Дәрігер – қастерлі мамандық
Аса ұқыптылық пен жауапкершілікті қажет ететін мамандықтың бірі – дәрігерлік. Өмір мен өлімнің ортасында жатқан науқас дертінің бетін кері қайтарып, өмірге қайта әкелетін де осы мамандық иелері. Дәрігер болу тек ақ халат киюмен шектелмейді. Оған жарқын көңіл, жайсаң жүрек, теңіздей терең білім керек. Басқа мамандықтармен салыстыра қарағанда бұл мамандықта көптеген айырмашылықтар бар. Мысалы, медициналық академияларда 8, 9 жыл білім аласың, теориялық біліміңді аяқтағаннан кейін 1 жыл интернатурадан өтесің. Сырттай оқи алмайсың... Орта мектеп түлектерінің дәрігер мамандығын таңдайтындары бірен-сараң болатыны сондықтан. Дәрігерге білім мен біліктілік, сонымен қоса, батыл жүрек те қажет. Жалпы, медицинаның өзі түрлі салаларға бөлінеді. Соның ішінде, біз айтқалы отырған маман иесі, яғни, дені сау баланың дүниеге келуіне жағдай жасап, оның толыққанды нәресте болып қалыптасқанынша жан-жақты бақылайтын дәрігер-акушер-гинеколог Сенгербекова Калимаш Амандыққызы туралы әңгіме қозғамақпыз.
Ол, 1978 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге
![]()
келген. Оқуда үздік, қоғамдық жұмыстарда белсенді Калимаш, 2001 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітіріп, 2002-2003 жылдары Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық емханасында акушер-гинеколог болып білім жолын еңбек жолымен ұштастырады. Осылайша, 2003-2009 жылдары Атырау облыстық перзентханасында акушер-гинеколог, 2009 жылы «OPEN CLINIC»-те гинеколог-дәрігер, 2012-2019 жылдары Атырау қалалық перзентханасында акушер-гинеколог қызметтерін атқарса, бүгінде жасанды ұрықтандыру (ЭКО) саласында жоғары дәрежелі акушер-гинеколог және репродуктолог болып абыройлы жұмыс істеп келеді. Медицинаның бұл саласының атауы грек гинінен шыққан - «әйел» және тек әйел денесіне ғана тән ауруларды, әсіресе, репродуктивті жүйені зерттеумен байланысты. Гинекология жүктілік пен босануға байланысты құбылыстарды зерттейтін акушериямен тығыз байланысты, қазіргі гинекологтар да акушер болып табылады. Бөлімге ауырып келіп, айығып шығып жатқан көптеген аналардан, қыз-келіншектерден алғыс алып жүретін Калимаш ханымға бұдан жоғары марапат болмас. Әрбір мамандықтың өзіне тән қыр-сыры болады. Сол сияқты дәрігерліктің де қызық-қуанышы, қиындығы болатыны жасырын емес. Қиналып келген науқасқа қолыңның шипасы дарып жазылып жатса, жүкті болып келген аналар он екі мүшесі сау ұрпақты өмірге әкеліп, отбасына аман-есен оралып жатса, соған әрбір дәрігер иелері қуанып, марқаяды. Әр әйелге жеке-жеке қарап, түрлі ем қолданып, әр әйелдің босану үстінде жанын шүберекке түйіп тұратын бұл саланың қиындығы да осы болар. Сондай-ақ, үздіксіз ізденіс үстінде жүретін Калимашты медицина саласының басқа қырлары да қызықтыра түскен.
Нағыз білікті маман болу үшін білімді шыңдай түсу керек екенін
![]()
түсініп, І-ші дәрежелі акушер-гинеколог және УДЗ дәрігерлік сертификаты мен «Эндометриозды емдеудің жаңа жолы» атты және «Әйел денсаулығы – халық денсаулығының негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқаны туралы сертификаттарына ие болып, білімін одан әрі жетілдіреді. Сонымен бірге, «Эндоскопия негіздері бар репродуктивті жастағы гинекологиялық ауруларының диагностикасы емнің заманауи аспектілері» атты курста және «Сәулелі диагностика» мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық ғылыми «Ана мен бала» орталығындағы УДЗ-дан шеберлік класына қатысып, өз білімін жетілдірген. Аталған мамандықта қызмет ете жүріп, біраз аналардың медициналық жолмен жүкті болуына жол көрсетіп және нәрестенің аман-есен дүниеге келуі үшін адал еңбек етіп келеді. Калимаш Амандыққызы әйел-аналардың құрметімен бірге, отбасының да қошеметіне бөленіп жүрген жан. «Мықты отбасы – мықты мемлекет» дегендей, Калимаш Амандыққызы 2003 жылы Шапай Асыланмен отау құрып, шаңырақ көтерді. Бақыт пен шаттыққа толы отбасында олар ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардың әрқайсысының қоғамнан өз орындарын табуына еңбек сіңірді. Үлкен ұлы Нұршапағат, Сүлейман Демирел атындағы университетте оқиды. Кіші балалары мектеп жасында. Дәрігер дипломын алу – істің басы ғана, ал дәрігер болып қалу қажырлы еңбекті, іске адалдықты және шыдамдылықты қажет етеді. Аяғы ауыр әйелді аман-есен босандырып, нәрестесін қолына ұстату – барша акушер-гинекологтар үшін маңызды да жауапты міндет. Ана мен бала денсаулығы үшін уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген жаны жайсаң, қайсыбір науқасқа болмасын қолынан келген көмегін аямайтын Калимаш ханымның қызметіне біз де табыс, деніне саулық тіледік!