Нұрберген Жанна

Рейтинг:

Денсаулық күтуді дәріптеген диетолог

      Адамдардың өмір сүру деңгейі өзгерген сайын, тамақтануы да өзгеріске ұшырайды. Жаңа тамақ түрлерінің шығуына байланысты адамдардың күнделікті тамақтану үрдісіне де өзгеріс ене бастады. Әрине, жаңа тағамды жеп көріп, құнарлы тамақтанған жақсы. Бірақ, біздің күнделікті тұтынатын тамақтарымызды қадағалап, реттеп отырған әлдеқайда маңызды. Оның үстіне қазір үлкен де, кіші де, жас әрі сымбатты көрінуге тырысады. Алайда, көбісі дұрыс тамақтану ережелерін біле бермейді. Себебі, оларға диетолог маманның көмегі ауадай қажет. Оның үстіне қарбалас тіршілікте «әйтеуір қарнымыз ашпаса болды» деп көшеден жылдам дайындалатын, құрамында қоспасы көп тамақтарды сатып ала саламыз. Ал әлгі жылдам дайындалатын тамақтар біздің ағзамызға керек пе, керек емес пе, зиян ба, зиян емес пе ескере бермейміз. Әр нәрсені бір жеудің салдарынан біз өз-өзімізге қолдан ауру жасап аламыз. Бұл жағдайлар күнделікті таныстарымыздың арасында да кездесіп жатады. Естіп қоя саламыз, мән бермейміз. Ал шын мәнінде біреу «Асқазаным ауырып жүр» десе, сізге «Дұрыс тамақтан!» деген белгі.
      Бүгінде желідегі қазақ аудиториясына ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын үйретіп жүрген Нұрберген Жанна Нұрбергенқызының ұстанымы да осы. Ол әрбір қазақтың дұрыс тамақтанып, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Өйткені, ол дәрігер-диетолог. Жанна Нұрбергенқызы – Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ақсай қаласында өткен. Мектеп бітіріп, түлек атанған шақты ол халыққа пайдалы мамандық бойынша білім алуды көздеді. Ақырында медицина саласына бетбұрды. 2015 жылы Астана медицина университетін тәмамдап, диетолог атанды. Мамандығына машықтанып, алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Орал қаласындағы №4 емханада дәрігер болып бастады. Үлкен ұжымда өз орнын тапты. Жауапкершілігі мен табандылығының арқасында тәжірибе жинады. Кәсіби тұрғыдан өсті. 2018 жылдан бері Қазақ тағамтану проблемалары институтында жұмыс істеп келеді. Кез келген іске білек сыбана кірісіп кететін Жанна Нұрбергенқызының қазіргі таңда жеке оқу орталығы бар. «Dr.Nurbergenovna» оқу орталығының басшысы. Осы орталықта 2020-2021 жылдары 200-ден астам шәкірт-диетологты дайындап шығарған. Бүгінгі таңда шәкірттері де білгенін іс жүзінде қолданып, көпшілікке көмектесіп жүрген жандар.
      Осы орайда «Бір адам от жақса, мың адам жылынады»,- деген ұлағатты сөз дәл Жаннадай іскер әйелге арналған секілді. Бұлай деуіміз де тегін емес. Мысалы, ол негізін қалаған «Dr.Nurbergenovna» орталығынан осы күнге дейін қаншама адам білім алды, сол арқылы жұмыс тапты. Еңбек етіп нәпақасын тауып келеді. «Қазір коронавирустық ахуал күшейген тұста, үйде отырып-ақ ақша табатын, өз кәсібін жүргізетін қыз-келіншектер көбейді. Әрбір адам желі арқылы білімін, білгенін бөлісе алады. Ақыл-кеңес сұраған жандарға мамандығы бойынша көмектесе алады. Маған бастапқыда «Дұрыс тамақтану саласынан білетінімді неге басқаларға үйретпеске?,- деген ой келді. Содан білгенімді жүйелеп, әлеуметтік желіні белсенді қолдана бастадым. Дұрыс тамақтану 
бойынша білген ақпараттарымды пост ретінде жазып отырдым. Қазір кәсібім де, табысым да жаман емес», - дейді Жанна Нұрбергенқызы. 
      «Еңбек етсең, емерсің»,- деп халқымыз текке айтқан ба? Іскер Жанна бұл күндері білімі мен еңбегінің жемісін көріп отыр. 2020 жылы «Most Fashion Awards» халықаралық премия бойынша «Үздік дәрігер-диетолог» номинациясының иегері атанды. 2021 жылдың «Үздік диетологы» болды. Қазір тұрмыста, 4 баланың анасы. Күнделікті үйдің шаруасы мен өз кәсібін қатар алып жүруден шаршамайтын Жанна әлеуметтік желіде өте белсенді. Instagram желісінде аурулар профилактикасын, денсаулықтың сырын насихаттаушы блогер. Одан кеңес сұрайтындардың да қатары қалың. 
      Осы орайда, тәжірибелі диетологтан «дұрыс тамақтану дегеніміз не?» деп сұрауды жөн көрдік. Жанна Нұрбергенқызы: «Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл – салауатты өмір салты дер едім. Дұрыс тамақтану кезінде көптеген ағзаға зиянды тағамдардан (газды, тәтті сусындар, жылдам дайындалатын тағамдар және жартылай фабрикаттар т.б.) бас тартасыз. Адам азғасы аталған тағамдарсыз-ақ өз қалпын сақтай алады. Адам қандай тағам жесе, оның ағзасы сол заттардан тұрады», - деп жауап берді.
      Сондай-ақ, диетологтың айтуынша, әлемде адамдар дұрыс тамақтануды ұйымдастыру проблемасына барған сайын жиі ұшырайды. Дұрыс рацион – ұзақ өмір кепілі екені ешкімге де құпия емес. Алайда, өмірдің қарқынды ритмі және диетология мәселелеріндегі білім деңгейінің төмен болуы, зат алмасудың бұзылуы және артық салмақпен байланысты аурулардың жиіленуіне ықпал етеді, бұл жыл өткен сайын арта түсуде. Мұнымен күресудің бірден-бір жолы дұрыс тамақтану. 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
24 февраля 2022 08:51
Айнура

Әр бастаған қадамың өрге жүзсін! Еңбегің жемісті болсын👍🏻
24 февраля 2022 01:19
Даметкен

Құттықтаймын! Еңбегіңнің жемісін көр! Табысты бол🙏
9 октября 2021 18:48
Нурберген

Құттықтаймын

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...