Тұңғышбаева Мадина

Рейтинг:

Жан жанашыры   

      Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандығын таңдау үлкен жауапкершілік. Адам ауруы асқынып, дерті деңдеп, дауа іздегенде ақ халатты жандарға жүгінетіні баршамызға анық. Осындай кезде тісқаққан тәжірибелі дәрігер науқасты дертінен құлан-таза айықтырып, аяғынан тік тұрғызады. Бүгінгі күннің кейіпкері Түркістан қаласының медицинасына сүбелі үлес қосып жүрген денсаулық сақшысы, кәсіби маман, қызығы мен қиындығы қатар өрілген маңызды мамандықтың иесі Тұңғышбаева Мадина Облбекқызы.
      Мадина Облбекқызы 1973 жылдың қыркүйек айының 23-ші жұлдызында Түркістан облысына қарасты, Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов ауылында дүниеге келеді. Мадина ханым 1980-1990 жылдары аталмыш ауылда орналасқан А.Құнанбаев атындағы орта мектептен білім алып шығады. Мектеп қабырғасын тәмамдағаннан кейін үлкен өмірге қадам басып, 1990-1996 жылдар аралығында іргелі оқу ордасы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында өз білімін жетілдіреді. Кейіпкеріміз жауапкершілік пен аса ұқыптылықты талап ететін осынау ұлы еңбек жолына аяқ басып, алғаш рет 1996 жылы Арыс қаласында орналасқан қалалық ауруханаға жұмысқа тұрады. 
      Еңбек жолын абыройлы атқара жүріп, әрбір қыз баласының арманына айналған ақ көйлек кию бақытына ие болған Мадина ханым 1996 жылы отбасын құрып, жұмыс орнын Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінде «АИ» дәрігерлік амбулаториясында дәрігер болып жұмыс жасаумен жалғастырады. Білім мен білік кімді болсын биік шыңдарға жетелейтіні ақиқат. Кейіпкеріміз теория жүзіндегі білімін практикаға айналдырғаны болар, кез келген науқастың қажетті ем алып, аяқтан тұруын басты назарда ұстайтын бұл мамандық иесі Мадина ханым 2004 жылдан бастап аталған амбулаторияның меңгерушісі қызметін тізгіндейді. Кәсіби мамандығымен қатар, іскер әйел демекпіз. Сөзіміздің дәлелі, кейіпкеріміз 2016 жылдан бастап негізгі қызметіне қосымша жұмыс жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Дәрігер ретінде қабылдау кабинеті мен егу бөлмесін ашып халыққа қызмет етіп келетіндігімен есімі ел арасында танылып келеді.
      Адам жанының қуанышқа бөленетін сәттерінің бірі адал еңбегінің халық арасында белгілі бір мәртебеге жетіп еленгендігінде. Кейіпкеріміз мерейі үстем болып, мамандығының майталманына айналып жүргендігіне міне биыл еңбек өтілімі 28 жылға толып отыр. Еңбек жолы мен өмір жолында жеткен жетістіктері ата-анасының берген тәлім-тәрбиесінің арқасында. Әкесі – Тұңғышбаев Облбек білімді бірінші орынға қоятын, мектепті күміс медальмен ақтаған білімге құштар жан. Қ.Сәтбаев атындағы Алматы политехникалық институтын бітірген. Ал анасы – Садықова Дариға Қыздар педагогикалық институтын бітірген. Алты қыз, екі ұл тәрбиелеп, барлығына жоғарғы білім алып берген. Қазірде балалары үміттерін ақтап, әрқайсысы бір-бір жанұя, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар мен азаматшалар.
      Әрекет – сәттіліктің басты кілті. Жаңа білімге ұмтылу қалыпты өмірге айналады және шаршауды емес, адам бойында толқуларды тудырады. Міне, бүгін сөз еткен кейіпкерімізден үйренерлік дүние жетерлік. Бір істің соңына жету үшін біршама жылдарды сарп ету дұрыс дүниенің көрінісі. 
      Бүгінде отбасының тірегі, өз саласының маманы, ата-анасының қолғанаты болып отырған Мадина Облбекқызына толағай табыстар тілеп, алар асуларының бел-белестерінің әлі алда екендігіне сенім артамыз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...