Оспанова Жанар

Рейтинг:

Асыл адам, кең жүрек

      «Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын, Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын, Дәрігерді жаратқан ғой тәңірім, Адамдарға рахымы мол болғасын! Бір өзіңе аударғанда зейінін. Сезінесің періштедей пейілін, Дертке шипа, жанға қуат болғандай. Дәрігердің көзіндегі мейірім!», - деп Баянғали Әлімжанов өлеңге қоспақшы, дәрігер – Алладан кейінгі жаныңа араша түсетін ақ халатты абзал жан. Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың. Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Сол азаптан құтқаратын жан, ол – Дәрігер! Бүкіл тағдыры мен еңбек жолын қағаз бетіне қаламмен түсіру тез болғанымен, адалдық пен мейірім, жауапкершілік пен махаббатты жанарынан тамшылатықан дәрігер болу оңай емес. Бұл мамандық жайында осы саланың білікті мамандары: «Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек», - дейді. Дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Себебі, дәрігер – күрескер адам. Ол жұмысын күресумен өткізеді. Қатерлі дертпен күреседі, ажалмен күреседі.
      Пандемияның торы шырмаған бүгінгі таңда ақ халаттылардың абыройын көтері, адал антына кіржұқтырмай, тұрғындарға көмек көрсетіп, елдің алғысын алып келе жатқан аяулы жандарымыздың бірі, «Салауатты Астана» ЖШС-нің директоры Оспанова Жанар Мықтыбекқызы. Кейіпкеріміз туралы таратып айтсақ, Жанар Мықтыбекқызы 1977 жылғы 23 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Өнер мен мәдениеті дамыған, талай ақтаңдақ тұлғалардың табан ізі қалған өлкеде бақытты балалығын, өткізіп, ауыл төріндегі мектептен білім алған соң, дәрігер болу мамандығын таңдаған Жанар Мықтыбекқызы 2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, осы оқу орнында 2000-2002 жылдар аралығында терапевт дәрігер ретінде интернатурадан өтті. Әр ісіне ерекше назар аударып, бастаған ісінің нәтижелі болуы үшін бар күшін аянбайтын, жасаған ем-домының артында адамның тағдыры жатқанын, үлкен жауапкершілікті түсінген жас маман еңбек жолын 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының «терапия» факультетінің ассистенті ретінде бастады.
      Осы медицина саласының білікті маманы болуды көздеген Жанар Мықтыбекқызы еңбек ете жүріп, 2006-2009 жылдары Мирас университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураның толық курсын бітіріп, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша «Магистр» академиялық дәрежесі және «Менеджмент магистры» деген біліктілігін алды.
      Төзімділік пен мейірімділікті талап етіп, медицина жолына шырақ алып түскен жас талапкерлерге жол сілтеп, қолдай білген ол 2009 жылға дейін терапия факультетінің ассистенті болумен қатар, ішкі аурулар кафедрасының оқытушысы қызметін қоса атқарды. Одан арғы қызметінде Шардара аудандық емханасында аудандық терапевт қызметін атқарып, 2010 жылы Шардара аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Қай жағынан алғанда да сауатты, қоғамдық ортамен еркін араласатын, басшылық, ұйымдастырушылық қабілеті басым Жанар Мықтыбекқызы қызмет етумен қатар, өзінің оқып-тоқығанын түйіндеп, тәжірибесінен көргенін бір ізділендіріп, ғылыми жобалармен айналысты. Еңбексүйгіш, өзіне ұнаған істі аяғына дейін жеткізбей қоймайтын өжет дәрігер ғылым саласының тереңіне көз жүгіртіп, біраз еңбектер жазып, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы медицина саласына тигізген көмегі мен ғылыми ізденісі үшін 2010 жылғы 25 маусымда Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Медицина ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді.2013 жылдың желтоқсаннан Шардара аудандық емханасының бас дәрігері қызметін атқарған Жанар Мықтыбекқызы емхана ісінің алға жүріп, тұрғындарға тиімді қызмет көрсету мақсатында айтарлық жұмыстар жүргізе білді. Емхана ішін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуіне зор күшін салды. Басшылық еткен сол жылдары ауданда травматологиялық дене жарақатын алу фактісі бойынша жедел медициналық көмек көрсету мақсатында 2014 жылы Шардара аудандық емханасында 20 төсек-орындық күндізгі стационарлық хирургия және травматологиялық амбулаториялық бөлімі ашылып, медициналық құрал-жабдықтармен қамтылды.2016 жылғы 1 маусымда Шардара аудандық емханасына қарасты қауіптік мінез-құлық факторлары жөнінде облыс деңгейінде алғашқы рет «Денсаулық мектебін» дербес бөлімі ретінде Шардара ауданында ашылуға сеп болған Жанар Мықтыбекқызы 2017 жылдан Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, 2019 жылы Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бірінші орынбасары лауазымды қызметтерін атқарып, 2020 жылдан бастап «Салауатты Астана» ЖШС-нің директоры лауазымында жұмыс жасап келіп, 2021 жылдың 24 мамырынан бастап Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының бұйрығымен Жамбыл облысы, Мерке аудандық орталық аурухана бас дәрігері қызметін атқаруда.
      Еңбек еткен жылдары ұдайы білімін дамытып, біліктілігін арттыру үстінде болған Жанар Мықтыбекқызы халыққа тиімді, ыңғайлы, сапалы медициналық көмек көрсетуді, инновациялық технологияларды ендіру, халықтың медициналық сауаттылығын күшейту мақсатында 2017 жылы 21-25 тамыз аралығында Корея елі, Сеул қаласында өткізілген «Gyeonggi» халықаралық Медициналық Ассоциациясында «Міндетті медициналық сақтандыру», «Медициналық ақпараттандыру жүйесі», «Инсульт кезіндегі медициналық көмек көрсету менеджмент» тақырыптары бойынша біліктілігін жетілдірді. Елге келген соң, тәжірибеден туындап, өзге елден алған білімін жергілікті дәрігерлерге көрсетіп, емдеу сапасын арттыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас дәрігерлерін ұйымдастырып, осы топқа басшылық жасап, тәжірибесімен бөлісті.Еңбек пен жетістік оңай жолмен келмейтіні анық. Оған көп уақыт, қажырлы еңбек, тынымсыз ізденіс пен жаратқанның сый етіп беретін ерекше қабілеті болуы керек. Бұл жағынан алғанда бүгінгі кейіпкерімізді бақытты жандардың сапынан көре аламыз. 2018 жылы ауруханаға қосымша ғимарат салынып, «Триаж» жүйесі бойынша жұмыс жүргізілетін бөлімше ашылуына көп еңбек сіңірген Жанар Мықтыбекқызы 2019 жылы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК базасында Қазақстан Республикасы 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын әзірлеу үшін тақырыптық жұмыс тобына қатысты.Басшылық қызметте жүрсе де, ауданның денсаулық сақтау ісіне, қоғамдық өміріне белсене араласып, медицина саласының дамуына үлес қосып, зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбектер жазған білікті басшы, алтын қолды дәрігерге 2019 жылдың наурызында Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланған, «Академик» ғылыми атағы берілді.Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек (ПМСП) бойынша штаттан тыс бас маманы болып тағайындалып, 2019 жылғы наурыз айында республика бойынша алғашқы болып медициналық-санитарлық көмек көрсететін «Ситуациялық орталық» ашылуын ұйымдастырған Жанар Мықтыбекқызының атқарған қоғамдық жұмыстары мен ғылыми жаңалықтарына, еңбектеріне, жетістіктеріне зер салып көрсек. Еліміздегі дені сау ана мен дені сау баланы көбейту, демографиямыздың артып, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету мақсатында, ескіні жаңарту және пайдалану, арқанға асылып босану тәсілін алғашқы болып, 2019 жылғы сәуір айынан бастап Шардара аудандық орталық ауруханасында бас дәрігер орынбасарларына, барлық бөлімше меңгерушілеріне, әкімшілік қызметкерлеріне «Менеджмент в здравоохранении: миссия, цели и приоритеты» тақырыбында тәжірибелік оқыту өткізіп, коорпоративтік басқару бағдарламасын енгізген бірден-бір дәрігер.
      Қазақстан Республикасының акушер-гинеколог дәрігерлерінің және Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының бас мамандарының қатысуымен, 2019 жылғы 9-10 сәуір аралығында «Тиімді перинаталды технологиялар» тақырыбында республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырса, «Триаж» жүйесінің, міндетті медициналық сақтандырудың жаңа жүйесін ендіру, Стамбул қаласындағы медициналық ұйымдардың ішкі жұмыстарымен танысу мақсатында 2019 жылғы 24-29 тамыз аралығында Түркия елінің клиникалық базаларында іс тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, 2019 жылғы 16-20 желтоқсан аралығында Түркия елінің «Dialog Health» мекемесінде «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінде жұмыс істейтін озық тәжірибе орталықтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу» тақырыбында тренингтен өтіп, 2014-2019 жылдар аралығында Шардара ауданының әйелдер қауымдастығының мүшесі болған Жанар Мықтыбекқызы «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерв мүшесі.
      Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) бойынша штаттан тыс маманы болып тағайындалып, нәтижесінде аймақтағы барлық МСАК жол карталары мен ауруханалық қызметтердің сапалы әрі табысты жүзеге асырса, Түркістан облысында денсаулық сақтауды корпоративті басқаруды жүзеге асырудың бас штаттан тыс үйлестірушісі қызметінде де нәтижелі жұмыстарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 6 айлық жұмыс уақытында, ДСДРО рейтингіне сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен қалалары арасында 4 орынға көтеріліп, Бақылау кеңес мүшелері, МҰ әкімшілік қызметкерлері үшін 30-дан астам семинарлар өткізілді, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бақылау кеңес хатшыларына арналған тренингтер ұйымдастырылды. МСАК жүйесінде «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикоррупциялық қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің» басшылығымен бірлесе отырып «Адалдық алаңын» ұйымдастырды.
      Тізіп айтсақ та, түбі көрінбейтін кейіпкеріміздің атқарған істерін бір мақаланың көлеміне сыйдыру мүмкін емес. Десек те, «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»,- деген қазақтың тәлімді сөзінің аясынан шығып кете алмай, елеулі еңбектерін жазып өткенді жөн көрдік. 
      Жанар Мықтыбекқызы басшылық еткен жылдары аудан денсаулық саласында үлкен бір серпіліс пайда болып, көптеген жұмыстар атқарылды. МСАК-та қалпына келтіру қызметі мен психоәлеуметтік көмек бөлімі қайта құрылды және енгізіліп, Түркістан қалалық емханасы негізінде озық тәжірибелер орталығының (Центр лучших практик) ашылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігін бақылау (аудандық қызметтегі қайта құру жұмысын бақылау және ұйымдастыру, аудандық қызмет персоналын оқыту), ауруларды басқару бағдарламасын (ПУЗ) іске асыруды бақылау, соның ішінде, аймақтар бойынша мақсатты индикаторларды орындау, сәтті тәжірибелерді енгізу және аймақтағы басқа МСАК ұйымдарына тәжірибемен бөлісу, алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында денсаулық сақтауды цифрландыру жұмыстарын қарқынды жүргізе білді. Нәтижесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының ісі алға басып, тұрғындарға қызмет етуде тиімділігі артты.
      Денсаулық саласына оң өзгерістер әкелген озық тәжірибиелер орталығы (Центр лучших практик) жанындағы оқу орталығының ашылуы еді. Емхана базасында бүкіл облыс бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен Патронаттың әмбебап-прогрессивті моделін іске асыру, корпоративті басқару, халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетті және де Муниципалитеттер арасында аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп мониторинг жүргізу, мәртебелерді анықтау үшін қатаң бақылау және басқа да маңызды мәселелер жөнінде аймақтық міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасын іске асыруға көмек көрсетті. Сондай-ақ, аймақтағы емхана қызметінің сапа көрсеткіштерін жақсарту, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, DAMU MED ұялы байланысын қамту шеңберінде құжат айналымы 30%-дан 70% - ге дейін қағазсыз нұсқаға көшірілуде, қолданушылар саны 80%-ына жеткізіп, әр МҰ-ның «ахуалды орталықтарын» ашуға, медициналық ақпараттық жүйеге кедергісіз көшуге, түрлі байланыс орталықтарын енгізуге және оларды ақпараттық жүйелермен интеграциялау жұмыстарын ұйымдастырып, пациенттерге ыңғайлы болу үшін QR код жүйесін енгізумен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу жүйесін құру жолында, БМСК жағдайында «TRIAZH» жүйесін енгізу, қызыл аймақтық кеңселер жедел миокард инфарктісі, жедел ми қан тамырларының зақымдануы, жарақат сияқты нозологиялармен шұғыл көмек көрсету жұмыстарында табысты жұмыстар атқара білді.
      Жанар Мықтыбекқызы басшылық жасап, аудандағы алдыңғы қатарлы медициналық мекемелердің сапына шығарған емхана 2019 жылдың желтоқсан айында Түркістан қалалық емханасы Қазақстан Республикасында «Міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру бойынша республиканың ең үздік емханасы» атағына ие болып, Қазақстан Республикасындағы «Біздің үздік отбасылық дәрігер және оның командасы» аталымы бойынша жеңіске жетті. Үнемі ізденісте жүретін, атқарған ісі бір атанға жүк боларлық, Түркістанның денсаулық сақтау саласында өзіндік орны бар Жанар Мықтыбекқызының бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері аз емес. Еңбегі еселенген, еленген жанның марапаттарына назар аударсақ:
      ✦ 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс Хаты»;
      ✦ 2015 жылы республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Мырзахметовтың «Алғыс Хаты»;
      ✦ 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі;
      ✦ 2016 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
      ✦ 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы бірінші орынбасарының «Алғыс Хаты»;
      ✦ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
      ✦ 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалі.
      «Медициналық көмек және қызметтер сапасын арттыру үшін инновациялық әдістер әзірлеу және ендіру; табысты басқару мәселелерін зерделеу, қызметте әрі қарай өсу және білім жетілдіруді» алдына мақсат етіп қойып, өзінің парасаттылық, тәртіптілік, білімпаздық, мақсатқа талпынушылық қасиеттерінің арқасында аудан халқының денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Жанар Мықтыбекқызы өмірлік жолдасы, арқа сүйер азаматы аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқаратын, полиция подполковнигі, Ашенов Асқар Қарсыбайұлы екеуі 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. 
      Дәрігердің үш қаруы бар: «бірі – пышақ, екіншісі – шөп, үшіншісі – сөз», - деген шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Ғали ибн-Сина. Сол айтқандай, өз мамандығының шебері, ана мен сәбидің қорғаушысы бола білген Жанар Мықтыбекқызы жайлы үлкен-кішінің аузында жақсы естеліктер айтылып келеді. Қай адам болмасын өзінің саналы ғұмырында еліне адал қызмет еткенде ғана оның есімі ел жадында ұзаққа сақталады. Ұзаққа дейтініміз ешкім де ешнәрсе де мәңгілік емес, ал жасаған жақсы іс сол адамның көзін көргендердің тірілер қатарында жүргенінше сақтала бермек...
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
24 ноября 2021 08:45
Кульзина

Өте керемет жан
22 ноября 2021 15:13
Гулнара

Жанар Мықтыбекқызы керемет басшы, еңбек етіп жүрген саласының білікті де білгір маманы, өзінің іскерлігімен ерекше беделге ие болған жан. Халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті медицина саласын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келеді. 
22 ноября 2021 12:08
Гулнар

  • sweat_smile Иа, Жанар Мыктыбековна нагыз ак халатты абзал жан, оте искер, оз кызметине адал, адамгершилик касиети жогары, улги тутарлык казак кызы. Жанар Мыктыбековна сиздин алар асуларыныз али алда деп ойлаймын. Суйикти исинизде, сизге ардайым саттилик жолдас болсын, абыройыныз аскактай берсин!
Изги ниетпен, Гулнар Пазылбековп
21 ноября 2021 19:36
Рабиға

Мен Түркістан қаласының тұрғыны боламын, Жанар Мыктыбекқызы Түркістан қалалық емханасында Бас дәрігері болым басқарды өте керемет жан барлық қызметкерлерге көз қарасы жаксы болды сондай-ақ мекемені коркейтіп айналасын көгалдандырып барлық жағдай жасап келген науқастаргада жағдайын жасап берді Жанар Мыктыбекқызын көп жақсылықтыар жасап кетті, айтарымда жазарымда көп сол кісіні ол біздің Мақтанышымыз ылғида айтып жүреміз, құрметпен Рабиға 
21 ноября 2021 00:13
Галия

Құрметті Жанар Мықтыбекқызы 
Сізге мына шіркін белесте тек биіктен көрінуді Аллах тағалам нәсіп етсін.
Сіздің бізге берген тәжірибе, тәрбиеңіз үлкен орын қалдырды.Сіздей басшыны барлық медицина қызметкерлеріне бұйырсын дер едим,себебі  өз ісіне шебер,білікті маман,қызметкерлерге адал,абыройлы,шыншыл, жұмыс көзін білетін,жұмыскерді сыйлай, бағалай білетін,нағыз маман.
Мықтыбекқызы Сізге тек алға дегім келеді,Сіздің орныңыз ең биік шыңдарда,Сізге үлкен сенім артамыз,Сіздей  ана,білікті дәрігер,басшы бір қолыңызбен бесікті тербетсеңіз,бір қолыңызбен әлемді тербетесіз. 

20 ноября 2021 19:57
Айгерим

Человек от Бога уважаю таких людей который знает своё дело 💋💋💋💋👍👍👍👏👏👏
20 ноября 2021 14:45
Бахтияр

Алға Жанар ханым 
20 ноября 2021 14:41
Урияхан

Ақ халатты абзал жанның адал еңбегі жетістіктерге жетелей берсін!!!
20 ноября 2021 14:22
Нурдаулет Мырзаханов

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген. Жарайсыз! Ғұмырыңыз ұзағынан болсын!
20 ноября 2021 14:17
Тогжан

Әлеуметтік саланың дамуына өз үлесін қосу зор мақтаныш.  
халық игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар мен шексіз шығармашылық.👏🏻👏🏻👏🏻
20 ноября 2021 14:13
Мереке

Оте керемет даригер,керемет адам 💜💜💜💜
20 ноября 2021 14:04
Жанат

Мыктыбековна керемет жан.Оз исине сенимди.Журген жерин гулдендирип журетин,адал басшы.Ар кашанда бииктерден коринсин.Министр болуга лайыкты.Аллам жар болсын!Исиниз алга баса берсин.
20 ноября 2021 13:43
Мадияр Алмабаев

Керемет,еңбегіңіз елене берсін, биіктен көре берейік
20 ноября 2021 13:40
Сауле

Жанар Мықтыбековна өз жұмысын жақсы меңгерген басшы деп білемін. Сізге тек сәттілік тілеймін.

20 ноября 2021 13:32
Альбина

Керемет🥰🥰 Тек биіктен көрініңіз🥰
20 ноября 2021 13:30
Мөлдір

Қызметіңізге табыс тілейміз!!!  Жетістіктеріңіз көп болсын!!! 
20 ноября 2021 13:10
Гульзия

Сәттілік тілеймін!
20 ноября 2021 13:00
Лейла

Денсаулық,  отбасыңызға амандық, еңбекте табыс, әрқашан халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіз! 
20 ноября 2021 12:43
Сая

Біздің Түркістанда жасаған жұмысы ерекше болған еді. Жанар Мықтыбекқызының кезінде ауруханалар компьютерлік жүйеге толықтай өтіп, дәрігерлер мен пациенттердің үшін қолайлы болатындай етіп керемет жұмыстар жасалынды. Инновацияға деген құлшынысымен аса ерекшеленді. Алғыс білдіреміз
20 ноября 2021 12:26
Сауле

Өз жұмысын жақсы көретің іскер басшы. Денсаулық саласына  қосып жатқан үлесі мол жас басшы. Әр ісіңізге, басқан қадамынызға сәттілік тілеймін.
20 ноября 2021 12:05
Житель Мерке

С приходом Главврача Оспановой Ж.М. улучшилась обслуживания медперсонала в ЦРБ Меркенского района. Внутри поликлиники очень чиста и уютно. Я лично поддерживаю ее и желаю ей больших высот и успехов в работе. Жанар Мыктыбековна по бошьше таких людей как Вы и жители района будут все здоровыми и счастливыми.
20 ноября 2021 12:00
Улман

Алға тек Алға
20 ноября 2021 11:51
Доктор

Жанар Мыктыбекқызы Алла еңбеңігіңіздің берекесін берсін! Сіздей басшымен қызмет атқарғаным үшін Разымын! Ақ жол, ел үшін төккен еңбегіңіз отбасыңызға еселеніп келсін🙏🙏🙏🙏
20 ноября 2021 11:49
Ляззат


Халықына жанашыр, ерекше іскер, аяулы ана бақытты жар  осындай қыздарымыз арта берсін!

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...