Мықты дәрігер
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейтіні белгілі. Жалпы дәрігер болғысы келетін жандар көп екендігі айтпаса да түсінікті. Солардың бірі – Ерлан Еркінұлы деуге болады. Бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен
![]()
өзіне деген сенімі болғаны көзіндегі отынан байқалып тұрады. Жалпы дәрігер болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Шприц, ақ халат, емхана, медициналық эмблема, науқастар да күнделікті оның көз алдында тұратын. Қиялына ерік беріп, жаны ауырып келгендерге ем-шарасын жазып, инесін шаншып жататын.
Ақмұрзаев Ерлан Еркінұлы туралы әріптестері де оның жүзі жылы, өзіне жүктелген жұмысына ұқыпты, қолдары жұмсақ, кез келген науқаспен тез тіл табыса білетін қабілеті жоғары екендігін айтады. Жалпы кез келген мамандықтың өзіндік ауыртпашылығы болатынын, әрбір дәрігердің мойнына үлкен жүк артылғанын Ерлан Еркінұлы жақсы түсінеді және ол ең бастысы адал қызмет етіп, адамдардың аман-саулығы жолында жемісті жұмыс атқара беруін жалғастыра бермек. Дана халқымыз: «Мейірімділік – жүректен» деп бекер айтпаған, сол себепті әрдайым дәрігер мен науқастың арасында бір-біріне деген мейірімділік болса кез келген аурудың бетін қайыру қиын емес. «Тіс дәрігеріне жиі қаралып тұрған артық етпейді. Жалпы тіс дегенде салғырттық танытуға болмайды. Әр адам әрдайым өзіне сенімді жүретіні белгілі, тіс сау болса да, кем дегенде жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралып, профилактикаға көбірек мән берген абзал. Себебі, ауру айтып келмейді», - дейді кейіпкеріміз.
Ақмұрзаев Ерлан Еркінұлы 1983 жылы 2 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бірінші май ауылында дүниеге келген. Бала кезінде Жамбыл облысына көшіп келеді де, Тараз қаласында №43 мектепте 11 сыныпты оқып, бітіреді. Содан кейін 2000 жылы Тараз қаласындағы Мемлекеттік Медициналық колледждің тіс технигі факультетінде білім алады. Білімге құштар жас 2006-2007 жылдары Қарағанды қаласындағы бет-жақ ауруханасында интернатурадан өтіп, балалар емханасында балалар тіс дәрігері болып жұмыс істеді. Бір-екі жылдан кейін жеке БАБТА стоматологиясында хирург-ортопед болып қызмет атқарады. Еңбек биігін бағындыруды жас маман осылай бастады. Бұл дәрігерді шыңдап, тосын оқиғаларда тосылып қалмайтындай тәжірибе берді. Дәрігер науқасты емімен ғана емес, жылы сөзімен де емдей алады емес пе?! Аурумен тек дәрігер ғана емес, науқас та өз өмірі үшін күресу керек. Ерлан Еркінұлы ешкімді алаламайды. Барлық ем алушысына бірдей қарайды. Ешқандай туыстық қатынасы жоқ, мүлде танымайтын адамдарға да хабарласып, жағдайын біліп отырады. Ол өз ісіне берілген, жүрегінде мейірімі бар нағыз дәрігер. Елдің айтар алғысы да шексіз.
- «Мен денсаулық сақтау саласында қалтқысыз қызмет етіп келемін. Дәрігердің міндеті – науқастардың дертін ажы
![]()
ратып, тезірек анықтап, ем шарасын көру. Халық денсаулығын жақсарту жолындағы таңдаған мамандығымды әрдайым мақтан етемін. Әлемді аралап жүрген індет те бізге оңай болған жоқ. Медицина маманы ретінде оған да тосқауыл қоюға бірге атсалыстық. Ақ халаттылар үшін ең маңыздысы – қауіпті індеттің таралуына жол бермеу. Өз мамандығымды жан дүниеммен қалап таңдағандықтан, оған еш өкінбеймін. Себебі, елге қызмет ету, елдің ыстық ықыласына бөлену – менің азаматтық борышым. Иә, рас тіс дәрігері болу оңай емес. Бұл зергердің жұмысы секілді. Аса сақтық керек. Жұмыс барысында қауіп жоқ емес, бар. Қанша сақтық шараларын, гигиеналық тазалық жұмыстарын жүргізгеннің өзінде бір қатер күтіп тұрғандай сезіледі. Әр қадамымызды аңдап басып, абайлап әрекет етудің өзі – үлкен сақтық шарасы болып табылады», - дейді кейіпкеріміз.
11-ші сыныпқа келгенде көкесі жол көрсетіп, тіс жасайтын тіс техниктері аз, сондықтан да осы мамандықтың тізгінін ұстап, таңдасаң ары қарай жолың ашылады деп ақыл-кеңесін береді. Тараз қаласындағы Медициналық колледждің зубатехникалық факультетіне оқуға түседі.
Медицина саласы ұнап, одан ары жоғарғы оқу орнында білімін жалғастыруды көздейді.
Ерлан Еркінұлы 2008 жылы жеке клиникада хирург-ортопед болып бірнеше жыл қызмет етеді. Заманауи имплантация бағытында тіс саласының қыр-сырымен танысып, біліктілігін арттыру мақсатында Ресей еліне бірнеше рет, Германия, Дубай, Оңтүстік Корея елдеріне барып қайтады. Жинақтаған білімі мен алған тәжірибелерінің нәтижесінде имплантацияның барлық әдістерін, синус-лифтинг, сүйек тіні
![]()
нің өсуі, қызыл иек пластикасы және имплантация сынды жұмыстарды меңгерген.
2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласына отбасымен бірге ата-анасы, тума-туыстары, ағайындары елордада болғандықтан көшіп келеді. «Sultandent» деген жеке клиникасын ашады. Клиникасының «Sultandent» аталуы Ерлан Сұлтан атасының сүйікті немересі болады. Кішкентайынан атасының бауырында өсіп, қамқорлығын көреді. Дара да, дана атасының ақылын тыңдап, өсиетін естіп өскен бала Ерлан атасын өте қатты сыйлап, жақсы көреді. Осы сыйластығы мен шексіз алғысының көрінісі ретінде ашқан жеке клиникасын «Sultandent» деп атасының құрметіне атайды. Қазіргі кезде ем алушылар қатары көбейгендіктен кабинет саны да артқан. Бірнеше қызметкерлерді (35 қызметкер) ауызбіршілікте ұйытып отырған клиникада екі бөлімше яғни, терапиялық және ортопедиялық болып халыққа қызмет көрсетіп отыр. Басында стоматология «Sultandent» деп аталса, «Ақмұрзаевтің авторлық стоматологиясы Sultandent» деп аталып жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда 9 кабинет, заманауи жаңа технологияның барлығы 3D рентген диагностика, микроскоп, гамма диагностика, 3Shape диагностика тағы да басқа инновациялық техникалардың барлығы бар. Осылардың және де білікті басшы мен білімді мамандардың арқасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына тісті заманауи, сапалы емдеу қызметін ұсынып отыр деуге толық негіз бар. Тістің ортопедиялық, хирургиялық, брекет жүйесімен жалпы тістің барлық емдеу түрлерінде қызмет көрсетеді. Еңбек өтілі 17 жылдан асқан Ерлан мырза клиниканың бас дәрігері ғана емес, хирург-имплантолог, ортопед. Осы жылдар аралығында Ерлан дәрігер ең заманауи әдістемелерді меңгерген: винирлерді орнату, қойындылар мен жапсырмаларды микропротездеу, импланттарға алмалы-салмалы және алынбайтын протездеудің барлық түрлері. Жұмыстың нәтижесі - науқасты толық эстетикалық оңалту. Дентальды имплантация (STRAUMANN, ANKYLOS, ROOTT, NEODENT, MegaGen). Сүйеу пластикасы: бағытталған сүйек пластикасы, альверолярлы қайта құру, сүйек блоктарымен жұмыс істеу операциялары, пьезохирургиясы. Тіс аймағында қызыл иектің шеті мен жұмсақ тіндердің пластикасын түзету. Gamma Reference SL артикуляциялық жүйесіндегі үлкен функционалды диагностика арқылы емдеу жүйесін жүргізеді.
Ерлан мырза бос уақытында балық аулап, аңшылықпен айналысқанды ұнатады. Түрлі тағамдар дайындап, таным көкжиегін дамытып, саяхат жасау да оның сүйікті ісі.
Отбасының берекесін келтіріп, әрбір күнінен мерекеге айналдырып отырған жарымен бірге бақытты шаңырақта екі қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Ерлан Еркінұлының ел игілігі жолында етіп жүрген ісіне береке тілейміз.