Молдажарова Несібелі

Рейтинг:

Ісіне мығым дәрігер 

    Адамдық мәртебесі – білім-білік, ой-сана дәрежесіне, кісілік, әдептілік мәдениетіне, тәлімгерлік өнегесіне, ұшан-теңіз жасаған еңбегіне, елге жасаған қызметіне орай өлшенеді. Елдің жарқын келешегін тілеген, текті ұядан көрікті ой, ақ ниетпен түлеген, тарихтың тереңіне ұмтылған көреген, өрісін кеңейтіп гүлденген біртуар азаматшалар көп. Солардың бірі - Несібелі Молдажарова. Заман озады, оқырман өзгереді, кітап көнереді. Әйтсе де, бір кезеңге белгілі ұрпақтың ойын оятып, серілік ақ жауындай жан-сарайыңызға әдемі әсер төккен кітаптың салмағы жылдар өте артпаса, кемімейді. Көкейімізде ыстық табы қалар. Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған кейіпкеріміз ұрпағына отбасы жайлы қасиетті сөз қалдыруды жөн санапты.
      Ол 1965 жылы ақпанның 22-ші жұлдызында Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданындағы, Шаған ауылында дүниеге келген. Кей адаммен қашан, қайда жолыққаның, не айтқаныңды ойласаң да есіңе түспейді. Ал санаңда тайға таңба басқандай із қалдырып, қай уақытта да суреттері айқын, сөздері нақты сақталатын кезеңдер болады. Несібелі Молдажарова үшін әкесі мен анасы мәңгі есінде. Әкесі – Ержан Молдажаров Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұзақ өмірдің небір қилы кезеңдерін сұм соғыста болашақ ұрпақтың еркіндікте күн кешуі үшін жанын салды. Өмірдің елеулі кезеңдерін, қиын асу-белдердің дәмін татқан Ержан Молдажаровтың ақылы, абырой-беделі мен өмірлік тәжірибесі көш бойы озық. Әсіресе, қыздарын аялап, ұлына нағыз ер азаматқа сай мінез қалыптастыруға тәрбиелеген. Ол өз заманының ызғарын сезіне білді. 
      Ашаршылықтың ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдарға созылған соғыстың да өз пешенесіне, ел-жұртқа әкелген тауқыметін бір адамдай тартып өскен әкесін әлі күнге дейін сағынады.
      Адам өмірінің мәнді де мағыналы өтуінің бір белгісі – жақсының жаныңда жүріп, келелі әңгімесін тыңдап, тәлім-тағылымын, өсиет-өнегесін өміріңе өзек етіп алуың болса керек. Кішкентайынан әкесінің жанында жүргенін әрдайым мақтан тұтады. Анасы – Маханова Әлима саналы ғұмырында ғибатты ұрпақ тәрбиеледі. Қылықты қыз, ұлықты ұл тәрбиелеп, үй шаруасын дөңгелеткен дана әйел болған. Бар көңілімен отбасын бақытқа, жылуға бөледі. Ата-анасы дүние-мүлік жинамаған адам. Бар байлығы – елге сіңірген еңбегі, соңынан ерген ұрпағы болды. Несібелі Молдажарованың төрт бауыры бар. 
      Үлкен апасы – Жақсыгүл Ержанқызы алтын алқалы ана. Ағасы – Тұрмағанбет Ержанұлы жеке кәсіпкер, екінші апасы Нұрғаным Ержанқызы ауылшаруашылығының үздігі. Ветеринария саласында жұмыс істеді. Үйдің кенжесі, кейіпкеріміздің балалық шағы Шаған ауылымен тығыз байланысты. Ауылдың құмына дөңбекшіп, жазық даласында асыр салып ойнайтын. Сол ауылдағы №37 орта мектепте 1972 жылы алғаш рет әліппені қолына алып, әріп таниды.
      Білімге құштарлығын оятқан алтын ұясы рухани санасын оятып, биікке қанат қақтырған қарашаңырақ сондай ыстық. Арада 10 жыл өткен соң 1982 жылы білім ордасын үздік аяқтап, үлкен өмірге аяқ басты. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысты. Өзіне сай мамандықты таңдап, сол бағыт бойынша машықтанды. Адам жанына араша түсіп, денсаулығына алаңдаған әрбір жанға көмектесу бойжеткеннің үлкен арманына айналды. 
      Дегенмен, өмірге ересек көзбен қарайтын ақылды азаматша еңбекке ерте араласты. Денсаулығы нашар, ауру әкесіне күтім жасау үшін , бала кезіндегі арманына айналған медицина сферасына бір қадам жақындау мақсатында мектепті бітіре салысымен, Шаған учаскелік ауруханасында санитарка болып жұмыс істеді. Бұл оның медицина саласына түбегейлі бет бұрып, қызметте өрістеуіне алғашқы қадам болды. Екі жыл бойы қанатын қатайтты, бұғанасын бекітті.
      Қазіргі білікті маман, абыройлы дәрігер болу - Несібелі Молдажарқызына оңайға түспеді. 
      1984 жылы жаз айында арманын шындыққа айналдыруға бет бұрған бойжеткен Несібелі Ақтөбе медициналық институтына оқуға тапсырды, емтиханды жақсыға тапсырса да, конкурстан өте алмады. Тағдырдың кезекті сынына мойынсұнбай, осы қалада қалып, кешкі дайындық курсында оқып білім алды. Ал күндіз Ақтөбе қалалық клиникалық №1 роддомда санитарка болып қызметке орналасты. Бір жылды артқа тастап өзі армандаған мақсатына жетті. 1985 жылы атақты білім ордасы Ақтөбе Медициналық Институтының педиатрия факультетінен білім алу бақыты бұйырды. Сол уақытта күні бойы кітапханаға кетіп, кітап беттерін парақтайтын. Аз уақытта айналасындағылардың оза шауып, ұстаздарын да, қатар құрбы-достарын да елең еткізе бастады. 1994 жылы Жоғары оқу орнын бітіріп, балаларды емдейтін ақ халақты абзал жан статусына ие болады. 1997 жылы педиатрия мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1997-2006 жылдар аралығында Ақтөбе қалалық Перинатальдық орталығында дәрігер-неонатолог болып жұмыс жасады. Бәлкім көңіл тазалығынан болса керек, қызметке келгенде жолы ашық азаматшаның алға қойған биік мақсаттары, бағындырар белестері көп болды. Дәрігер - арқалар жүгі көп, мол жауапкершілікті талап ететін мамандықтың бірі. Шипа іздеп келген науқасқа еммен қатар, жылы қабақ танытып, дәру болар сөзді айта білу де ақ халаттылар үшін маңызды. Кейіпкеріміз дәрігерлік мамандыққа кішкене күнінен қызықты. Қызығушылығы мақсатына айналып, маман иесі болды. «Адам өмірде екі нәрседен қателеспеу қажет» - дейді. Бірі – өмірлік жар таңдау болса, екіншісі – мамандық таңдау. Осы екеуінен де жаңылмаған Несібелі Молдажарова бақытты жандардың бірі.       Жұмысы – оның сүйікті ісі. Ал науқастың алғысын алу ол үшін үлкен мәртебе. Ризашылық білдірген науқастың шынайы ілтипатын естігенде бұл мамандықты таңдағанына іштей қуанады. Кез келген істің өзіне тән қиындығы мен қызығы болары анық. Несібелі Молдажарова кең мінезді, досқа, жолдастықта адал, ұжымдық ортада үнемі адамгершілікті сақтай біледі. Өмірге кең көзбен қарайтын алғырлық, тынымды еңбегімен ортасына сыйлы. Көппен бірге ортақ жеңіске бірге жетіп, шындықты жалтармай бетке айтудан тайсалмайтын кейіпкеріміздің қасиеті мен мінезі батыл. 
      2006-2016 жылдар аралығында Американдық компанияда Нутрициология профилактикалық медицинасы бойынша халыққа созылмалы аурулардың алдын алу мен емдеу мақсатында консультациялық қызмет жасады. 2016-2018 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина Университетінде интернатуралық жалпы дәрігерлік практика және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында ассистент болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда, 2018 жылдан бастап Алматы қаласындағы Ұлттық медицина университетінде №1 Жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасында ассистент болып жұмыс істеп келе жатыр. Өзіне де, өзгеге де талапты тең қоя білетін жанның үйретері көп. Қаншама жас мамандар ұстаздың білімімен сусындап жүр.
      Жасы үлкен апаларының, замандас құрдастарының, ізіңді басқан ұрпағыңның алдында беделді қызмет атқаруы, сол ірі де ілгері таланты мен алмас қылыштың жүзіндей, жарқылдаған жайсаң мінезінен болар. Өнері озып, білімі асып, еңбегі тасып тұрса қызмет қылуға бар ынта-жігерін арнайтын ақ халатты абзал жан 2019 жылдан бастап Макиза жекеменшік серіктестігінде тәжірибелік дәрігер болып жұмыс жасап келеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген өмірде барлығына төтеп бере білді. Дүние дидарындағы болып жатқан құбылыстардың бәрін де тарихи сана тұрғысынан саралады. Мамандығын мақтанышындай көретін кейіпкеріміз жыл сайын әр түрлі номинациясының иегері атанып, әр кез абырой биігінен көрініп келеді. 
      Қыз мұраты теңін тауып, артынан ізгі ұрпақ қалдыру. Мұны іштей сезінген Несібелі Молдажарова 1987 жылы тұрмысқа шықты. Таудай талабына бармақтай бақ бұйырды. Ақтөбе қаласында өзінің өмірлік серігін жолықтырды. Жолдасы – Шарипов Самұрат Құлекенұлы өзінің еңбек жолын Ақтөбе қаласының Өрт сөндіру бөлімінде инспектор болып қызмет атқарудан бастады. Кейін Өрт сөндіру бөлімінің басқарушысы болып, лейтенант дәрежесінен полковник дәрежесіне дейін өсті. Қазіргі таңда запастағы полковник, Төтенше жағдай саласының ардагері.
      Барған жерін жатсынбай тез сіңісіп, сүйікті жар, салиқалы әйел, аяулы ана, үлгілі келін атанды. Ағайын арасындағы татулық пен береке бірліктің ұйытқысы, ол - әйел. Абысын, келіндерімен арасы тату. Үйінің берекесін кіргізіп отыр. Бүгінде Несібелі ханым мен Самұрат мырзаның мәпелеп өсірген хор қызындай 4 қызы бар. Балаларының алдыңғысы өз саласының майталманы болса, кішісі мектепте озат оқушы. Үлкен қызы Шарипова Жұлдыз – финансист, әрі ірі компаниядағы президенттің кеңесшісі қызметін қатар атқарып жүр. Ал екінші қызы - Арайлым Шарипова Болашақ бағдарламасы бойынша Лондон қаласындағы Экономика мектебінің магистратурасында білімін жетілдіруде. Үшінші қызы - Шарипова Камила банкте менеджер болып қызмет атқарады. Кенжесі Шарипова Наргиз – Алматы қаласындағы №65 мектептің 7-сынып оқушысы. Ә.Қастеев атындағы дизайн және суретші мектебінің 2-сынып оқушысы.
      Көппен жүріп, мақсатсыз адасуды мұрат тұтпаған, жалғыз жүріп, шабытының шаңын шығарып, шыт орамал оралған шындығын, заманның қулығы мен сұмдығына қарамастан өзінің мақсаттарына жете білді. Несібелі Молдажарова үлкен толқындардың дәстүрін ала отырып, келе жатқан жаңа толқынды тәрбиеледі. Біреуден көру, үйрену бір бөлек те, оны тәжірибе жүзінде пайдалану, күнделікті тірлікте қолдану бір бөлек. 
      2021 жылы 21 наурызда заман талабына сай Несібелі Молдажарова «Ана мен бала» онлайн мектебінің негізін қалады. «Ана мен бала» денсаулығы медицина саласының ең өзекті, әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Керек десеңіз, бұл ұлт байлығы. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертең жарқын күні, бұл - ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты. Ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары әрбір адамға қатысты.
      Өмірде барынша қарапайым, тұрмыста барынша тоқмейіл, қызметте зерделі Несібелі Молдажарова халқына қызмет етудің ерен үлгісін ұстанды. Бір қарағанда сырт көзге қарапайым да сабырлы жанның ішкі жан дүниесіндегі ағыстар мен қағыстарды сезіну оңай емес. Сөзге шешен, іске мығым, қашанда жаңалыққа жаны құмар Несібелі ханым бүгінде медицина саласымен шектелмей, қазіргі заманның талабына сай мамандықтарды да үйренуді қолға алды. Қосымша білімін жетілдіру мақсатында Қуаныш Шонбайдың 3 ай көлемінде «Интернет – маркетолог» курсын оқып, бітірді. Қазіргі таңда, интернет бойынша бірнеше жобаларды жасап, даму үстінде. Алдағы уақытта ойлаған өз ойлары мен үлкен жоспарлары барын атап өтті. Парасат биігіне ұмтылған азаматшаның құлаштап ұмтылған еңбегінің нәтижесін тренингке қатысқан аналар шын сезінері анық.
      «Ауырып жазылған жан – олжа, жоғалып табылған мал – олжа» демекші, адам үшін ең басты орында тұратыны, әрине, денсаулық. Осы «олжаны» сізге сыйлайтын, оны ауырлықтан шығарып алып беретін медицина қызметкерлері. Білікті дәрігер, білгір маман Несібелі Молдажарованың ендігі арманы – шөбересінің алақанынан май жалап, қолынан су ішу. Сол күнге жеткізсін! Баянды ғұмыр тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
9 февраля 2022 20:48
Жанар

Кәсібіңіз берекелі, шаңырағыңыз мерекелі болсын! Алға қойған арман мақсаттарыңызға жете беріңіз, дәрігер Несібелі Ержановна!!!
31 декабря 2021 13:28
Banu

Несибели Ержановна отличный наставник, хороший куратор, замечательный врач, целеустремлённый человек. Рада что знакома с вами😍🌷
31 декабря 2021 06:43
Гулайым

Несібелі өз ісіне берілген , адал адам!! Кез келген жұмысты іліп алып кете

30 декабря 2021 23:39
Замира

Қазақ қоғамының дамуына үлес қосып жүргені үшін мың алғыс! Биіктерден көре берейік!
30 декабря 2021 18:57
Ақжарқын

Несібелі осы жетістіктерге өзінің еңбекқорлығы,іздемпаздығы және жанұясының қолдауы арқасында жетті. Ол өте бауырмал,ақкөңіл тәжірибиесімен бөлісуге дайын. Ұжым да, жанұясына бірдей шуағын төгетін мейірімді жан.

30 декабря 2021 18:05
Жумагул

Айналайын мына жеткен жетістігің құтты болсын!!! Алла ұзақ ғумыр зор денсаулық жануяңа  улкен бақыт тілеймін!! Қонар бақтың баяндысын келер дәулеттің көл көсірін Алланың шексіз қолдауын тілеймін🙏🙏🙏
30 декабря 2021 16:59
Бота

Несибелини адамгершилиги, жауапкершилиги мол, акжаркын, адал жар, аяулы ана, оз исине тиянакты, озине де айналасындагыларга да жогары талап коятын, алдына койган максаттарына жету ушин бар ынтасын салатын адам ретинде билемин. Бул касиеттери студенттик кезден байкалатын.
Жарайсын, Несибели! Аркашан бииктен коринип, биздин мактанышымыз болып журе бер!
30 декабря 2021 16:19
Жалимбетова Анаргуль Кайржановна

Несибели со стен института была всегда доброй, отзывчивой и ответственной. Поэтому меня не удивляют ее успехи. Это было предсказуемо. Профессионализм и трудолюбие Несибели всегда украшены ее великолепной, красиво- искренней улыбкой! Она одна из лучших, это не подлежит сомнению! Несибели, сени, сенин исинди Аллах  аркашан  колдап журсин! 
30 декабря 2021 15:48
Райхан

Меня зовут Райхан ханым. Я хорошо знаю Несибели Молдажарову. 
Правильный, умный и любящий людей человек! Отличный доктор,,любит свою семью, воспитала замечательных детей. 
Мы гордимся, что знакомы и тесно общаемся с такими удивительными людьми! Удачи вам во всех ваших начинаниях и делах! 
30 декабря 2021 15:41
Дана

Ия, шын мәнісінде керемет жан! Жан-жақты, білім мен біліктілігін арттырудан алдына жан салмайтын кісі!
30 декабря 2021 15:36
Гулназ

Өз ісіңіздің нағыз майталманысыз Несібелі ханым сізге әрқашан сәттілік тілеймін!  шаршамаңыз алла қуат берсін! 
30 декабря 2021 14:58
Гульбану Абдугулова

Дорогая, Несибелли Ержановна! Вы самая красивая женщина, любимая мама, добрый и внимательный доктор! Успехов Вам! 
30 декабря 2021 14:47
Клара

Несібелі Ержановна вы молодец
30 декабря 2021 14:44
Гулнар

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Несібелі ханыммен Ақтөбеде институтта бірге білім алдық, өте қарапайым, ілімі жоғары,  аамгершілігі зор, адал дос, қамқоршы жан,Ал бүгінде ақ халатына ісі сай маман, өмірде өзінің орны бар , жоғары сапалы дәрігер, әріптес, аяулы ана , дос, құрбы, осындай керемет жан.Өмірде оқудан ,ізденістен шаршамай өзін жан жақты танытқан азаматша.Әріптесім еңбектерің жана берсінші
30 декабря 2021 14:36
Айнур

Өте өз ісіне мықты, жауапкершілігі мол жан! Тек алға! Қолдаймыз!
30 декабря 2021 14:35
Заида

Несибели Ержановна! Я рада что Вы заняли достойное место в числе лучших людей,это благодаря Вашей плодотворной работе!Желаю всего самого наилучшего в новом 2022 году!!!
30 декабря 2021 14:26
Света

Енбегинз жана берсин сиздей ариптесим барына мактан тутам
30 декабря 2021 14:25
Бахытгул

Өз ісінің маманы Керемет тұлға
30 декабря 2021 14:22
Умирбаев Жанатай

Очень рад за коллегу. Заслуживает уважение и почет и благодарность со стороны пациентов и медицинского сообщества!

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...