыс жасауы, чемпионды ауылға жіберіп кездесу өткізуі, аудандық деңгейде
өткізілген іс шаралардың алды еді.
![]()
Чемпиондармен кездесу, әрі спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Тренерлерді дайындау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстары балалар-жасөспірімдерді кеңінен қамтыды.
Еріктілер қызметін дамытып, мектеп мұғалімдерін жоғарыда аталған тақырыптармен жіті таныстырып, оларды осы тақырыптар бойынша сабақ өтуге дайындады.
«Ақпараттық ресурс орталығын құру арқылы Алатау Батыр ауылы (бұрынғы Қазақстан ауылы) жастарының потенциалын дамыту» жобасы кезінде «Қолөнер курсы» ұйымдастырылып, қыз-келіншектерді тегін оқытып, үйрететін тігіншілік курсы ашылды. Сонымен бірге, Шардара ауданы әкімшілігінің тапсырысымен «Үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар және тағы да басқа азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері және үкіметтік емес секторды дамыту проблемалары» жобасы іске асты. Осындай ел әлеуметін көтеретін жобалардың барлығы Еуро Одақтың қаржыландыруымен өткізілді.
Құрбан Абылұлының маңдай тер еңбек жолында жеткен жетістіктері де жетерлік. Оның омырауында бірнеше медальдар мен төсбелгілер жарқырап тұр. Мәселен, атап айтсақ: «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай, еңбек жолындағы үздік қызметі үшін «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН!» төсбелгісі, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалі, сонымен қатар, «Шардара ауданына 55 жыл» мерекелік төсбелгісі. 2014 жылы «Халық таңдаған қалаулылар» атты Шардара аудандық кітабына елеулі еңбегі үшін енді. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласында көп жылдық жемісті еңбегі және облыс халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы басқарма бастығынан, «Нұр-Отан» ХДП атынан, Шардара аудандық әкімдігінен, Қазақстан ауылдық округі әкімінен «Алғыс Хат» және «Құрмет Грамоталарымен» бірнеше рет марапатталған. Білікті, тәжірибелі маман, күш-жігерін ауыл халқының денсаулығын жақсартуға бүкіл өмірін арнаған маман, бүгінгі күнде зейнетте болса да, үздіксіз білімін дамытып, халықты емдеп, аурудың алдын-алу абзал екенін насихаттап, рефлексотерапия емін жемісті қолданып, ұл-қыздарына, немерелеріне, бауырларына үлгі болып отыр. Құрбан Абылұлы өте бауырмашыл, ағайын десе ішкен асын жерге қоятын, адамгершілігі мол, ықыласы мен көмегін аямайтын, алтын жан. Бердиева Тұрлан Әліқұлқызымен 1974 жылы отбасын құрып, бүгінде Алла қосқан аяулы жары екеуі үш қыз, екі ұл тәрбиелеп, олардан 12 немере сүйіп отыр. Ол кісі де дәрігер лаборант, еңбектегі де, тұрмыстағы да, өмірдегі де мақсаттары бір жандар. Осындай мерейлі отбасы қоғамымызда көп болса дейміз! Елдің денсаулығына сақшы болған азаматтың өзіне де мықты денсаулық пен берекелі ғұмыр тілейміз!