![]()
Еңбегі еленген дәрігер
Біздің айналамызда өзінің саналы ғұмырын, бойындағы бар энергиясы мен жастық шағын, уақытын көмекке мұқтаж жандардың игі
![]()
лігі үшін еш аяп қалмастан арнап келе жатқан жан дүниесі сондай таза, мінезге бай отандастарымыз бар. Адам баласы жаратылысынан жақсылыққа қарай саналы не бейсаналы түрде бұрылып тұратыны белгілі жайт. Ешқандай адам бұл фәни дүниеге жауыз болып келмейді. Керісінше, бейкүнә періште сипатпен туылып, кейін келе неше түрлі сыртқы күштердің ықпалыменен, қисық жолға түсіп кетіп жатады. Ойлы көзбен қарай алған адамға жердің бетіндегі тіршіліктің тоқтамай тұруы да адам баласының бір-бірін жақсы көре алатын, жақсылық жасай алатын, шарапаты мол істерге құмар болуынан да шығар, бәлкім. Біздің өзіміз өмір сүріп, тіршілік жасап жатқан шағын ғана ортамыздың өзі жылу мен мейірімге соншалықты деңгейде мұқтаж. Дәл қазіргі таңда, күн сайын төбе шашыңды тік тұрғызатындай небір жайсыз, жағымсыз жаңалықтардың қаулап кеткен уақыты. Осындай аласапыран заманда айналамыздағы ет-жақын жандарға шын риясыз көңілімізбен жақсылық жасай алсақ, жақсы көре алсақ нұр үстіне нұр. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз отандық денсаулық сақтау саласына өзінің өмірін арнап келе жатқан тамаша жан, тері ауруларын ғылыми тұрғыда зерттеген дәрігер Қанатбаева Гүлайым. Кейіпкеріміздің балалық шағынан бастап қазіргі өмір тынысы жайында өзімізге мәлім болған жайттардың басын қосып, тоқтам жасасақ деген ниеттеміз.
Адам баласының туып өскен атамекені оның өміріне жоғары деңгейде әсер етуші ең маңызды фактор десек те болады. Халық арасында адам топырағына тартып туады деген ерекше даналық сөз бар. Кір жуып, кіндік кескен жердің адам жанына қай кезде де ыстық болатыны айтуға сөз жетпейтін таңғажайып хикметке толы нағыз феномен. Біздің кейіпкеріміз Гүлайым ханым Ақтөбе облысында 1965 жылы наурыз айының он алтыншы жұлдызында дүние есігін ашқан екен. Қазақы тіршілік кешіру салтының мықтап сақталған орталығында қарапайым ғана қазақ отбасында дүниеге келген адамның жаны нәзік әрі кез келген адамға көмек бергісі келіп тұратын дархан мінезге ие болатыны бар. Бір жанұядағы жеті бірдей бала бір-бірімен тай-құлындай тебісіп өседі. Гүлайым ханым үйдегі қыз балалардың үлкені болғандықтан үй ішіндегі жұмыстарың көпшілігіне жауапты болатын. Аяулы аналарының мезгілсіз қазаға ұшырауы жеті бірдей бүлдіршіннің жалғыз әкенің қамқорлығында өсуіне алып келген ауыр жағдай болды. Қыз бала үшін ананың тәрбиесі, ананың орны әманда ерекше болатыны бесенеден белгілі. Қатал өмірдің тосыннан келіп тұратын ауыр соққысына көп адамның шыдас бере алмай жататыны түсінікті жағдай. Осындай қабырғаны қаусатып кеткен ауыр қазаның салмағына мойымаған, морт сынбаған асқартаудай әке жеті бірдей баласының жоғары білім алуларына, үлкен мамандық иесі болуларына қолына
![]()
н келгенше жәрдемін аямады. Сол балаларының ішіндегі қыздарының үлкені болған Гүлайымы бір төбе.
Жастайынан зерек, алғыр болып ержеткен қуыршақтай қыздың дәрігер болуға деген үлкен қызығушылығы көрініп, мектеп қабырғасында оқып жүрген уақытта осы мамандықтың қыр-сырын меңгеруге деген құлшынысы арта түседі. Қазақ атамыз: «...болар бала он үшінде баспын дейді, болмас бала отызында жаспын дейді...», - деген нақыл сөзі қай заманда да өзінің маңызы мен өзектілігін жоймайды деуге толық негіз бар. Біздің кейіпкеріміз ес біліп, етек жапқан жасынан бастап, айналасындағы ауруға шалдыққан науқас жандардың дертіне дәру тапсам деген риясыз арман мен мақсаттың соңына ерген жан.
Мектеп қабырғасындағы оқуын ойдағыдай тәмамдағаннан кейін, Қытай
Халық Республикасының астанасы Пекин қаласындағы медициналық академияға құжаттарын тапсырып, оқуға сәтті қабылданады. Жоғары оқу орнында тәлім ала жүріп адам денесіндегі ақ дақтардың не себепті ұзақ жылдар бойына кетпейтіні қатты қызықты, осы жайт төңірегінде ойлана бастайды. Мәселені тереңірек зерттеу мақсатында медициналық академияны аяқтағаннан кейін, Пекин қаласында зерттеу институтында екі жылдай білімін арттырады. Денедегі аталмыш ақ дақтар, яғни, медицина ғылымы тілінде «витилиго» ауруын терең түрде зерттеп, осы ауруға шалдыққан науқас жандарға көмек қолын созуға тырысып бағады. Нәзік жанды адамға атамекеннен жырақ жатқан сонау шалғайдағы елде жүріп, жауапкершілігі тым ауыр мамандықты меңгеру оңайға түспегені белгілі.
Кәсіби дәрігер ретіндегі еңбек жолын Қызылорда қаласындағы теміржол ауруханасында бастайды. Себебі, адам терісіндегі ақ дақтардың болуы, яғни, «витилиго» ауруы аталмыш өңірде көп тарап кеткен болатын. Гүлайым ханым жұмысына кіріскен уақыттарда аталған аурудың қатты етек алмай тұрған кезі болатын. Артынша, әсіресе, жастар арасында көп таралып, аталған аурумен тыңғылықты түрде күресу керек болады. Дәл қазіргі таңда, «витилиго» ауруына шалдыққан науқас жандарды дертінен сауықтыру нақты медициналық және ғылыми түрде жолға қойылған.
![]()
Біздің көшпенді тіршілік кешіп, осыншама ұланғайыр атырапты аттың жалы мен атанның қомында жүріп үрім бұтағына аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың келер заманда қапысыз болжап айтқан данагөйлігі мен ақылмандығы өз алдына үлкен бір феномен. Дүниенің бетіндегі жаратылыстың барлығын дерлік сау ақылдың таразысына тартып, кейінгі келетін ұл-қыздарын дұрыс өмір сүрудің өлшемдерін анық ашықтап беріп кеткен. Мысалы, байлық туралы әр халықтың өлшемі әр түрлі. Ал біздің бабаларымыз: «...бірінші байлық-денсаулық...»,- деген. Асылында, денсаулығында кінәраты бар адам қандай болмасын бір тірлікті жасауға қауқарсыз, дәрменсіз хәлге түсетіні белгілі. Денсаулықтың қадірін ауру мен қарттық келмей тұрып түсінген адам аз ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жетіп, айналасындағы алыс-жақын ағайынға шарапатын молынан тигізетін қайырымды жанға айналады. Ал енді денсаулық сақтау саласында тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандарымыз дәл қазіргі кеңінен етек жайып, қаншама отандасымызға мезгілсіз ажал жеткізген жұқпалы ауру тарап жатқан уақытта бойларындағы бар күш-қайратын науқастарды аман алып қалуға жұмсап жатыр. Бұл нағыз ел мен жұрт үшін жанкештілікпен жасалған тарихи ерлікке пара-пар келетін қарекет десек болады.
Қанатбаева Гүлайым қазіргі таңда денесін ақ дақтар қаптаған науқастарды дертінен айықтыру мақсатында көптеген медициналық шараларды тәжірибе жүзінде қолданып, ем жүргізіп жатыр. Қаншама адамдардың бас ауруына айналған «вигилиго» ауруымен күресіп, ауыз толтырып айтарлықтай үлкен нәтижелерге жетіп жатыр. Әуелден барлық адамдарға жүрегінен жылу таратудан өміріне мән мен мағына дарытуды сүйетін адамның бұл фәниден бақыт пен бақ мүлдем мақұрым қалуы мүмкін емес деген ойдамыз. Дәл қазіргі уақытта адам адамға қасқыр деген суықтау концепцияны жоққа шығара алмайтындаймыз. Алайда, қай дәуірде де зұлымдық пен айуандықтан алдына жан салмайтын адам атына лайықсыз болған өте жағымсыз типтер болған. Бірақ сондай замандарда жақсылық пен жанашыр-
лықты ту қылып ұстаған қайырымды, жаны жомарт адамдардың болғанына еш күмәніміз жоқ. Олай болатын себебі, жамандық әбден күш алып кеткен жерге жақсылық атаулының кешігіп болса да жететіні заңдылыққа айналып кеткен десек болады.
Қорыта келе, біз бүгінгі кейіпкеріміздің бар болмысын, адами бет-бейнесін аша алдық деген ойдан аулақ екенімізді жеткізгіміз келеді. Алайда, осындай мінезге бай тамаша адамның біз жұтқан ауамен тыныстап, біз көрген ыстық пен суықты ол кісі де сезініп жүргенін жеткізгіміз келді. Осындай, жақсы адамның жанында жүргені, сенімен қаны бір, жаны бір бауыр екендігі көңілге соншалықты медеу етуге тұрарлық дүние. Қазіргі күнде Қанатбаева Гүлайым Қызылорда қаласында туыс-туған мен дос-жаранның ортасында байқуатты тіршілік кешіп жатыр. Асқар тау әкесі 88 жастағы немере мен шөбере сүйіп отырған бақытты ақсақал. Апайымыздың алтын асықтай екі перзенті мен төрт бірдей тәп-тәтті немересі бар. Ұлы – Қуаныш Европада білім алып, шет елдік «Марс» компаниясында жұмыс жасап жатыр. Қызы – Азиза Ішкер істер қызметінде, бір қызы бар.
Сөз соңында, Гүлайым апайымыздың басы аман, бауыры бүтін болсын деп тілек білдіреміз!