Исмагулов Жасұлан

Рейтинг:

Еңбектен асқан ем жоқ

      Ер адамның визит карточкасы оның әдемі күлкісі. Кейбіреулер бұл сыйлықты «табиғаттан» алса, енді бірі оны тіс дәрігерлерінің көмегімен алады. Бүгінгі кейіпкеріміз өз жұмыс орнында өзіндік тіс емдеу технологиялық тәсілімен, тіс дәрігерлері ретінде кәсіпқойлығымен және озық әдістерді қолданумен ерекшеленіп жүрген Исмагулов Жасұлан.
      Жасұлан мырза Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасын тәмамдағаннан кейін кейіпкеріміз өзінің болашақ мамандығына таңдау жасап, 1990-1993 жылдар аралығында Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінен білім алып шығады. Әрбір тіс дәрігерінің өзіндік тіс емдеу ерекшеліктері мен техникасына ие болатындығы ақиқат. Кейіпкеріміз өз мансабындағы алғашқы еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық тіс емханасында аталмыш мамандық бойынша қызметімен бастады. Халыққа өз қызметін ұсынып, ел арасында сенім мен алғысқа ие болған Жасұлан мырза 2002 жылы шағын ұжымнан құрылған жеке тіс емдеу кабинетін ашады.
      Мамандықтың бəрі жақсы, бірақ дəрігерліктің орны бөлек. Дəрігер өзін мамандығына лайықты ұстаса, оған құрмет пен халықтың ықылас-сенімі өздігінен-ақ оралатындығын жақсы білетін кейіпкеріміз 2012 жылы Лесхоз шағын ауданында кеңейтілген тіс емханасын іске қосады. Араға бірнеше жылдар салып, 2016 жылы «СМ Клиник» медициналық орталығын ашады. Өз өңірінің тұрғындарына қолжетімді қызметті ұсынуды жөн көрген Жасұлан мырза 2019 жылы «Smagul dent» тіс емханасының 3-кеңсесі өз қызметін бастайды. Ағымдағы жылы Жасұлан мырзаның бастамасымен Атырау облысы, Құлсары қаласында СМ-клиник 2-ші филиалының ашылуы орын алмақ.
      Тұлға үшін қашанда білім мен білік артықтық етпейді. Осы мақсатты жүзеге асыра алған кейіпкеріміз өз білімін жетілдіріп, 2020-2021 жылдары Чехия Республикасында орналасқан, Халықаралық экономикалық институтының қоғамдық денсаулық сақтау магистрі атағын иемденеді.
      Адамның денсаулығы ауыз қуысынан басталады. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ересектер мен кішкентай балалардың көңілін табуды талап ететін, мінсіз күлкіге ие болуына ықпалын тигізетін осы бір мамандық иесі Жасұлан мырза өз мамандығы бойынша 1993 жылдан бастап, 2021 жылға дейін басшылық қызметін қоса атқарып келеді. Кейіпкеріміз білікті маман ретінде қызмет барысында қазіргі таңда толықтай басшылық қызметінде.
      Бүгінде Жасұлан мырза Қазақстан Стоматология Ассоциациясының мүшесі. 2020 жылы Ақжол демократиялық партия мүшісіне қабылданып, 2021 жылдан бері қалалық мәслихат депутаты атанып, ел игілігі үшін қызмет атқаруда.
      Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандығын таңдау үлкен жауапкершілік екендігі сөзсіз дүние. Осы сала барысында еңбегі мен адамгершілік асыл қасиеттерінің арқасында ұжым арасында сыйлы, білімді маман, ардақты әке, айналасына қамқорлық шуағын шашып жүретін жаны жайсаң адамның ұлағатқа толы еңбек жолы мен өмірі медицина саласын таңдаймын деген жастар үшін мотивациялық күш, болашаққа қадам басуға арналған үлкен ынта болары анық деп есептейміз. Жасұлан мырзаның еңбегі еленіп, 2011-2016 жылдар аралығында Халық сүйіктісі (Народное признание) номинациясымен марапатталып, 2013-2014 жылдары және 2021 жылдары «Стоматологиядағы ерен еңбегі үшін», 2018 жылы «Қазақстан медицинасындағы қолтаңбасы үшін» номинациясымен, 2020 жылы «Абырой» төсбелгісімен марапатталады. 2021 жылы кейіпкеріміз «Ақжол» Демократиялық партиясының Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапатталады. Ағымдағы жылы Жасұлан мырза «Жыл адамы – 2021» жыл қорытындысы бойынша «Белсенді депутаты» номинация дипломы берілді.
      Өз саласының майталманы атанып үлгерген ардақты дәрігеріміз өз отбасында да қамқоршы әке, асыл жар демекпіз. Зайыбы – Қырықпаева Гульнабат Нұрлыбайқызымен 1996 жылы шаңырақ құрады. Бүгінде Жасұлан мырза мен Гульнабат ханым үш баланың ата-анасы. Үлкен қыздары Ализа жоғарғы оқу орнын бітірген, бүгінде «Deloitt» компаниясында қызмет етіп, ел игілігі үшін еңбек етуде. Ал екінші қыздары Дания Алматы шаһарында орналасқан іргелі оқу орны С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті. Ұлдары Жантөре бүгінде бір жаста.
      Бүгінгі күннің қаһарманы Жасұлан мырзаның еш қорықпастан, уақытты тиімді пайдалана отырып, бір істі соңына жеткізетін табандылығына тәнті бола отырып одан әрі қызметтік өрлеу тілейміз. Дәрігер боламын деген әрбір жан үшін білім мен білік алғашқы орында екендігін ескеріп, өнегелі өмірі, еңбек жолындағы табысты істері жастар үшін темірқазық боларына үлкен сенім артамыз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...