Төленов Нұрлан Мұратұлы

Рейтинг:

Алғыс арқалаған абзал жан

      Адам өміріне араша түсетін дәрігер мамандығын таңдау үлкен жауапкершілік. 
      Себебі, адам – жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Адам өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар... Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның өмірі мен денсаулығы. Міне, тұлға өзін, өз денсаулығын тек ақ халатты абзал жандарға ғана табыстайтындығы ақиқат. Медицина көп уақытты, білім мен күшті талап етеді. Осынша білім сынағына төтеп беріп, мамандығының майталманына айналу өзінше бір ерлік. Бүгінгі біздің кейіпкерімізде жаста болса, біраз іске бас болып, ел азаматына айналып отырған Төленов Нұрлан Мұратұлы. Кейіпкеріміз 1987 жылы қазан айының 10 жұлдызында Шұбарқұдық ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келеді. «Ұстаздық» атты ұлы міндеттің шыңын бағындырып, кейіпкеріміздей ұл тәрбиелеп отырған Нұрлан мырзаның әкесі – Мұрат Төленов және аяулы анасы – Япурай Төленова. Кейіпкеріміз екі ағайынды ағасы – Мақсат, інісі – Қуаныш.
      1992 жылы Нұрлан мырзаның жанұясы отбасылық жағдайға байланысты Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына қоныс аударады. Кейіпкеріміз алғаш мектеп қабырғасына 1994 жылы аяқ басып, 2003 жылы тәмамдап шығады. Өмірлік еңбек жолына таңдау жасаған жас түлек, осы жылы Ақтөбе медициналық колледжіне, «Стоматология» мамандығы бойынша оқуға түседі. «Сегіз қырлы, бір сырлы», - демекші ер азамат ретінде ізденіс пен өзгерісті ұнататын ел азаматы білім ала жүріп, спорт саласына да уақыт тауып, ОБЖСМ №2 мектебіне боксқа жазылып, біраз жылдар бойы бапкері Жүсіпов Талғат ағайының тәрбиесінде болып аянбай тер төгеді. Біршама жылдық қарқынды жаттығулардың арқасында Нұрлан мырза облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде, Спорт шеберлігіне үміткер болып шығады. Кейіпкеріміз білім мен спорт алаңын қатар ұстап жүріп 2007 жылы «Ақтөбе медициналық колледжін» абыроймен тәмамдап, жас маман ретінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жолдамасымен Әйтеке би ауданы, Орталық аудандық ауруханаға тіс дәрігері маманы ретінде тәуекелге бел буып жол тартады. Өз өмір жолын тек бір ғана еңбек жолымен байланысты етпей, кейіпкеріміз осы жылы шаңырақ көтеріп отбасылы болады.
      Ауданда қызмет жасай жүріп, бұрын-соңды болып көрмеген аудан орталығында бокс үйірмесін ашып, жас балаларды спортқа баулиды. Тәрбиелеген шәкірттері үмітін ақтап, аз ғана уақыттың ішінде жүлделі орындарды иеленіп облыстық деңгейде керемет нәтиже көрсетті. 2011 жылы Әйтеке би аудандық орталық ауруханасындағы қызметін абыроймен аяқтап, аудан халқының ақ батасын алып, осы жылы Хромтау ауданына қызмет бабымен қоныс аударды. Хромтау аудандық орталық ауруханасына «Тіс дәрігері» маманы болып қызметке орналасты. Осы салада қызмет атқара жүріп, 2013 жылы Жалпы ұжымдық жиналысының кәсіподақ төрағасы болып тағайындалды. Бұл салада да жеткен жетістіктері де аз емес. Ұжым арасында көптеген аудандық, облыстық жарыстар ұйымдастырды. Көптеген аудандық іс-шараларға белсене ат салысты. Түрлі волейболдан, үстел теннисінен өткен жарыстарды да қалт жібермей, уақыт тауып, бұл шараларда да белсенділік танытты. 2014-2017 жылдар аралығында аудандық Жастар мәслихатының депутаты болып қызмет атқарды. Осы ретте, «Нұр-Отан» партиясымен бірігіп жастарды жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылардың баспана мәселелеріне байланысты сұрақтарын шешуге де зор үлес қосты.
      Адам жанының қуанышқа бөленетін сәттерінің бірі адал еңбегінің халық арасында белгілі бір мәртебеге жетіп еленгендігі. Міне, кейіпкеріміз Нұрлан мырза да қызметте жүріп, аудандық, облыстық және республикалық «Құрмет грамоталарымен» марапатталады. Бұдан бөлек, 2015 жылы Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі» үшін және «Қазақстан халқының денсаулығы үшін жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
      2016 жылы Ақтөбе облысының бас тіс дәрігері «Н.И.Пирогова» медалін тарту етсе, 2017 жылы «Алтын дәрігер» номинациясы бойынша марапатталды.
      2017-2018 жылдар аралығында «Ақтөбе медициналық орталығына» 2000 қызметкерден тұратын, 3 мекеменің кластеріне босатылған кәсіподақ төрағасы болып тағайындалды.
      2018 жылы «Үздік» ұжымдық келісімшарт жасалды.
      2018 жылы жеке отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдап, бұл саладағы қызметтен өз еркімен босатылды. Осы жылдың аяғында Ақтөбе қаласында «Алтын тіс» отбасылық стоматологиялық клиникасы бой көтерді. Жолдасы – Макаримова Гүлдина Жолдыбайқызымен бірге осы күнге дейін осы кәсіптің гүлденуіне аянбай еңбек етуде. Клиниканың алдына толассыз келіп жатқан жандардың қарасын көріп, Нұрлан мырзаның өз ісінің нақ шебері екендігіне көз жеткізе аласыз.
      Бүгінде бұл бақытты жас отбасы төрт перзент тәрбиелеп отыр. Ханшайым мен Азизадай қылықты қыздары және Ескендір мен Ибрахим атты екі батыры бар үлгілі, көрсе көз тоймайтын отбасылардың бірі әрі бірегейі.
      Нағыз маман иесі, ерен еңбегіңізге, шипалы алақаныңызға, мейірімді жүрегіңізге алғысымыз шексіз!
Еңбегіңіз халыққа қуаныш сыйлап, өзіңізді нұрға бөлесін!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
28 сентября 2023 11:22
Өмірзақ

Қайырлы күн!

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...