Ибраева Ақкенже

Рейтинг:

Антына адал дәрігер

      Неміс ойшылы Артур Шопенгауэр: «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген екен. Иә, расында денсаулық адам үшін баға жетпес байлық емес пе!? Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адамзат баласы жоқ шығар, сондықтан да ақ халатты абзал жандардың алдына бармайтын адам да жоқ. Адам жаны тәтті ғой, жанын қоярға жер таппай, қиналған кезінде міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгініп, дерттен құлан таза айығудың амалын іздейтіні де рас. Тіпті дені сау жанның өзіне жылына бір мәрте тексерістен өтуге, рентгенге түсуге шарт қойылады. Гиппократ антына адалдық танытқан мәртебелі мамандық иелері тіпті жеке уақытын да аямайды. Алдына келген адамды да, жол жағдайын да таңдамай, ауа-райын да елемей, жыл он екі ай алғашқы көмекке асығады. Ақ халат киген, өңінен иманжүзділіктің нұры төгілген, дәрі-дәрмек шабаданымен жүрген абзал жандардың кәсібі осылай жалғаса береді. Басты байлық – денсаулық болса, сол байлығымыздың қадірін ұқтырып, әрдайым жанымыздан табылатын дәрігерлерге қандай құрмет көрсетілсе де лайықты. Бақытын жаны қалаған мамандықтан тауып, қиналып келген сырқаттың жанын кілтсіз ашатын осындай ақ желеңді дәрігерлердің бірі – Ақкенже Сабрадинқызы деуге болады.
      Ибраева Ақкенже Сабрадинқызы 1984 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақы қарапайым отбасында өскен Ақкенже табиғатынан көркем мінезді жан. Әрдайым сабырлы қалпынан танбайтын, сізі мен бізі аузынан түспейтін сыпайы, парасатты, білімге құштар, жан-жақты ізденімпаз, еңбекқор. Мектеп қабырғасынан бастап ол өзінің білімге деген ынта-ықыласымен талай білім биіктерінің шыңын бағындырды. Мектептің мақтанышы, ұстаздарының оң қолы бола білген ол, мектептің қоғамдық өміріне де белсене араласатын. Сыныптастары арасында беделді, көшбасшы болып, қайсыбір мерекелік шараларды ұйымдастыруда алғы шепте жүретін. Қай кезде болмасын сыныптастарына көмектесіп, олардың жетістіктерге жетуіне себепші болып жүретін. Өзі секілді басқалардың да жүзінен қуаныш көргісі келіп тұратын Ақкенженің жүрегі мейірімге толы, қайырымды, қамқор болды. Ұстаздары да сыныптас қатарластары да оның осындай қалпын жақсы көріп, сүйсініп тұратын. Мектепті ойдағыдай жақсыға аяқтап шыққаннан кейін жас талапкер 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясына «Емдеу» факультетіне оқуға түсті. Өзінің бала күнгі арманы ақ халат киіп, елге адал қызмет көрсету еді. Қайда болмасын, қай уақыт болмасын қолынан кітабы түпейтін Ақкенже студенттік шақтарында да үздіксіз оқумен болды. Тәжірибелі тәлімгерлердің лекцияларын бүкіл ынтасымен тыңдап, қайтадан өз бетінше ізденісін тоқтатпайтын. Рас, дәрігерлік жауапты мамандық. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан ешқашан қателесуге болмайтыны да белгілі. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде өз саласының қыр-сырын толық меңгеруі тиіс. Сондықтан адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандыққа кездейсоқ адам келмейтіні белгілі. Ақкенже оқу орнын 2008 жылы жақсыға аяқтап шықты. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы 25 тамызда Қызылорда қаласындағы «Соғыс және еңбек ардагерлерінің» емханасында бастады. Бұл емханада 2008-2011 жылдар аралығында офтальмолог мамандығы бойынша қызмет атқарды. 2011-2015 жылдары «Интертич» клиникасында көз дәрігері қызметін атқарды. Білімді маман 2016 жылы лазерлік хирург мамандығын игерді. 2019 жылы облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында кеңес беруші офтальмолог қызметіне ауысты. Қазіргі таңда осы орталықта қызметін жалғастырып келеді, сонымен бірге, қосымша оптикада кеңес береді.
      - «Дәрігер болуды арман ететіндер өте көп. Алайда, екінің бірі адам жанының арашашысы болып, ақ халатты абзал жан атана алмасы анық. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандықты игеру жеткіліксіз. Білікті дәрігер болуға адам өміріне жауапкершілік, ерекше құлшыныс пен күнделікті ізденіс, біліктілікті арттырып отыру маңызды. Медицина маманына үлкен жүректілік те аса қажет. Өз саламды шексіз сүйетіндіктен, әрбір емделушіме ерекше көңіл бөліп, толығымен айығып кеткенінше бақылауымда ұстаймын. Әлемде әр минут сайын бір адам көз жанарынан айырылады екен. Мұның бәрі көз күтімімен айналыспау, көз ауруына салғырт қараудан туындайды. Көзілдірік – көздің оптикалық кемістігін түзету, күн сәулесінен, шаң-тозаңнан, химиялық заттар әсерінен қорғау үшін қолданылатын құрал. Көзілдірік кию немесе кимеу – әркімнің өз таңдауы. Көздің көруі бұдан өзгермейді. Сәл ғана алыстан көрмеушілік үшін көзілдірік пен линза кимеу жалпы күйге әсер етпейді. Бірақ алыстан көрмеушілік болса көзіңді бір нүктеге қадап қараудан басың ауырады, еңбекке деген бейімділігің төмендейді. Ал кейбір жағдайларда, көзілдірік немесе линза киген соң көзінің көруі нашарлайды деп жатады. Себебі, көзілдірік арқылы көруге көздер тез бейімделіп алады. Ал оны шешкен кезде көздер демеусіз көру үшін біраз уақыт қажет. Бірақ көздің көру деңгейі бұрынғыша сақталады. Сондықтан да, көзілдірікті үнемі тағып жүрудің қажеті жоқ. Тек қатты қажет болған жағдайда, теледидар немесе компьютер алдында отырғанда таққан дұрыс. Дәл осындай жағдай, көзілдірікті мүлдем тақпай жүруге де болмайды. Себебі, көзінің көрмеу мүмкіншілігі арта түсуі мүмкін. Ескере кететін жайт, линзаның да, көзілдіріктің де емдік қасиеті жоқ. Көз ауруларының да түрлері көп. Катаракта ауруы яғни, көзге ақ түсу. Бұл ауруды уақытылы емдемеген жағдайда ол ауру соқырлыққа алып келеді. Катаракта ауруының емі – ота жасау. Қабыну ауруы яғни, аллергия. Аллергия байқалған кезде бірден дәрігер көмегіне жүгініп, қабынудың неден шыққанын анықтау қажет. Кейін тиісті емін алып, дәрігер кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдауы қажет. Конъюнктивит – көз бен қабақтың арасындағы мөлдір ауруы. Конъюнктивит асқынған және созылмалы деп 2-ге бөлінеді. 
      Миопия – жақыннан көргіштік немесе алыстан көрмеу, глаукома – суқараңғылық. Жалпы көз жанарын аман сақтау өте маңызды. Өзім барлық емделушілеріме ақыл-кеңес беруден шаршаған емеспін. Әрдайым олардың жағдайларын жан-жақты зерттеп, зерделеп, тиісті шарасына тоқталамын», - дейді Ақкенже Сабрадинқызы.
      Көз – адам жанының айнасы деген емес пе?! Аймақтың денсаулық сақтау саласының дамуы жолындағы адал қызметі лайықты бағаланған білікті маман «Құрмет грамотасымен» марапатталып, әрдайым еңбегі еленіп, халықтың ыстық ықыласына, алғысына бөленіп жүрген дәрігер.
      Ақкенже көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Ол 7 ағайынды. Өзінің алдында 5 ағасы мен 1 әпкесі бар. Ардақты асқар тау әкесі Сабрадин ақсақал 2007 жылы дүниеден өтті. Үлкен әулеттің сәнін келтіріп, берекесі мен мерекесін кіргізіп отырған аяулы анасы бүгінде 83-жаста. Алланың берген денсаулығының арқасында ұрпақ қызығын көріп отырған бақытты ана. Ақкенже Жаннұр есімді қыз бала тәрбиелеп отыр. Адал еңбегімен елдің ықыласына бөленіп келе жатқан білікті маманға биік белестерді бағындыра беріңіз демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние комментарии

11 мая 2022 11:42
Галина
Марьяш Сериковна! Поздравляю, умница! Красавица! Талантище! ...
8 мая 2022 22:31
Юрий Пак
Svetlana, Спасибо! Удачи!...
8 мая 2022 22:29
Юрий Пак
Илья Попандолуло  Спасибо! Илья нас ждут великие дела!...