Жанаева Рая

Рейтинг:

Ақ халатты абзал жан

      Дәрігер ісі ең жауапты әрі қиын, сондай-ақ, адалдықты қажет ететін маман иесі. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері осы ақ халатты абзал жандар екені даусыз. Осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Кез келген елдің ең басты байлығы халықтың денсаулығы екені рас. Сондықтан да, денсаулық сақтау саласының жағдайы қашанда Елбасының ерекше назарында болып келеді. Халқымыздың «Алғашқы байлық – денсаулық» деген тамаша сөзінің өзі осыған кепіл болмақшы. Ақ халатына дақ түсірмей, көпшіліктің ықыласына ие болып жүрген денсаулық сақтау саласында көпжылдардан бері қызмет етіп келе жатқан Рая Ералықызы жайлы бір үзік сырмен бөліспекпіз.
      Жанаева Рая Ералықызы Маңғыстау облысы, Маңғыс-тау ауданы, Шетпе кентінде 1985 жылы 6 қазанда қарапайым қазақтың үлгілі отбасында дүниеге келген. Отбасындағы асқар тау әкесі марқұм Жанаев Ералы Қыдырұлы мен аяулы анасы Қалмағанбетова Алма 
      Тілегенқызы 4 бала тәрбиелеп, өсірді. Рая ата-анасының тұңғышы, өзінен кейін інісі Мұрат, Қанат және отбасының кенжесі Таңат пен оның жолдасы Әлия олардың тұңғыш балалары кызы Әсем балақай бар. Анасының қолқанаты, көмекшісі, ақылды да сұлу қызы Рая кішкентайынан бастап жан-жақты, ізденімпаз қыз болды. Айтқанды екі етпейтін ол үлкеннің ақылын алып, кішіге қамқор бола білетін, қолынан көп іс келетін Рая, алғаш мектеп табалдырығын аттаған уақытын үнемі мақтан етіп айтып жүреді. Яғни, оның мектепке барған кезі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келген еді. Ол 1991-1992 жылдары бірінші сыныпқа қадам басты. Табиғатынан белсенді, зерек қыз мектепті өте жақсыға оқыды. Мектептің мақтанышы болып, сыныбының үздік оқушысы болды. Сыныптастарының көшбасшысы десек те артық айтпаған болар едік. Ол мектепке білім алуға барған жылы, ел тарихында қалған, өте әсерлі де әдемі, еркіндікке жаңа ғана аңсап жеткен қастерлі де қасиетті қазақ халқымыздың тәуелсіздік алған жылдары еді. Рая Ералықызы сол тарихи датаны әрдайым мақтанышпен айтады. «Атам айтушы еді: «Сендер, бақытты елдің баласысыңдар, еркіндікке ұмтылған!» – деп. Сол дұрыс айтылған екен!» - дейді кейіпкеріміз шаттана. Білімге құштар қыз туған жеріндегі, Шетпе кентіндегі Мекерия Атымов атындағы № 6 орта мектепте білім алды. Мектепті 2003 жылы үздік көрсеткішпен аяқтап шықты. Раяның арманы көп болатын. Әрбір жаңа іске құлшына кірісіп, аяғына дейін жеткізуге тырысып бағатын. Оның көп армандарының бірі дәрігер болу еді. Мектепті енді бітіріп шыққан жас түлек, қатарластары секілді арман жетегімен өзі қалаған оқу орнына түсуге ұмтылды. Рая, Қара кедей-Жеменей руының қызы. Раяның өнерге, ақындық өнерге жақындығы Шоңай руынан шыққан нағашыларынан жұғысты болған. Мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ, қасиетті Маңғаз Маңғыстау өңірінде сол кездері шыққан «Жаңа Өмір» және «Маңғыстау» газеттеріне мақала жазып, өлең шығарған кездері болған. Тіпті әр түрлі мерекелер сайын өлең шығарып, оны сыныптастары сайыстарда оқитын. Туып-өскен жерінде 10 жыл, яғни, 5 жыл домбыра үйірмесіне, 5 жыл баян үйірмесіне және де қосымша 2 жыл фортепиано аспаптарын меңгеріп, музыка мектебінің Қазақтың ұлттық аспаптар Оркестірінің құрамында болды.
      Осылайша, мектеп бітірген 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университетіне оқуға түсті. Онда «Емдеу ісі» факультетінде оқып, тәжірибелі оқытушылардан тәлім алды. Білуге, үйренуге құштар жас өзінің саласы бойынша уақытпен санаспай оқып, қосымша оқулықтар арқылы білімін жетілдіріп те жүрді. Тіпті қатарластарының арасында оза шауып, тобының мақтанышы да болды. 2009 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ-ның «Емдеу факультеті» бойынша интернатураға қабылданып, біржылдық интернатураны толықтай ойдағыдай 2010 жылы «Емдеу ісі дәрігері» бойынша бітіріп шықты. 
      Жас маман, сол оқу бітірген 2010 жылы жаз айында туылған өлкесі Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде орналасқан Маңғыстау аудандық орталык аурухананың емхана бөліміне жасөспірімдер терапевт-дәрігер қызметіне қабылданды. Жан-жағындағы тәжірибелі аға мамандармен араласа жүріп, өзі де көп тәжірибе жинақтады. Жасөспірімдер терапевт-дәрігері болып елдің шексіз алғысына бөленді. Рая Ералықызын өз ортасында, ұжымда еңбек ету барысында, өте еңбекқор, адал, шыншылдығымен көзге түскені үшін, жас маман дәрігерді 2012 жылы ұжым сайлауымен директордың «Емхана ісі» жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, аталған денсаулық сақтау мекемесінің басқарушылық қызметін 2013 жылға дейін атқарды. 2013 жылы өзінің жеке ұсыныс қалауы бойынша кардиолог-дәрігер қызметіне тағайындалуға оқуға жолданып, кардиолог-дәрігер атағын иеленіп, әрі қарай өз қызметін абыройлы атқара білді. 2018 жылы қызмет бабына және қоныс аударуына байланысты ШЖҚ МКК №2 Ақтау қалалық емханасы және «Ясин» медициналық орталығында кардиолог-дәрігер болып қызмет атқарды. Сол кездері негізгі жұмыстарына қосымша Қарттар үйінде 2019-2020 жылдар аралығында кардиолог болып қызмет етті.
      Білімді де білікті дәрігер 2019 жылы Ақтау қаласында орналасқан «МаңғыстауМұнайГаз» акционерлік қоғамы мекемесіне қарасты Мұнайшылар емханасына қазіргі атауы «Хирургия институты» ЖШС Ақтау қаласындағы филиалының және «Дәрігер Пасенова клиникасы» медициналық орталығында кардиолог-дәрігер қызметіне тағайындалды және де Рая Ералықызы қазіргі уақытта осы мекеменің негізгі Кардиолог маманы болып қызмет атқарып келеді.
      Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап негізгі жұмысына қосымша «Клиника Доктора Пасенова» медицина орталығының жеке кабинетінде жеке кәсіпкер ретінде Кардиолог-дәрігер болып қызмет атқарады. Кардиолог кеңесін беріп, жүрек ауруларын анықтап, емдеп, халыққа өзінің игі ісімен еленіп келеді. 
      Саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған тәжірибелі маман өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарай біледі. Алдына келген емделушінің көңілін аулап, жылы сөзбен ем жасау әрбір ақ халатты абзал жанның міндеті болуы тиіс деп санайды ол. Міне, содан кейін, жасалған ем-домның да нәтижесі жақсы болатынын айтады. Ешқашан қарапайым мінезінен танбаған ол, біреуге жекіп, дауыс көтеріп сөйлегенін емделушілері кездестіріп көрмепті. Керісінше, еңбектеген кішкентай баладан бастап, үлкен қарияларға дейін ілтипатпен қарайтын оның үлкен жүректі дәрігер екендігі көп халықтың аузындағы аңызға айналған әңгіме деуге болады. Жүзінен мейірім, жүрегінен жылу төгілген кейіпкеріміз білікті маман болуымен қатар, ақ көңіл әрі қамқор, қайырымы мол жан.
      - «Дәрігер болғаның өміріңді халқыңа арнағаның ғой. Дәрігерлік анттың сыртында, «дәрігер» деген сөзді «адам жанының арашашысы» деп түсінеді халық. Яғни, дәрігер болу ақ халат қана кию емес, үлкен жауапкершілік жүктейді деген сөз. Адамның тағдыры ойыншық емес. Адам жаны нәзік. Әркімнің мінез-құлқы да әрқалай. Сондықтан дәрігер ретінде емделушінің көңіліне қарап, жүрегін жараламай, әдемі сөзіңмен де емдей білуің керек. Өз басым бала кезімнен көңілшекпін. Отбасының үлкені болғандықтан да болар, көпшілмін, жаны ауырған жанға үнемі қамқор болуға ұмтылып тұрамын. Дәрігер арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген емес пе?! Медицинаның атасы Гиппократ: «Дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер дер едім. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткенің абзал. Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп. Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек. Өзім арман еткен саламда еңбек етіп, елге қызмет ете беремін. Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы осынау маңызды мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып, соларға сенім артып отырғаны белгілі. Себебі, жер жаһанды жайлаған коронавирустық індет күннен-күнге үдеп, сан мыңдаған адамның тағдырын жалмаған қауіпті дертке айналып үлгерді. Осы қарусыз майданда алдыңғы шепте арпалысып, адам жанының арашашысы болып жүргендердің еңбегі орасан зор екені ақиқат. Өзгенің жанын алып қалам деп қауіп пен қатердің арасында басын бәйгеге тігіп жүрген ақ халаттылардың еңбегі лайықты еленіп те жатыр. Ел ақ халаттыларға сенім артып отыр, сондықтан сол сенім үдесінен шыға білу біздің парызымыз. Кардиолог-дәрігермін – жүрек ауруларын зерттеп, анықтап, емдеуші маманмын. Қазіргі таңда көптеген науқастардың алғысына бөленіп отырған дәрігермін», - дейді Рая Ералықызы.
      Жүректі емдейтін дәрігер жүрек қалауымен 2006 жылы жаздың жайма шуақ мезгілінде, тағдырдың бұйыруымен, өмірлік екінші жартысы Дәулетті кездестіріп, отбасы құрады. Жолдасымен отбасын құрғанына 9 ай өткен кезде, жанұясына шыр етіп алғашқы сәбиі, қыздары Дәулет Мархаббат Дәулетқызы дүниеге келеді. Алғаш ата-ана болуында қуанышында тіпті шек болмады, сол ғажайып сезімдерімізді суреттеп жеткізудің өзі керемет дейді. 
      Мархаббат қыздары ата-анасы сияқты өте зерек, алғыр тәртіпті де тәрбиелі, ибалы да инабатты әсем қыз баласы болып өсіп келе жатыр. Мархаббат қазір Ақтау қаласындағы С.Мұқашев атындағы № 16 орта мектептің 9-сыныбында оқиды. 1-сыныптан бері үздік оқушы болып, көптеген сайыстар мен конкурстардың жүлдегері, мектебінің мақтанышы, ата-анасы және екі жақтың да ата-әжелерінің көз қуанышы, өмірінің мәні мен сәні, мағынасы, жарық өмірінің жалғасы, өнегелі ұрпағы.
      Қызылды-жасылды қызығы көңілден кетпес мынау жарық дүниеде адамның бірінші байлығы денсаулық екені даусыз. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса болды осы бір денсаулық сақшыларының көмегіне мұқтаж болып, жанымызға сая іздеп жатамыз. Ал бүкіл әлем халқының үрейін алып, сан мыңдаған тағдырды жалмаған осынау алапат дерттен әлемді тазарту жолында, халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген ақ желеңді абзал жандарға елдің алғысы шексіз. Ардақты атты арқалап, алдына келген әрбір емделушісіне мейіріммен қарап отыратын Рая Ералықызының еңбегіне жеміс тілейміз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
13 мая 2023 10:05
Арайлым

Алла жар болсын. Сәттілік. Денсаулық тілеймін 
21 сентября 2022 16:21
Мархаббат

Менің анам өте жанашыр дәрігер, жарайсыз анашым. Біз сенімен мақтанамыз, адал еңбегіңіз елене беруіне тілектеспіз💋
21 сентября 2022 12:33
Маржан Садакбаева

Рая өз ісінің шебері,пысық, ізденгіш маман.Елдің ықыласына бөленіп жүре бергейсің! СӘТТІЛІК!
21 сентября 2022 09:05
Акзат

Рая оте жақсы адам, дәрігер және құрбы!
28 января 2022 15:59
Рая

Мария,
Рахмет жаксы тилектеринизге!!! 
27 января 2022 14:34
Мария

Өте білікті дәрігер, көптеген адамдарды өлімнен аман алып қалған👍🏻 Жарайсыз, еңбегіңіз бағалғаны үшін қуаныштымын😍❤ 

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...