Алғысқа бөленген дәрігер
«Енді алдыңда тұрады тірі жандар, Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар... Қимылдамай кірпігі жатса-дағы, Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар! Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде, (Ақыл айтып кеттім-ау желіктім бе?) Өлгендерді тірілтем деп ойлаған, Денесінен жан ізде өліктің де. Жолың болсын, бара ғой, айналайын, Айналайын, қорғаушым, қарғадайым! Кәсібіңе мен сенің басымды ием, Басымды ием, несіне
![]()
арланайын..» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай қыранның қанатында суылдаған уақыт өзгерсе де, өзгермейтін нәрсе ол, дәрігерге деген сенім мен ауызбен де, іштен де айтылып, жылы жанарымен, ыстық ықыласпен сездіретін елдің алғысы. Медицина қай заманда да дәуірлеп тұрған. «Бірінші байлық - денсаулық» деп Алланың берген аманатына қиянат жасамау жолында өзінің тәнін күтіп, күтініп жүретін адамзат баласының медицина мамандарына, дәрігерлерге деген құрметі күн өткен сайын артып келе жатпаса кеміген емес. Оған дәлел, әлем аспанын торлаған бүгінгі пандемия жағдайында ақ халатты абзал жандардың жанкештілігін көрген, халықтың риясыз сенімі мен айтар алғысы. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де осындай, адалдық пен аманат жүгін арқалаған, Гиппократ антына адалдығын танытып, жас болса да жасамыс істердің қасында жүрген асыл жүректі, мейірбан жандардың бірі – Арыстанова Аида Мұхтарқызы.
Халықаралық ПревентЭйдж Превентивті интегралды дәрігерлер Ассоциациясының мүшесі, жалпы тәжірибелік дәрігер, бірнеше бірегей қазақ тіліндегі курстарының авторы, заман талабына сай онлайн және оффлайн бағытта жеке кеңестер беріп келе жатқан Арыстанова Аида 1990 жылдың 22 маусымында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді.
Аталарымызға арман болған Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан жылдары дүние есігін ашып, жарқын болашаққа бой түзеген жаңа ғасырдың табалдырығын аттаған Аиданың қанын да өр рух пен батырлық, топырағында тектілік пе қасиет тұнған қазыналы өлкеда бақытты балалығын өткізді. Өмір бұлағының бастауы болған, шоқтығы бұлтпен таласқан асқаралы Алатаудың шыңынан да биік әкесі – Арыстанов Мұхтар әскерилендірілген күзет бөлімінде – бөлім басшысы қызметін атқарып, 20 жыл ел қызметінде болған текті әулеттің ұлы. Бірақ, жазулы тағдыр уақыты келгенде өз дегенін істейді, адалдықты ту еткен, кісі көңілін қалдырмаған, перзентіне деген махаббаты мен әкелік қамқорлығы, шашынан сипап еркелеткенін ешқандай дүниеге айырбастауға келмейтін абзал әке, артына алтын асықтай перзенттерін қалдырып 2009 жылы өмірден ерте озып кете барды. Ал, мейірімділік пен ибалықты, инабаттылық пен әдептілік, өнегені бойына сіңіріп, әлі күнге таңдайға түскен тілегі перзенттерінің амандығы болып келе жатқан, «Айналайыны» оттан да
![]()
ыстық анасы – Арыстанова Құрманкүл кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер.
Әке махаббатымен тек алға ұмтылатын, ана мейірімімен әлемді жақсы көрген, сырдың салқын самалына перзенттік бұрымын сүйдіріп өскен Аида Мұхтарқызы болашақтың нұры себелеген білім ордасы Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның табалдырығын аттады. Болашақтың берік қалануы білім кірпішінің берік қалануында екенін анасының сөзімен, ұстазының тәлімімен түсінген Аида сыныпта мектеп өміріне белсене араласқан белді оқушылардың бірі болды. Айтқан сөзді қағып алатын алғыр, зерек те зейінді, мектептің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, мектеп бағдарламасын еркін меңгерген дарынды жас білім ордасын үздіктер қатарында бітірді. Шыңды тек қырандар мен ұлар мекендейтіні секілді, тектілердің табан ізі қалған қасиетті топырақта аунап өскен Аиданың да арманы асқақ еді. Балапан қыранның қанатына дем берген заңғар көктей, арманына сәуле түсірген ұстаздары мен анасының тілегінің арқасында дәрігерлік мамандығын таңдаған талапкер, өзінің білімінің арқасында Астана медициналық Академиясының «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсті.
Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық мінезді Аида қазақ елінің жас астанасында жүріп білімін жетілдірумен қатар, білім ордасының қоғамдық өміріне белсене араласып кетті. Сабақтан тыс уақыттарында спортқа мән беріп, саулықты алдыңғы орынға қоя білген студент үшін Астана жетістікке толы жылдардың басы болды. 2008-2012 жылдар аралығында әйелдер еркін күресіне қатысып, Республикалық жарыстарда жүлделі орындармен марапатталып, спорт шебері кандидаты (КМС) атанған Аида спортпен қатар, таңдаған саласы бойынша ғылыми жұмыстармен де айналысты. Өз ісінің білікті әрі білімді маманы болып шығу, талантты жастың ғана қолынан келетін іс. Жалпы медицина бойынша ізденіп, оқушы қараңғылығын ғылым нұрымен жарықтандыра білген Аиданың 2012 жылы 25 сәуірде Халықаралық дәрежеде өткізілетін жас ғалымдардың 54-ші ғылыми-практикалық конференциясында 3 мақаласы жарық көрді. Атап айтар болсақ, «Қазақстан Республикасында жатыр денесінің қатерлі ісігінің таралуы және қауіп факторлары», «Спортпен айналысатын адамдардың релаксационды гимнастика мәселесі туралы», «Вертоброгенді патологияның алдын алуда дене шынықтыру-сауықтыру шараларының тиімділігі» тақырыптарында өзінің ғылыми жобасын қорғаған еңбексүйгіш, ізденімпаз студенттің 2013 жылдың 24-25 қазан айында өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысумен өткен жобада «Взаимосвязь
![]()
соматической патологии с нарушением в репродуктивной системе в пубертате» атты тағы да бір ғылыми мақаласы жарық көрді.
Талай тарих беттерінде есімі мен еңбектері алған ақтаңдақ тұлғалардың жазбасын тарамдап қарап, тағылым тереңіне тереңдей ене түскен Аида Мұхтарқызы 2012 жылы жалпы медицина факультетінің бакалаврын бітіріп, осы жылы жалпы медицина бағыты бойынша интернатурға түсіп, 2014 жылы Жалпы медицина факультетін үздік тәмамдап шықты. Білімді маманға жұмыс та табылады, жас маманның еңбек жолы тамыз айынан бастап «Апаттар медициналық теміржол госпитальдары» Акцинонерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» Жанұялық дәрігерлік амбулаториясының 2 терапия аймағының «Жалпы тәжірибелік дәрігері» қызметінен басталды.
«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін...» деп, Алаштың арысы Мағжан Жұмабаев айтқандай, жастың жалынымен медицина саласына келген Аида Мұхтарқызы өзінің аймағында 35 00 адам болса да, осы қызметпен қатар, «Апаттар медициналық теміржол госпитальдары» акцинонерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасында» терапевт қызметін бірге атқарды. Білмеймін демеді. Оқып тоқығаны, тәжірибеден жинақтағанына салып еңбек ету барысында, өзінің жұмысын айналдырып алып кетті. Алдына келген науқасқа тек науқас деп қарап қана қоймай, оның жан дүниесіне үңіле біліп, ауруынан айығудың жолдарын көрсетумен қатар, тез жазылуға деген сенімін нығайтып отырды.
Медицина жыл санап емес күн санап дамитын, жаңаратын, үнемі даму үстінде болып отыратын күрделі сала. Осы бір, саланың білікті дәрігері болу үшін маманға да үнемі өзін-өзі толықтырып, білім көкжиегін арттырып, жаңа технологияларды меңгеріп отыру керек. Осыны естен шығармаған жас маман өзінің еңбексүйгіштігінің, мамандығына деген адалдығының, ізденімпаздығының, ғылымға деген ерекше құштарлығының арқасында қызметте де, өз ортасында да сый-құрметке ие болып, беделі өсе түсті.
Әйел адам үшін отбасы бірінші орында. Дәрігерлік салада қызмет етіп жүрген Аида Мұхтарқызы тұрмысқа шығуына байланысты Астана қаласына көшіп, 2017 жылы Астана қаласында «Жібек» балабақшасында педиатр қызметіне орналасты. Еңбек етемін деген маманға қай жерден де орын табылады. Бұл орталықта да бала денсаулығын жиі қадағалап, ұжымдық іс-шараларға да белсене қатысып, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында балабақша меңгеруші қызметіне көтерілді. Одан әрі 2018 жылдан бастап диетология, нутрициология саласында ізденіп, халықаралық деңгейдегі институттардан білімін жетілдіре бастаған ізденімпаз Аида 2018 жылдың қаңтар айынан бастап өзінің жеке кабинетін ашып, онлайн және оффлайн бағытта жеке кеңестер бере бастады. Адам денсаулығы ғылым тұнға
![]()
н, күрделі әлем. Осы бір әлемнің кілтін тауып, түйілген тамырларды дөп басып, науқастың жанына батқан ауруын табу үшін үлкен білім, ғылым керек. Осы бағытта 2019 жылы Жалпы дәрігерлік практиканың өзекті мәселелері мамандығы бойынша жалпы дәрігерлік тәжірибе біліктілігін арттырып, «Специалист по функциональному интегративному питанию» қайта даярлауды Мәскеу қаласында тәмамдаса, 2020 жылы қосымша даярлауды «Экспертная программа по функциональной интегративной диетологии» Халықаралық деңгейде өтіп, 2021 жылы «Международном Институте Интегральной Превентивной и Антивозрастной Медицины ПревентЭйдж» біліктілігін жоғарылатып қосымша Интегральная превентивная и антивозрастная медицина мамандығын меңгеріп, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Франциялық Anti-Age Expert экспертті мектебінде білімін жетілдіріп келе жатқан Аида Мұхтарқызы 2021 жылдың мамыр айынан бастап Халықаралық ПревентЭйдж Превентивті интегралды дәрігерлер Ассоциациясының мүшесі. Аида ханым «Анти-глютен», «Анти-қант», «Денсаулық», «Берекелі Рамадан», «Анемия», «Бала денсаулығы», «Берекелі таң», «Өт тазалау», «Детокс», «Ағза тазалау», «Ресурс» уникалды қазақ тіліндегі курстарының авторы. Инстаграм желісінде @doctor_aidamukhtarovna парақшасын жүргізеді. Қазіргі таңда, 65 мыңнан аса оқырманым бар, сонымен қатар ютуб, телеграм, тикток әлеуметтік желілерінде парақшалары да бар.
Бүгінде тәжірибелі дәрігердің өзінің жеке кеңсесі мен командасы бар. Командасында 10 шақты қызметкер жұмыс атқарады. Сонымен қатар, оның курстарын және жеке кеңесін Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Египет, Мәскеу, АҚШ, Түркия елдерінен алады.
- «2014 жылы Рахимов Дәулет Ахмедияұлына (14.10.1986 жылғы Жезқазған өңірінің тумасына) тұрмысқа шықты. «Бағалау салалар мен қолдану аймақтарды» мамандығы бойынша Қазақ инженерлік-техникалық академиясын тәмамдаған, жоғары білімді сарапшы бағалаушы (эксперт-оценщик). 2006-2007 жылы Альянс банкте бөлімше басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2009-2011 жылдары Астана қаласында АО КазАгромаркетинг «Бағалаушы» қызметін атқарған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Алматы қаласында бірге тұрамыз, Аллаға шүкір екі баламыз бар. Үлкен қызымыз Мариям 5-жаста, ұлымыз Абдулла 3-жаста», - деп өзінің қызметі мен оттан да ыстық жанұясы туралы айтып өткен Аида Арыстанова сынды дәрігерлеріміздің бары қуантады. Ғылымнан қуат алып, біліммен нәрленген, әлеммен байланысы бар білімді де, білікті дәрігерлеріміз тұрғанда Қазақ елі ұландарының, Қазақстанның перзенттерінің елдің, халықтың денсаулығы сенімді қолда болмақ.
Ақ халатына адалдықтың арын ілген дәрігер Аида Мұхтарқызының еңбегіне табыс, кәсібіне береке, отбасына амандық тілейміз!