Төлеміс Құтымхан

Рейтинг:

Елім деген ер 
  
  Адам қай жағынан болмасын сұлу болуы керек. Яғни, бірінші білімі жағынан, сонан соң мінезі жағынан, бастысы адамның адамгершілігі зор болса нұр үстіне нұр болар еді. Біздің әңгімемізге арқау болып отырған Құтымхан Сапақбайұлының кім-кімді де баурап алатын тартымдылығының қасиеті содан ба дерсің. Оның байсалды да сабырлы қалпы, қолға алған ісіне деген құлшынысы, қажыры мен қайраты, тіпті жүрісі мен тұрысының өзі көзге сүйкімді көрініп тұрады. Азаматқа тән бекзаттығы, сырбаздығы, келісті кербездігі жайында айтып тауысу тіпті мүмкін емес. Ол мойнына алған іске қашан да жауапкершілікпен қарай біледі. Адалдығы мен әділдігі, шыншылдығы өн бойында жарасым тауып, абыройын әрдайым асқақтатып, мәртебесін биіктетіп тұрады. Бір сөзбен айтқанда ол ылғи да жан-жағына тек шуағы мен шұғыласын шашып жүретін азамат.
      Жалпы адамзат баласы үшін оның отбасында ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесі бүкіл саналы ғұмырына әсер етері сөзсіз. Кейіпкеріміздің әкесі Сапақбай азамат атына заты сай нағыз ер тұлғалы, мінезіне істеген ісі сай адам болатын. Ауыл-аймағына аты таныс, көпке сыйлы, аузында батасы бар, өзінің шаруасына тындырымды, уәдесіне берік, алыс-жақынына қолынан келген көмегін аямайтын. Ал анасы жақын-жуығына ақылшы, отбасының береке-бірлігін ұйыстырып, балаларының тәрбиесін бірінші орынға қойған жан еді. Бұл отбасында қазақы дәстүр жалғастығы байқалатын. Атадан балаға мұра болып келе жатқан әдемі дәстүрдің бірі, үлкені тұрғанда кішісі сөйлемейтін, үлкеннің сөзі атылған оқпен тең болатын. Құтымхан әкесінің еңбекқор әрі шыншыл қалпын бойына сіңірсе, анасынан қамқор пейіл мен мейірімділікті алып есейді. Отбасында ата-анасы үнемі білім жайлы көп әңгіме қозғайтын. Болашақ – білімдінің заманы деп, балаларына жаңаны үйреніп, алайда, ескіні ұмытпауға кеңес беріп отыратын. Біреуден ілгері, енді біреуден кейінді тіршілік-баяны бар бұл отбасында «өзімдікі» деген ұғым мүлдем болмайтын. «Жақсы адамға мал бітсе, ағайынның жоқ-жітігіне қарасады» деген сөз тура осы отбасына арнап айтылған секілді. Отбасынан ауысқанын жетпей, таршылық көріп отырған көршісіне, не көмек сұрай келген жақынына беретін жомарт жүректі Сапақбайдың әдемі қасиеті баласы Құтымханға да дарығанын несіне жасырайық. Негізінде, адамның адамгершілік абзал қасиеттері, азаматтық тұлғасы, өресінің биіктігі, болмысының бейнесі, төңірегіндегілерге жанашырлығы айқын көрінетін бедерлі тұстары болады ғой. Міне, бұл әкеден балаға мұра болып қалған ең қымбатты қасиет деуге болады. Мұндай қасиеттер былайғы қым-қуыт тіршіліктің тінінде, жайбарақат күндердің күресінде аса байқала бермеуі де мүмкін. Алайда, орайы келіп тұрған сәтте азаматтың айшықты бет-бейнесін неге айтып қалмасқа?! 
      Құтымхан Сапақбайұлы дәйім қиналған ағайынның не болмаса қарапайым бейтаныстың алғауынан шығып, қасынан табыла кетеді. Бір қазақ сүрініп жатса демейді, құлап жатса тұрғызады. Бұл, әрине, екінің бірінің қолынан келетін мәрттік пен жомарттық емес дер едім, ал біздің кейіпкеріміз болса сол қалпынан өмір бойы танбай келеді. 
      Төлеміс Құтымхан Сапақбайұлы 1952 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Бала күнінен өте алғыр да зерек Құтымхан Сапақбайұлы ауылдағы Ш.Қалдаяқов орта мектебінде оқып, аталмыш орта мектепті 1971 жылы ойдағыдай жақсыға бітіріп шықты. Мектеп қабырғасында суретті жақсы салатындықтан, сынып бұрышын, сынып газеттерін жасау оның қолынан өтетін. Шығармашылыққа өте бейім Құтымханның бос уақыты болмайтын. Қолы сабақтан босай қалса, ақын-жазушылардың кітаптарын жастанып жатып оқитын. Үйіндегі кітаптарын тауысса, ауыл ішіндегі кітапханаларды аралап, өзіне ұнаған кітаптарды алып оқитын. Одан қалса салауатты өмір салтына ден қойып, түрлі спорттық жаттығулар жасаумен шұғылданатын. Мектеп табалдырығын аяқтағаннан кейін білімді жас ауылдағы «Қарлығаш» деп аталатын кинотеатрында суретші болып жұмыс істеді. Білімге құштар азаматтың арманы жоғары оқуға түсіп, жақсы маман атану болатын. Сол арманының жетегімен ол арман қала Алматыға жолға шықты. Осылайша, 1973 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтына құжат тапсырып, жолы болып, оқуға түседі. Институттың «Фармация» мамандығы бойынша білім алып, оны 1978 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
      Дипломды, білімді жас маман Құтымхан Сапақбайұлының алғашқы еңбек жолы 1978 жылы Отырар аудандық орталық №39 дәріхана меңгерушісінің орынбасарлығынан басталды. Өз жұмысына тындырымды, ісін жетік білетін тәжірибелі маман, жоғарғы санаттағы провизор-ұйымдастырушы ретінде де басшылықтың көзіне түсіп, мақтаулы маман атанады. Ол үздіксіз өз білімін көтеріп, ізденуінің арқасында 1983 жылы Отырар аудандық орталық №39 дәріхана меңгерушісі, провизоры болып қызмет атқарды. Ұжымында ғана емес, ауыл-аймақтың халқының көңілінен шыға білген азамат ретінде 1988 жылы Шәуілдір ауылдық депутаттығына сайланды. Ел-халықтың сенімін ақтау жолында да тоқтап қалмай, барлық күш-жігерін салып еңбектеніп, халықтың үнімен санасып, шешімін таппай тұралап тұрған мәселелерді жоғары жаққа жеткізуде, барынша жүйелі жұмыс істеуге талпынды. Ол онымен тоқтап қалмады. Өмірлік тәжірибесі мол Құтымхан Сапақбайұлы 1989 жылдың сәуір айынан бастап Отырар аудандық «Фармация» өндіріс кәсіпорынының директоры болып тағайындалды. Ал 1994 жылы облыстық «Фармация» акционерлік қоғамы Отырар аудандық филиалының директоры қызметін абыроймен атқарды.
      Иә, қай кезде болмасын адамның ең бірінші басқадан іздейтіні – адалдық. Адам бойындағы адалдық, адамды биікке шығаратыны даусыз. Елмен етене араласып еңбек етуінің арқасында қызмет жолында талай жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 2002 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен», Отырар ауданы әкімінің бірнеше грамоталарымен марапатталды. 
      Сол жылдары Құтымхан Сапақбайұлы «Жанға Шипа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалып, бүгінге дейін абыроймен қызмет атқарып келеді.
      Құтымхан Сапақбайұлы басқарып отырған «Жанға Шипа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын аудан бойынша болып жатқан қайырымдылық акцияларына қалмай қатысып, қомақты үлес қосып отырады. Аталмыш ұжым жыл сайын өздеріне бөлінген ардагерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға дәрі-дәрмектерін 20 пайыз жеңілдіктермен үлестіріп келеді.
      Денсаулық сақтау саласында халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуі мен елеулі еңбектерінің арқасында фармация комитетінің бірнеше Мақтау грамоталары және 2010 жылы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Парасат» дипломымен марапатталды. 2012 жылы Фармация ассоциациясының «Фармацевт мамандығына адал қызметі үшін» медалін омырауына тақты. Сонымен бірге, осы ассоциацияның құрметті мүшесі атанды. 2014 жылдың қазан айында «Ұлт Даңқы» орденін омырауына және тақты. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін алды. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медаліне ие болды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай, Түркістан облысы халқын дәрілік заттармен қамтамасыз ету барысындағы елеулі еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Осы жылы «Отырар ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін омырауына жарқырата тақты. 2012 жылдан бастап Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің бюро мүшесі, кеңесшісі болып қыз-метін атқарып келеді. Елім деген ер міне, осындай құрмет көріп, марапатқа кенелген азамат.
      Еңбектен рахат тапқан азаматтың шаттыққа толы шаңырағы жайлы айтатын болсақ, аяулы жары Төлеміс Рахила Нұрсафақызы ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған ұлағатты ұстаз. Отбасында екеуі ұл мен қыз тәрбиелеп, өсіріп жеткізген бақытты жандар. Шаңырақтағы үлкен ұлы Шоқаны денсаулық сақтау саласында басшылық қызметте болса, оның жары Малдыбаева Дамира Жақсыбекқызы балалар дәрігері, сонымен қатар, фармацевтикалық компанияның бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ұлы Сәкен фармацевтикалық компанияның бас директоры, фармация мамандығының магистрі, философия ғылымдарының докторы, ал жары Умарходжаева Әсем Қайратқызы экономика саласында қызмет атқарады. Қызы Айман аталмыш компанияның дәріхана меңгерушісі, кәсіпкер, оның жолдасы Тұрғанбаев Батырхан Сәрсенбайұлы қаржы ісінің маманы, кәсіпкер. Қызы Шолпан компанияның қаржы ісінің қызметкері, кәсіпкер. Шолпанның жолдасы Умирбеков Бауыржан Бексұлтанұлы фармацевтикалық компанияның директоры. Ұл-қыздарынан Жаннұр, Жандәулет, Амина, Нұрмұхаммед, Дидар, Бақдаулет, Ажар, Айзере, Бектөре есімді немерелер сүйіп отыр. Жарасым тапқан жанұяға бақ пен береке дарып, Алланың нұрына бөленсін деп тілек білдіреміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

15 сентября 2025 19:43
Ардак
Абила бүгінде үлкен жанұяның акжаулықты анасы отау тіккеніне 40 толып ұрпақ рахатына бөленіп отырған бақытты жансың...
14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...