Маметова Марина

Рейтинг:

Әдемілік әлеміндегі жан

      Қай қоғам болмасын ақылды әрі парасатты азаматтарын, соның ішінде нәзік жандылар қауымын ел ерекше құрметтейді. Себебі, олар біріншіден – ана. Сонан соң қоғамдағы ең белсенді, еңбекқор, жан-жақты, ізденісте жүретін, өзгерістерге немқұрайлы қарамайтын, жаңашылдықтарға жаны жақын, жаңалықтардың бастамашысы деген болар едім. Қазақ елі мықты нәзік жандылардан кенде болған емес. Қазіргі заманғы даму әйелдерден отбасында да, жұмыста да, қоғамда да белсенді болуды талап етеді. Елбасымыздың: «Әйел – отбасының тірегі, яғни, мемлекеттің де тірегі» деген сөзі бар. Расында әйелсіз өмірдің мәні де мағынасы да болмас еді.
      Әйел ең бірінші өзінің отбасының ақылшысы. Нәзік әрі батыл әйел-аналардың алмайтын қамалы, бағындырмайтын белесі жоқ. Әйел адамды Жаратқанда ерекше етіп жаратқан ғой. Мұндағы басты ерекшелік – бала сүйе білуінде. Әйелдердің алдымен ана екенін ескерер болсақ, әлемді онсыз елестету тіпті де мүмкін емес. Әйел заты бүгін – қыз бала, ертең – келін, арғы күні ана атанады. Қоғамның беталысы әйел затының тәрбиесі мен әдебіне тікелей байланысты. Баланы дүниеге алып келетін, жатырдан бастап негізгі тәрбиені бойына сіңдіретін де осы әйел заты. Бұл жаратылыс – нәзік әрі сұлу, іштей күшті, қылықты, сезімтал, патриот, айналасын ақылымен және айласымен гүлдендіріп отыратын күшке ие. Ана үнемі өзін дамытумен болады. Егер ананың ішкі рухы мықты, рухани бай болса одан тараған ұрпақ та мықты болады. Сондықтан ана болу – әйел адамның ең негізгі бақыты. Ананың жауапкершілігі де, қиындығы да көп. Сондықтан Алла Тағала анаға мол сауаптан жазады. Ананың басты міндеті – баласына ұлттық тәрбие беру, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, өз тілін яғни, ана тілін сәбиінің бойына сіңіру, салт-дәстүрді үйрету. 
      Нағыз нәзік жанды жаратылыс иесінің сөзінде даналық, рухында нәзіктік пен кіршіксіз тазалық, адамдармен қарым-қатынасында әрдайым өзін еріксіз сыйлататын және құрмет тудыратын қасиетке ие. Сонымен қатар, ол өзін сыйлап, қоғамды сыйлап, салиқалы ұрпақ тәрбиелей біледі. Сонымен қатар, ол сұлулықтың символы екені даусыз. Жалпы сұлулық, әсемдік пен әдемілік дегеніміздің өзі әйел адамнан басталады ғой. Кейіпкеріміз Марина Қуандыққызы жаны да өзі де сұлу, әдемілік әлемінде еңбектеніп жүрген жан. 
      Маметова Марина Қуандыққызы 1986 жылы желтоқсан айының 29 Қызылордада дүниеге келген. Қазақы отбасында тәрбиеленген Марина бала кезінен жан-жақты ізденімпаз, оқуға деген ынта жігері зор қыз болды. Қай кезде болмасын мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, оқуында озат оқушы болып, ұстаздарының мерейін үстем етті. Әрдайым сыныптастарының арасында белсенді болған Марина ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттерге ие. Кез келген ортаға тез сіңіп кететін, ашық-жарқын, көпшіл қыздың арманы да көп болатын. Ол №136 Т.Жүргенов атындағы қазақ орта мектебін жақсыға оқып бітірді. Білімге құштар жас 2009 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін аяқтады. Ал 2016 жылы медициналық институтты өте жақсыға тәмамдады.
      Марина әдемілікті, әсемдікті бала күнінен жақсы көретін. Әрдайым өзін жаңа қырынан шыңдап отыратын. Тынымсыз еңбекқор қыз 2015 жылдан бастап сән және сұлулық салондарында қызмет атқарды. Ол қазақстандық косметологтармен ғана шектеліп қалмады. Атап айтқанда халықаралық деңгейде білімді, білікті косметологтардан білім алды. Білімге жұмсаған қаржыларына ешқашан өкінген де емес. Қазіргі таңда өзінің тұрақты тұтынушылары да бар. Барлық нәзік жандылардың әдемі болуына өзінің үлесін қосып келе жатқан жанды өз ісінің нағыз шебері деуге болады. Косметологияны жетік меңгерген Марина бүгінде түрлі жастағы нәзік жандылардың гүлдей жайнап жүрулеріне өз қызметін ұсынып отырған бірден-бір мықты маман. 
      - «Косметика қазіргі деңгейге жетуі үшін ұзақ даму жолдардан өтті. Қазіргі косметика медицинаның маңызды салаларының бірі және медицинадағы физиология, биология, гигиена, биохимия, фармакология, хирургия, физиотерапия және т.б салаларда кеңінен қолданылады. Терінің саулығы мен әдемілігін сақтау үшін қазіргі косметика түрлі емдік дәрі-дәрмектерді ұсынып отыр. Олардың сапалық дәрежесі жоғары. Олардың ағзаға зиянды әсері жоқ, олардың көмегімен қажетті нәтижелерге жетуге болады. Егер біз уақытымен және күнделікті қажетті косметикалық заттарды қолданып отырсақ, онда біз денсаулығымызды және сұлулығымызды сақтай аламыз. Косметологияда гигиеналық немесе профилактикалық косметика деп бөлініп қарастырылады. Мұнда косметикалық заттарды жүйелі түрде қолданып, терінің кемшіліктерінің алдын алуға болады. Дәрілік немесе арнайы косметиканың мақсаты беттегі косметикалық кемшіліктерді емдейді. Хирургиялық немесе пластикалық косметика дәрілік косметикамен емделмейтін ақауларды жою немесе жөндеу болып табылады. Сәндік косметиканың негізгі мақсаты әртүрлі косметикалық заттардың көмегімен бет терісінің кемшіліктерін, сонымен қатар, беттің келбетін қоюландыру үшін артығырақ әдемілеп, айқындатып көрсету болып табылады. Сәндік косметика қатарына күнделікті және театрлық бет бояулары жатады. Күнделікті бет бояуға білдірмейтін топтағы бояулар жатады. Олар бір жағынан беттің түсін шынайы бояйды, ал екінші жағынан бет кемшіліктерін жасырып, бет келбетін жақсартады. Иә, әр мамандықтың өзіндік қызығы мен шыжығы болады. Ал адам өзінің сүйікті ісімен айналысқанда ғана өзін әрқашан жайлы сезінеді. Мен өз саламды, жасап отырған жұмысымды жүрегіммен жақсы көремін», - дейді кейіпкеріміз.
      Әйел – әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел – адамзаттың анасы. Әйел – тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел – отбасының өзегі. Әйел – шаңырақтың шамшырағы. Әйел – сұлулықтың символы. Әйел – әдеміліктің асыл тәжі. Әйел – нәзіктіктің хас үлгісі. Әйел – Алланың ұлы аманаты. Бұл тізімді жалғастыра берсек, сөз жетпейтіні анық. Әлем әйел арқылы әдемі. Өзінің нәзіктігімен, әдемі сөзімен, тиянақты ісімен көпті өзіне баурай білетін Марина Қуандыққызына әйел бақытын сезінген ардақты ана. Бүгінгі таңда жолдасымен бірге үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Өмірімен қоса еңбек жолын да қатар алып, елдің алғысына бөленіп жүрген Марина Қуандыққызының еңбегіне береке берсін дейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 июля 2026 13:54
Кульжами Есимхановна
Прочитала с большим уважением к человеку чье имя внесено в летопись золотой книги Казахстана, своему шефу, Кенжекыз...
12 июня 2026 14:28
Жаркын
Какая молодец, девушка из казахских степей Галина! Ее яркий творческий и целеустремленный, в то же время позитивный...
19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...