Бақытты жан
Қоғамда өмір жолын науқастарды емдеуге, олардың денсаулығын оңалтуға арнаған нәзік жандылар өте көп. Дәрігер ісі ең жауапты әрі қиын сондай-ақ, адалдықты қажет ететін мамандық қой. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелерінің еңбегі әрине өлшеусіз. Сондықтан осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай.
![]()
Дәрігер атаулының табиғаты басқа мамандықтарға қарағанда тек адамның жаны мен тәні үшін жаралған жандар іспеттес дер едім. Қай елдің болмасын ең басты байлығы ол – халқының денінің саулығы. Сондықтан да денсаулық сақтау саласының жағдайы қашанда ерекше назарда болады. Халқымыздың: «Бірінші байлық – денсаулық» дейтін даналық сөзінің өзі осыған кепіл.
Ақ халатына дақ түсірмей, көпшіліктің ықыласына ие болып, денсаулық сақтау саласында қызмет етіп, бедел биігін бағындырған Ұлжанат Серікбайқызы жайлы қалам тербемекпіз. Ол саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған тәжірибелі маман. Өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарай біледі. Алдына келген емделушінің көңілін аулап, жылы сөзбен ем жасау әрбір ақ халатты абзал жанның міндеті дейтін болсақ, Ұлжанат Серікбайқызының алдына барған науқас үнемі күлімдеп шығады. Себебі, дәрігердің өзі оларды жылы қарсы алып, ине салып, дәрі ішкізбей-ақ сырқат жанды мейірім тұнған көзімен, жылы сөзімен сауықтырып, шығарып салып жатады. Мінез-құлқына білім мен біліктілігі сай. Басқаны бірден баурап алатын дәрігер қай кезде де халықтың көңілінен шыға білген нағыз білікті маман.
Джурумбетова Ұлжанат Серікбайқызы 1962 жылы 9 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір қаласында өмірге келген. Ленгір қаласының №2 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті үздік бітіріп, арман жетегімен өзі қалаған оқу орнына талаптанды. Осылайша, С.Асфендияров атындағы медицина институтына оқуға түсті. Білімді жас 1987 жылы аталмыш институтты жақсыға бітіріп шықты. Маманданған дипломды жас еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы,
Киров ауданының «40 жыл Уз ССР» кеңшарында тіс дәрігері болып бастады. Жас та болса өзінің қызығушылығына қарай, жауапкершілігінің арқасында 1994 жылы Мақтаарал ауданының, Мақтаарал ауылдық округіне қарасты «Ынтымақ» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясына тіс дәрігері болып ауысты. 2001-2015 жылдары «Ынтымақ», «Игілік» отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларының бас дәрігері, аға дәрігері болып беделді қызмет атқарды. 2015 жылдан бері «Атакент» емханасында бас дәрігер болды. 2017 жылы емхана мен аурухана қосылып, «Атакент» ауруханасы болды. 2017 жылдан бері бас дәрігер Джурумбетова Ұлжанат Серікбайқызы өзінің қызметін абыроймен атқарды. Білімді де білікті, жан-жақты ізденімпаз іскер басшы ретінде өзін көрсете білді. Өзінің білімін үнемі жетілдіру үстінде жүретін ол басқалардан үлгілі ісімен де дарал
![]()
анып тұрады.
Ұлжанат Серікбайқызы 2004 жылдан қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер атанды. Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер-маман ретінде халық денсаулығының сақтау жолында ғана емес, қоғам өміріне де белсене атсалысып жүр. Ол Мақтаарал аудандық «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі. 2017 жылы облыстық әлеуметтік-экономикалық қоғамдық саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін және жоғарғы жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан мәжілісінің грамотасымен, 2018 жылы Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін, «Мақтаарал ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен наградталған. 2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезеңіндегі зардаптарды жоюға, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі еселі еңбегі үшін аудан әкімшілігі тарапынан «Алғыс хат», 2020 жылы Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдай кезеңіндегі зардаптарды жоюға, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі еселі еңбегіне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінен «Алғыс хат», Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамызындағы жарлығы бойынша «Қазақстан Конститутициясына 25 жыл» мерекелік медалімен, 2021 жылы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау департаментінің Мақтау қағазымен, Мақтаарал ауданы әкімінің «Құрмет Грамоталарымен» марапатталған. 2021 жылдан VII шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі Республикалық және облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
- «Науқастарға зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, бар шама-шарқыммен оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, ілімде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін, жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын!» - деп Гиппократ антын берген ақ халаттылардың бірі ретінде өзімді бақытты санаймын. Ешбір дәрігер науқасын өз көзімен көріп, жағдайын толыққанды тексермейінше ем тағайындамайды ғой. Сол секілді мен әрбір
![]()
науқасыма арнайы уақытымды бөлемін. Ауру тарихымен танысып болып, қазіргі жағдайын салыстырып, ем-шарамды қоямын. Өйткені, аурудың себебі әртүрлі. Мысалы, бас ауруын алайық. Ол – қан қысымы жоғарылағаннан ауырса, қан қысымын төмендету керек. Оттегі жеткіліксіздігінен ауырса тамыр кеңейткіштер керек. Тұмау кезіндегі бас ауруға парацетамол керек. Жөтелде де солай. Бастысы мұқияттылық пен жауаптылық керек. Өйткені, медицина өкілдерінің мойнына артылар жүк өлшеусіз. Әсіресе, соңғы жылдардағы індетпен күресте алғы шепте жүріп, міндетін адал атқарған, өмір мен өлім арпалысында талай науқасты аман алып қалған ақ халаттылардың еңбегі ерен деген болар едім. Дәрігер болу үшін бейімділік, икем, қабілет қасиеттері аздық етеді. Сондай-ақ, науқас адамның сеніміне кірбің келтірмей, рухани қайрат беру де маңызды. Сырқат жандарға ем-шара жүргізумен қатар жүрегін де жұмсай білуі қажет. Дәрігерлік мамандықтың сыры – ең әуелі адамға деген сүйіспеншіліктен тұрса керек», - дейді кейіпкеріміз.
«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген нәзік жандыларға қалайша бас имейсің?! Қызметте білікті көшбасшы болса, ол асыл жар, отбасында ақылды ана, үлгілі ене, сүйікті әже. Сыр-сымбатына ішкі дүниесі сай, бойында шыдамдылық пен сезімталдық үйлесім тапқан Ұлжанат Серікбайқызы жолдасы Джурумбетов Даулетбай Үсенұлымен бірге 3 ұл тәрбиелеп, өсірді.
Бүгінде 3 келінін қатар жұмсап, немерелерінің қызығына тоймай отырған бақытты шаңырақ отанасы. Алла қосқан жұбайы Даулетбай Үсенұлы 1958 жылы дүниеге келген. Мамандығы дәрігер. Қазіргі таңда жеке шаруа қожалығының төрағасы, егістікпен айналысады.
Бағалай білген жанға медицина қызметкерлерінің тұғыры биік. Аталған саланың маманы болу адамға жарық сыйлау іспетті. Сондықтан тек қолымен ғана емес, жүрегімен де жылу сыйлай білетін Ұлжанат Серікбайқызына зор денсаулық тілеп, елдің алғысына бөлене беріңіз дейміз.
![]()
![]()
![]()